Тапсырмалар
1. Пролог-Д тiлiнде факториалды есептеуді суреттейтiн бiлiм базасын жазыңыз.
2. Натуралды қатардың сандарының сомасының есептеушн суреттейтiн бiлiм базасын Пролог-Д тiлiнде жазыңыз.
3. Натуралды сандар қатарының квадраттарының қосындысын есептеуін суреттейтiн бiлiм базасын Пролог-Д тілінде жазыңыз.
4. Ең кiшi ортақ есенi есептеуді сипаттау.
5. Қасында ит болатын поп туралы ертегiнi Пролог-Д тілінде сипаттау.
" попта ит болды,
Ол оны жақсы көрдi,
Ол еттiң кесегiн жедi,
Ол оны өлтiрдi
Және бейiтке жазды..".
6. Шомыр туралы ертегiнi Пролог-Д тілінде сипаттасын.
"Шомырды ата отырғызды . Шомыр өсiп шықты. .".
Практикалық сабақ №9,10
Тақырыбы: Пролог-Д программалау жүйесінде арифметикалық және басқа да тұрақты предикаттар
Теориялық бөлім
Пролог-Д программасында барлық математикалық әрекеттердi орындау мүмкiн емес, бiрақ кейбiр арифметикалық амалдар нақты сипатталатын предикаттармен орындалады. Пролог-Д жүйесiнде арифметикалық амалды орындау үшiн бiр нақты арифметикалық предикат: УМНОЖЕНИЕ(Арг1,Арг2,Арг3,Арг4) қолданылады. УМНОЖЕНИЕ предикаты 4 аргументтен тұрады: бүтiн, айнымалы, нақты бүтiн, нақты емес айнымалы, барлық аргументтердi қарататын, бiрақ та, ол сөйлемде тек белгiлi бiр мақсатта ғана қолданылуы мүмкiн. УМНОЖЕНИЕ предикаты мынадай формуланы өрнектейдi:
Арг1*Арг2+Арг3=Арг4.
Арифметикалық амалдарды орындайтын Предикаттар аргументте барлық бүтiн сандарды (-32767-ден 32767-ге дейiнгi аралықта) қамтиды. Келесi бiлiм қоры Пролог-Д тiлiнде, кез-келген арифметикалық амалдарды орындайтынын көрсетедi:
СЛОЖЕНИЕ(X,Y,Z)<-УМНОЖЕНИЕ(1,X,Y,Z);
ВЫЧИТАНИЕ(X,Y,Z)<-УМНОЖЕНИЕ(1,X,Z,Y);
УМНОЖЕНИЕ(X,Y,Z)<-УМНОЖЕНИЕ(X,Y,0,Z);
ДЕЛЕНИЕ(X,Y,Z)<-УМНОЖЕНИЕ(Y,Z,0,X);
Төрт жағдайда да Х, У – барлық амалдар операторлары, ал Z –нәтижесi.
Мысалы, СЛОЖЕНИЕ(X,Y,Z) предикаты мына арифметикалық амалды орындайды: Z=X+Y. УМНОЖЕНИЕ предикаты барлық есептейтiн операцияларда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |