Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі



бет52/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85
Сараптаушы жүйелер

Зертханалық жұмыс №5


Тақырыбы: Пролог-Д жүйесiнде тiзiмдердi өңдеу.
Жұмыстың мақсаты: Пролог-Д жүйесiнде объектiлердi жазуда тiзiмдер қолданысын түсiндiру.


Теориялық бөлiм
Практика жүзiнде саналатын объектiлермен байланысты көптеген есептер қарастырылады. Осындай объектiлердi жазуда тiзiмдер қолданылады. Мысалы, 1-шi класс оқитын оқушылардың тiзiмдерi: (Саша, Петя, Дима, Ксюша, Лена, Оля, Катя).
Тiзiм элементi тек қана атомдар ғана емес, сонымен бiрге функциялар немесе кез-келген элементтер мен тiзiмдерден тұрады. Мысалы, поездың тоқтау уақытының көрсеткiшiн тiзiм түрiнде көрсетсек:
[Челябинск(0),Миасс(2),Златоуст(5),Вязовая(5),Усть-Катав(2), Аша(2), Уфа(20),Абдулино(3),Самара(20),Сызрань(2),Инза(2),
Рузаевка(10), Потьма(2), Рязань(5), Москва(0)]
былай болады.
Берiлген қатарда әрбiр тiзiм элементтерi тiк бұрышты кесте (матрица) түрiнде болатын, тiзiм түрiнде көрсетiледi. Мысалы, мына кесте: 23 45 56 2 78 89 66 45 56 12 3 75 2 3 6 5 2 1 56 2 5 8 9 22 23 22 33 5 6 9 1 33 бiрнеше тiзiмдерден тұратын тiзiмнен тұруы мүмкiн:
[[23,45,56,2,78,89,66,45],[56,12,3,75,2,3,6,5],
[2,1,56,2,5,8,9,22],[2,1,56,2,5,8,9,22],[23,22,33,5,6,9,1,33]].

Барлық мысалдардағы тiк жақшалар берiлген объекттiң тiзiмi екендiгiн көрсетедi. Тiзiм екi тәсiл түрiнде берiлуi мүмкiн: басы анықталатын саналатын элементтер тiзiмiнен және тiзiм соңынан. Мысалы, [X|Y] тек осындай жолмен анықталған. X- тiзiм басы, ал Y-оның соңы. Түрлi iшкi көрсеткiштер түрлi сiлтемелермен анықталады.


[x,y] сiлтемеге iшкi көрсеткiш сәйкес келедi. СПИСОК
/ \
x СПИСОК
/ \
y [ ]
[x|y] сiлтемеге iшкi көрсеткiш сәйкес келедi, яғни
СПИСОК
/ \
x y

Түрлi сiлтемелер – түрлi iшкi көрсеткiштермен көрсетiлетiн унификация ерекшелiктерi ескертiледi.




1. Тiзiмге қажеттi элементтер.
Бұл есептi келесi өрнектер түрiнде жазуға болады:
а) Жалпы жағдайда мына түрде сипаттауға болады:
Егер P=X…болса, онда P термi [X..Y] тiзiмiне сәйкес келедi.
б) Рекурсиялық жағдайы түсiнiктеме түрiнде жазылады “Егер Р У-ке сәйкес келсе, онда Р термi [X..Y] тiзiмiне сәйкес келедi“. Пролог-Д тiлiнде мұны мына екi сөйлем түрiнде жазуға болады:
принадлежит(P,L)<- равно(L,[X|Y]),равно(P,X);
принадлежит(P,L)<- равно(L,[X|Y]),принадлежит(P,Y);.
Бұл анықтаманы жүзеге асыруға болады, егерде семантикалық процедурамен сәйкес келетiн, Пролог-Д алдымен ереже басын, сосын оның мақсатын жекелендiредi. Басқаша қысқартылған программа мына түрде болады:
элемент(P,[P|T]);
элемент(P,[X|Y])<- элемент(P,Y);.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет