Пәнді оқып игерудің әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтардың; титул парағы



Дата11.07.2016
өлшемі102.8 Kb.
#190783

Пәнді оқып игерудің әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтардың; титул парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Коллоидты химия пәні бойынша

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған

Пәнді оқып игерудің



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстары мен нұсқаулықтарының бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор _______ Пфейфер Н.Э.

20__ж.«___»____________


Қ ұрастырушы: ___________ х.ғ.к., проф. Жапаргазинова К.Х.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
Коллоидты химия пәні бойынша

5В072100 –Органикалық заттардың химиялық тенологиясы мамандығының студенттеріне арналған


әдістемелік ұсыныстары мен нұсқаулықтары

Пәнді оқып игерудің

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»________ №__ хаттама


Кафедра меңгерушісі ________Жапаргазинова К.Х. 20__ж. «____» ______
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»__________, №____ хаттама


ОӘК төрағасы ____________ Нургожин Р. Ж. 20__ж. «____» ________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ Варакута А.А. 20__ж. «____» _____
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ хаттама



5В072000- «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының студенттеріне арналған «Коллоидтық химия»

пәнін игеру үшін әдістемелік ұсыныстары мен нұсқаулықтары
Коллоидтық химия курсы бойынша студенттің жұмысы келесі элементтерінен турады: оқулықтар және оқу құралдары бойынша өз бетімен материалды игеру, бақылау тапсырмаларды жасау, ағымдағы және межелік бақылауды орындау, лабораториялық практикумды орындау, дәрістер, тәжирібелік сабақтарға, жеке және топтық кенестерғе қатысу, сынақтарды, коллоквиумдарды, емтиханды тапсыру.

Курсты бастағанда, тақырыптық жоспары бойынша алдымен мазмунымен танысыңыз, содан кейін әрбір тақырыптың көлемімен, және берілген сұрақтардың кезектігімен. Курстын игеруін жеке тақырыптардан бастау керек. Алдын ала тақырыппен бірінші рет танысқанда берілген сұрақтар туралы жалпы түсініктеме алыңыз, және қиын немесе түсініксіз орындарын белгілеңіз. Әрі қарай материалды толығырақ меңгеріңіз.

Барлық теориялық қағидаларды, математикалық тәуелділіктерді және қорытындыларды, онымен қатар теңдеулер, схемалар, графиктер құрастыру принциптерімен танысыңыз. Берілген теориялық сұрақтардың маңызын меңғеріңіз.

Тақырып 1. Кіріспе. Коллоидтық күй
Бұл тақырып бойынша дәріс - 1 сағат, лабораториялық жұмыс – 2 сағат, студенттің өздік жұмысына - 4 сағат уақыт бөлінеді.

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

Дисперсті жүйелердің өзгеше қасиеттері: дисперстігі жєне гетерогендігі. Меншікті беттің бөлшектер радиустарына тәуелділігі. Дисперсті фаза мен дисперсиялық орта. Коллоидтық химия курсы - беттік құбылыстар мен дисперсті жүйелердің физика-химиялық қасиеттері туралы үғым.

Дисперсті жүйелердің жіктелуі: агрегаттық күйі, дисперстігі, құрылымдығы жєне фаза мен сұйық дисперсиялық ортаның әрекеттесуі бойынша. өнеркәсіптік технологиядағы коллоидтық химияның маңызы және басқа ғылымдармен байланысы.

Лабораториялық сабағында келесі жұмыс орындалады: Седиментациялық талдау

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Заттардың коллоидты жағдайындағы ерекшеліктері. Дисперсті термодинамикалық тепе-теңдік емес жүйелер түсінігі. Коллоидты химия және қоршаушы ортаны қорғау.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 14-15 б., 305-307; 2, 258- 280 б.]

Тақырып 2. Дисперсті жүйелерді алу және тазалау

Бұл тақырып бойынша дәріс - 1 сағат, лабораториялық жұмыс – 2 сағат, студенттің өздік жұмысына - 4 сағат уақыт бөлінеді.

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

Дисперсті жүйелердің агрегативті және седиментациялық (кинетикалық) тұрақтылығы. Дисперсті жүйелер алуының тәсілдері мен жағдайлары.

Химиялық және физикалық конденсация тәсілдер арқылы дисперсті жүйелерді алу. Ұнтактау арқылы дисперсті жүйелерді алу. Механикалық ұнтактау.(мельницалар, ультрадыбыс және вольт дугасы арқылы). Пептизация -зольдерді алу үшін қолданылатын әдіс.Пептизация тәсілдері. Тұнбалар ережесі. Диспергация процесінің өз бетімен жүруі. Ультрафильтрация. Диализ. Электродиализ

Лабораториялық сабағында келесі жұмыс орындалады: Зольдерді алу тәсілдері.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Дисперсті жүйелерді физикалық және химиялық конденсация арқылы алу тәсілдері. Пептизация-зольдерді алу тәсілі. Пептизация әдістері. Тұнбалар ережесі. Өз бетімен дисперленуі.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 298-299 б.; 2, 220-218 б.]

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

Тақырып 3. Дисперсті жүйелердің молекулалық-кинетикалық және оптикалық қасиеттері

Бұл тақырып бойынша студенттің өздік жұмысына - 6 сағат уақыт бөлінеді.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Броун қозғалысы және оның жылу табиғаты. Орташа ығысу. Диффузия. Орташа ығысу мен диффузия коэффициенты арасындағы байланыс. Седиментация - диффузиялық тепе-теңдік, Лаплас-Перрен теңдеуі. Седиментациялық талдаудың негіздері. Ультрацентрифуга.

Коллоидты жүйелердегі жарықтың шашырауы және сіңіуі. Рэлей формуласын талдау. Опалесценция. Оптикалық тығыздық және Ламберт - Бер теңдеуі. Нефелометрия. Оптикалық тәсілдер арқылы коллоидты бөлшектердің көлемін және формасын анықтау.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 29-48; 269-327 б.; 2, 215-276 б.]

Тақырып 4. Беттік құбылыстар

Тақырып 4.1 Беттік энергия. Фазалар шекарасындағы беттік қабатының термодинамикасы

Бұл тақырып бойынша дәріс - 1 сағат, студенттің өздік жұмысына - 4 сағат уақыт бөлінеді.

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады: Беттік керіліс- беттің бос энергиясының өлшемі. Дисперсті жүйелердің бос беттік энергиясы мен олардың принципиалды термодинамикалық тепе-теңдіксіздігі. Ерітінділердің беттік керілісі. Теріс және оң зарядты беттік -активті заттардың адсорбциясы. Гиббс, Шишковский теңдеулері, Траубе ережесі. Адсорбциялық қабаттардың құрылысы мен қасиеттері. Газды және конденсацияланған моноқабаттар. Фаза аралық шеғарасындағы дифильді молекулалардың бағытталуы.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Беттік энергия. Фазааралық шекарасындағы беттік қабаттың термодинамикасы. Кельвин (Томсон)-теңдеуі.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 258-329 б.; 2, 218-276 б.]
Тақырып 4.2 Адгезия мен жүғу

Бұл тақырып бойынша дәріс - 1 сағат, студенттің өздік жұмысына - 4 сағат уақыт бөлінеді.

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады:

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Флотация, флотациялық машиналардың құрылысы. Флотация процесінің схемасын таңдау. Адгезия мен жүғудың практикалық маңызы. Таңдымалы жұғу.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 39-58 б.; 2, 275-286 б.]
Тақырып 4.3 Қатты зат –газ шекарасындағы адсорбциясы

Бұл тақырып бойынша дәріс - 2 сағат, студенттің өздік жұмысына - 6 сағат уақыт бөлінеді.

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады: Ќатты дене-газ шекарасындаѓы адсорбция. Газ адсорбциясының температура мен қысымға тәуелділігі. Фрейндлих теңдеуі. Мономолекулярлі теориясының негіздері. Ленгмюр теңдеуі.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Капиллярлі конденсация туралы түсінік



Ұсынылатын әдебиет: [1, 259-329 б.; 2, 215-246 б.]
Тақырып 4.4 Сұйықтық – газ шекарасындағы адсорбциясы

Бұл тақырып бойынша дәріс - 2 сағат, лабораториялық жұмыс – 3 сағат, студенттің өздік жұмысына - 6 сағат уақыт бөлінеді.

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады: С±йыќтыќ-газ шекарасындаѓы адсорбция Гиббс, Шишковский және Ленгмюр теңдеулерінің арасындағы байланыс. Капиллярлі конденсация туралы түсінік. БЭТ теориясы.

Лабораториялық сабағында келесі жұмыс орындалады: Қатты адсорбенттегі адсорбциясы

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды:

Қос электрлі қабаттың және электрокинетикалық потенциалдың электролиттер әсерінен өзгеруі, концентрация және валентліктің ықпалы. Көп валентті иондар арқылы беттің қайта зарядталуы.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 259-329 б.; 2, 115-186 б.]
Тақырып 4.5 Сұйықтық – қатты зат шекарасындағы адсорбциясы

Бұл тақырып бойынша дәріс - 2 сағат, лабораториялық жұмыс – 4 сағат, студенттің өздік жұмысына - 6 сағат уақыт бөлінеді.

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады: Сұйық - қатты дене шекарасындағы адсорбция. Гидрофильді және гидрофобты адсорбенттер. Ерітінділерден молекулярлі адсорбция: адсорбент, ериткіш жєне еритілген зат табиғатының әсері. Қатты беттегі адсорбцияға арналған Траубе ережесі. Адсорбция процесіне температураның әсері. Сүйықтардың ағып кету жағдайлары. Адгезия мен когезия. Сұйықтық - қатты дене шекарасындағы адгезия. Қаттылықтың адсорбциялық төмендеуі.

Биология процестеріндегі жүгу құбылыстары. Флотация жєне оның түрлері. Беттің гидрофобтану жєне гидрофильдену процестері.

Ион алмастыру адсорбция және оның қолданылуы. Табиги жєне жасанды иониттер. Катиониттер мен аниониттер. Хроматография.

Лабораториялық сабағында келесі жұмыс орындалады: Мата үстіндегі адсорбциясы

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Ион алмастыру адсорбция жєне оның қолданылуы. Табиги және жасанды иониттер. Катиониттер мен аниониттер. Компоненттер қоспасынан адсорбциясы. Хроматография.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 259-329 б.; 2, 215-246 б.]

Тақырып 5 Қос ионды қабат және электрокинетикалық құбылыстар

Бұл тақырып бойынша дәріс - 1 сағат, студенттің өздік жұмысына - 6 сағат уақыт бөлінеді.

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады: Адсорбция және беттік диссоциация арқылы алынған қос ионды қабат және оның құрылысы. Потенциалдың толық секіруі. Қос электрлі қабат және электрокинетикалық потенциалға потенциалдың бөлінуі. Мицелла құрылысы. Электролит әсері арқылы қос ионды қабаттың және электрокинетикалық потенциаодың өзгеруі, концентрация, валенттліктің әсері. Беттің көпвалентті иондар арқылы таңбасының өзгеруі.

Электр өрісіндегі дисперсті жұйелердің минезі. Электрокинетикалық құбылыстар: электрофорез, электроосмос. электрокинетикалық құбылыстардың тәжирібелік қолданылуы. Жер топырағын сусыздындыру, электрофоретикалық түнбаға түсіру.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Электрлі өрістегі дисперсті жүйелердің минезі. Электрокинетикалық құбылыстардың практикалық қолдануы. Топырақты құрғату, электрофоретикалық түндыру.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 248 б.; 2, 242-250 б.]
Тақырып 6. Дисперсті жұйелердің тұрақтылығы мен коагуляциясы

Бұл тақырып бойынша дәріс - 2 сағат, лабораториялық жұмыс – 4 сағат, студенттің өздік жұмысына - 8 сағат уақыт бөлінеді.

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады: Дисперсті жұйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторлар. Асқын қысым (расклинивающее давление), оның электростатикалық және молекулярлі (сольватационная) құрастырушылары.

Тұрақтылық және коагуляция теориясының негіздері. Бөлшектер әрекеттесуінің потенциалдық кисықтары. Концентрациялық және бейтараптау коагуляциясы. Коагуляция табалдырығы (саны). Электролитті коагуляциясының ережелері Дұрыс емес қатарлары. Гетерокоагуляция. Баяу және тез жүретін коагуляция.

Лабораториялық сабағында келесі жұмыс орындалады: Темір гидроксид гидрозолінің коагуляциясы. Тұтқырлыктын рН тәуелділігі бойынша желатин ерітіндісінінің изоэлектрлі нүктесін анықтау.

Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Дисперстік жүйелердің тұрақтылығы мен коагуляциясы. Гетерокоагуляция. Коагуляциялық құбылыстардың маңызы. Тез және баяу жүретін коагуляция. Технологиялық процесстерде, табиғатта болатын зольдер мен суспензиялардың флокуляциясы және коагуляциясы. Фотоматериалдарды және бояуларды дайындау.



Ұсынылатын әдебиет: [1, 269-327 б.; 2, 188- 216 б.]
Тақырып 7. Дисперсті жұйелерде құрылымдар түзілуі

Бұл тақырып бойынша дәріс - 2 сағат, студенттің өздік жұмысына - 6 сағат уақыт бөлінеді.

Дәріс сабағында келесі сұрақтар қарастырылады: Коллоидты ерітінділер тұтқырлығы үшін қолданылатын Энштейн теңдеуі. Аномальді (структурной) тұтқырлықтын себебтері, оған әсер ететін факторлар: дисперсті фазаның концентрациясы, температура, уақыт.

Ребиндер бойынша коагуляциялық және кристаллизациялық құрылымдар. Гельдер, пасталар, олардың құрылымдық-механикалық қасиеттері. Тиксотропия және синерезис. Аномальді тұтқырлы сүйықтықтар үшін реологиялық қисықтарды құрастыру. Шведов-Бингам теңдеуі



Бұл тақырып бойынша қарастырылған СӨЖ келесі сұрақтарды қамтиды: Бос – және байланысдисперсті жүйелер, босдисперсті жүйелердің тұтқырлығы. Энштейн теңдеуі. Коагуляциялық құрылымдары. Гельдер. Тиксотропия жєне синерезис. Құрылымдық жүйелердің тұтқырлығы. Шведов- Бингам теңдеуі.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 329-448 б.; 2, 315-346 б.]
Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет




  1. Қоқанбаев Ә. Қ. Физикалық және коллоидтық химия. Алматы : Дәуір, 2011. – 488 б.

  2. Жақыпбекова Н.О., Қыбраева Н.С., Төребекова Г.З., Шынғысбаев Б.М. Физикалық және коллоидты химия. Алматы : Кітап, 2006. – 284 б.

  3. Жапаргазинова К.Х., Оралтаева А.С. Физикалық және коллоидты химия. Павлодар. : Кереку, 2010. – 61 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет