Пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқау



жүктеу 93.97 Kb.
Дата24.06.2016
өлшемі93.97 Kb.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология және экология кафедрасы

5В080200 Мал шаруашылық өнімдерінің технологиясы мамандықтың студенттеріне арналған

Ауылшаруашылық жануарларының физиологиясы пәні бойынша

пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқау

Құрастырушы:

аға оқытушы

БжЭ кафедрасы

Табуктинова Д.Ж.

1 хат. 20.08.2010 ж. кафедра отырысында қарастырылған және ұсынылған

Кафедра меңгерушісі _________________________ Ж.М.Исимбеков

Павлодар
1 Пәннің мақсаты

Пәнді оқыту мақсаты – ауыл шаруашылық жануарларының физиологиясында адамға керекті бағыттағы жануарлардың қызметі және де олардың өнімділігі мен көбеюі, өнімнің сапасын жақсарту және денсаулығын жақсы жағдайда ұстау болып табылады.



Пәннің міндеттері:

- тіршілік үрдістерінің заңдылықтарын (зат алмасу, тыныс алу, қоректену, қозғалыс және т.б.) әр түрлі құрылымдық деңгейлер бойынша оқып – білу; сыртқы ортаның бүтін ағзасы ретінде және ағзаның әртүрлі бөліктерінің байланысын қамтамасыз ету және механизмдерді анықтау;

- жануарларда әртүрлі физиологиялық қызметтердің сапалық айырмашылығын анықтау, эволюциялық дамудағы тең емес деңгейде болуы немесе әртүрлі экологиялық жағдайда тіршілік етуі;

- физиологиялық қызметтердің құрылуын оқып – білу және де әртүрлі кезеңнің жеке дара дамуында олардың түзелуі.


2 Пререквизиттер: Зоология, Жануарлар морфологиясы
3 Постреквизиты: Барлық профильдік пәндер
Пән тақырыптарының мазмұны

1 Кіріспе

Жануарлар физиологиясының пәні, мақсаты және міндеті. Физиологияның негізгі бөлімдері. Физиологияның басқа ғылымдармен байланысы. Физиологияның даму тарихы. Физиологиядағы зерттеу әдістері. Гомеостаз.



2 Қан жүйесінің физиологиясы

Қан жүйесі туралы түсінік. Қан, ұлпа сұйықтығы және лимфа – ағзаның ішкі ортасы. әртүрлі ауыл шаруашылық жануарлардың қан көлемі және бөлінуі.

Қанның физика-химиялық құрылымы. Қан құрылысы. Плазма және қанның ұйылуы. Қанның формалық элеменнтері, олардың құрылысы және қызметі.

Гемоглобин және оның түрлері. Гемоглобиннің формалары. Гемоглобин және эритроцит санына әсер ететін факторлар.

Қанның ұйылуы. Қанның ұйылуының регуляциясы.

3 Эндокринология.

Эндокриндік регуляцияның жалпы принциптері. Гормондар және олардың ағзадағы ролі. Гормондардың әсер ету механизмі. Гипоталамо-гипофизарлық жүйенің ролі. Ішкі секреция бездерінің жеке дара сипаттамасы. Гипофиз оның қызметі және құрылысының ерекшеліктері. Қалқанша бездің йод құрамдас гормондары және оның әрекеті.

Парақалқанша бездері. Паратгормон және оның физиологиялық маңызы. Паратгормон әрекетінің механизмі.

Бүйрек үсті безінің қызметі мен құрылысының ерекшеліктері. Симпато-адреналиндік жүйесі. Ми қыртысының гормондары, олардың ағза жүйесіне әсер ету.

Қарын асты безі. Ақуыз , май және көміртегі айналымы үшін қарын асты безінің гормондарының ролі.

Жыныстық безінің эндокриндік жүйесі. Экстрогендер, андрогендер және олардың жүйесі. Ұрық ішкі секреция мүшесі ретінде.

Эпифиз, айырша бездерінің эндокриндік қызметі. Простогландиндер. Ұлпалар гормондары. Мал шаруашылығы мен мал дәрігерлікте гормондарды қолданудын физиологиялық негіздері.

4 Көбею мүшелерінің физиологиясы

Жануарлардың жыныстық жетілуі. Аталық жыныс жүйелерінің физиологиясы. Спермиогенез, жыныстық мінез-құлқы, жыныстық құмарлық (либидо).

Аналық жыныс жүйесінің физиологиясы. Фолликула- және овогенездің бейімделуі. Ұрықтандыру. Қалыптастырылған шарттарға ұрықтандыру процесін бейімделеу.

Буаздық. Буаздық және онымен байланысты ағзадағы туындайтын өзгерістер. Туу. Тууды реттеу және қозу механизмі.

Туудан соң жануарлардың жетулуі. Ерте постнатальдық онтогенездегі жануарлардың ағзасындағы функциональдық ерекшеліктері.

5 Орталық жүйке жүйесінің қызметі мен маңызы

ОЖЖ қызметі мен құрылымның жалпы мінездемесі. Нейронның құрылымы және қызметі. Нейронның өзара байланысы. Нейрондық байланыстар интеграциясы.

Жүйке жүйесінің қызметінің рефлекторлық принципі, ағзаның бүтінділігі. Рефлекстердің жіктелуі. Рефлекстердің координациясы.

ОЖЖ физиологиялық ролі. Жұлын мидың құрылымы және қызметі. Негізгі спинальдік рефлекстер.

Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері. Метасимпатикалық (энтеральдық) иннервациясы. Вегетативтік рефлекстері. Вегетативтік қызметінің орталық регуляциялары.

6 Жоғары дәрежелі жүйелік қызмет және жануарлар этологиясы

Жоғары дәрежелі жүйелік қызметінің және жануарлар этологиясының негізгі түсініктері. Шартсыз рефлекстер, инстинктер, олардың биологиялық маңызы. Шартты рефлекс – жануарлардың тіршілік ету мекенінде өзгерістерге бейімделу формалары. Шартты рефлекстің құрылымы.

Ұйқының физиологиялық механизмі. Ұйқы теориялары. Ұйқы ұзақтылығы және кезендері. Үлкен ми жарты шарлары қыртысының, гипоталамус пен торлы құрылымның ұйқы мен ояу күйді қалыптастыру механизмдегі әрекеттестігі.

Үлкен ми жарты шарлары қыртысының аналитика-синтетикалық қызметі. Ақыл-ой механизмі. Ойлау, ес. Жоғары дәрежелі жүйелік қызметінің ілімі.

Этологияның мазмұны және зерттеу әдістері. Ауыл шаруашылық жануарлардың мінез-құлық формалары. Онтогенез, тұқым қуалаушылық және жануарлардың үйрету формалары. Мінез-құлқының нейрогуморальдік регуляциясы. Биологиялық ритмдер. Импринтинг (ойда сақтау), инсант – мінез-құлқының формалары.

Тіршілік ету мекенінде өзгерістерге жануарлардың бейімделуі және құрылымының технологиясы. Бейімделудің физиологиялық механизмі.

Мінез-құлқының пайда болу формалары. Мінез-құлқының детерминанттары. Мінез-құлқының құрылымы. Эмоциялар. Мінез-құлқының формалары.
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны және тізімі

Тәжірибелік жұмыс №1. Ағзалардың физиологиялық үрдістері және функциялары (1 сағат).

1. Метоболизм. Гомеостаз.

2. Бейімделу.

3. Ағзаның өсу және даму ерекшеліктері.

4. Қозу және тежелу үрдістері.

5. Ағза жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері.



Әдебиеттер: [1-31]

Тәжірибелік жұмыс №2. Тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу және энергия физиологиясы (1 сағат).

  1. Тыныс алу негізі. Тыныс алу мүшелері.

  2. Жануарларда тыныс алуының қозғалысын жазу. Өкпенің тыныс алуының механизмі.

  3. Балықтардың ішектік тыныс алуы.

  4. Ас қорыту тракты және оның негізгі қызметтері. Ас қорыту жүйесінің құрылысы.

  5. Ауыл шаруашылық жануарларынан сілекейді алу. Сілекей бездерінің секреторлық іс-әрекеті. Ішектің моторлық қызметі. Ақуыз құрылысына спирттің әсері.

  6. Газ алмасудағы жануарлардың энергиясының кетіруін анықтау. Жануарлар денесінің температурасын өлшеу.

  7. Эксперименттік авитаминоздар

Әдебиеттер: [1-31]

Тәжірибелік жұмыс №3. Зәр шығару үрдісінің маңызы (1 сағат).

  1. Жануарлардан зәр алу.

  2. Зәрдің физика-химиялық құрамын зерттеу.

  3. Хроникалық тәжірибеде зәр шығаруды анықтау.

  4. Тура тәжірибеде зәр шығаруды бақылау.

Әдебиеттер: [1-31]

Тәжірибелік жұмыс №4. Лактация (1 сағат).

  1. Сүттің әртүрлі фракциясын бір реттік саууда алуы.

  2. Сүттің майлы шарларын микроскоп арқылы қарау.

  3. Сиырдың сүт қайтару жылдамдығын анықтау.

Әдебиеттер: [1-31]

Тәжірибелік жұмыс №5. Жоғары жүйке жүйесінің іс-әрекеті мен этологиясы (1 сағат).

  1. И.М. Сеченов және И.П. Павлов жұмыстарындағы бас миының қызметін оқып білуіндегі мағынасы.

  2. Туу және алу формаларының іс-әрекеті.

  3. Комфортты, қорғану, әлеуметтік, жыныстық іс-әрекеттер.

Әдебиеттер: [1-29]

Тәжірибелік жұмыс №6. Анализаторлар (1 сағат).

  1. Көру, есту , тепе-теңдік сақтау, дәм сезу және иіс мүшелері.

  2. Байланысы

Әдебиеттер: [1-31]
Зертханалық жұмыстардың мазмұны

Зертханалық жұмыс №1. Қанның физиологиялық жүйесі (1 сағат).

  1. Жануарлардан қан алу.

  2. Жануарларда қан көлемін және қан плазмасын анықтау.

  3. Қан формалық элементтерін есептеу.

  4. Эритроциттердің тұнба басу реакциясы.

  5. Лейкоциттік формула. Қанның түйіршіктелуі.

  6. Қан тобын анықтау.

Әдебиеттер: [1-31]

Зертханалық жұмыс №2. Жүрек және қан тамырларының физиологиясы (1 сағат).

  1. Жүрек қақпақшалар жұмыстарының демонтсрациясы.

  2. Жүрек соғуын (аскультация) тыңдау.

  3. Микроскоп арқылы бақаның тіл және аяқ капиллярларының қан айналымын бақылау.

  4. Қан қысымын өлшеу.

  5. Пульсті зерттеу және тіркеу.

Әдебиеттер: [1-31]

Зертханалық жұмыс №3. Тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу және энергия физиологиясы (2 сағат).

  1. Адамның және жануардың тыныс алу қозғалысын тіркеу.

  2. Балықтардың ішекті тыныс алуы. Ауаны тыныс алу және шығару кезіндегі газдың құрамын анализдеу.

  3. Ас қорыту жүйесінің құрылысы.

  4. Ауыз қуысында, қарыншада, жіңішке және жуан ішектегі ас қорыту.

Әдебиеттер: [1-31]

Зертханалық жұмыс №4. Бүйрек және тері фиизологиясы (1 сағат).

  1. Бүйректің құрылысы және қызметі. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшелігі.

  2. Зәрдің пайда болу механизмі.

  3. Зәрдің саны, құрамы және қасиеті.

  4. Терінің құрылысы және оның физиологиялық ролі.

Әдебиеттер: [1-31]

Зертханалық жұмыс №5. Бұлшық ет және жүйкенің физиологиясы (1 сағат).

  1. Бұлшықеттің жиырылуы және жұмысы.

  2. Бұлшықеттің ультрақұрылысы және биохимиялық құрамы.

  3. Бұлшықеттің жиырылу энергиясы.

  4. Бұлшықеттің жұмысы және шаршауы.

Әдебиеттер: [1-31]
Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

Тақырып 1 Бұлшықет және жүйке физиологиясы.

Бұлшықет және жүйкедегі электрлік құбылыстар. Олардың ашылу тарихы. Ұлпалардағы қазіргі кездегі биоэлектрлік құбылыстар. Қозу теориясы. Калий-натрийлі насос.



Тақырып 2 Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы.

ОЖЖ жалпы сипаттамасы және қызметі. ОЖЖ нейрондық құрылысы. Нейрон ОЖЖ-нің құрылымдық бірлігі ретінде. ОЖЖ синапсы және олардың қозуды беруі. ОЖЖ медиаторлардың көп түрлілігі. Орталық жүйкелер және олардың негізгі қасиеттері.



Тақырып 3 Жүректің физиологиясы.

Эндокард, миокард, эпикард және перикард қызметтері. Жұрек бұлшықетінің қасиеті. Жүрек циклінің іс-әрекеті және оның фазалары. Қарыншалардың және жүрекшелердің сиастоласы және диастоласы. Жүрек қағысының ритмі және соғысы. Жүректің тоны.



Тақырып 4 Лимфа және лимфа құрылуы.

Жасуша аралық сұйықтықтың, лимфаның құрамы және маңызы. Лимфалық түйіршіктерінің қызметі. Ағзадағы қанмен, лимфамен және ұлпалар арасындағы зат алмасу. Ағзаның әр түрлі кездегі қан айналымы және лимфа айналымы (бұлшықет жұмысы, жүктілік, лактация және т.б.).



Тақырып 5 Тыныс алу физиологиясы

Тыныс алудың жүйкелік және гуморальді өзіндік реттелуі. Тыныс алудағы хеморецептордың ролі. Бірінші тыныс алудың механизмі. Жануарлардың жасына байланысты өнімділік пен ұстау жағдайы бойынша тыныс алудың өзгерілуі. Ұрықтың тыныс алуы.



Тақырып 6 Зат алмасу және энергия

Ақуыз, липид, көмірсутек, витамин, су және минералдық заттардың алмасуы. Сулы-тұзды алмасудың реттелуі. Энергия алмасуы. Ағзаның бір толық негізінде сақталуын және қамтамасыз етілуіндегі энергетикалық алмасуыдың маңызы. Энергияның босатылуы және бөлінуі.



Тақырып 7 Дене температурасының жылу алмасуы және реттелуі

Ағзаның жылуды беруі және жылу өнімділігінің үрдісі. Химиялық термореттелуі. Бауыр және бұлшықет ұлпаларының термореттелудегі ролі. Физикалық термореттелу. Жылу беру кезіндегі терінің ролі. Термореттелудің жүйке және гуморальдық механизмі.



Әдебиеттер: [1-31]
Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Зеленевский Н.В. Анатомия и фиизология животных: учебник для сред. проф. образования/ Н.В.Зеленевский, А.П.Васильев, Л.К.Логинова. – М.: Академия, 2005.

  2. Лысов В.Ф., Максимов В.И. Основы физиологии и этологии животных. – М.: Колос, 2004.

  3. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы: жоғары оқу орындарынын ветеринариялық биологиялық мед. фак. арналған оқулық/ Т. Несіпбаев - өңделліп, толтырылған 2-ші басылым. – Алматы: Ғылым, 2005.

  4. Практические занатия по курсу «Физиология человека и животных» /под общ. Ред. Р.И.Айзмана, И.А.Дюкарева. – Новосибиркс, 2003.

Қосымша

  1. Батуев А.С. Высшая нервная деятельность. – СПб.: Лань, 2002.

  2. Даржуман Г.К. Физиология человека и животных: конспект лекций / Г.К.Даржуман. – Павлодар: Кереку, 2008.

  3. Дүйсембин Қ. Орталық жүйке жүйесінің және жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы (Электронный ресурс)/Қ.Дүйсембин. – Алматы:Казмем ҒАҒЗИ, 2001.

  4. Лютинский С.И. Патологическая физиология животных: учебник для вузов (для спец. «Ветеринария») / С.И.Лютинская. – 2-е изд., испр. и доп. – М.:Колос, 2005.

  5. Мицьо В.П. Физиология: конспект лекций/ В.П.Мицьо. – М.: Приор-издат., 2005. – 223с. – (Конспект лекций в помощь студенту).

  6. Мицьо В.П. Физиология: конспект лекций / В.П.Мицьо. – М.: Приор-издат., 2007.

  7. Несіпбаев Т. Адам және жануарлар физиологиясы: оқулық – диалог сұрақ-жауап/ Т.Несіпбаев. – Алматы: Ғылым, 2005.

  8. Руководство к практическим занятиям по физиологии человека и животных / под. ред. И.П. Ашмарина, А.А. Каменского, Г.С. Суховой. – М.: Изд-во МГУ, 2004.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет