Пәні: Арнайы педагогика


Зияты зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу



бет3/5
Дата02.01.2022
өлшемі43.05 Kb.
#453945
1   2   3   4   5
П ні Арнайы педагогика

2. Зияты зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу.

Қазіргі кезде елімізде зияты зақымдалған балаларды оқыту қарқынды жұмыс істеу шегінде тұр. Айта кетсек ежелгі ғасырда зияты зақымдалған балаларды адам ретінде көрмей құбыжық немесе жын шайтан ретінде көріп өмір сүруіне мұрша бермеген. Кейіннен келе мұндай балаларды гуманистік көз қараспен қарап шіркеулерде кейін арнайы мекемелерде оқытып қарастырған болатын. Ең алғашқы болып арнайы оқыту мекемелері АҚШ- та ашылған болатын. Кейіннен келе КСРО мемлекетінде де көптеп кездескен. Ал енді біздің елдегі мұндай балаларға көрсетіліп жатқан оқыту процестеріне тоқтала кетсек. Оқыту дегеніміз- мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс- әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі- мұғалім мен оқушының бірлескен іс- әрекеті.

Қазақстан Республикасында « Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагокикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11- шілдедегі № 343 заңы қабылданған. Ақыл- ой кемістігі бар балаларды арнайы мектепте оқыту мынадай екі кезеңнен тұрады:

1 кезең –I – IV сыныптар;

2 кезең – негізгі (V-IX сыныптар, X өндірістік сынып).

Дайындық сыныбы мен 1- сыныпқа 7-8 жастағы балалар қабылданады кейін көмекші мектепте 18 жасқа дейін білім алады. Сыныпта оқушылар саны 12 адамнан аспайды. Алғашқы 1-4 сыныптарда оқушыны жан- жақты дамытады психологиялық медициналық педагокикалық үйрету және қолдау арқылы білім беру процесі жүзеге асады. Кейіннен оқушылардың білім алуға қызығушылығы артып, оқу процесінде оқушы өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Бұл балаларда таным процестері жеткілікті мөлшерде дамымағандықтан 1- ден 9- сынып аралығында «Танымдық әрекетті түзеу» пәні енгізіледі. Бұл пәнде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арттыру мінез- құлқын түзеуге, ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған. Кейбір пәндер қосымша жүктемеге негізделген, жаратылыстану пәнінің мазмұны валеология элементтерін қамтиды ал география экологиялық білім негізімен оқытылады.



  1. Сыныптан 6- сыныпқа дейін «Жалпы еңбекке баулу» пәні оқытылады. Бұл сыныптарда балалар тігін тігу және кәсіби столярдың басты түрін меңгереді. Бұл балаларда баға қою тәртібі де ерекше болады. Оқу білімдернң нұсқалық нормасында В.В. Воронкованың жетекшілігімен Рессейде Білім беру Академиясының түзеу педагокика Инситуты қызметкерлері көмекші мектеп оқушыларын педагокикалық саралау кіреді. Ақыл- ой кемістігі бар оқушылардың негізгі көрсеткіші:

-ойын қорытындылау, оның ішінде білімі мен ептілігі;

-ойлау әрекетінің сөйлеу- логикалық және практикалық;

-компоненттерінің арақатынасын ұғыну;

-тапсырмаларды шешуде өз бетімен жұмыс жасау;

-оқушылардың көмекті сезінуі, ересектер тарапынан көрсетілген көмекке көзқарасы;

Ақыл- ой кемтар балаларға арналған арнайы мектептің түзету жоспары мұндай балаларды қоршаған ортаға бейімдеуге өздігінен өмір сүріп кетуіне ықпал жасайтын оқу процесін ұйымдастыру. Оқу бағдарламасының мемлекеттік стандартта сәйкес жеіңл деңгейі (1 тип) және қалыпты (2 тип) оқушыларға арналған оқу жоспарының екі нұсқасы ұсынылады. Арнайы мекемеде балалрдаң бәрі бірдей меңгере алмайды меңгерген жағдайда да оқу, санау, жазу дағдылары әлеуметтік бейімделуі аз болады. Көмекші мектептің оқу жоспарын дайындау негізі пәндік оқыту принципінен құралған. Оқу жоспарындағы пәндер цикл бойынша бөлінген:



  • Гуманитарлық;

  • Жаратылыстану математикалық;

  • Мәдениеттану;

  • Әлеуметтік бейімделу және еңбекпен оңалту;

  • Түзеу технологиялары;

Көмекші мектептерде зияты зақымдалған балалардың мүмкіндіктеріне бейімделген дәстүрлі пәндер мен түзеу пәндері оқытылады.

«Түзеу ритмикасы» бұл сабақта балалар дене қозғалысын жетілдруге, бағдарлай алуды дамытуға, ептілікке, музаклық сезім және эстетикалық сезімдерін қалыптаструға бағытталған.

«Емдік дене шынықтыру» балада жүріп- тұру функциялары бұзылған балалрарды оңалту мақсатында жүзеге асады. Сабақ топпен немесе жеке де жүріп отырады.

«Логопедиялық сабақтар» көмекші мектепте ақыл- ой кемістігі бар балаларда көптеп кездесетін тіл кемістігі көптеп кездеседі. Сөйлеу бұзылушығы ақыл- ойы кемтар балалардың психологиялық дамуына, білім алуына кері әсерін тигізеді.

«Танымдық іс- әрекетті түзеу» сабақтар ақыл- ойының кемістігі бар балаларды дамытуға, оқу және іс- жүзіндегі іс- әрекетке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

Мұндай мектептерде еңбекке баулу сабағы бойынша «Тері ісі», «Көгалдандыру» қосымша сабақтарына сағат бөлінген. Әрбір оқушы қажетті білімді меңгереді. Қыздар іс тігумен, тоқу, көктеумен айналысады. Ұлдар ағаш шеберлігін үйренеді. Зерттеу барысында анықталған кемістіктермен баланы тәрбиелеу мен оқытудағы коррекциялық жұмыстар бірнеше кезеңдерді қамтиды:






Кезеңдер

Жас ерекшеліктері

Мектепте оқыту кезеңдеріндегі талаптар

1

Бірінші кезең

4-7 жас мектепке дейінгі кезең

Санитарлық-гигиеналық талаптар мен моториканың дамуын анықтау

2

Екінші кезең

8-16 жас аралығы

Өзін-өзі қызмет жасау Қарапайым сауаттылық Сөздерді байланыстыру

3

Үшінші кезең

16-18 жас аралығы

Болащақ өмірге бейімдеу Еңбекке араласып үйрену Әлеуметтік ортаға бейімделу



Тәрбие дегеніміз жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Зияты зақымдалған балаларды тәрбиелеу қиынға соғады себебі балаларда таным процестері зақымдалғандықтан олардың қабылдауы төмен деңгейде жүзеге асады. Көмекші мектептің тәрбие жұмысындағы адамгершілік тәрбиесі қиынға соғады.

Э.Сеген құнды бір еңбектерінде былай деген «егер де адамгершілік мінезді қалыптастыруда тәрбиеші бала бойына мықты қалыптастырмаса, жүргізілген жұмыстарының бәре еш нәтиже бермейді, яғни бәрі әдеттен басталады. «Әдет ұзақ уақытты үрдісте қалыптасатындықтан, ерте жастан икемдеу үрдісіне кірудің қорытындысы жақсы нәтиже беріп отыр» деген. Адамгершілік тәрбие адамның мінез- құлқындағы әдет, еңбекке баулу бұлардың бүкілі жүрзізілетін тәрбиенің нәтижесі. Көмекші мектепте оқушылардың дәрежелеріне байланысты адамгершілік тәрбиесінің нақты мәселелерін шешу әр- түрлі сатыда жүзеге асады. Көмекші мектептегі тәрбиелеудегі өзекті мәселенің бірі тілалғыштық, себебі тілалғыштықсыз оқытуды ұйымдастыру мүмкін емес. Тілалғыштықта баланың мұғаліміне және ата- анасына деген бағынушылығы артады. Тілалғыштық кезінде мұғалім ең алдымен балаға оқушыларды сынып бөлмесіне қалай кіру керек, партада дұрыс отыру ата-анасына және мұғаліміне дұрыс сөйлеуді үйретеді. Және тәртіп дағдыларын анықтайтын жаттығулармен үйде, сабақта өзін қалай ұстау керек екенін үйренеді. Осылайша оқушылардың санасында алғашқы тәртіа туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Тәрбинің мақсаты оқушыларда еңбексүйгіштікке және дене еңбегіне үйретеді. Себебі бала арнайы мектепті бітірген соң өзіне- өзі қызмет көрсете алуы керек.

Балаларды алдымен жеңіл еңбек түрімен айналыстыру керек сонда ғана балада дене еңбегіне деген маңыздылықты сезіне алады. Еңбек- балада өз бетінше жұмыс істеуге шыдамдылыққа өжеттілікке үйретеді. Адамгершілік тәрбиесінің тағы бір міндеті балада әділ болуды үйрету, өйткені бұл балалар мінезін жасырмайды және ата- аналары ессіз сенеді. Бірақ бұл жастағы балаларда өтірік айту көптеп кездеседі. Мысалы бала досының затын тек еденде жатқаны үшін ғана алағанын және үй жұмысын дұрыс орындамағанын түсіндіругк тырысады. Мұндай балалар сенгіш болып келеді бұл кемшіліктерді түзету кезінде шамалы ғана жоюға болады. Балада мұндай қасиеттерді жою үшін мынадай тәсіл қалыптастыру керек мысалға бастауыш сынып оқушысына анасына шындығын айту керек деген себеп болса, жоғары сыныптарда егер өтірік айтпасаң сен жақсы оқушы боласың және болашағың да зор болады деп қалыптастыру керек.

Олигофрен балаларда үлкендерге тез бауыр басу сену қалыпты жағдай қарым- қатынасқа тек адалдықпен жауап беру де қалыпты. Біз бұл қасиетті дұрыс пайдалана білуіміз керек мысалы балалар арасында жолдастықты, жоғарғы сынып оқушыларын бастауыш сынып оқушыларына көмектесу мүддесін оятамыз. Көмекші мектеп оқушыларына тамақтанудағы мәдениетті, асхана құралдарымен дұрыс жұмыс істеу, дұрыс отыру сынды дұрыс дағдыларды қалыптастуруымыз керек. Көмекші мектепте балаға тәрбиенің тек негізін салады кейіннен бала үлкендердің көмегімен немесе өз бетімен ары қарай қалыптастырады. Осылайша біз зияты зақымдалған балалардың өиіріне оқу мен тәрбиенің үлкен рөл алатынын түсіндік. Айта кетсек зияты зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеуде педагог-дефектологтың алатын рөлі басым. Педагог- дефектологтың мақсаты:



  1. МШБ уақытылы көмек көрсету;

  2. Оқушылардың дүниетанымдық мінезін деңгейін қалыптастыру және қоршаған орта құбылыстарына деген көзқарас қалыптастыру;

  3. Көмек беруде ата- аналармен тығыз байланыста болу;

Міндеттері:

  1. МШБ түзету, тәрбиелеу, оқыту жұмыстарын жас ерекшелігіне байланысты қолдану;

  2. МШБ ерте коррекциялық көмек көрсету түрлерін ұйымдастыру;

  3. Балаларды кемістігіне қарай түзету жұмыстарын ұйымдастыру;

Күтілетін нәтиже:

  1. Балада психофизиологиялық мүмкіндігі дамиды;

  2. Оқудағы қиындықтары жойылады, бала өз ойын жеткізе алады;

  3. Адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез құлық қалыптасады;

  4. Өмірге деген құштарлығы артады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет