Ортаңғы топ. Ортаңғы топтада жануарларға бақылау және сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Балаларға үй жануарларына тән белгілерді: сыртқы түрі, мінез-қылығы, сондай-ақ олардың адамдарға тигізетін пайдасы және адамның оларға деген қамқорлығын да білу керек. Мысалы, келесі тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізуге болады: «Үй жануарлары», «Тауықтар», «Ит және күшіктер» және т.б.
Мысал: «Тауықтарға бақылау»
«Қандай тауық?»
«Балапандар қандай?»
«Тауық балапандарын қалай шақырады?»
«Балапандар қалай шиқылдайды?»
Әңгіме барысында жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар қолдануға болады.
Ересектер тобы. Ересек топтың балалаларына өздері тұрған жерде аса көп кездеспейтін үй жануарларымен /түйе, бұғы, есек – олардың сыртқы түрі, мінез-қылығы, адамдарға келтіретін пайдасы/таныстырып, жабайы аңдар /қасқыр, кірпі, қоян, түлкі , аю – олардың мекендейтін жері, қорегін аулау әдісі/ туралы түсініктерін кеңейту жөнінде талаптар қойылады. Жануарларды қарағанда оның дене мүшелерін / бас, арқа, құрсақ, аяқ, табан, қанат, көз , құлақ және т.б./ ажыратып, дұрыс атауға жәнеде жүрістерін сипаттап /қасқыр жүгіреді, қоян секіреді/ айта білу керек. Зообаққа экскурсия жасауға болады, картиналармен әңгіме, бақылау және т.б.
Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде берілетін тапсырмалар
4 топқа тапсырмалар беріледі
1 тапсырма Ортаңғы топтарға сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру
2 тапсырма Екінші кіші топтарға сурет бойынша сұрақтар құрастыру
3 тапсырма Жабайы аңдар мен үй жануарларының айырмашылығы. Балаларға түсіндіру жолы.
4 тапсырма Ойын құрастыру
Бағалау (4 түсті гүлдің санына қарай бағаланады)
Үйге тапсырма
2-кіші топтарға «Итті бақылаудың» технологиялық картасын құру.
Ортаңғы топтарға «Жайлауда» тақырыбында технологиялық карта құрастыру.
Ересек топтарға «Аңдар» тақырыбында сурет бойынша әңгімелеу құрыңдар.
Балаларға үй және дала жануарлары туралы білімдерін бекітуде ойын ойластырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |