Пәні: Басқару есебі 2



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі45 Kb.
#486696
түріЛекция
1   2
Лекция 1

Қаржылық есепте кәсіпорынның нарық субъектісі ретіндегі шаруашылық серіктерімен, банктермен, салық жүйесімен және басқа сыртқы ұйымдарымен шаруашылық қатынастары, яғни кәсіпорын қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты сыртқы бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштері болып көрсетіледі, өңделеді және жинақтап қорытылады.
Басқару есебі қаржылық есепті кеңейтеді және ең алдымен кәсіпорынның ішкі операцияларында қолданылады. Оның мақсаты - басқару аппаратын, менеджерлерді, нақтылы шаруашылық мақсатына жетуге жауаптыларды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басшылық пайдалануы үшін дайындалатын бухгалтерлік ақпаратқа тікелей кәсіпорында жұмыс істемейтін сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратқа қарағанда, басқадай талаптар қой-ылады. Басқару есебінің мәліметтері кәсіпорынның коммерциялық кұпиясы болып табылады.
Сонымен қатар, басқару есебі әдетті бухгалетерлік есептен мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға (мемлекет, банк, іскер серіктерге) арналмағандығымен, ішкі «қолданыс» үшін екендігімен айрықшаланады. Басқару есебі - жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау сияқты түйінді салада менеджердерге көмектесу мақсатымен қаржылық ақпарат беру басқаруды ақпараттық қолдау жүйесінен басқа ештеңе емес.
Басқару есебін назар үйіру деп те айтуға болады. Сонымен қатар уақыты шектеулі менеджерлерге өздері білетін немесе күтетіні жайлы тыңдайтын уақыты жоқ. Олар барлығын бақылай алмайды, сондықтан оларға жоспар бойынша жүріп келе жатқан істер жайлы ақпарат маңызды емес, яғни басқару есебінің мәні - түзетуді талап ететін өрісті айқындау.
Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық түрғыдан қажетті шаруашылық іс-эрекеттің қорытындыларын, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нэтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет