Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет26/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Философия лекции 2023

Ш.Уалиханов(1835—1865) ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған.Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады.Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді.Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді.Шоқан Уәлихановтың дүниетанымы өзіне материализм мен идеализмнің өзіндік үйлесімі, материалды мен табиғидың, рухани және құдайлықтың қатынасын көрсететін пантеизм түрінде сипатталуы мүмкін. Қоғам болмысы проблемасын ол натурализм мен географиялық детерминизм тұрғысынан түсінеді. Адам онда қалыптасуына үлкен ықпал ететін табиғи-рухани тіршілік иесі түрінде көрінеді. Қазақ философиясының басты ерекшелігі - оның космоцентризмі, адам мен ғарыштың үздіксіз байланысы оның шығармашылығында да көрініс тапты. "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" атты еңбегінде ол адамды әлемнің нағыз жоғары кұндылығы ретінде қарастырды. Бұл жан, бұл қабілет, бұл ойлаушы және талпынғыш рух осы ерекше Құдайдың мәңгі тылсым күштің болуын көрсетпей ме? Ол тірі рухқа (шаманға) және өлі рухқа онгунуға табынды. Бірақ бұл өмірдегі адамға, оның ішінде сәбиге табиғаттың ықпалы өте күшті, өте әрекетті, ол құпия табиғатқа, не істеп, не істемеуге қатысты басшылыққа алатын ережелерді жасауы керек", - деп жазады.Оның дінге қатынасы шаманизм мен ислам туралы бірқатар еңбектерінде көрінеді. Ең әуелі ол Қазақстан территориясында зороастризмнен исламға дейін көптеген діндер болғанын дұрыс атап өтеді. Тіпті өзінің заманы - XIX ғасырда ол қазақтардың таза мұсылман болмағандығын, шаманизм мен ата-баба рухтарына табыну кең тарағанын айтады. Қазақ даласындағы мұсылмандықты қарастыра келіп ол өкінішке орай бұл дінді таратушылар инабатсыз, обскурантист адамдар, тіпті адамдар араб тілін Құранды да нашар білетіндігін Шоқан Уалиханов айтады. "Бүкіл далада өздерін әулие түрінде көрсететін шала сауатты татар молдалары мен Орта Азиядан шыққан фанатиктер қаптап жүр. Мұсылман кезбелерінің, әсіресе татар семинаристерінің (оларды мен пайғамбарға фанатизммен табынушылар деп танимын) жеке мүддесі - қырғыздарды өз ықпалыменсоқыр діни бассыздыққа жеткізіп, осы қари, дәруіш, әулиелерге жеңіл өмір сүргізу болып табылады", - деп жазады Ш. Уәлиханов.Осы факт негізінде көптеген зерттеушілер оны исламды сынаушы және атеист деп есептейді, бірақ бұл шындыққа сай келмейді. Шоқанның дүниетанымы материалистікті де, руханилықты да өзіне жинақтаған. Ол өз халқының адал ұлы бола отырып, исламды жоюға емес, халықты ағартуға, оларды қасиетті діни, әсіресе мұсылман кітаптары мен ондағы шығыстың рухани мәдениетті оқып-үйренуге шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет