Пәні бойынша дәрістік кешен


Тамақ өнімдерінің сапалық көрсеткіштері



бет3/65
Дата02.01.2022
өлшемі417.2 Kb.
#454219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
д рістер ОБЩ 5 кр (1)

Тамақ өнімдерінің сапалық көрсеткіштері

Сараптама – дұрыс шешім алу мақсатымен объективті фактілер негізінде білікті маманмен өткізілетін сараптама затының (тауардың) өздігінен зерттеуі. Дәл айтқанда – түскен тауарлар партиясының келісім шарттарына саны, сапасы, орауы, тауар белгілеуі бойынша сәйкестігін тексеру; тұтыну қасиеттері бойынша немесе (және) ақаулығы деңгейі бойынша тауар сапасының деңгейін анықтау, ақаулардың пайда болу себептерін табу, тауарды теңестіру және т.б. Сараптама бұйымның өмірлік циклының барлық сатыларында – жобалау, әзірлеу, айналымы мен пайдалануы (тұтыну) іске асырылады.

Тамақ өнімдерінің органалептикалық, физика-химиялық көрсеткіштері келесі әдістермен анықталады.

Физико-химиялық әдістер өсімдікшаруашылығы өнімдерінің сапасын 15 анықтау кезінде қолданылады. Яғни: - хромотраграфикалық (ароматты және бояғыш заттардың саны мен табиғатын, ақуыздардың аминоқышқылды құрамын және жеке органикалық қышқылдар құрамын анықтау); - потенциометрикалық (зерттелетін ерітіндідегі ЛПУ-1 потенциометрі арқылы сутегі иондарының конценрациясын анықтау);

- кондуктрометрикалық (ерітіндінің электрөткізгіштігін зерттеу);

- калориметрикалық (жарықты жұтуы бойынша еріндіде заттардың концентрациясын анықтау). Микороскопиялық әдісті зиянкестері (көкөністегі бізтұмсықтар), қоспаларды (құм, топырақ) және талшықты қабаттың антомиялық құрылымы бойынша талшық сапасын анықтау үшін қолданылады. Биологиялық әдістер зертханалық және далалық өскіндеді, өнімдегі токсикалық заттарды және микроорганизмдермен заладануын анықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар биологиялық әдістерге жәндіктермен кенелермен заладануын анықтауда жатады. Физиологиялық әдістермен тағамдық заттарды сіңіру коэфициентін, физиологиялық калориялығын (энергетикалық қабілеттілігі), биологиялық құндылығын және қауіпсіздігін анықтайды. Технологиялық әдістерді болашақ өнім туралы мәлімет беретін өсімдікшаруашылығы шикізатының технологиялық қасиетін анықтау үшін қолданады. Мысалы 5-10 кг астық масасының үлгісін арнайы зертханалық диірмендерде тәжірибелік тартуда келесі диірмендік қасиеттерін анықтайды:

- үгітілу қабілеттілігі (дәннің оңай уатылуы және тарту өнімдерінің бөлінуі);

- дайын өнім шығымын; - диірмендік қүұңдылығын;

- тәжірибелік үлгінің үгіту ұзақтығы;

- тартуға кеткен электрэнергиясының меншікті шығыны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет