Астық өнімін тазалау және ұсату
Уытты өндіріске әкелмес бұрын оны шаңнан, сабақша қалықтарынан уыт полирлеуші машинада тазартады. Нәтижесінде уыттың сырқы қабаты жылтырап, дәмі таза болады. Арпаны ауада-елеуіш сепараторда қоспалардан тазартады. Металдық қоспалардан магнитті сепаратор немесе магнитті колонкаларда тазаланады. Тазартылған шикізат қсақталуға жіберіледі.
Ұсақтаудың мақсаты – астық шикізатындағы экстрактивті заттарды алуды жеңілдету.
Бұқтыру
Бұқтырудың мақсаты–белгілі температурадағы су және уыттың өз ферменттері көмегімен шикізаттың эктрактілі заттардың ертіндіге ауысуы.
Бұқтыруға алынатын астық шикізатын себінді, ал қажетті мөлшердегі суды – құйынды деп атайды. Су мен астық өнімінің қарымқатынасы 1:4-1:5 шамасында болады. Тартылған астық және су қоспасын – бұқтырма дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |