Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)


-тақырып. Бюджет-салық саясаты. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз



бет3/5
Дата03.07.2016
өлшемі192.12 Kb.
#174019
1   2   3   4   5

6-тақырып. Бюджет-салық саясаты. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз

Жоспар

  1. Бюджет-салық саясаты

  2. Бюджеттік тапшылық

  3. Мемлекеттік қарыз




  1. Бюджет салық саясаты (қазыналық-фискальный саясат) мемлекеттік бюджет жағдайын салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың өсуін қамтамассыз ету мақсатында жүргізіледі. Ынталандырушы бюджет – салық саясаты (қазыналық экспансия) бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындары (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендеті саясаты өндіріс факторы ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әулеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешені салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады.

Тежеуші бюджет салық саясаты (қазыналық шектеу) экономикадағы циклдік өсуді тежеу мақсатын көздейді. Бұл саясатты жүзеге асыру үшін, мемлекеттік шығындар төмендеп (G) , салық мөлшері (Т) жоғарылайды, немесе біріктірген құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырады. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл шараның нәтижесінде, өндерістің құлдырауы және жұмыссыздық деңгейінің өсуі салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімдік кезде өспелі салық сынасы кезде жиынтық ұсыныстың төмендеуіне және құлдыраушылық механизімін ашуға негіз болады. Бұл құбылыс төмендегі жағдайда кездеседі: мемлекеттік шығынның азаюы бюджетік барлық баптарына пропорционалды қысқарып, жүзеге асырып отырса және еңбек нарығының инфрақұрылымына мемлкеттік инвестиция берілуіне басылымдық болмаса. Мемлекеттік шығындарды тиімсіз басқарумен қатар ұзақ уақытқа созылған құлдыраушылық экономикалық әлеуеттің бұзылуына әсерін тигізеді. Мұндай жағдай экономиканың өспелі кезеңіне жатады. Қысқа мерзімдік кезеңде салық бюджет саясаты баланыстық бюдежтік салықтық, және мемлекеттік шығындар мультипликатор әсерімен байланысты.

Мемлекеттік шығындардың өзгерісін көру үшін кейнс кресін пайдаланамыз. Мемлекеттік шығындар жиынтық шығындар құрауышы болады. Олардың өсуі жоспарланған шығындарда өсіреді. Егер мемлкеттік шығындар G - өссе, онда жоспарланған шығындар қисығы оңға қарай сол мәнге жылжиды. Ал тепе теңдік өнім көлемі Y , Y -ге өседі, демек Y-G mg. mg - мемлекеттік шығындардың мультипликаторы. Мемлкетік шығындар 1 теңгеге көбейгенде пайда мөлшері қаншаға өседі деген сұраққа жауап береді. Мемлекеттік шығындар G - өскенде мультипликаторлық үрдіс басталады және табысты сол мәнеге өсіреді. Тұтыну көлемінің мұндай өсуі табыс пен шығын көлемін тағы да өсіреді. Ол тұтынуды (b x G) шамасына өсіреді

Жиынтық әсері төмендегідей

Шығынның алғашқы өзгерісі ═ ∆ G

Тұтынудың алғашқы өзгерісі ═ b x ∆G

Тұтынудың екінші өзгерісі ═ b x ∆ G

Y ═ ∆ G ( 1 + b + b +…)

Y/G ═ 1/ 1-b қатынасы мемлекеттік шығындар мультипликаторы деп аталады. Кейде бұл үлгіні кейнс мультипликаторы деп атайды.

Мемлекеттік шығындар мультипликаторының көлемімен тепе- теңдік көлемін теңдеулер жүйесін шешу арқылы табу.

{ Y ═ C + I + G

{ C ═ a + b ∙ Y

Мұндағы Y ═ C + I + G негізгі макроэкономикалық теңдеу C ═ a + b ∙ Y - тұтыну функциясы.

Тұтыну функциясының мәнін макроэкономикалық теңдеуге қою тепе теңдік өнім көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Y ═ a +b ∙ Y + I + G ═ Y – b ∙ Y ═ a + I + G ═Y(1-b) ═ a + I + G

Y ═ 1/1-b (a+I+G)

мұндағы (a+I+G)- табыс көлемінің Y тәуелсіз автономды шығындар, ал 1/1-b – мультипликатор.

Жабық экономикада тепе теңдік табыс көлемі деңгейінің қаншаға өсетіндігіне байланысты. Мемлекеттік шығындар ғана емес, автаномды шығындар бір бірлікке өседі, осы құбылысты мультипликатор көрсетеді. Мультипликатор шамасын анықтайтын негізгі фактор болып тұтынудың шекті бейімділігі b, МРС есептеледі. Табысқа салық салынғаннан соң, тұтыну функциясы басқаша болады, мультипликатор үлгісі де мыналар:

Y ═ C+I+G

C ═ a+b(1-t) ∙ Y бұдан Y ═ 1/1-b (1-t) ∙(a+I+G)

Мұндағы 1/1-b(1-t) жабық экономикадағы мультипликатор шығындары.

t - шеткі салық мөлшерлемесі.

Шеткі салық мөлшерлемесі – енгізілген салық сомасы өсімшесінің табыс өсімшесіне қатынасы арқылы табылады.

t ═ ∆T/∆Y

Мұндағы: t - салық салудың шекті мөлшерлемесі

∆T - енгізілген салық сомасының өсімшесі

∆Y - табыс өсімшесі өнім шығару көлемі мен жұмыс бастылық деңгейін тұрақтандыратын және мультипликатор әсері төмен.

Ашық экономикада тепе теңдік өнім көлемі мен мемлекеттік шығындар мультипликаторының көлемі төмендегнді теңдеулер жүйесін шешу арқылы табылады

Y ═ N+I+G+Xn

C ═ a+b(1-t) Y

Xn ═ g-m’ Y

Мұндағы Y ═ N+I+G+Xn негізгі макроэкономикалық тепе теңдік.

N ═ a+b(1-t)∙Y тұтыну функциясы

Xn ═ g –m’Y таза экспорт функциясы

Y═1 / 1-b(1-t)+m∙(a+I+G+g)

мұндағы 1/1-b(1-t)+m’ ашық экономикадағы мемлекеттік шығындар мультипликаторы.

m’ импорттаудың шекті бейімділігі.

Салық мультипликаторы, баланстық бюджет мультипликаторы. Егер салық төлеу мөлшері ∆ T төмендесе, онда қолда бар табыс Yd ═Y-T өседі. Тұтыну шығындары сәйкес түрде (∆T x b) көлеміне өседі, бұл жағдай жоспарланған шығындар оңға қарай жоғары қозғалтады және тепе - теңдік өнім көлемін Y Y көлеміне өсіреді.

Ол көлем ∆Y - ∆T b / 1-b

Мұндағы ∆Y / ∆T - b / 1-b салық мультипликаторы деп аталады.

Салық мультипликаторының механизімі, мемлекеттік шығындар мультипликатры сияқты, салық көлемінің бір өзгерісіне тұтынудың көп қатар өзгерісін көрсетеді.

Салық мөлшері ∆T төмендесе

Қолда бар табыс ∆T өседі

Tұтыну (b x ∆ T) шамасына өседі

Жиынтық шығындар (b x ∆ T) өседі

Жиынтық табыс өседі (b x ∆ T)

Тұтыну (b x ∆T) өседі

Жиынтық шығындар (b x ∆ T) өседі

Жиынтық табыс (b x ∆T) өседі

Тұтыну b (b x ∆ T) өседі

Егерде мемлекеттік бюджетке берілетін салық мөлшері табыс динамикасына тәуелді деп алсақ, онда салық функциясын төмендегідей түрде жазады. T═t Y

Мұндағы t - шекті салық мөлшерлемесі

Бұл жағдайда тұтыну функциясы төмендегідей болады

C a+b (Y-tY) ═ a+b (1-t) Y

Ал салық мультипликаторының үлгісі төмендегідей

m ═ - b/1-b (1-t)

Мұндағы m - жабық экономикадағы салық мультипликаторы.

Жалпы салық функциясы төмендегідей

T ═ Ta + t ∙Y

Мұндағы Ta - автономды салық мөлшері,табыс мөлшеріне тәуелсіз

t - шекті салық мөлшерлемесі

Табыстан (Y) тәуелді функционалды салық салымын ескеріп, тұтыну функциясын төмендегідей жазуға болады:

C═ a+b [Y-(Ta+t∙Y)]

Ашық экономикадығы тепе теңдік өнім көлемінің үлгісі төмендегідей болады

Y ═ 1/1-b(1-t)+m ∙ (a+I+G+g) - b/1-b(1-t)+ m’ Ta

Мұндағы -b/1-b(1-t) +m’ - ашық экономикадағы салық мультипликаторы.

Автономды салық мөлшері мен мемлекеттік шығындардың бір мезгілдегі өзгерісінің нәтижесінде табыстың жиынтық өзгерісі мынадай түрде жазылады:

∆Y ═ ∆G 1/ 1-b (1-t) +m’- ∆Ta ∙ b/1-b (1-t) + m’

Егерде мемлекеттік шығындар және автономды салық төлемдері бірдей көлемге өзгерісе, онда тепе теңдік өнім көлемі де өседі. Мұндай жағдайда баланстық мультипликаторы орын алады деп атайды. Баланстық бюджет мультипликаторы орын алады деп айтады. Баланыстық бюджет мультипликатры бірге тең немесе бірден кіші.

Бюджет – мемлекеттің, кәсіпорынның не жеке адамның белгіленген кіріс пен шығыс ақшасының сметасы. Мемлекеттік шығындар - өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлармен қызмет жалпы құны. Мультипликация – көбейтуші, ұлттық табысқа қосылатын күрделі қаржының жалпы сомасы өскен сайын күрделі қаржыға ол «а» мөлшерінде артады, міне сол «а» мөлшері мультипликтор болып табылады. Дискреция - лауазымды адамның немесе мемлекеттік органның қандайда бір мәселені өзінің қалауы бойынша шешуі. Баланс – таразы, кәсіпорынның шығыс және кіріс қаражат көрсеткіштері. Салық – мемлекеттік және жергілікті бюджетке (кәсіпорындар мен мекеменің) басқару органның заңды құқығы бар жеке адамдардың міндетті түрде алып отыратын ( түсімдер ) төлемдері, салық негізгі бір бюджетке түсетін табыстың көзі, кредиторлы қарызды міндеттеме бойынша толтыру



  1. Дискрециялық қазыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған. Дискрециялық емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдік тербелістердің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуі) дискрециялық емес саясат қарастырады.

Бұл саясат экономикадағы тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Таза салық түсімі – бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан берілетін трансферттің арасындағы айырма. Дискрециялық қазыналық саясат экономикадағы құлдырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды өсіре отырып немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық құрылады. Экономиканың өрлеу кезеңіне сәйкес мақсатты түрде бюджет артықшылығы туындайды.

Үкіметтің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және алық салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі. Дискрециялық емес қазыналық саясатта бюджет артықшылығы және тапшылығы дағдылы түрде пайда бола отырып, экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы арқылы болуы мүмкін. Кіріктірме тұрақтандырғыш – үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмыс бастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі алынады.

Циклдік тапшылық (артықшылық) – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (артықшылығы), іскерлік белсенділіктің құлдырауы (өрлеуі) жағдайында мемлекеттік трансферттердің өсуі (азаюы) және салық түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады. Циклдік тапшылықтың және артықшылықтың көлемі салық және бюджет функциялары графиктерінің «шұғыл тіршелігіне» байланысты болады. Салық функциясы (Т) бұрыштық көлбеудің шекті салық мөлшерлемесінің (t) көлеміне тәуелді. Ал мемлекеттік шығындар функциясының (G) бұрыштық көлбеуі - көлеміне тең, бұл шама трансферттер сомасы мен табыс көлемі өзгерісінің қатынасын сипаттайды. Сәйкес түрде, табыс деңгейі неғұрлым үлкен болған сайын, солғұрлым мемлекеттен алынатын салық мөлшері жоғары және трансферт төмен болады.

Бюджет тапшылығы және артықшылығы. Қазыналық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі әсерлерінің біреуін таңдау күрделі макроэкономикалық проблема болып есептеледі. Бұл проблеманы шешу өркениетті мемлекет болсын, өтпелі кезеңдегі экономика болсын қиын тиеді. Әлеуетті деңгейде тепе – теңдік ЖҰӨ циклдік тербелісінің себебін кіріктірме тұрақтандырғыш жоққа шығара алмайды, тек қана бұл тербелістерді шектейді.Циклдік бюджеттік тапшылық пен артықшылықтың мәндері арқылы қазыналық саясаттың әрекеттерінің тиімділігін бағалауға болмайды. Өйткені циклдік теңгерілмеген бюджеттің болуы экономиканы ресурстардың толық қамтылған жағдайына жақындата алмайды, мұндай жағдай кез келген өнім көлемінің деңгейінде бола береді.Сондықтан да экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы шартты түрде ресурсттардың толық қамтылуын қамтамасыз ететін үкіметтің қазыналық дискрециялық шараларымен байланыста жүргізіледі. Нәтижесінде мемлекетік бюджеттің құрылымдық тапшылығы (артықшылығы) туындайды. Бұл – жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы бюджет шығындары (табысы) және табысы (шығындары) арасындағы айырма. Циклдік тапшылық көбіне бюджет тапшылығының нақты мәні мен құрылымдық тапшылықтың арасындағы айырма арқылы анықталады.

Бюджет артықшылығын тұрақтандыру әсерінің ең жоғары жағдайы. Бюджет артықшылығын жою. Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергі болатын жағдайлар пайда болады.

Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде болатындықтан, бұл жағдай жиі инфляцияның күшеюіне әкелетіндіктен, онда қаржылардың бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі (облигацияларды өтеу, әл – ауқаты нашар отбасыларға жәрдемақыны өсіру) жиынтық шығындардың және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісінше, бюджет артықшылығына «тыйым салу» артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық дүрлігісті ұстап тұрады.

Бюджет тапшылығының тұрақтану деңгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты. Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж – ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы. Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда ьолады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады. Бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыруды көбіне тиын шығару тапшылығының инфляцияға қарсы баламасы деп қарастырады.

Мемлекет бюджетіне салық түсімін көбейту проблемасы бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді,өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлемесін азайтып, салық базасын кеңейту мүмкін. Мұндай жағдай Лаффер қисығында көрсетілген. Мемлкеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру тәсілдерінің ешқайсыс бір-бірінен аса оқшауланбайды және де ешқайсысын инфляциялық емес деп айтуға болмайды.



  1. Дискрециялық қазыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған. Дискрециялық емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдік тербелістердің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуі) дискрециялық емес саясат қарастырады. Кіріктірме тұрақтандырғыш – үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмыс бастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Циклдік тапшылық (артықшылық) – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (артықшылығы), іскерлік белсенділіктің құлдырауы (өрлеуі) жағдайында мемлекеттік трансферттердің өсуі (азаюы) және салық түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.


7-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздық. Экономикалық циклдар. Инфляция.

Жоспар

  1. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Экономикалық циклдар.

  2. Жұмыссыздық

  3. Инфляция




  1. Экономикалық циклдар теориясы, экономикалық өсу теориясымен қатар экономикалық жүйенің қозғалысын түсіндіретін экономикалы динамикалық теорияға жатады. Бұл теориялар арасындағы айырмашылық мынадай: циклдар теориясы белгілі бір уақыттағы қоғамның экономикалық белсенділігінің толқуы мен тұрақсыздығының себебін анықтаса, ал өсу теориясы экономиканың ұзақ мерзімділік тенденция ретінде оның демалысыз өзгеруінің жағдай мен факторларын зерттейді. Суреттегі түзу сызық экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік бағыттылығын көтерілу тенденциялық формасын көрсетуде жалпы мінездеме берсе, толқынды сызықтар даму тұрақсыздығын экономикалық өсу немесе құлдырауды көрсетеді, жүйелі әрі кезекпен келетін өсу мен құлдырау экономикалық дамуға циклдық мінездеме береді. Экономикалық цикл – деп екі бірдей экономикалық белсенділік көрсеткішінің арасындағы уақытты айтады.

Жеке экономикалық циклдар бір бірінен ұзақтылығы және интенсивтілігімен ерекшеленеді. Дегенмен де олар бірдей даму структурасына ие. Даму структурасының цикылы жоғарғы (шың) және төменгі (Тұңғылық) белсенділік нүктесін бөледі, әрі олардың арасында экономикалық экспансия (немесе циклдык көтерілу) және экономикалық рецессия (құлдырау) фазасы жатады. Белгілі бір мезгілде циклдық көтерілу өзінің шынына жетеді. Өзінің шынына жеткенде цикл ең төменгі тұңғыйыққа экономикалық рецессия фазасына өтеді, одан қайта жаңа бетбұрыс қайта көтерілу жаңа кезеңі басталады.

  1. Жұмыссыздық деңгейі — бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды. Статистикалық деректер үй шаруашылығьша зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмешіндер. Жұмыс істейтін адам деп — үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, оңда ол — жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санада жатаайтын азаматтар (мәселен, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.

Жұмыс күші — жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі — бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Демек,

Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны.

Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны х 100 / Жұмыс күшінің жалпы саны

Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында қандай тәуелдік бар? Жұмыс істейтіңдер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар — атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңдары алды.

Оукен заңы. Сурет пиктограмма болып табылады, мұнда горизонталь ось бойынша жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша — нақты ЖҰӨ көлемінің өзгерісі пайыз түрінде көрсетілген. Әрбір нүкте белгілі бір жылғасәйкес. Осы екі ауыспалылардың арасында теріс тәуелділік әр түрлі бағытты көрсетеді, ол әрбір жұмыссыздықтың нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуімен байланысты екендігін көрсетеді.


  1. Инфляцияның мәні - тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алуы мүмкіндігінің қүлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі . Ол - мемелекеттің табысы мен шығысының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тәң құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

«Инфляция» - желбуаз көтерілу, icy деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен жабу, ақша айналымының күрт «көтеріліп», қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Ақшаның құнсыздануы - ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы.

Инфляция қарқынының жай, орташа күрделі кезінде бағаның өсуі 10%-дан аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мүндай инфляцияны экономикалық дамуы үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъект деп есептейді. Мүндай инфляция өндіріс пен сүраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.



  1. Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі. Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы.

Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындағуа болады. Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу енеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады. Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру нотижесінде болады, ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді. Жұмыссыздықтың 3 түрі белгілі: уақытша, құрылымдық және циклдік.

Экономикалық цикл - өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейнің өзгеруін айтамыз. Циклдік өзгерістердің себептері төмендегідей: автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсеренің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б. Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші. Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарғының жағдайын бағалайды. Жұмыс істейтін адам деп – үй шаруасымен немесе оқумен шұғылдабайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз.

Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы. Құлдырау – алты немесе одан да көп айға созылатын, жалпы өндіріс көлемі, табыс және жұмыс орындары азаятын кезең. Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесі. Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесінде өндіріс және жұмыс орындары ең төменгі деңгейге жетіп, біртіндеп көтеріле бастайды. Шың. Бұл нүктеде экономикада өндірістің толықтай жұмыс істеуін және жұмыссыздықтың толық жойылуын байқаймыз. Көтерілу. Көтерілу фазасында өндіріс өседі, жұмыссыздық азаяды да, толық жойылады. Көтерілу күшейе келе өндіріс толық көтерілмей жатып бағалар өсуі мүмкін. Іскерлік циклдердің әсері әр жерде, экономиканың әр түпкірінде сезіледі. Экономика элементтерінің байланысы ешкімге депрессиядан немесе инфляциядан қашу мүмкіншілігін қалдырмайды. Толық жұмысбастылық еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылқ болып табылады. «Уақытша жұмыссыздар» жұмыс іздеп жүрген немесе орнын алуын күтіп отырған адамдар. Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады.
8-тақырып. Халықаралық сауда және сауда саясаты. Төлем балансы және оның құрылымы

Жоспар


  1. Халықаралық сауда және сауда саясат

  2. Төлем балансы және оның құрылымы




  1. Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың негізін сыртқы сауда құрайды. Сыртқы сауданың қажеттігі. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы. Халықаралық сауда теориясы XIX ғасырдың басында Давид Рикардо айтып өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негізінде құрылды. Д.Рикардодан бұрын бұл проблемаларды А. Смит зерттеген еді. А. Смит халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді және әр түрлі мемлекеттерде тауар өндіруге кететін абсолютті шығындарының айырмашылығы арқылы пайда табу жолдарын көрсетті. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу тиімді деп есептеледі. Өйткені әр түрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен еңбек жағдайлары әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіру. А. Смиттің абсолюттік артықшылық теориясы, шаруашылықпен айналысатын субъектілердің іс-әрекеттері принципі халықаралық сауда теориясына да таралады. Егер де шет мемлекеттерден тауарды өз мемлекетіне қарағанда төмен бағаға сатып алуға болса, онда сол тауарды арзан өндіретін мемлекеттен сатып алған жөн.

Еңбекті бөлісу және мемлекеттердің тауар өндіруге мамандануы, өндірісте абсолюттік артықшылыққа ие бола алатындығы — ішкі тұтынуды қанағаттандырғаннан соң, бұл тауарларды экспортқа шығарып, басқа тауарлармен айырбастауға болады — мұның барлығы жалпы үнемдеуге мүмкіндік береді. Д. Рикардоның теориясы халықаралық саудаға тағы бір қадам жасады. Бұл теорияның негізінде салыстырмалы артықшылық принципі жатыр.

Сауданың экономикалық негізі. Халықаралық сауда көмегімен мемлекеттер мамандануды дамытатындығын, өзінің ресурстарын тиімді пайдалана алатындығын, жалпы тауар көлемін өсіре алатынын көреміз. Жеке мемлекеттер салыстырмалы артықшылықпен өндірілетін тауарларға мамандану арқылы ұтады. Мемлекеттер неге сауда жасайды деген сұраққа төмендегідей жауап беруге болады:

1. Экономикалық ресурстар (табиғи, еңбек, капитал) әр мемлекеттерде әр түрлі. Бір елдің капитал сыйымдылығы болса, екінші елдің еңбек сыйымдылығы болады.

2. Әр түрлі тауарды тиімді өндіру әр түрлі технология мен ресурстарды қажет етеді.

Осы айтылғандарға төмендегідей мысалдар келтірейік. Жапонияда жоғары және орта білімді мамандар күші көп және арзан. Сондықтан Жапония жоғары білімді маман күшін қажет ететін тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шығара алады. Оларға фотокамера, радио және т.б. жатқызуға болады. Бұлар - еңбек сыйымдылығы бар тауарлар. Австралия, керісінше, жер ресурстарына бай, бірақ еңбек күші тапшылық етеді. Сондықтан олар көп жерді қажет ететін тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шығара алады. Оларға - бидай, жүн, ет бұйымдарын жатқызуға болады. Бразилияның жері құнарлы, климаты тропикалық, жауын-шашын жиі жауады, қарапайым жұмыс күші өте көп және арзан. Сондықтан олар кофе өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие болады.

Индустриясы дамыған мемлекеттер капиталсыйымды тауарларды өндіреді. Мысалы: машина, ауыл шаруашылық құралдары, химикаттар. Бірақ мемлекеттердің тауар өндірудегі экономикалық тиімділігі тұрақты емес. Уақыт өте келе олар өзгеруі мүмкін. Мысалы, Оңтүстік Корея соңғы 50 жыл ішінде өзінің жұмысшы мамандануын жоғарылатты және капитал көлемін өсірді. Бұдан жарты ғасыр бұрын көбінесе ауыл шаруашылық тауарларын және шикізатты экспорттаған Корея қазір дайын өнімді экспорттайды. Сол сияқты технология дамуы да өз әсерін тигізеді.

Мемлекеттер экономикасының дамуына байланысты еңбек күшінің сәні мен сапасы, капитал көлемі мен құрамы, технология деңгейі өзгереді. Жер мен табиғи ресурстардың сапасы өзгеруі мүмкін. Осы өзгерістер арқасында мемлекеттердің тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шығаруы да өзгереді.

Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мамандану. Халықаралық сауда екі мемлекеттен тұрады деп қарастырайық. Мысалы, Бразилия және АҚШ. Екі мемлекет те әр түрлі экономикалық тиімділікпен бидай және кофе өндіреді. АҚШ пен Бразилияның өндіріс мүмкіншілігінің қисығы төмендегі суретте көрсетілген. Шығындар айырмашылығы. АҚШ пен Бразилияның өндіріс мүмкіншілігінің қисығы әр түрлі. Олар ресурстар мен техникалық прогресс деңгейінің әр түрлілігіне байланысты. Басқа сөзбен айтқанда 2 мемлекетте бидай мен кофенің өндіріс шығындары әр түрлі.

Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мамаңдану. Шығындар арақатынасы әр түрлі болған жағдайда АҚШ және Бразилияның қандай тауар өндіруге мамандануы керек екендігін салыстырмалы артықшылықтар принципі бойынша табуға болады. Жалпы өнім көлемі жоғары болуы үшін тауар өндіретін мемлекеттің шығындары төмен болуы қажет. Осындай жағдайда салыстырмалы артықшылық принципі мүмкін болады. Шаруашылықты тиімді жүргізу - белгілі бір шектеулі ресурстарды қолданып неғұрлым көп жиынтық тауар көлемін шығару, яғни тауарды салыстырмалы артықшылығы бар мемлекет шығаруы.

Халықаралық сауда – қалыптасқан мемлекеттік ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер айырбасы. Халықаралық сауда палатасы – кәсіпкерлердің ұлттық федерациясын, экономикалық және қаржы байланыстарын дамытуға мүдделі 100 елдің дерлік іскер топтарын біріктіретін үкіметтік емес халықаралық ұйым. Халықаралық сауда-саттық – халықаралық рынокта жабдықты сатып алуға берілген тапсырыстарды орналастырудың немесе кешенді объектілерді салу және басқа жұмыстарды орындау

Сыртқы сауда – елдер арасындағы сауда; ол тауарлар мен қызмет көрсетулер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан) тұрады. Сыртқы сауда айналымы – елдің белгілі бір кезеңіндегі экспорты мен импорты құнының сомасы. Сыртқы сауда саясаты –белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртық сауда қатынастарын дамыту эөніндегі экономикалық ұйымдастыру, саяси шараларының жүйесі. Сыртқы сауда жарнамасы –басқа елдердің рыноктарындағы жарнама; онда көрмелер ұйымдастыру, жарнамалық сату, тауармен бірге жіберілетін әдебиетті, жарнамалық фильмдерді басып шығару және тарату.


  1. Мемлекеттің әлемдік нарық-тағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да толем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықта-масы бойынша оның қүрамына — операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлык іс-әрекеттері мен сауда операциялары толем балансында көрініс алады.

Толем балансы төмендегідей тармақтардан қүралады:

  1. ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке түлғалардың);

  2. капитал қозғалысының балансы: үзақ мерзімдік инвестициялар — тікелей және қоржындық, қысқа мер-зімдік капиталдар қозғалысы;

  3. түрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта коры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;

  4. қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валю-тасының, несиелердің өзгерісі.

Валюта багамы деп бір елдің валютасын екінші еддің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын атаймыз. Мысалы: 153 тг = 1$, 70 тг = 1DM, 4 тг = 1RR.

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:



  1. валютаның еркін айналымдағы бағамы;

  2. тағайындалатын валюта бағам әдісі. Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар эсер етеді. Олар:

  • Түтынушы талгамының өзгеруі. Басқа елдің тауа-рына деген түтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты эсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда түтынушылар оны алуға тырысып, долларға қо-сымша сүраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль үсы-нысы көбейіп, арзандайды.

  • Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір еддің үлттық табысы басқа елдердің үлттық табысына қарағанда өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.

  • Баганың салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақс-тандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан та-уарын түтынуға тырысып, рубльге қосымша сүра-ныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды түтынуға деген ынтасы азайып, рубль үсынысын кемітеді. Бүл екі жағдай бірігіп теңгені қүнсыздандырады.

  • Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруі. Мынадай жағдайды ойластырайық. Қазақс-танда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нөтижесінде инфляцияны есептей отырып, алынған нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазакстан ин-вестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол ин-весторларды (елдің экономикасы түракты болған жағдайда) теңгені алуға итермелейді.

  • Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа еддерге Караганда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) томен молшерлеменің пайыздық молшері күті-луде. Ондай жағдайда теңгесі бар түлғалар қолын-дағы теңгені басқа, қалыггты валютаға айырбастауға үмтьшады. Ал ол сол валютаға сүранысты жоға-рылатып, оны теңгеге қарағанда қымбатгатады.

Тепе-тендік валюта бағамы 1 rr = ах 1 тг. жағдайда орнайды және де теріс сальдо балансы жоқ деп есеп-тейміз.

Еркін айналым кемшіліктері:



  • Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда жүргізуде қиыншылықтар туты-зады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларға машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты толем уақыты келген кезде доллар 150 тг. болды. Сонда кәсіпкер екі есе коп ақша толейтін болады.

  • Сауда жагдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамы томендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.

  • Турақсыздық. Ішкі экономикаға жагымсыз эсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы әдісі. Бүл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын түрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиын-датылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілігі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жагдайыңда тапшылықты мемлекет жоюы керек. Осы мәселе тагайындалатын валюта бағамының ең күрделі сүрақтарының бірі. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады жэне олар қазіргі замандағы барлық елдерде қолданыла алады:

• Резервшерді қолдану. Бұл валюта бағамын түрақ-тандырудың ең бір жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің озінің валюта қорымен эсер ету механизм!. Ал валюта қоры қалай жиналады? Мысал қарастырып отырган еліміз откен жылы оң саль-долы болып, біраз валютаны иемденіп қалды. Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, багам ауытқулары байқалган кезде қолданылады.

Бұл тәсілдің тиімсіз жағы: егерде теріс сальдо үзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бүл саясаттан бас тартуга мәжбүр болады.



  • Сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қа-лыпта үстау мақсатындағы импортты (яғни шет ел валютасына деген сүранысты) шектеу, керісінше экспортты (өз валютасына деген сүранысты) ынта-ландыру саясаты. Импортты квота, қосымша салык салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бүл қолдан жасалган шектеулер экономиканың дамуына кедергі жасайды.

  • Валюталық бақылау; оңтайландыру. Тағы да бір балама валюталық бақылау. Оның мәні келесіде: мемлекет өзінің шетке тауар шығарушыларына (экспорттаушыларына) шетел валютасын тапсыру-га міндеттейді. Алынган азын-аулақ шетел валютасын импорттаушыларга бөліп береді. Сонда импорт көлемін елдің экспорт көлеміне байланысты етеді. Бұл жүйенің келесідей кемшіліктері бар:

  • сауданың бүзылуы;

  • кемсітушілік;

  • таңдаманың шектеулілігі;

  • Қара базар.

• Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сүранысты азайтады.

Жиынтық сұраныс дегеніміз- сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік. Жиынтық ұсыныс дегеніміз- бүкіл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілген қызметтер мөлшерін көрсетеді. Тұрақтандыру саясаты дегеніміз- өндіріс көлемін және жұмыспен толық қамтамасыз етуді табиғи деңгейінде ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік саясат. Экономикалық сілкініс дегеніміз- экономисттер ішкі әсер нәтижесінде болатын жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысы.

Капитал - көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпей және тұтыну құнын жоғалту дәрежесіне қарай өз құнын өнімге көшіретін өндірістік капиталдың бір бөлігі. Инвестиция- фирманың физикалық капиталын сондай-ақ тауар қорын ұлғайтуға жұмсайтын шығыстары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет