Тұтынушылар қалауы
Бір тауардың екінші тауарға қарағанда пайдалырақ екендігін анықтау үшін ешқандай өлшем бірлігін пайдалану мүмкін емес. Ол тек салыстырмалы түрде ғана айтылатын ұғым. Заттың пайдалылығы адамның қажеттілігін қаншалықты қанағаттандыратындығына байланысты. Сондықтан ол әр адамның психологиясына, өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты болады.
Жалпы жағдайда тауарлар құрамы берілген болса, онда оның пайдалылығын сан түрінде анықтау үшін пайдалылық функциясын қолданады. Ол функция Х, У тауарлары үшін былай жазылады:
U = U (x, y).
Бұл функция тұтынушы Х, У тауарларын тұтынғанда қол жеткізетін ең жоғары пайдалылығын бейнелейді.
Егер пайдалылық функциясы тұрақты бір санға тең болса, немесе:
U = U (x, y) = C0 – const,
онда жазықтықта бұл функцияның графигі 4.1-суретте бейнеленгендей болады. Ол талғамсыздық қисығы деп аталынып, бірдей пайдалылық әперетін тауарлар құрамының жиынтығын көрсетеді. Мысалы, тұтынушы бір аптада Х және У тауарларын тұтынады деп жорамалдайық, Х – алма, У – алмұрт болсын.
Х – алма саны;
У – алмұрт саны.
4.1-кестеде 4.1-суретті салуға негіз болған мәліметтер жинақталған.
4.1-кесте
-
Жиын
|
У – алмұрт
|
Х – алма
|
А1
|
10
|
4
|
А2
|
6
|
5
|
А3
|
3
|
6
|
А4
|
1
|
7
|
А1 жиынындағы 4 алма мен 10 алмұрт және А2 жиынындағы 5 алма мен 6 алмұрт тұтынушы үшін бірдей пайдалылық әпереді. Демек талғамсыздық қисығының бойында жатқан А3 және А4 жиындары да тұтынушыға бірдей пайдалылық әпереді деп қорытынды жасауға болады.
4.1-сурет. Талғамсыздық қисығы
Талғамсыздық қисықтарының жалпы қасиеттері:
1 . Талғамсыздық қисығы неғұрлым координаттар өсінен алыс орналасса, солғұрлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп пайда әпереді. 4.2-суреттен төмендегі шарттың дұрыстығы көрінеді.
u1 < u2 < u3 < u4
2. Бір жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиылыспайды.
4.3-суретте көрсетілген А жиыны талғамсыздық қисықтарына ортақ қиылысу нүктесінде орналасқан. А жиыны u1 талғамсыздық қисығында орналасқандықтан тұтынушы А мен В-ны айырмайды. Соған ұқсас u2 қисығындағы С жиынын А жиынынан айырмайды деген тұжырым шығады. Бұдан айтатынымыз тұтынушы В мен С жиындарын бір-бірінен айырмашылық жасамайды.
Бірақ ескере кететін нәрсе, егер Х және У кәдімгі тауарлар болса, онда тұтынушы В-дан гөрі, С-ны қалайды, себебі С жиынында Х пен У –тің мөлшері көп 4.3-суретке қарап, С –жиынында У тауарының 3 бірлігі, Х тауарының 6 бірлігі бар екенін, ал В жиынында Х тауарының тек қана 5 бірлігі және У тауарының 2 бірлігі бар екенін анықтаймыз. Тұтынушы бір уақытта В-ға қарағанда С-ны қалай отырып және олардың арасында айырмашылық жасай алмауы талғамсыздық қисықтарының қиылысуын жоққа шығарады.
4.1-суретте бейнеленген талғамсыздық қисығын пайдалана отырып, тауардың бір-бірін қалай алмастыратының зерттеуге болады.
Ол үшін алмастырудың шекті нормасы деп аталатын көрсеткіш ендіріп, оны MRSxy белгілейміз. Бұл көрсеткіш былай анықталады:
Бұл жердегі MUx, MUу, - сәйкес түрде Х , У тауарларының шекті пайдалылықтарын көрсетеді.
|