Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж


-сурет. Ұсыныс өзгеруініңнарықтағы тепе-теңдікке



бет24/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

2.11-сурет. Ұсыныс өзгеруініңнарықтағы тепе-теңдікке
тигізетін ықпалы.

Егер сұраныс пен ұсыныс бір мезгілде өзгеретін болса (мысалы, сұраныс көбейіп, ал ұсыныс азайса), онда нарықтағы тепе-теңдік Ео нүктесінен Е1 нүктесіне ауысады. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру қатынастарына байланысты теңдестік нүктесі де әр-түрлі болады: нарықтық баға жоғарылайды, ал сату көлемі көбейеді немесе азаяды, тіпті өзгермеуі де мүмкін.


3 тақырып «Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері» дәрісіне тестік тапсырмалар.


1. Сұраныс қисығы мына тұжырымдардың қайсысын көрсетедi:


А) Баға мен сұраныс көлемiнiң арасындағы тәуелдiлiктi
Б) Баға мен сұраныс көлемiнiң арасындағы тура тәуелдiлiктi
В) Баға мен сұраныс көлемiнiң арасындағы оң байланысты
Г) Нарықтағы сату өзгерісінің серпiнiн
Д) Нарықтағы сату көлемiнiң серпiнiн

2. Ұсыныс қисығы мына тұжырымдардың қайсысын көрсетедi:


А) Баға мен ұсыныс көлемi арасындағы тура тәуелдiлiктi;
Б) Баға мен ұсыныс көлемi арасындағы керi тәуелдiлiктi
В) Баға мен ұсыныс көлемi арасындағы оң байланысты
Г) Нарықтағы бағалар өзгерiсiнiң серпiнiн
Д) Нарықтағы сату көлемiнiң серпiнiн

3. Қарастырып отырған тауардың бағасының жоғарлауы төменде көрсетiлген жағдайлардың қайсысына әкелiп соқтырды:


А) Сұраныс шамасының қысқаруына
Б) Сұраныс қисығының оңға қарай жылжуына
В) Сұраныс қисығының солға қарай жылжуына
Г) әл-ахуалдың жоғарлауына
Д) Табыстың өсуiне

4. Шайдың «Dilmah» және «Lipton» деп аталатын екi түрiн қарастырайық. «Lipton» шайының бағасы көтерiледi делiк. Сонда бұл өзгерiс «Dilmah» шайына деген сґранысқа қалай әсер етедi?


А) Dilmah» шайына деген сұраныс жоғарылайды
Б) Dilmah» шайына деген сұраныс қысқарады
В) «Dilmah» шайына деген сұраныс өзгермейдi, себебi «Lipton» шайының бағасы өзгередi
Г) «Dilmah» шайының бағасы жоғарлайды
Д) «Dilmah» шайының бағасы төмендейдi

5. Укiмет тарапынан өндiрiлетiн тауарға қосымша салық салынды делiк. Бұл ұсыныс қисығына қалай әсер етедi:


А) ұсыныс қисығы солға жылжиды;
Б) «Dilmah» шайына деген сұраныс қысқарады
В) «Dilmah» шайына деген сұраныс өзгермейдi, себебi «Lipton» шайының бағасы өзгередi
Г) «Dilmah» шайының бағасы жоғарлайды
Д) «Dilmah» шайының бағасы төмендейдi

6. Укiмет тарапынан өндiрiлетiн тауарға қосымша салық салынды делiк. Бұл ұсыныс қисығына қалай әсер етедi:


А) ұсыныс қисығы солға жылжиды
Б) ұсыныс қисығы оңға жылжиды
В) өндiрiлетiн тауардың бағасы төмендейдi
Б) Шығарылатын тауарлар арзандайды
Г) Сұраныс қисығының көлбеу бұрышы өзгередi

7. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда нарықта:


А) Жетiспеушiлiк (тапшылық);
Б) Артықшылық
В) Инфляция
Г) Профицит
Д) Тепе-теңдiк

8. Кiржуғыш ұнтағының бағасының 3 - төмендеуi әсерiнен сұраныс көлемi 12-ке өстi. Осы айтқандарды ескере отырып, сұраныстың бағалық икемдiлiк коэффициентiн анықтандар:


А) -4
Б) 4
В) 0,25
Г) -0,25
Д) 9

9. Бағаның 2 есе азаюы салдарынан сұраныс көлемi 2 есе өстi. Икемдiлiк қандай болады?


А) Е=1
Б) Е>1
В) Е<1
Г) Е=0
Д) Е=-∞

10. Сұраныс қисығы Q=a–bp теңдеуiмен сипатталады. Баға нөлге тең болғанда сұраныс көлемi қай шамаға тең:


А) Q=a
Б) Q=a-b
В) Q=-b
Г) Q=b
Д) Q=a-b
4 тақырып. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы

1.Икемділік туралы түсінік.


2. Сұраныстың бағалық икемділігі.
3. Сұраныс қисығының икемділігі.
4. Нүктелік және доғалық икемділік. Сұраныстың табыстық икемділігіне әсер ететін факторлар, Энгель заңы
Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттелгелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 процентке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады. Олар мыналар:
1) - бағалық икемділік коэффиценті;
2) - табыстық икемділік коэффиценті;
3) - қиылысқан икемділік коэффиценті.
Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті (Ер) заттың бағасы 1%-ке өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігінің (СБИ) шамасы теріс сан болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:
1) икемді; 2) икемсіз; 3) икемділігі бірге тең; 3) өте икемді; 5) өте икемсіз.
Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса және тауардың бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда сұраныс икемді болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін график түрінде көрсетейік.
Бұл графикте сұраныс көлемі бағаның өзгеруіне сезімталдықпен жауап беріп тұр. Бағаның 50 теңгеден 30 теңгеге дейін төмендеуі сұраныс көлемін 30 данадан 60-ғп дейін көбейтіп тұр.
Сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бағаның проценттік өзгеруінен көп болғандықтан, бағаның төмендеуі тауарларды сатудан түскен түсімді көбейтіп отыр. Түсім дегеніміз – тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі: ТR = PQ,
Мұнда, ТR – түсім, m;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет