тестік тапсырмалар.
1. Егер нарықта ұқсас тауарларды өндiретiн бiрнеше бәсекелестер болса, онда сұраныс:
А) Икемдi
Б) Икемсiз
В) Абсолюттi икемсiз
Г) Икемдiлiгi нөлге тең
Д) Икемдiлiгi бiрге тең
2. Сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi ненi сипаттайды:
А) Белгiлi бiр тауарға деген сұраныс көлемiнiң басқа тауардың бағасының өзгеруiне байланысты өзгеруi
Б) Белгiлi бiр тауардың бағасының басқа тауардың бағасы өзгеруiне байланысты өзгеруi
В) Белгiлi бiр тауарға деген сұраныс көлемiнiң басқа тауарға деген сұраныс көлемi өзгеруiне байланысты өзгеруi
Г) Белгiлi бiр тауардың бағасының басқа тауарға деген сұраныс көлемi өзгеруiне байланысты өзгеруi
Д) Қалап алудың салыстырмалы өзгеруi
3. Егер сұраныс икемдi болса, онда икемдiлiк коэффициентi қандай болады?
А) Е>1
Б) Е=1
В) Е<1
Г) Е=0
Д) Е=-∞
4. Егер бiрiн-бiрi ауыстыратын немесе бiрiн-бiрi толықтыратын тауарларға деген сұранысты талдайтын болса, онда икемдiлiк коэффициенттiң қай түрi туралы әңгiме болады:
А) Сұраныстың баға бойынша қиылысқан икемдiлiк коэффициентi туралы
Б) Сұраныстың табыстық түзу икемдiлiгiнiң коэффициентi туралы
В) Ұсыныстың баға бойынша доғалық икемдiлiк коэффициентi туралы
Г) Сұраныстың табыс бойынша доғалық икемдiлiк коэффициентi туралы
Д) Лернер коэфициентi туралы
5. Табыс өскен кезде тауарға деген сұраныс өстi. Бұнда қандай тауар қарастырылып отыр?
А) Қалыпты (нормалды)
Б) Бағалы заттар
В) Төменгi сапалы
Г) Гиффен тауары
Д) Жаңа тауар
6. Бағасы 100 теңге/кг болғанда тауарға деген сұраныс-50кг, ал баға 50 теңге/кг кезiнде тауарға деген сұраныс 200 кг. Сұраныстың бағалық доғалығ икемдiлiгiн табу керек.
А) [+]9/5
Б) -3
В) 6
Г) 3/4
Д) 5,9
7. Сұраныс Q=10-2p және ұсыныс QS=4+p функциялары берiлген, мындағы p–тауардың бағасы. Тауардың тепе-теңдiк бағасы қандай?
А) [+]2
Б) 3
В) 2,5
Г) 1
Д) 6/5
8. Сұраныс QД=10-2p және ұсыныс QS=4+p функциялары берiлген, мындағы p-тауардың бағасы. Егер мемлекет бағаны 4 деп белгiлесе, онда нарықта төмендегiлердiң қайсысы орын алады?
А) Артықшылық=6
Б) Жетiспеушiлiк=2
В) Тепе-теңдiк
Г) Артықшылық=4
Д) Жетiспеушiлiк=2
9. Сiз баға 1% өзгергенде сұраныс көлемiнiң қалай өзгеретiнiн тексергiңiз келедi. Сонда сiз қандай көрсеткiштi анықтауыңыз қажет?
А) Икемдiлiк коэффициентiн
Б) Лернер коэффициентi
В) Табыс өсiмшесiн
Г) Баға өсiмшесiн
Д) Баға индексiн
10. Сұраныс өзгеруiне әсер ететiн бағалық емес факторларды анықтандар.
А) Айтылғандардың бәрi
Б)Халық құрылымындағы өзгерiстер
В) Ауыстырушы тауарлардың бағаларының өзгерiсi
Г) Үкiметтiң экономикалық саясатындағы өзгерiстер
Д) Моданың, жарнаманың әсерiнен тұтынушылардың талғамында болатын өзгерiстер
№5 тақырып. Өндіріс теориясы
Өндіріс туралы ұғым, өндіріс факторлары. Өндіріс технологиялары.
Өндіріс функциясы және оның қасиеттері.
Изокванталар.
Кобба-Дуглас функциясы. Өндіріс масштабының тиімділіктері.
1>
Достарыңызбен бөлісу: |