Орташа және шекті өнімдердің арасындағы өзара байланыс
АPL және МPL көрсеткіштерінің арасында өзара белгілі байланыс болады. Егер еңбектің шекті өнімі еңбектің орташа өнімнен артса МPL >АPL , онда орташа өнім көбейеді. Егер шекті өнім орташа өнімнен аз болса (МPL<АPL), онда орташа өнім кемиді. Шекті және орташа өнімнің қисықтары соңғысының ең жоғары нүктесінде қиылысады. 5.2-суретте бұл нүкте А, ал L=L*.
Факторлар икемділгі
Барлық қарастырылған жалпы, орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері абсолюттық көрсеткіштер болады, яғни бұлар экономикалық өлшемі бар көрсеткіштер. Дегенмен де, экономикалық талдау жүргізген кезде қатынас көрсеткіштерінің үлкен маңызы бар. Олардың бірі – факторлардың икемділік коэффициенті.
Өндіріс факторларының икемділік коэффициенті зерттеліп отырған фактордың шекті өнімділігінің МС орташа өнімділікке АР қатынасы түрінде анықталады және қолданып отырған фактордың саны 1%-ке өзгергенде өнім шығару көлемі неше %-ке өзгеретінін көрсетеді.
Факторлар икемділігі былай есептеледі:
- еңбек икемділігі;
- капитал икемділігі.
3. Изокванта. Өндіріс факторларының өзара алмасуы.
Өндірістік технология екі өндірістік факторларды: еңбекті және капиталды өзгертіге мүмкіндік береді деп қарастырайық. Балама технологияның болуы, көп жағдайда берілген өнім көлемін У0 факторлардың әр түрлі құрылымын қолданылу арқылы өндіруге болатынын көрсетеді. Егер өндіріс функциясының мәнін тұрақты деп белгілесек, яғни
у =f (К, L) =У0 = const,
онда бұл белгілі бір өнім көлемін өндірудегі осы факторлардың қатынастарын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл функцияның жазықтықтағы графигі изокванта деп аталады және 5.3-суретте көрсетілгендей болады. Изокванта К және L факторларының түрлі құрылымдарын қолданып, бірдей өнім көлемін шығаруға болатынын көрсетеді. 5.4-суреттегі факторлардың құрылымдары (К1 , L1) және (К2 , L2) өндірісте У =У0 өнім көлемін алуға мүмкіндік береді. Изокванта берілген өнім көлемін көптеген технологиялық жолдармен алуға болатындығын көрсетеді.
Жазықтықта изокванталар бір-бірімен қиылыспайды. Бір графикте көрсетліген бірнеше изокванта, изокванталар картасын құрайды. Біздің 5.5-суреттен көріп отырғанымыз У(А) =У(В) <У(С) <У(D), яғни неғұрлым изокванта координаттар осінен алыс орналасса, солғұрлым өндірілген өнім көлемі көбірек болады.
Ө ндіріс факторларының өзара алмасуын анықтау мақсатында кейінгі талдауларға технологиялық ауыстырудың шекті нормасы (MRTS) деген түсінік енгіземіз.
Технологиялық ауыстырудың шекті нормасы еңбекті бір өлшемге көбейткенде капиталды қандай шамаға азайту керек екенін көрсетеді, және бұл уақытта өндіріс көлемі өзгеріссіз қалуы керек. Бұл көрсеткіш төмендегідей формула арқылы есептеледі.
.
Өндірістік фугкция біртектес функция болып табылады, сондықтан у=f(К, L) =У0 = const болған жағдайда келесі теңдеу дұрыс болады:
.
Мұнда, - капиталдың шекті өнімділігі;
- еңбектің шекті өнімділігі.
Көрсетілген осы белгілерді орнына қойсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |