Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж



бет35/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

Өсу траекториясы
Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен кезде өңдірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді.Көптеген изокванталарды өзара қарастырайық. Олардың әрбіреуінде изоквантаның изокостамен жанасу нүктесін көрсетуге болады.Онда берілген өнім көлемі ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіріледі. Осы қисықтардың нүктелерін қосу арқылы біз фирманың траекториясын аламыз.



6.6-сурет. Фирманың даму траекториясы

6.6. Ұзақ мерзім кеңіндегі өндірістік шығындар
бұл уақыт ағымына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Жоғары ұсынылған модельдерде өндірістік факторлардың бірі ( капитал ) тұрақты болып, ал басқа факторлар (еңбек ) өзгермелі болғандағы жағдайлар қарастырылған. Б.з қысқа мерзім кезеңіндегі шекті орташа шығындардың қисықтарын алдық..
Ал ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығындар қисығын түсіндіру үшін, ұзақ уақыт аралығындағы өндіріс ( өнеркәсіп ) көлемі өзгеріп отырады деп ұйғарамыз.№№№№№ қисықтары- көлемдері әр түрлі өнеркәсәп орындарының қысқа мерзім кезеңіндегі орташа жалпы қисықтары делік. ( 6.7- сурет).





6.7-сурет. Көлемі әр түрлі 3 өнеркәсіптің қысқа мерзімдегі орташа жалпы шығын қисықтары

Өнім шығару көлемі 02700 болса, үшінші өнеркәсіпте өндірген тиімді болады.6.7-суретте өнеркәсіп көлімінің 3 мүмкіндігі берілген және ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығын қисығы LRAC қара сызықпен көрсетілген.







6.8-сурет. Ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығы

Егер 3-тен әлдеқайда көп өнеркәсіп орындарын қарастыратын болсақ, онда 6.8- суретте көрсетілгендей ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC) аламыз және бұл қисық қысқа мерзімдегі орташа жалпы шығындарды жанап өтеді. LRAC өнім көлемі Q* шамасына жеткенге дейін төмендейтін болса, онда өндірістің өсу ауқымы оң әсерлі болады, демек еңбекті тиімді қолдану, өндіріс факторларының өнімділігн арттыру, жаңа технологияны пайдалану және т.б., көлемі үлкен өнеркәсіп орындарында жақсы нәтижеге жеткізеді. LRAC-тың жоғарылауы өндіріс ауқымы өсуінің өндіріске теріс әсерін тигізетінін, себебі бұл уақытта көлемі үлкен өнеркәсіпті басқару тәсілдері ойдағыдай болмай, еңбек және капитал өнімділігін төмендетеді.





6.9-сурет. Ұзақ мерзімдегі шекті және орташа жалпы шығын қисығы

Ұзақ мерзім кезеңіндегі шекті шығын қисығы (LRMC) осы мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC), LRMC-тың ең төменгі деңгейі нүктесінде басып өтеді. Ұзақ мерзімдегі шекті шығын қисығы LRMC өнім көлемі өзгеруіне байланысты жалпы шығынның қалай өзгеретінін көрсетеді.LRMC мен LRAC-тың арасындағы өзара байланыс қысқа мерзім кезеңіндегі шекті шығындар ( МС ) мен орташа жалпы шығындар ( АС )


Арасындағы байланыс сияқты болады.

6 тақырып «Өндіріс шығындары» дәрісіне тестік тапсырмалар


1. Қандай шығындар тұрақты деп аталады?


А) Шамалары өнiм шығару көлемiнiң өзгеруiне байланысты емес
Б) құрамына айқын емес шығындар кiретiн шығындар
В) Өнеркәсiптiң ресурстарды төлеуге кететiн шығындары
Г) Бухгалтерлiк шығындар
Д) Өнiмнiң бiр бiрлiгiне шаққандағы шығындар

2. Қандай шығындар айналымы деп аталады.


А) Өндiрiс көлемiнiң қысқаруына немесе көбеюiне байлансты өзгерiп отыратын шығындар
Б) Өнiмнiң бiр бiрлiгiне шаққандағы кiретiн шығындар
В) Өнiм шығару көлемi нөлге тең болғанда да болатын шығындар
Г) Құрамына айқынсыз шығындар кiретiн шығындар
Д) Шамалары өнiм шығару көлемiне тәуелсiз шығындар

3.Шектi шығындар қалай анықталады?


А) MC=FC/Q
Б) MC=VC/Q
В) MC/=ΔVC/ΔQ
Г) MC=FC/FC+VC
Д) MC=TC/Q

4. Өнiмнiң өзiндiк құнын қандай шығындар сипаттайды:


А) Орташа
Б) Айналымы
В) Шектi
Г) Тұрақты
Д) Жалпы

5. Жалпы щығындар функциясы берiлген TC=20+4Q. Шектi шығындарды анықтандар:


А) 16
Б) 24
В) 5
Г) 4
Д) 20

6. Өнiм шығару 10 мың бiрлiкке тең, шыңындар функциясы TC=100+8Q. Жалпы шығындарды анықтандар:


А) 10
Б) 18
В) 80
Г) 8
Д) 180

7. Сiз куртка сатып алғыңыз келдi және оған 10.000 теңге жұмсауға шамаңыз бар. Куртканың тепе-теңдiк бағасы 9000 теңге болып шықты. Микроэкономикалық талдау тұрғысынан қарағанда сiз үшiн 1000 теңге не болады?


А) Сыйлық
Б) Пайда
В) Шектi пайдалылық
Г) Тұтынушы ұтымы
Д) Табыс

8. Пайда қалай анықталады?


А) Түсiм мен айналымы шығындар арасындағы айырма
Б) Түсiм мен жалпы шығындар арасындағы айырма
В) Айналымы және орташа шығындар сомасы
Г) Баға мен орташа тұрақты шығындар арасындағы айырма
Д) Түсiм мен тұрақты шығындар арасындағы айырма

9. Егер өнiмнiң қосымша бiр бiрлiгiн өндiрудегi шығындар көбейетiн болса, онда ол:


А) Пайда жоғарылайды
Б) Орташа шығындарды төмендетедi
В) Өнiм шығару көлемi жоғарлайды
Г) Жалпы шығындар азаяды
Д) Орташа шығындарды жоғарлатады

10. Шектi шығындар ненi көрсетедi:


А) Өнiм шығару көлемiне тәуелсiз шығындар
Б) Балама шығындар
В) Өнiмнiң қосымша бiр бiрлiгiн өндiруге кеткен шығындар
Г) Өнiмнiң бiр бiрлiгiне шаққандағы орташа шығындар
Д) Жалпы шығындар

11. :қандай шығындарды өнiмнiң бiр бiрлiгiнiң өзiндiк қґны деп атауға болады:


А) Шектi
Б) Айнымалы
В) Жалпы
Г) Тұрақты
Д) Орташа

7 тақырып. Жетілген бәсеке нарығы.



  1. Нарықтағы құрылымдардың алуан түрлері.

  2. Нақты және идеал құрылымдар.

  3. Жетілген бәсекелестегі нарық модельдеріне қойылатын шектеулер.

“Микроэкономиканың” бұл тарауының мақсаты жеке фирманың нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарықтық құрылымдағы фирмалардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модеоьді қарастырудың маңызы зор.
Сонымен,зерттеу нысаны бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты –тауар өндіру мен қызмет көрсету және ларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Бұл арада зерттеуді жеңілдету үшін фирма бір ғана өнім түрін өндіреді деп жорамалдаймыз. Біздің тауарымыздың мақсаты-осы оқу құралының алғашқы бөлімдеріндегі нұсқаларды қолдана отырып, біріншіден, бәсекелес өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден , жеке бір фирма және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу. Үшіншіден, мемлекеттік реттеу мен жүргізілетін экономикалық саясаттардың нәтижелерін анықтау әдістерін қарастыра отырып бәсекелес н.арықтың тиімділігін бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет