Жетілген бәсекелес нарығының негізгі сипаттамалары
Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз- төмендегідей шарттар орындалатын нарық:
нарықта сатып алушыға стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны өте көп болған жағдай. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің нарықтары;
әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз. Сондықтан, оның өнім көлемі туралы һндірістік шешімдерді жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай ол өнімнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды;
баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болады;
жаңа фирмалардың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауылдар қойылмайды.
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ло бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.
7.1-сурет. Бәсекелес фирманың сұраныс қисығы
Е с к е р т у. Аталған қисықты нарықтық сұраныс қисығымен шатастыруға болмайды.
Өнімнің өндірілген әр бір қосымша бірлігі тұрақты Ро бағамен сатылатындықтан, жалпы түсім өсімі немесе шекті түсім MR нарықтық бағаға тнң болады, яғни MR=Po. Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында шекті түсім (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен ( D) сәйкес келеді. Фирмаға белгіленген Ро бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.
Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыруы
Шекті және графиктік талдау.
Пайда дегеніміз- жалпы түсім (TR) мен жалпы шығындар (ТС) арасындағы айырма:
П=TR-TC
Бұл жерде және әрі қарай экономикалық пайда туралы сөз болады. Фирманың мақсыта- белгіленген баға арқылы мейлінше аз зиян шешуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады. Қысқа мерзім кезеңде бәсекелес фирманың құрал жабдығы тұрақты болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді.
Енді қысқа мерзімді кезеңде нарықтық баға мен өз шығындары туралы ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай қабылдайтындығын көрсеиейік.
Бәсекелес өндірушінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды:
өндіру қажет пе?
Егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде?
Алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады?
Егер өнім өндіру пайда әкелетін болса, онда бірінші сұраққа жауап дайын. Егер өндіріс зиян шегетін болса, лнда фирманы жапқан жағдайдағы шығындарды және фирма қысқа мерзімде өз қызметін жалғастырғандағы шығындарын анықтау қажет. Өндіріс жабылғанда зиян (У) тұрақты шығындарға (FC) тең болады:
Егер фирма өндіріс көлемінің белгілі бір мөлшерінде FC-тан кем зиян шегетін болса, онда ол өз өнімін қысқа мерзімді кезеңде өндіруге болады. Сонвмен, бірінші сұраққа былай деп жауап беруге болады: егер бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесеTFC-тан кем зиян шексе, онда өндіріс жүргізуге болады.
Екінші сұрақтың жауабы өндірушінің мақсатынан туындайды: фирма мейілінше көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес келетін өнім көлемін өндіреді. Үшінші сұраққа жауап берерде (1) формуланы қолдану жеткілікті.
Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін белгілі бір өндіріс стратегиясын таңдап алуға болатын 3 ықтимал жағдайды қарастыру қажет. Барлығы да өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы мына түрде жазайық:
П=_P*Q-AC*Q=(P-AC)*Q (2)
Бірінші жағдайды қарастырайық – пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары делік, яғни
Р>ACmin (3)
Онда, (2) формула бойынша есептесек фирма экономикалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге (R) қосатын өсімі оның жалпы шығындарға (ТС) қосатын өсімнен артық немесе тең болғанша ұлғайтуы қажет: MRMC немесе жетілген бәсеке жағдайында Р МС, өйткені MR=P. Сондықтан фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шекті шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.
Мейлінше көп пайда мынадай теңдік орындалған жағдайда шығарылатын өнім көлеміне Q* сәйкес келеді.
РМС.
Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін шарт болып табылады.
Пайданы мейлінше арттырудың графиктік талдауы төмендегі скретте көрсетілген.
7 .2-суретте фирманың шекті (МС) және орташа (АС) шығындарының қисықтары мен сұраныс қисығы Р MR көрсетілген. МС қисығы сұраныс қисығымен В нүктесінде қиылысады. Оған сәйкес өнім көлемі-Q. АВСD тік төртбұрышының биіктігі өнім көлемінің бір бірлігіне шаққандағы пайда немесе төмендегі көрсеткіштердің айырмасына тең (Р-АС).
7.2-сурет. Жетілген бәсекелес фирманың зияның мейлінше арттыру
Оның ені -өндірілген тауарлар саны. Сонымен, фирманың жалпы пайдасы АВСD тік төртбұрышының ауданына тең болады. Мейлінше көп пайда өнім шығару көлемі Q*-ға тең болғанда алынады, ал бұл өнім көлемі үшін орташа шығындардың ең аз мөлшерде болуы міндетті емес.
Достарыңызбен бөлісу: |