Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері
Нақты өмірде фирма басқарушылары өз фирмаларының орташа және шекті түсім қисықтары туралы шектеулі ақпараттар алып отырады. Соған қарамастан, олар MR=MC болғандағы өнім шығару көлемі мен бағаға қатысты шешім қабылдаулары тиіс. Монополиялық бағаны анықтау барысында осы шартты пайдалануды практикада жеңілдету үшін, «Бас бармақ» ережесін қолданады. Бұл ереженің негізі: шекті шығындарға белгілі мөлшерде үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтау болып табылады және төмендегідей тәсілмен есептеледі:
Монополиялық мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе-теңдік
Жетілген бәсекелестік моделін қарастырғанда біз осы нарықтағы фирмалар саны уақыт ағымында өзгермесе, онда осы салада ұзақ мерзімді кезеңде тепе-теңдік орнығады деп анықтадық. Бұл жағдайға жетудің басты шарты осы нарықты жұмыс істейтін фирмалардың оң экономикалық пайдасының болмауы.
Ұзақ мерзімді кезеңде монополиялық тепе-теңдікті зерттеу, келесі сұрақтардың мазмұнын түсінумен тығыз байланысты:
1) қандай жағдайларда жалғыз өндіруші ұзақ уақыт кезеңінде өзінің нарықтағы монополиялық билігін сақтай алады;
2) егер салада ұзақ мерзімді кезеңде тепе-теңдік орындалса, онда монополист бірнеше зауыттар салу арқылы өндіріс ауқымын кеңейтуге қандай объективті күштер итермелейді.
Ұзақ мерзімді монополиялық тепе-теңдікке жетудің негізгі шарты жеке өнім өндірушінің оң экономикалық пайда табуға мүмкіндігі болуы. Тек осы жағдайда ғана өнім өндіруші өз нарығын басқа өндірушілердің еркін ағынынан қорғай алады. Экономикалық пайда алу мүмкіндігі өндірістің орташа шығындарымен монополиялық бағаның арақатынастарынада байланысты. Тауардың бағасы монополистің ұзақ мерзімдегі орташа шығындарынан жоғары болған жағдайда ғана, өндіруші оң экономикалық пайда алады.
Бір зауытпен жұмыс істейтін монополия
Монополистің алдында ұзақ мерзімді кезеңде өнім шығару көлемін арттыру мақсаты тұр делік. Бұл мақсатты ол екі жолмен шеше алады. Біріншісі, зауыттың өндіруі қуатын кеңейту, ал екінші жолы – екінші, үшінші, т.б. зауыттарды салы. Бір зауытпен жұмыс істейтін монополистің іс-әрекетімен кеңірек танысайық. Ұзақ мерзімде монополист өндіретін өнімінің ұтымды санын ұзақ мерзімдегі шекті шығынның шекті түсімге тең болған жағдайында анықтайды:
LMRC = MR
Өнім шығару көлемін ұлғайтумен ұзақ мерзімде орташа шығындардың азаюы қатар жүріп отырған жағдайда монополист тек қана бір зауытта өнім өндіреді, төменде 8.7-суретте дәл осы жағдай көрсетілген. Өндіріс шығындары LRАCmin –ға қарағанда жоғары болып тұрғанда, монополист өндіріс ауқымының тиімділігін дұрыс пайдалана алмайды, демек оған 2-зауытты салудың керегі де жоқ. Басқаша айтқанда, LMRC болғанша монополист бір зауытпен жұмыс жасайды.
Егер, одан әрі өнім шығару орташа шығындардың өсуіне әкеліп соқтырса, онда монополистке бір ғана зауытты пайдалану тиімсіз болады. Бұндай жағдайларда монополист көбінесе екінші зауыт салу туралы шешім қабылдайды. Бұл 8.8-суретте көрсетілген. Монополистің ұтымды көрсеткіштері Qm, Рm нүктелерімен сипатталады.
Суретте көрсетігендей, егер де монополист өнімді Q* көлемде шығарса, онда өндірістің орташа шығындары ең аз болатындығы белгілі. Мұндай жағдайда өнім көлемін ұлғайту үшін өндіріс қуаты Q* болатын 2-зауыт салу тиімді болар еді.
Нәтижесінде, өндіріс көлемі айтарлықтай өседі, бірақ өндірістің орташа шығындары LRАCmin деңгейінде болады. Жалпы жағдайда монополист өндірісте (MR) шекті түсім LRАCmin –ға тең болған жағдайға сәйкес келетін өнім көлемін шығарады және бұл кезде бірнеше зауытта өнім өндіреді. Сонымен қатар осы зауыттардың әрқайсысында шығарылатын өнім көлемі LRАCmin –ға сәйкес келуі керек, басқаша айтқанда Q* -ге бөлінетіндей шама болу керек. Монополист өндірісті, зауыттардың әрқайсысында өнім шығару кезінде шекті шығындары шекті түсіміне тең болатындай етіп орналыстырады:
LRАCmin = LMRC = MR
Достарыңызбен бөлісу: |