Монополиялық бәсеке нарығындағы баға құру саясаты
Монополиялық бәсеке нарығындағы тауарларды бір-бірімен жеңіл алмастыруға болатындықтан, жеке фирманың өнімге деген сұраныс өз өнімнің бағасына ғана тәуеоді емес, сонымен қатар осы фирмамен бәсекелес фирмалардың тауарларының бағасын да тәуелді болады. Монополиялық бәсеке нарығында екі фирма ( А және В ) бар деп жорамалдайық. Олардың өнімдеріне деген сұраныс төмендегідей өрнектелген:
Бұл функциялар фирманың өніміне деген сұраныс көлемі бәсекелес фирмалардың тауарлардың бағасына кері тәуелді болатындығын көрсетеді. Екіншіден, монополиялық бәсеке нарығындағы фирмалардың өніміне деген сұраеысты екі бөлікке бөледі: өнімнің осы түрін таңдайтын “өз” тұтынушыларынан және тұтынып жүрген тауарлары қымбаттаған кезде келін қосылатын “өзге” тұтынушылардан тұрады. Сұраныстың “өз” тұтынушыларынан тәуелділігін в параметрі, ал “өзге”тұтынушылардың келіп қосылуынан тәуелділігін с параметрі білдіреді.
Монополиялық бәсеке нарығындағы өнімге дегенсұранысқа сипаттама беру үшін ең төмегі және ең жоғарғы деңгейдегі сұраныс функциялары қолданылады.Ең төменгі деңгейдегі сұраныс функциясы мынадай түрде бейнеленеді:
Бәсекелес фирманың тауарының бағасы нольге теңболғн кездегі қарастырып отырған фирманың тауарына деген сұраныс көлемі мен осы тауардың бағасының арасындағы тәуелділікті ең аз ( минималды) сұраныс функциясы деп атайды.
Бәсекелес фирманың “Тыйым салынған” бағасының деңгейінде қарастырып отырған фирманың тауарына деген сұраныс көлемі мен осы тауардың бағасының арасындағы тәуелділікті сұраныс функциясының барынша көп (максималды ) түрі деп атайды. “Тыйым салынған” баға төмендегі теңдеумен анықталады:
а В-вВРВ+с (РА-РВ)=0 бұл теңдеуден,
Онда А фирмасының өніміне барынша көп максималды сұраныс функциясы төмендегідей болады:
б
Е ң аз (минималды) және барынша көп (максималды) сұраныс функциялары монополиялық бәсеке нарығындағы өнімге деген ықтимал сұраныс ауданын шектейді. Ол 9.3-суретте көрсетілгендей:
9.3-сурет
Бәсекелесінің өнімі қымбаттағанда қарастырп отырған фирманың өніміне деген сұраныс оңға қарай жоғары қозғалады ( максималды деңгейге дейін ), ал бәсекелесфирманың өнімі арзандаса, онда фирманың сұраныс қисығы солға қарай төмен қозғалады (минималды деңгейге дейін ). Сонымен монополиялық бәсеке нарығы кезінде тауарға баға белгілеуде осындай ерекшеліктерді көреміз.
№9 тақырып «Монополиялық бәсеке» дәрісіне тестік тапсырмалар.
1. Монополиялық билiкке ие болу үшiн фирма:
А) Бағаны шектi шығындардан жоғары белгiлеуi керек
Б) Бағаны шектi шығындардан төмен белгiлеуi керек
В) Басқа фирмалармен келiсiмге келуi керек
Г) Бағалық қақтығыс жүргiзуi керек
Д) Бiрiншi болып бағаны төмендетуi керек
2. Баға белгiлеудегi "бас бармақ" тәртiбiнiң мәнi неде:
А) Бағаны салыстырмалы түрде шектi шығындардан гөрi жоғарлату
Б) Нарықтың үлкен үлесiнде
В) Бағалық белгiлер беруде
Г) Пайданы мейiлiнше артыратын бағаны белгiлеу
Д) Шектi шығындарды бағадан гөрi жоғарлату
3. Монополияны енгiзу:
А) Өнiм шығаруды қысқартады және бағаны жоғарлатады
Б) Өнiм өндiрудi көбейтедi және бағаны азайтады
В) Өнiм өндiрудi және салықты көбейтедi
Г) Өнiм өндiрудi қысқартады және бағаны төмендетедi
Д) қоғамдық әл-ахуалды жоғарлатады
4. Барлық тұтынушы ұтымын фирма иемдене алады, егер:
А) Жетiлген бағалық дискриминация жүргiзсе
Б) Нарықты монополизация жасаса
В) Шектi түсiм мен шектi шығындар арасындағы айырманы мейiлiнше арттырса
Г) Нарықтағы сегментесе
Д) Жалпы мейiлiнше арттырса
5. Электрондық құрал-жабдықтарды өндiрушi монополист MR=180; MC=6Q болған кездегi өнiм көлемiн шығарады және сатады. Фирма ең жоғарғы деңгейдегi пайда алатын өнiм көлемiн анықтаңыз:
А) 30
Б) 3
В) 60
Г) 186
Д) 174
6. Монополистiң өнiмiне деген сұраныс функциясы P=200-Q, бұндағы P-өнiмнiң бағасы, доллармен. Егер монополист айына 20 бiрлiк өнiм шығаратын болса, онда оның жалпы табысы қанша?
А) $3600
Б) $4000
В) $400
Г) $180
Д) $200
7.Монополистiң жалпы шығындарының функциясы: ТС=100+3Q, бұндағы Q –бiр айда өндiрiлiтен өнiм көлемiнiң саны; түсiм функциясы: R=10Q. Пайда функциясын анықтаңыз:
А) 7Q-100
Б) 100+13Q
В) 100+7Q
Г) 100-13Q
Д) 13Q
8. Монополия нарығында баға мен шектi түсiм арасында қандай ара қатынас болуы керек:
А) Баға шектi түсiмнен жоғары
Б) Баға шектi түсiмге тең
В) Шектi түсiм бағадан жоғары
Г) Баға шектi түсiмнен төмен
Д) Шектi түсiм бағаға және жоғары шектi шығындарға тең
9. Ең жоғарғы деңгейдегi пайда табу үшiн монополист төмендегi шарттардың қайсысы орындалғанға сәйкес келетiн өнiм көлемiн шығаруы керек:
А) Шектi түсiм шектi шығындарға тең
Б) Шектi шығындар өнiмiнiң бағасына тең
В) Шектi шығындар жалпы шығындарға тең
Г) Шектi түсiм жалпы шығындарға тең
Д) Орташа шығындар өнiмнiң бағасына тең
10. Егер монополистiң сұраныс қисығы P=30-2Q, онда:
А) Баға шектi түсiмнен көп
Б) Баға шектi түсiмнен аз
В) Шектi шығындар орташа шығындардан аз
Г) Шектi шығындар орташа шығындардан көп
Д) Жоғарыда айтылғандардың бәрi де дұрыс емес
Достарыңызбен бөлісу: |