Еңбек нарығындағы экономикалық рента. Жұмысшылар табысының әртүрлі болуы олардың біліктілігіне байланысты болады. Біліктілігі жоғары жұмысшылар тұрақты артық – экономикалық рента ала алады. Экономикалық рента – бұл ұсынысы қатаң шектелетін ресурстарға төленетін төлемақы. Бұл ерекше ресурстардың қызметіне төленетін нақты төлемақы мен осы ресурстың иесі сататын төменгі деңгейдегі бағасының арасындағы айырма.
W a) W ә)
S
SL
E E2
W* W2 D2
E1
W0 DL W1 D1
0 L* L 0 L* L
Сурет 10.8 Экономикалық рента
Жоғарыдағы 10.8 a) суретінде экономикалық рентаның жалпы жағдайы келтірілген, экономикалық рента W*EW0 үшбұрыштың ауданына тең. Өте ерекше адамдар өз ресурстарын ұсынған кезде еңбек ұсынысы вертикальді түзу болады, себебі мұндай ресурстарды иемденуші адамдардың саны шектеулі болады (сурет 10.8 ә)). Мысалы, ұлы ғалымдар, эстрада жұлдыздары, атақты киноактерлер, даңқты спортшылар, танымал футболшылар (Қ. Сәтпаев, Р. Рымбаева, А. Әшімов, Б. Сарсекбаев, С. Смақов). Мұндай жағдайда еңбек ұсынысы өте икемсіз болады. Сондықтан сұраныстың өсуі еңбектің бағасын өсіреді, яғни еңбекақы өседі. Мысалы, әртістің танымалдылығы сұранысты жоғарылатады, сұраныс қисығы D1-ден D2-ге жылжиды, ал әртістің төлемақысы W1-ден W2-ге өседі. W1 W2 E2 E1 төртбұрышының ауданы экономикалық рентаға тең.
№11 тақырып «Өндіріс факторларының нарығы» дәрісіне тестік тапсырмалар
1. Бәсекелес нарықта өндiрiс факторына сұраныс қалай анықталады?
А) Өндiрiс факторларының ұсынысымен
Б) Тепе-теңдiк бағамен
В) Жалпы шығындар деңгейiмен
Г) Өнiмнiң өзiндiк құнымен
Д) Өнiмнiң шектi түсiмiмен
2. Өндiрiстiк функция төмендегiнi сипаттайды:
А) Өндiрiстiк техникалық тиiмдi тәсiлдерiнiң көпшiлiгiн
Б) Өндiрiстiк шығындардың қисығын
В) Еңбек өнiмдiлiгiн
Г) Бiр ресурсты басқа ресурспен ауыстыруды
Д) Капитал өнiмдiлiгiн
3. Изокванта ненi көрсетедi
А) Капитал мен еңбектiң әртүрлi өнiм шығару көлемiн
Б) Табыс пен баға арасындағы өзара байланыс
В) Табыс пен баға арасындағы өзара байланыс
Г) Табыс әсерi мен ауыстыру тиiмдiлiгiн
Д) Тұтынушы қалауы
4. Нелiктен еңбекке деген сұраныс қисығының көлбеуi терiс болады:
А) Егер еңбекақы өсетiн болса, онда фирма жұмысшыларды қысқартады
Б) Егер еңбекақы өсетiн болса, онда фирма жұмысшыларды көп жалдайды
В) Егер еңбекақы төмендесе, онда фирма жұмысшыларды жұмыстан шығарады
Г) Егер еңбекақы өсетiн болса, онда шығындар қысқарады
Д) Егер еңбекақы төмендейтiн болса, онда жалпы сұраныс өседi
5. Экономикада жұмыссыздықтың қандай деңгейде толық жұмыс басталық болады:
А) Жұмыссыздықтың табиғи деңгейiнде
Б) Құрылымдық жұмыссыздықта
В) Циклдық жұмыссыздықтың бар болуы
Г) Фрикциялық жұмыссыздықты
Д) Жоғарыда айтылған жұмыссыздықтың барлық түрлерi болғанда
6. Еңбектiң ұсыныс қисығы келесi теңдеумен бейнеленедi: L=2500+25w/p. Еңбектi ұсыну қисығының көлбеуi неге тең?
А) 25
Б) 2500
В) 2525
Г) 0,25
Д) -25
7. Еңбектiң ұсыныс қисығы келесi теңдеумен бейнеленедi: L=2500+25w/p. Атаулы (номиналды) еңбекақы нөлге тең болғанда, еңбек ұсынысы неге тең болады?
А) 2500
Б) 250
В) 2525
Г) 25
Д) -25
8. Еңбектiң ұсыныс қисығы келесi теңдеумен бейнеленедi: L=3500+35w/p. Еңбекақының қандай деңгейiнде фирма жұмысшылар жалдамайды?
А) 100
Б) 1000
В) 10
Г) 35
Д) 3500
9. Еңбекке деген сұраныс Lα=10-2w/p және ұсыныс LS=4+w/p функциялары берiлген. Бұндағы w/p-еңбектiң бағасы. Тепе-теңдiк еңбекақы тең болады:
А) 2
Б) 3
В) 2,5
Г) 1
Д) 6/5
10. Еңбекке деген сұраныс Lα=100-2w/p және ұсыныс LS=40+w/p функциялары берiлген. Бұндағы w/p-еңбектiң бағасы. Тепе-теңдiк еңбекақыны анықтандар. Егер мемлекет тарапынан еңбекақы 25 доллар. Деңгейiнде белгiленсе, онда нарықта не болады?
А) Жұмыссыздық=15
Б) Бос жұмыс орындары = 15
В) Тепе-теңдiк
Г) Жұмыссыздық=25
Д) Бос жұмыс орындары = 25.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
Мамыров.Н.Қ.Есенғалиева.Қ.С.Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика:
Оқу құралы. Алматы. Экономика 2000 ж.
Қосымша әдедиеттер тізімі.
1. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика.
Алматы. Экономика, 2000 г.
Алексеева.В.Е"Микро-макроэкономика"І-ІІ том Санк-Петербург 1997 г.
Гальпеин В.М. “Микроэкономика”- “Экономическая школа” 1994г.
Эдвин Дж.Долен, Дейвид Е.Линусей.“Рынок макроэкономическая модель”Санк-Петербург 1992 г.
Немцов.Р.Т, Лукин М.Ю. “Микроэкономика” М.-1997г.
Лимишевский.И.М. “Микроэкономика” в 3-х частях. Минск 1994г.
Максимова.В.Ф. “Микроэкономика”М-1996г.
Макаркин Н.П., Гуськова Н.Д. Микроэкономика. Москва. Академический проект 2006 г.
Мицкевич.А. “Экономика в задачах и тестах” Москва 1995г.
Голиков.А.Н.“Сборник задач по экономической теории”Киров 1997г.
Станковская И.К.,Стрелец И.А. Экономическая теория. 2-е издание. Микро и макроэкономика. Москва ЭКСМО 2006 г.
Шеденов Ө.Қ, Жүнісов Б.А. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқулық. Алматы-Ақтөбе. 2006 ж.
№ 12 тақырып. Жалпы тепе-теңдік
Достарыңызбен бөлісу: |