Монополиялық бәсеке.
1-есеп. Монополиялық бәсеке нарығына тиісті төменгі тұжырымдардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықтап, әрбір сұраққа өз жауаптарынды беріңдер:
А) Монополиялық бәсеке жағдайында ұзақ мерзім кезіндегі тепе-теңдік баға (P>LRASmin) ұзақ мерзімдегі орташа шығындардан үлкен болғандықтан бұл фирмалар ұзақ мерзімдегі кезеңде экономикалық пайдаға ие болады;
Ә) Монополиялық бәсекелес фирма жарнама берген кезде, бұл фирмалардың тағайындаған бағалары ұзақ мерзімдегі орташа шығындардан үлкен болады;
Б) Моополиялық бәсекелес фирмалардың экономикалық пайда алуларын жарнама қамтамасыз ете алмайды;
В) Салаға жаңа фирмалардың келуінің салдарынан, салада жұмыс істейтін фирмалар өнім көлемі мен бағаларын азайтуға ыңғайланады.
2-есеп. Монополиялық бәсеке нарығындағы сұраныс функциясы төмендегідей:
QA=30-5PA+2PB
Алжалпы шығындар функциясы былай бейнеленеді:
TCA=24+3QA
Ұзақ мерзімдегі кезеңде салада тепе-теңдік қалыптасқан уақыттағы PA және PB бағаларын анықтаңдар.
3-есеп. Өнімнің сұраныс функциясы төмендегідей:
P=20-0.5Q, ал
TC=0.04Q3-1.94Q2+32.96Q.
А) Өнімнің қандай көлемінде фирма барынша көп пайдаға ие болады.
Ә) Пайданың мөлшері неге тең.
Б) Бұл жағдай нарықтың қандай түріне жатады.
4-есеп. Монополиялық бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы қандай болады:
А) MC=ATCmin;
Ә) TC>TR;
Б) P=ATC;
В) MC=D (шекті шығынның сұранысқа тең болуы)
5-есеп. Бәсекелестік жетілген нарық пен монополиялық бәсекелестік арасында ұқсастық бар, ол мынада:
А) Нарықтық ортада сатушылар мен сатып алушылар саны көп;
Ә) Өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері бар тауарлар өндіріледі;
Б) Стандартты, біртектес тауарлар өндіреді:
В) Фирмалардың тауарларына деген сұраныс қисығы горизонталь сызық болады;
Г) Нарықтағы әр фирманың іс-әрекеті онымен бәсекелес фирмалардың іс-қимылдарына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |