Бюджеттің шектеулілігі
Тұтынушы бар қаражатын Х және Y тауарларын сатып алуға жұмсайды делік. Егер оның бюджетін немесе бар қаражатын І деп, ал Х және Y тауарларының бір өлшемінің бағаларын Рх, Ру деп белгілесек, бюджеттің шектеуле екендігін келесі теңсіздік түрінде бейнелеуге болады:
Рх · Х + Ру · Y ≤ І.
Бұл теңсіздік жазықтықта жартылай жазықтыққа сәйкес келіп, ол жартылай жазықтықтық шекарасы
Рх · Х + Ру · Ү = І
түзумен анықталады. Бұл бюджет сызығы деп аталып, Х , Y тауарларын сатып алуға бюджеттің толық жұмсалатындығын көрсетеді.
Жазықтықтағы бюджет сызығының бейнесі 4.5-суретте келтірілген. Соңғы теңдеуді былай деп жазуға болады:
Б ұл жердегі (Рх, Ру) – бюджет сызығының бұрыштық коэффициентін бейнелейді. Бұрыштық коэффициент жалпы табыс өзгермейтін жағдайдағы алмастырудың шекті нормасын көрсетеді. Егер бюджет теңдеуіндегі бағаның бірі өзгеретін болса, онда бюджет сызығы да өзгереді. Мысалы, Х тауары арзандап, оның жаңа бағасы Рх болды делік. Бұл жағдайда бюджет сызығы 4.6-суретте келтірілгендей түрде өзгерер еді.
Сонымен, егер Х тауарының бағасы арзандайтын болса, онда бюджет сызығы оңға қарай немесе сағат тілі бағытына қарсы өзгереді, ал баға өскен жағдайда сағат тілі бағытында өзгереді.
Y тауарының бағасының өзгеруі 4.7б-суретте бейнеленген.
Табыс және бағада болатын өзгерістер.
Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі. Табыстың өсуі тұтынушыға бұрын қолы жетпеген жиынды сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан ол бюджет сызығын координат осімен жоғары жылжытады. Бұл уақытта, бюджет сызығының көлбеуін өзгертпейді. Табыстың азаюы бюджет сызығын координаттар осіне жақындатып, параллель жылжытады. Табыс өзгеруінің бюджет сызығына әсері графигінде 4.7-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |