Жетілген бәсекелес фирманың зиянын мейлінше азайту
Екінші жағдайды, яғни шығындарды мейлінше азайтуды қарастырайық. Өнім бағасы мүмкін болатын жалпы орташа шығындардың ең төменгі мөлшерінен төмен, ал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі шамасынан жоғары деп жорамалдайық.
AVC min
Бұл жағдайда фирма зиян шегеді және оның алдында өндірісті тоқтату немесе қысқа мерзімді кезеңде қызметін жалғастыру сияқты екі таңдау тұрады. Барлығы да зиян мөлшеріне байланысты болады. Өндірісті тоқтатқан кезде, фирма тұрақты шығындарға тең зиян шегеді, яғни Y=TFC.Өз қызметін жалғастыра отырып, фирма жалпы айнымалы шығындарды толық өтеп, ал тұрақты шығындардың белгілі бір бөлігін ғана жабатын, жалпы түсім ала алады. Бұл жағдайда өндірісті жалғастыра отырып, фирма өз өндірісін тоқтатқаннан гөрі аз зиян шегеді. Зиян мөлшері өте аз болатын өндіріс көлемі (4) теңдеу арқылы анықталады.
График түрінде оны былай көрсетуге болады:
7.3-сурет. Жетілген бәсекелес фирманың зияның мейлінше азайту
7.3-суретте баға сызығы AVC және АС қисықтарының арасынан өтеді. Өндіріс көлемі Q*-ге тең болғанда, Р МС, зиян мөлшері өте аз немесе АВСD тік төртбұрышының ауданына тең болады. Өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы зиян ( СВ) мөлшеріне тең. Бұл жағдайда өндірісті тоқтатқанда фирма көп зиян көретінін оңай көрсктуге болады. Шынында да, тұрақты шығындар DCEF тік төртбұрышы ауданымен анықталуы мүмкін, оның СЕ биіктігі ( АС- AVC) айырмасына тең, яғни AFC. Сонымен, DCEF ауданы:
S DCEFFFCQ*TFC
Ал, S ABCD
Қысқа мерзімді кезеңде фирманың қызметін тоқтатуы
Үшінші жағдайды қарастырайық- фирманы жабу. Баға ең ықтимал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі деңгейінен аз делік, яғни:
P AVC min
Бұл жағдайда , фирма өзінің айнымалы шығындарын жабатын өндіріс көлемін де шығара алмайды. Өндірісті жалғастыратын болса, ол тұрақты шығындарының құнынан да көп зиян көреді, яғни зиян барлық шығындар шамасына тС-ға тең болады. Сондықтан, фирма өз жұмысын тоқтатқаны жөн. Зиянның ең аз мөлшері FC-ті құрайды. Бұл жағдай 7.4- суретте көрсетілген, ондағы баға сызығы AVC қисығынан төмен орналасқан.
AC
MC
АVС
AC
Р
AVC
Р=MR
Р
Q
7.4-сурет. Фирманы жабу жағдайы
7.5. Қысқа мерзімдегі жетілген бәсекелес фирманың және жалпы саланың ұсыныс қисықтары
Жоғарыда қарастырылған жағдайларды қорытындылай отырып, “Қысқа мерзімді кезеңде фирма өз өндірісін жалғастырғаны дырыс па?” деген сұраққа нарықтық баға (3) немесе (5) теңсіздіктерді қанағаттандырған жағдайда ғана жауап беруге болады. Бірінші жағдайда фирма пайда алады, екіншіде зиян шегеді, алайда ол зиян өндірісті жабудан келетін зияннан әлдеқайда аз. Фирма мейілінше көп пайда алатын немесе зиянды мейлінше азайтатын өнім мөлшерін анықтау үшін (4) теңсіздікті қолдану қажет. Жеке фирманың ұсынысын график түрінде былай көрсетуге болады.
P AVC min (РР0) бағасына сәйкес МС қисығына дейін көлденең сызық жүргізу қажет, мысалы Р1 бағасында-Р Р1 сызығын, Р2 бағасына –Р Р2 сызығын.
7.5-сурет. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирманың ұсыныс қисығы.
Қиылысу нүктелерінен (сәйкестілік бойынша В немесе С ) өнім көлемі көрсетілген оське перпендикуляр түсіретін болсақ, онда фирманың берілген бағамен өндіретін және ұсынатын тауарының ұтымды көлемін табуға болады. Олар Р1 бағамен ұсынылатын Q1 және Р2 бағаға сәйкес Q2 көлемдері. Р Ро бағасында фирма ештеңе өндірмейді. Бұдан фирманыңғ ұсыныс қисығы шекті шығындар қисығының AVC-ден жоғары орналысқан бөлігі деп атаймыз. 7.5.-суретте ол А нүктесінен жоғарырақ МС қисығында орналасқан және қара сызықпен көрсетілген.
Нарықтық ұсыныс дегеніміз- саладағы фирмалардың кез келген мүмкін болатын бағамен сатқысы келетін нарықтағы өнім көлемінің сомасы.
Бұларды төмендеі грфиктен көрсетуге де болады.
Нарықтық ұсыныс қисығы дегеніміз нарықта қызмет етуші барлық фирмалардың шекті шығын қисықтарының көлденең жиынтығы.
Мысалы, егер сала әрқайсысының ұқсас шекті шығындарын МС бар 1000 ұқсас фирмадан құралатын болса, Ро бағасындағы жалпы өнім Q=1000Q*- ге тең болады.
7.6-сурет. Қысқа мерзімдегі өңдіріс саласының ұсыныс қисығының қалыптасуы
Мұнда, Q*-дәл осындай фирманың Ро бағасымен ұсынатын өнім мөлшері.
Қысқа мерзімді нарықтық ұсынысқа ықпал ететін факторлардың бірі осы саладағы фирмалар қолданатын айнымалы ресурстар бағасы және салада қолданылатын технология болып табылады.
Осы факторлардағы өзгерістер фирманың шекті шығын қисығының ауысуына әкеліп соғады. Мысалы, айнымалы ресурстар бағасының өсуі МС қисығын жоғары жылжытады, өйткені фирманың шекті шығындары өседі. Нәтижесінде нарықтағы ұсыныс азаяды, салада жаңа технологияны пайдалану өңдірістің шекті шығындарын азайтады, соның нәтижесінде әр фирманың МС қисықтары төмен жылжиды. Бұл тауарды ұсыну көлемінің өсуін көрсетеді.
7.6. Ұзақ мерзімді бәсекелестіе теңдестік тауарлар ұсынысы
Ұзақ мерзімдіезңде фирма өз өндірісінде қолданатын факторларының барлығын өзгерте алады, соның ішінде кәсіпорын ауқымын да өзгертуі мүмкін. Ол өз өндірісін ұлғайта алады немесе саладан шыға алады. Егер экономикалық пайда алса, онда өндірісті ұлғайтуға тырысады. 7.7.-суретте ұзақ мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыру графмк түрінде келтірілген.
7.7-сурет. Ұзақ мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыру
Ро бағасына қысқа мерзімді кезеңде фирманың пайдасы ABCD аданына тең. Егер ұзақ мерзімді кезеңде баға өзгермейтін болса, фирма өндіріс көлемін Q1- ден Q2- ге көбейте отырып, пайданы AEFG ауданына дейін арттыра алады, яғни, баға шекті шығындарға тең болғанша өндіріс көлемі ұлғайтылады. ( LRМC)Ро LRМC.
Алайда фирманың мұндай пайданы ұзақ уақыт бойы ала алмайды. Пайда алуды мақсат тұтқан фирмалар осы салаға келе бастайды, нәтижесінде саланың өнімінің нарықтық бағасы төмендей бастайды бұндай жағдай баға ұзақ мерзімдегі цықтимал орташа шығындардың ( LRАC) ең аз мөлшеріне дейін төмендегенше байқалады, яғни Р LRМC min ( біз осы саладағы барлық фирмалардың шығындар функциясы бірдей деп қарастырамыз).
Нәтижесінде фирманың өнім шығару көлемі Q3 –ке дейін төмендейді, ал экономикалық пайда нольге тең болады. Сонымен фирма инвестицияланған капиталға тек қана кәдімгі (нормальді) пайда алады.
Ал егер Р LRАC min болса,онда фирмалар бұл саладан кете бастайды, бұл жағдай баға жоғарылап, экономикалық пайда нольге тең болғанша жүріп отырады.
Өндірістік операцияларды осылайша реттеу нәтижесінде салада ұзақ мерзімдік бәсекелестік теңдестік орнайды. Ол, біріншіден, қызмет етіп тұрған фирмалардың өндірісті не ұлғайтуға ынтасы жоқ екендігін көрсетеді, өйткені барлық фирмалар Р LRАC min болғандықтан экономикалық пайдалары нольге тең болады. Екіншіден, әр фирма ұзақ мерзімді кезеңде Р LRАC-ға тең болатын өнім өндіре отырып пайдасын мейлінше арттырады. Үшіншіден, саланың жиынтық ұсынысы жиынтық тұтыну сұранысына тең.
Достарыңызбен бөлісу: |