Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж



бет39/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

тестік тапсырмалар.

1. Жетiлген бәсеке нарығында Лернер коэффициентiнiғ мәнi қандай болады?


А) Оң сан
Б) Терiс сан
В) 0
Г) 1
Д) -1

2. Жетiлген бәсеке үлгiсiн тұрғызғанда төмендегiлердiң қандай жорамалдар жасалады.


А) Тауарлар бiрқалыпты, сатып алушылар мен сатушылар саны өте көп, нарыққа кiруге және одан шығуға тосқауыл қойылмайды
Б) Нарыққа кiруге және одан шығуға тосқауыл қойылмайды
В) Сатып алушылар мен сатушылар саны өте көп
Г) Тауарлар бiрқалыпты
Д) Ақпараттың жоқ болуы

3. Жетiлген бәсеке нарығындағы пайданы мейiлiнше арттыру шарты: Р-баЈа, МR-шектi түсiм; МС-шектi шығындар.


А) MR>MC
Б) MC
В) P=MR=MC
Г) P>MC
Д) P>MR

4. Жетiлген бәсеке нарығындағы фирма төмендегiлердiң қайсысын берiлген деп қабылдайды?


А) Тауардың бағасы
Б) Сұраныс көлемiн
В) Орташа шығындар қисығын
Г) Тәртiп стратегиясын
Д) Тұрақты шығындар қисығын

5. Бәсекелес фирманың "азын-аулақ және көптiк" деген белгiсi ненi бiлдiредi:


А) Сатып алушылар мен сатушылар саны көп, ал әрбiр фирманың сату үлесi аз
Б) Сатып алушылар аз және сатушылар көп
В) Сатып алушылар көп, фирманың түсiмi аз
Г) Тауарлар көп, сатушылар аз
Д) Тауарлар аз, сатушылар көп

6. Фирманың түсiмi қалай анықталады?


А) R=PQ
Б) R=P+Q
В) R=P-Q
Г) R=Q-P
Д) R=Q

7. Жетiлген бәсеке нарығындағы жұмыс iстеп тұрған фирма, тауардың бағасы Р=250 теңге болғанда, қандай шамада өнiм шығаруы керек. Шектi шығындар фунциясы берiлген МС=10+Q:


А) 250
Б) 240
В) 100
Г) 0
Д) 10

8. Егер фирманың өнiмiне деген сұраныс қисығы Р=25, ал өнiм көлемi Q болса, онда түсiм қисығының түрi қандай?


А) R=25Q
Б) R=25+Q
В) R=25-Q
Д) R=25/Q
Д) R=25

9. Сапа бойынша бәсекелестiктi бәсекенiң қай түрiне жатқызуға болады?


А) Бағалық емес бәсеке
Б) Бағалық бәсеке
В) Стратегиялық бәсеке
Г) Өнiм нарығы үшiн бәсеке
Д) Территориялық бәсеке

10. Монополиялық бәсеке нарығының жорамалдарын анықтаңыз:


А) Өнiмнiң бiртектес болмауы және дифференциалды болуы, өнiмдiк нарықтық билiкке қожа болу, сатушылардың саны аз, ал сатып алушылардың саны көп
Б) Өнiмнiң бiртектес болмауы және дифференциалды болуы
В) Өнiмдiк нарықтық билiкке қожа болу
Г) Нарыққа кiрудi қоршап тастау
Д) Сатушылардың саны аз, ал сатып алушылардың саны көп

8 тақырып. Жетілмеген бәсеке нарығы. Монополия





  1. Монополия түрлерінің алуандығы. Таза монополия.

  2. Монополиятің өніміне деген сұраныс.

  3. Монополистің максималды пайда нүктесі. Монополиялық биліктің болуының тиімділігі. Бағалық дискриминация.

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасыаа әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.


Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы әсерін тигізеді. Бұл 8.1-суретте бейнеленген.

Өнімнің ерекше болуы

Ірі жалғыз фирма



МОНОПОЛИЯ





Тосқауылдың көп болуы



Толық деректер


8.1-сурет. Монополияның ерекшеліктері.

Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма - монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың ша­масының бағасын анықайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, он­да ол монополиялық билікке ие болады деп айта ала­мыз. ­


Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға қарсы заңдар қабылданып іске асырылуда. Бұл зандарға қарамастан әлемнің барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және де олар кез келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.
Бұл шектеулер төмендегідей:
1) ірі өндірістің басымдылығы;
2) легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған ерекше ерекше құқықтар);
3) бәсекелесуді әділетсіз жүргізу.
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыс­тырғанда өте көп артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге, нарықтық ор­таға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады,
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі – жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте си­рек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монопо­лист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтыр жатады. Жаңалық ашқан адам па­тент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі меәнін былай түсінуге болады: патентің болса - құқығың бар, ал патент жоқ болса - құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жаңалыкардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Легальды тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндіруші­ге мемлекет тарапынан белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру. Бұндай жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі - демпинг - бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар ­олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де жоғары. СоНһндықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма шыда­май нарықтан кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне бай­ланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:
1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.
2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.
3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет