Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж


№10 Тақырып. Олигополия. Олигополияның негізгі сипаттамалары



бет49/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

№10 Тақырып. Олигополия.

  1. Олигополияның негізгі сипаттамалары.

  2. Олигополиялық баға қақтығыстары. Курно моделі.

  3. Штакельберг моделі, Бертран моделі.


Біз өткен тақырыптарды оқып, талдау нәтижесінде жетілген бәсеке және монополия кезінде фирмалардың қандай көлемде өнім өндіріп, олардың бағасын қандай деңгейде белгілейтінін түсіндік. Бұл жоғарыда айтылған нарық құрылымдарында өндіруші фирма өз тауарының бағасын және тиімді өнім көлемін анықтаған кезде тек қана тұтынушының реакциясы мен өзінің жеке өндірістік мүмкіндіктерін ғана ескеріп отырады. Сондықтан бұл нарықтағы фирмалардың пайданы жоғарғы деңгейге жеткізу мақсаты, тек қана, орташа шығын, шекті шығын қисықтарын және сұраныс қисығын шектеу арқылы іске асырылады.
Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
а) бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;
ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басшы (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемін өзгеруіне едәуір ықпал етеді.
б) олигополиялық фирмалардың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.
Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.
Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әр түрлі нақты жағдайдағы іс-әрекетін көрсететін бірнеше моделдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестерінің іс-әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.
Біз төмендегідей моделдерді қарастырамыз: Курно дуополиясы, қарама-қарсы мақсаттары бар екі жақтың ойыны, нарықта үстемдік жүргізіп отырған фирманың моделі және картель. Баға белгілеу мен өнім көлемін анықтауда олигополия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық моделдерді қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратыны көрінеді. Пайда қуған жеке фирмалар бір-бірімен қатаң қақтығысқа түсуі мүмкін («баға қақтығысы»), бұл кезде олардың әрқайсысы нарықты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте-бірте төмендеп, орташа шығын деңгейіне жетеді де нәтижесінде бұл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір-бірімен келсімге келіп, бағаны жоғарлатып пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізеді. Бұл уақытта нарықты бөлу туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады. Сонымен фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық келсімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады. Қорыта келе, төмендегідей шешім айтуға болады: бірде-бір модель олигополиялық нарықтағы фирмалардың өзара қатынасы қандай деген сұраққа нақты жауап бере аллмайды. Сондықтан белгілі бір моделді қолданбас бұрын қарастырып отырған жағдайды баға мен шекті шығындардың қатынасын, өндіріс саласындағы шоғырлануды және де фирманың іс-әрекетін анықтайтын басқа да маңызды жағдайларды тыңғылықта талдау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет