Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмаларын орындау жоспары
Микроэкономика
1-есеп.
Алдарыңызда бір зауыттың шырын (сок) және лимонад шығаратын өндіріс мүмкіншіліктер қисығы берілген. Қандай өзгерістерде көрсетілгенде қисық нәтижесіне жетеді.
Ш ырын
0 Лимонад
2-есеп.
Мемлекет автомобилдер мен танкілер өндіреді делік.
Автомобилдер.мың дана
|
5
|
4
|
3
|
2
|
1
|
0
|
Танкілер.мың дана
|
0
|
7
|
13
|
18
|
22
|
25
|
Графигін салыңдар.
3-есеп.
Төмендегі графикке сипаттама беріңдер.
өндірістік
тауарлар
0 тұтыну тауарлары.
4-есеп. Барлық экономикалық қажеттіліктер ақылы қызмет көрсетумен қанағаттандырылады ма. Толық сипаттама беріңдер.
5-есеп. Әр түрлі жағдайларға байланысты (2-3 жағдай ) өндірістік мүмкіншіліктер қисықтарын салыңдар. Өндірістік мүмкіншіліктер қисығының ішіндегі нүктеге, сыртындағы нүктеге сипаттама беріп отырыңдар.
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері.
Есеп. Сұраныс заңын графикалық түрде көрсетіңіз.
Есеп. Сұраныс көлемінің өзгеруін графикалық түрде көрсетіңіз.
Есеп. Төмендегі кестеде берілген деректерді пайдалана отырып, тауардың тепе-теңдік бағасы мен теңдестік көлемін табыңыздар:
Баға (теңге)
|
Сұраныс көлемі,
млн.дана,жылына
|
Ұсыныс көлемі,
млн.дана,жылына
|
1600
|
18
|
6
|
2000
|
16
|
10
|
2400
|
14
|
14
|
2800
|
12
|
18
|
3200
|
10
|
22
|
Баға 2000 теңге болғанда сату көлемі қандай болады? Баға 1400 теңге болғанда сату көлемі қандай.
4.Есеп.
Жерге деген сұраныс функциясы: Qd =100-2R.
Ұсыныс функциясы: Qs =90 R. Ставка мөлшері 120% болса,онда 1 гектар жердің бағасы қанша болады.
5.Есеп.
2000 жылы "Альфа" мемлекетінде бидайға деген ұсыныс функциясы:
Qs =1800+24Р.Р-әр тоннасы.доллар.
Qs =млн.тонна жылына.
Статистикалық мәлімет бойынша сол жылы бидайға деген сұраныс:
Qd =35500-26Р.
Анықтау керек: Бидайдың бағасын және сатып алу ,сату көлемін. 2000 жылдардың ортасында ішкі нарықта бидайға деген сұраныс көп мөлшерде көтерілді, ал сыртқы нарықта тез арада төмендеп кетті. Айталық 2001 жылы бидайға деген сұраныс функциясы:Qd =25000-176Р. Ал ұсыныс функциясы сол күйінде қалды делік. Бұл кезде бидайдың бағасы қанша және сатып алу және саылу көлемдері қандай болады.
6.Есеп.
Сұраныс функциясы: Qd =2000-Р.
Ұсыныс функциясы: Qs =2Р+200.
Анықтау керек:
А) Тауардың бағасын және сатып алу ,сату көлемін.
Б) Әр тауарға 40% салық салынса онда нарықтағы өзгеріске сипаттама беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |