7. Есеп.
Етке деген сұраныс функциясы: Qd =700-Р.
ұсыныс функциясы: Qs =2Р-200.
Р-1 кг еттің бағасы.теңге.
Q –еттің көлемі. мың кг.
Анықтау керек:
А) Еттің бағасын және сатып алу ,сату көлемін.
Б) Мемлекеттік органдардың шешімімен еттің тұрақты бағасы 200 теңге деңгейінде қалыптастырды, бұл кезде ұсыныс көлемі,сатылу көлемін және сұраныс өлшемін анықтаңдар.
В) Әр килограмм сатылатын еттің бағасына 150 теңге мөлшерде тауар өндірушілерге дотация беріледі, бұл кездегі бағаны және көлемді анықтаңдар.
Г) Әр килограмм етке 25 теңге деңгейде салық салынғандағы еттің бағасы және саып алу, сау көлемін анықтаңдар. Тұтынушылардың жағдайы қалай өзгереді.
8.Есеп. Көктем айында нарықта раушан гүлін сатып алу жағдайы күн өткен сайын өзгеріп отырады. Кестеде мәліметтер берілген:
Сәуір айы, күндер.
|
20 жексенбі
|
21 дүйсенбі
|
22 сейсенбі
|
23 сәрсенбі
|
1 дана гүлдің бағасы.
|
130
|
110
|
80
|
90
|
Сатылу көлемі. Дана.
|
70
|
90
|
60
|
80
|
Анықтау керек:
Егер сұраныс және ұсыныс қисықтарын өзгермеген күйде деп санасақ, бұл кезде тепе-теңдік нүктесі қандай, сатылу және сатып алу көлемі қаншаға тең болады. Аналитикалық және графикалық әдіс бойынша есептеңдер.
9 Есеп. Нарықта үш тұтынушы көрсетілген, олардың құс етінің көлемі бірдей бола тұра әр түрлі бағамен сатып алуға әзір екенлігі төмендегі кестеде
көрсетілген:
Құс етінің көлемі.кг.
|
Р1 теңге
|
Р2 теңге
|
Р3 теңге
|
20
|
350
|
300
|
200
|
30
|
300
|
230
|
190
|
40
|
250
|
190
|
100
|
50
|
200
|
100
|
90
|
60
|
90
|
80
|
85
|
Осы мәліметтерге сүйене отырып, төмендегі кестені толтырыңдар. Q-үш тұтынушының жалпы сұранысы, ТR-жалпы табыс өлшемі.
Р теңге.
|
350
|
200
|
100
|
90
|
80
|
Q кг.
|
|
|
|
|
|
ТR теңге.
|
|
|
|
|
|
10 Есеп.
Тауар өндірушілердің өнім өндіруге кеткен шығындарын өтей алмайтын жағдайда мемлекет тарапынан көмек болсын делік, сол кездегі
сұраныс функциясы: Qd =200-2Р.(мың.дана)
ұсыныс функциясы: Qs =3Р-100.(мың.дана)
Тұрақты шығындар:FС=3000 (млн.теңге)
Әр өнімге кеткен өзгермелі шығын: VC=30 (мың.теңге)
Анықтау керек:
А) Тауардың бағасы және көлемін.
Ә) Тауар өндірушілердің зиянын.
Б) Мемлекет бағаны 40 %-ке өсірді. Нарықта өзгеріс қандай.
В) Мемлекет әр өнімге 10 мың.теңге өлшемінде дотация жүргізуді шешеді. Бұл кезде тауар өндірушілердің пайдасын ұстап тұруға мүмкіндік бар ма?
Г) Тауар өндірушілер зиян шекпеу үшін қандай дотация беруге болады.
Д) Енді мемлекет алдына мақсат қояды: тұтынушының дотациясын жабу және өндірушінің зиян шекпеуін қамтамасыз ету үшін, тауар өндірушіге қанша көлемде салық салуға болады. Салық салу нәтежесінде дотацияны қамтамасыз етуге болады ма.
Е) Мемлекетүшін кәсіпорынды банкроттықтан алып қалудың ең арзан әдісін анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |