Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж



бет78/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

Олигополия


1-есеп. Олигополистің өніміне ағымдағы нарықтық бағасы 120 теңгеге тең. 120 теңге болғанда 8 бірлік өнім сатылады. Олигополистің сұраныс функциясы төмендегі кестеде көрсетілген:

Өнім шығару көлемі

Баға

Жалпы табыс

Шекті табыс

5

150







6

140







7

130







8

120







9

100







10

80







11

60







Анықтау керек:
А) Олигополистің жалпы және шекті табыстарын анықтаңдар.
Ә) Олигополистің сұраныс және шекті табыс қисықтарын сызыңдар.
Б) Баға интервалындағы 120-150 теңге және 60-120 теңге интервалындағы сұраныс икемділігінанықтаңдар.
В) Егер олигополистің шекті шығыны 40 теңгеден 60 теңгеге дейін өссе, онда ол өнім шығыру көлемін және бағасын өзгертеді ме? Егер өзгертсе онда бағаны қалай қалыптастырады және қанша өнім өндіреді.
2-есеп. Олигополистің өніміне ағымдағы нарықтық бағасы 70 теңгеге тең. 70 теңге болғанда 6 бірлік өнім сатылады.Олигополистің сұраныс функциясы төмендегі кестеде көрсетілген:

Өнім шығару көлемі

Баға

Жалпы табыс

Шекті табыс

2

90







4

80







6

70







7

60







8

50







Анықтау керек:
А) Олигополистің жалпы және шекті табыстарын анықтаңдар.
Ә) Олигополистің сұраныс және шекті табыс қисықтарын сызыңдар. Неге сұраныс қисығы ағымдағы нарықтық баға деңгейіне қарай ығысады.
Б) Олигополистің шекті шығыны тұрақты және 15 теңгеге тең. Егер олар 30 теңге деңгейіне дейін өссе, онда фирма өнім көлемі мен бағаны өзгертеді ме?
В) Егер олигополистің шекті шығыны 30 теңгеден 60 теңгеге дейін өссе, онда ол өнім шығыру көлемін және бағасын өзгертеді ме? Егер өзгертсе онда бағаны қалай қалыптастырады және қанша өнім өндіреді.
3-есеп. Бір типті өнім өндіретін сала,(мысалы цемент) 20 бірдей фирмалардан тұрады. Бұл фирмалардың жалпы шығыны туралы ақпараттар төмендегі кестеде көрсетілген:

Өнім көлемі

Жалпы шығын

Шекті шығын

Орташа жалпы шығын

0

90







1

110







2

150







3

210







4

290







5

390







6

510







А) фирманың жалпы және орташа жалпы шығындарын анықтаңдар және бір фирманың , барлық саланың ұсыныс кестесін толтырыңдар.

Баға

Ұсыныс көлемі (бір фирма)

Ұсыныс көлемі (20 фирма)

130







110







90







70







50







Ә) Саланың өніміне сұраныс функциясы кестеде көрсетілген:



Баға ( теңге)

Жалпы сұраныс көлемі (дана)

130

40

110

60

90

80

70

100

50

120

Тепе-теңдік баға қаншаға тең, бір фирманың сату көлемі қандай? Бір өнімге келген пайданы анықтаңдар фирманың жалпы пайдасы қаншаға тең.
Б) Саланың барлық фирмалары картельге бірікті делік. Картельдің жалпы және шекті табысын анықтаңдар:

Өнім шығару көлемі (дана)

Баға (теңге)

Жалпы табыс (теңге)

Шекті табыс (теңге)

40

130







60

110







80

90







100

70







120

50







Саланың өніміне сұраныс қисығын, шекті табыс қисығын, картельдің шекті шығынын қисығын және картель қандай баға болғанда пайдасын жоғарлатады (max).


4-есеп. Курно дуополиясында нарықтық сұраныс қисығы төмендегідей теңдеумен берілген делік:
P=200-Q.
Сонымен бірге, бірінші фирманың шекті шығыны белгілі 30- ға тең және ол тұрақты шама болсын.
А) Егер екінші фирма 50 бірлік өнім шығарса, онда бірінші фирманың пайданы барынша көбейтетін өнімі қандай мөлшерде болу керек?
Ә) Егер 1-інші фирманың ойынша, 2-інші фирма 60 бірлік өнім шығарса, онда 1-інші фирманың өнімі қалай өзгереді.
Б) Берілген өндіріс шешімін координаттар жазығында көрсетіңіз, 1-інші фирманың реакция қисығының теңдеуін жазыңыз.
5-есеп. Курно дуополиясындағы өндірушінің екеуіде нарық сұранысының қисығын біледі, ол сызықтық функция болып табылады:
P=100-Q.
Егер шекті шығыны 20-ға тең болып және ол тұрақты болса, онда өндіруші өз өнім көлемін қалай бағалайтындығын көрсет. Осы өндірушінің реакция қисығын көрсетіп, оның теңдеуін жаз. Осыған байланысты өндірушінің реакция қисығының координаттар остерімен қиылысатын нүктелерін табыңыз.
А) Егер өнім өндіруші нарықта монополист болады деп ұйғарсақ, онда оның өнімі қандай болу керек екенін анықтаңыз.
Ә) Берілген өндіруші ешқандай өнім өндірмес үшін, 2-өндіруші қандай өнім өндіруі керек және өнім өндіру оған неге пайдасыз.
6-есеп. Келесі кестеде "Экономика" баспасына түсетін ақшалай пайда көрсетілген:

"Экономика" баспасының жоспары

Шығару мөлшері

"Іс" баспасының жоспары

10

40

20

100$

40$

50

80$

30$

"Экономиканың" доминанттықстратегиясын табыңыз.
7-есеп. Олигополиялық нарықтағы екі фирманың өніміне деген сұраныс төмендегідей теңдеулермен берілген делік:
Q1=40-5P1+4P2.
Мұнда, P1 және P2-бірінші және Q2=40-5P2+4P1 екінші фирмалардың қояатын бағалары. Екі фирманың жалпы шығындары тұрақты және 150-ге тең. Әр фирма өз өніміне 6 және 8 долларға тең баға қоя алады.
А) Екі баға болжамына байланысты баға матрицасын құрыңыз.
Ә) Әр фирманың максималдық стратегиясын табыңыз.
Б) Неге фирма ең жақсы баға стратегиясын ( Парето бойынша тиімді) таңдамай, максималды стратегиясын таңдайтынын түсіндіріңіз.
8-есеп. Қарама-қарсы мақсаттары бар екі фирманың бір-бірімен өзара байланысы белгілі деп айталық:
Q1=20-3P1+2P2; TC1=3Q1;
Q2=20-3P2+2P1; TC2=3Q2.
Әр фирма баламалы баға стратегиясының біреуін таңдауы керек: өнімнің бағасын өзгертпеу, ол 10 долларға тең және бағаны 8 долларға дейін төмендету. Ойынның шешімін табыңыз.
9-есеп. Айталық қарама –қарсы мақсаттары бар екі фирма берілген. Егер бір фирма пайда тапса, онда екіншісі шығынға ұшырайды. Олардың ойын матрицасы төмендегі кестеде берілген:

1-інші фирманың мүмкін болатын стратегиялары

2-інші фирманың мүмкін болатын стратегиялары




1

2

3

А

10$

9$

11$

Б

8$

8,5$

10$

Максимум стратегиясын қолданып,екә фирманың ұтымды стратегияларын табыңдар.
10-есеп.Үш фирма картель құрады делік. Фирмалардың шығын функциялары келесі кестеде көрсетілген:

Q

Жалпы шығындар, доллар.

1-фирма

2-фирма

3-фирма

0

20

25

15

1

25

35

22

2

35

540

32

3

50

80

47

4

80

120

77

5

120

160

117

Егер картель 11 өлшем өнім шығару туралы шешім қабылдаса және олар шығындарын төмендетуге тырысса, онда бұндай өнім шығару үшін үш фирманың арасында қалай бөлінеді.


Тест сұрақтары.

  1. Төмендегі кестедегі сатылған өнімнің тепе-теңдік бағасын аңықта:

P

Qd

Qs

500

300

150

700

250

200

1000

220

220

1200

180

250

1300

150

300

А) P=1200. Q=180.
В) P=1000. Q=220.
С) P=500. Q=300.
D) P=700. Q=250.
Е) P=1300. Q=150

  1. Сұраныс тендігі Qd=-a-bp. Егер баға 0-ге тең болса, онда сұраныс көлемі неге тең болады:

А) Q=a-b.
В) Q=-b.
С) Q=-a.
Д) Q=b.
Е) Q= -bp.

  1. Qd=10-2p, Qs=4+p. Тепе-теңдік баға қаншаға тең:

А) 2.
В) 3.
С) 2,5.
D) 1.
Е) 6,5.

  1. Qd=10-2p, Qs=4+p. Егер мемлекет баға 4 тг. қалыптастырса, онда нарықта қандай өзгеріс болады.

А) Тапшылық =1.
В) Тапшылық =2.
С) Тепе-теңдік.
D) Артықшылық =1.
Е) Артықшылық =4.

  1. Ұсыныс қисығының теңдігі Qs=a+bp. Егер баға о-ге тең болса ұсыныс көлемі қаншаға тең:

А) Q=b.
В) Q=a+ b.
С) Q=-b.
D) Q=a.
Е) Q= bp.

  1. Графиктегі N нені көрсетеді:

N
P S
E

d
0 Q


А) Артықшылық.
В) Тапшылық.
С) Профицит.
D) Сұраныстың үсыныстан көп болуы.
Е) Нарықтық тепе-теңді.

  1. Сұраныс қисығын сипаттайтын графикті таңдап алыңыз

P P P
D D

D
0 Q 0 Q 0 Q


А) B) C)
P P
D
D

0 Q 0 Q
D) E)



  1. Табыстың өзгеруіне байланысты (өсуі) сұраныс көлемінің өзгергенің қай графиктен көрсетуге болады:

P P P




D1 D D1


D D1 D
0 Q 0 Q 0 Q
А) B) C)
P D P D
D1
D 1


0 D) Q 0 E) Q



  1. Төменедегі графикте қайсысы өндіріс шығындарының төмендеуінің нәтижесіндегі ұсыныс қисығының өзгергндігін көрсетеді:



P P P


S1


S S1 S
0 Q S1 S
А) 0 B) Q 0 C) Q
P S P
S S1
S1

0 D) Q 0 E) Q





  1. Графикте М нүктесі нені көрсетеді:



P


s


М d

0 Q
А) Тапшылық.
В) Артықшылық.
С) Профицит.
D) Сұраныстың үсыныстан көп болуы.
Е) Нарықтық тепе-теңдік.

  1. Qd=10-2p қандай бағада тауарға деген сұраныс 0-ге тең болады:

А) ½.
В)-5.
С) 5.
D) 10.
Е) 2.

  1. Бюджет шектілігінің теңдігі берілген Y=25-0,8x. Егер тұтынушы X тауарынын сатып алмайтын болса, онда y тауарынын сатып алу көлемі қаншаға тең:

А) 25.
В) 0,8.
С) 0,2.
D) 250.
Е) 0.

  1. Тұтынушының табысы айына 10000 тенге. Азық түлікті сатып алу бағасы Px=500, киім бағасы Py=2500. Табу керек Ox және Oy осьіндегі бюджет шектілігінің координат нүктесін:

А) 20; 4.
В) 1/20; ¼.
С) 2; 40.
D) 40; 2.
Е) 20; 40.

  1. Төмендегі графикте АN кесіндісі қалай аталады?

K


A

B E
M


0 Q
N
А) Изокоста.
В) Изокванта.
С) Бюджеттік сызық.
D) Талғаусыз қисық.
Е) Қисық сызық.

  1. Шекті шығын қалай аңықталады:

А) МС=VC /Q.
В) МС=ΔVC/Δ Q.
С) MC=FC+VC.
D) MC=FC/Q.
Е) МС=ΔTC / ΔQ.

  1. Орташа шығынды анықтаңыз:

Q

10

TC

35

А) 3,5.
В) 10.


С) 350.
D) 0,35.
Е) 45.

  1. Жалпы шығын функциясы берілсін ТС= 20+ 4Q. Шекті шығындарды анықтаңыз:

А) 16.
В) 20.
С) 5.
D) 4.
Е) 24.

  1. Өндірістік өнім көлемі 10 бірлік өндіріс функциясы мен шығындар функциясы ТС=100+8Q. Жалпы шығындарды анықтаңыз:

А) 10.
В) 8.
С) 18.
D) 80.
Е) 180.

  1. Кәсіпорын табысы 40 мың тенге, ал фирма шығындары 35 мың тенге. Кәсіпорын пайдасын табыныз.

А) 35.
В) 40.
С) 5.
D) 75.
Е) 0.

  1. Нарықта қанша фирма жұмыс істей алады, егер әр фирма өнім көлемі Q=5 болады, ал нарықтық сұраныс көлемі Qd=150 болғанда әр фирма қалай пайдалығын жоғарлатады:

А) 5.
В) 30.
С) 150.
D) 750.
Е) 155.

  1. Сұраныс қисығы бейнелейді:

А) Сұраныс көлемі мен баға арасындағы кері байланысты.
B) Сұраныс көлемі мен баға арасындағы тікелей байланысты.
C) Сұраныс көлемі мен баға арасындағы оң байланысты.
D) Нарықтағы баға өзгерісінің динамикасын.
E) Нарықтағы сату көлемінің өзгеру динамикасын.

  1. Ұсыныс қисығы бейнелейді:

А) Ұсыныс көлемі мен баға арасындағы тікелей байланысты.
B) Ұсыныс көлемі мен баға арасындағы кері байланысты.
C) Ұсыныс көлемі мен баға арасындағы оң байланысты.
D) Нарықтағы баға өзгерісінің динамикасын.
E) Нарықтағы сату көлемінің өзгеру динамикасын.

  1. Белгілі бір тауарға бағаның өсуі,мынаған әкеледі:

А) Сұраныс өлшемінің қысқаруына.
B) Сұраныс қисығының оңға қарай жылжуына.
C) Сұраныс қисығының солға қарай жылжуына.
D) Халықтың жағдайының жоғарлауына.
E) Табыстың өсуіне.

  1. Екі шай срттары көрсетілген “Dilmah” және “Lipton”.“Lipton” шайына баға өсті.“Dilmah” шайына сұраныс қалай бейнеленеді?

А)“Dilmah” шайына сұраныс өседі.
B)“Dilmah” шайына сұраныс төмендейді.
C)“Dilmah” шайына сұраныс өзгермейді.
D)“Dilmah” шайына баға өседі.
E)“Dilmah” шайына баға төмендейді.

  1. Белгілі бір тауарға бағаның 3%-ке төмендеуі,сұраныс көлемінің 12%-ке өсуіне әкелді.Баға бойынша сұраныс икемділігінің коэффицентін анықтаңдар.

А)-4.
B) 4.
C) 0,25.
D)-0,25.
E) 9.

  1. Бағаның 2 есеге төмендеуі,сұраныс көлемінің 2 есеге өсуіне әкелді.Бұл кезде қандай икемділік болады?

А) Е=1.
B) Е>1.
C) Е<1.
D) Е=0.
E) Е=-∞.

  1. Егер сұраныс икемді болса,онда икемділік коэффиценті қандай болады?

А) Е>1.
B) Е=1.
C) Е<1.
D) Е=0.
E) Е=-∞.

  1. Табыстың өсуіне байланысты,тауарға деген сұраныс өсті.Қандай тауар қарастырылып отыр?

А) Орташа.
B) Әдемі тауарлар.
C) Сапасы төмен тауарлар.
D) Гиффен тауары.
E) Жаңа тауарлар.

  1. Сұраныс функциясы берілген:Qd=100-5р, р-тауар бағасы, d-тауар көлемі.Қандай бағада тауарға деген сұраныс нольге тең болады?

А) 5.
B) 1/ 2.
C) –5.
D) 10.
E) 20.

  1. Тұтынушының бюджет шектілігін анықтау үшін,нені пайдаланамыз?

А) Бюджеттік сызық.
B) Изокванта.
C) Изокоста.
D) Талғамсыз қисық.
E) Алмастырудың шекті нормасы.
Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Мамыров.Н.Қ.Есенғалиева.Қ.С.Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика:

Оқу құралы. Алматы. Экономика 2000 ж.
Қосымша әдедиеттер тізімі.
1. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика.
Алматы. Экономика, 2000 г.

  1. Алексеева.В.Е"Микро-макроэкономика"І-ІІ том Санк-Петербург 1997 г.

  2. Гальпеин В.М. “Микроэкономика”- “Экономическая школа” 1994г.

  3. Эдвин Дж.Долен, Дейвид Е.Линусей.“Рынок макроэкономическая модель”Санк-Петербург 1992 г.

  4. Немцов.Р.Т, Лукин М.Ю. “Микроэкономика” М.-1997г.

  5. Лимишевский.И.М. “Микроэкономика” в 3-х частях. Минск 1994г.

  6. Максимова.В.Ф. “Микроэкономика”М-1996г.

  7. Макаркин Н.П., Гуськова Н.Д. Микроэкономика. Москва. Академический проект 2006 г.

  8. Мицкевич.А. “Экономика в задачах и тестах” Москва 1995г.

  9. Голиков.А.Н.“Сборник задач по экономической теории”Киров 1997г.

  10. Станковская И.К.,Стрелец И.А. Экономическая теория. 2-е издание. Микро и макроэкономика. Москва ЭКСМО 2006 г.

  11. Шеденов Ө.Қ, Жүнісов Б.А. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқулық. Алматы-Ақтөбе. 2006 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет