Пәні: «Квалиметрия» Мамандығы: 5В073200-«Стандарттау, сертификаттау және метрология» Атырау, 2017 Жасақтаушы(лар)



бет14/158
Дата16.02.2022
өлшемі1.23 Mb.
#455425
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   158
kvalimetriya (1)

Пән бойынша дәріс сағаттары

Лекция№1 (3 сағат)




  1. Кіріспе

  2. Курс тақырыбы, мазмұны.Квалиметрия туралы жалпы мәліметтер

  3. Елдегі және шетелдегі квалиметрияның тарихы және қазіргі жағдайы

Квалиметрия ( латын тілінен qualis – сапа жағынан қандай ) - әр түрлі нысандар сапасының сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылым саласы.Квалиметрияның негізгі мақсаттары: сапа көрсеткіштері номенклатурасын негіздеу,сапа көрсеткіштерін анықтау әдісін жасау және оптимизациялау,типті өлшем оптимизациясы және өнімнің параметрлік қатар оптимизациясы,сапа көрсеткішінің құрылу принциптерін жасау,сапаны басқару және стандарттау мақсаттарында қолдану шарттарын негіздеу.

Квалиметрия нысандарына «сапа» түсінігі қолданылатын барлық нысандар жатады. Қазіргі кезде бұл нысандар тек қана өндірістік өнім мен қызмет көрсетулерге байланысты нысандармен шектелген. Сонымен қатар, барлық өнімдермен емес, тек қана өндірістік өнімдер,айта кететін нәрсе, өндірістік өнім нысанына қатысты қағидалар мен әдістер ауылшаруашылық өнім нысандарында және «табиғаттық» өнім нысандарында қолданылады.

Квалиметрияның пайда болу және даму тарихы тек 10 жылға созылған жоқ, оның дамуы ол өз атауын алғанға дейін басталды. Квалиметрия аспектісі сапа көрсеткіштерін қалыптастыру тәжірибесімен бірге пайда болды. Біздің елімізде 1923 ж пайда болды. Бұл жылы стандарттау бойынша еліміздегі бірінші периодтық басылым – «Эталондар мен стандарттар Комитеті Бюллетенясы» шығарылды. Комитет 1922 ж құрылды.

Сапа квалиметрияның жүйесіндегі негізгі және жалпы түсінік болып табылады.

Көбіне қалыптасқан түсінік, ол сапа – «нысандар сипаты жиынтығы». Бірақ та көптеген зерттеулермен дәлелденгендей, сапа – тек нысан сипаты мен қасиеттерінің жиынтығы ғана емес, бірыңғай синэргетикалық элементтер жүйесі. Сондықтан анықталу маңызды: нысан сапасы, оның сипаттары мен қасиеттерінің жиынтығы немесе нысанның барлық қасиеттерінің жиынтықты сипаты.

Егер сапа сипаттар жиынтығы болса, онда ол кейбір сипаттармен бағалануы қажет.

Өлшенетін көлемдер өлшемдік және өлшемдік емес болады.


Сапаның нысан мінездемесі мен оның негізі ретінде адам үшін тәжірибелік

мәні зор.Сондықтан сапа бағалау сұрақтары маңызды болып табылады.

Өнімнің сапасын бағалаудың алғашқы жағдайлары б.э.д. 15 ғасырға жатады. Сол кезде Крит құрлығының қуғыншылары бұйымдарын өз өнімінің жоғары сапалылығын дәлелдейтін арнайы белгілермен белгілеген. Бұл «атау шкаласы» немесе «мекен-жайлық шкала» бойынша сапа бағалау болып табылады. Фирмалық белгілер, сонымен қатар, басқа да сапа белгілері қазір де өнім сапасының бағалық белгісі болып табылады. Кейіннен, өнім сапасын бағалаудың сараптау әдісі ретінде «ұжымды даналық» әдісі қолданылды. Сарапшылық сапа бағалаудың ежелгі мысалы – вино сараптау. Осыдан келе, арнайы ғылыми тәртіп – тауар енгізу пайда болды. Бұдан нарықта үлкен көлемде әр түрлі тауарлардың сатылуы пайда болды. Тауар енгізудің алғашқы кафедрасы 1549 ж Италиядағы Падуанск университетінде ұйымдастырылды.

Халықаралық сауданың дамуы сапалық категория бойынша өнім классификациясын талап етті, ал ол үшін өнімнің жекелей қасиеттерін өлшеу, негізгі тұтынушылық қасиеттері бойынша сапасын бағалау керек болды. Осыған байланысты Европа мен АҚШ-та 19 ғасыр аяғы мен 20 ғасыр басында өнім сапасын бағалау әдістері балл бойынша жүргізілді.

Ресейде алғаш рет өнім сапасын бағалаудың аналитикалық әдісін әйгілі кеме құрастырушы , академик А.М.Крылов негіздеді және қолданды. Ол кеменің әр анықтау деңгейін есептейтін сәйкес коэффициенттер көмегімен кеме құрылысы жобалары сапасын бағалаған. 20 ғасырдың 20-30 ж.СССР және басқа елдерде тауарлық сапа бағалаудың сандық әдістері өте жоғары қарқынмен дамыды және тәжірибе жүзінде қодданылды. Мысалы, 1922 ж П.Бриджмен сапа сипаттаудың әдісін ұсынды.1928 ж бұл мәселені М.Аранович шешті. П.Флоренский өнім сапасын бағалаудың жаңа әдістерін ұсынды.

Квалиметрия өз алдына ғылым ретінде 20 ғасырдың 60 ж құрылды. Сол жылдардағы соғыс кезінде елдер арасындағы саяси және экономикалық бәсекелестік күшейе түсті, жеңіс шығарылатын өнім сапасына байланысты болды.

20 ғасырдың бірінші жартысында Батыстың экономикалық дамыған елдерінде әр түрлі өнімнің сапасын бағалаудың эмпирикалық және статистикалық және сарапшылық әдістері пайда боды. Сапа бағалаудың аналогтық әдістері СССР-да да қолданылады. Бірақ та көптеген тәжірибелік мәселелерді шешетін, дәл сапа деңгейін анықтай алатын және сол негізде инженер-технолог шешім қабылдайтын мамандар қажет болды.

Квалиметрия теориясы мен тәжірибесіне өз үлесін қосқандар:Ю.П.Адлер, В.Г.Белик, А.В.Гличев, Г.Н.Солод, А.В.Субето, А.Г.Сумлов. Шет елде квалиметрияның дамуы қатты бәсекелестікке, өндірістік-фирмаларлың тұтынушы талаптарын қанағаттандыруға ұмтылысқа себептелген. Көптеген елдерде, мысалы, АҚШ-та өнім сапасының жобаға дейінгі бағалауы сапаны қамтамасыз етудің ең бір көпшілік мойындаған ұстанымы болып табылады. Квалиметрия сұрақтары 1971 ж бастап сапаны қадағалау бойынша Европалық ұйымдардың халықаралық конференциясында талқыланады.(ЕСҰ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет