Пәні: «Квалиметрия» Мамандығы: 5В073200-«Стандарттау, сертификаттау және метрология» Атырау, 2017 Жасақтаушы(лар)



бет15/158
Дата16.02.2022
өлшемі1.23 Mb.
#455425
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   158
kvalimetriya (1)

Лекция№2

Тақырыбы:

Квалиметрия принциптері(3 сағат)


    1. Квалиметрия принциптері, әдістері

    2. Индексті квалиметрия.Бағалау әдістері.Жобалық квалиметрия.Өндірістегі өнімді жіктеу.Сапа көрсеткіші номенклатурасы

    3. Тұтыну қасиетін және сапа көрсеткішін таңдау тәртібі

50 жылдар басында техникалық құрылғылардың сенімді болуын қамтамасыз ету проблемасына көп назар аударылды. Ол сенімдікті бағалау әдісінің дамуына әкелді. Бұл қасиетті бағалау үшін ықтималдылық теориясының математикалық теориясы қолданылды, ол сонымен қатар адам өмірі мен қоршаған ортаға зиянсыз нысандар үшін маңызды.

Өлшем – сәйкес өлшем бірліктер көрсеткіші.

Параметр - өлшенген физикалық көлемнің жеке құраушысы. Мысалы, айнымалы электрлі ток кернеуін өлшегенде, оның амплитудасы мен жиілігін кернеу параметрлері ретінде қарастырады.Тағы бір мысал, өнім өндіргенде оның негізгі параметрлері – сапаны параметрлік қадағалау жүзеге асырылатын қасиеттер өлшенеді. Осыдан келе, нысанның физикалық қасиеттерін параметрлер деп атауға болады.

Көрсеткіш – даму мен өзгеруді анықтауға болатын сандық мән.

Нысан сапасы оның қасиеттері арқылы көрінетіндіктен, сапаны бағалау үшін біріншіден, сапаны сипаттайтын қасиеттер тізімі, екіншіден қасиеттерді өлшеу, оның сандық мәндерін анықтау, үшіншіден берілген мәліметтерді аналитикалық түрде құру қажет. Алынған нәтиже зерттелетін нысанның сапасын сипаттай алады.

Қасиеттерді метрологиялық өлшеу этапында (жылдамдық,салмақ) орлар туралы обьективті мәліметтер алынады. Бірақ та келесі квалиметриялық этап субьективті сипатта болады. Субьективтілік – зерттелетін нысан қасиеттері туралы мәліметтер бар сапа эталоны немесе «базалық үлгіні» таңдау. Сонымен қатар, сапа деңгейі сипатының субьективтілігі мәліметтерді квалиметриялық өңдеу әдістемесінен көрінеді.

Нысанның ішкі және сыртқы қасиеттері бірлігінің сапасы туралы қазіргі заманғы мәліметтерден көретініміздей, сапаны бағалау кезінде ішкі анықтаушылық сипаттар ескеріледі, мысалы: ішкі құрылымдық деңгейі. Бірақ метрологиялық және квалиметриялық өлшеулерде тек сапаның сыртқы көрсеткіштері, тек «сапа құраушы» ескеріледі. Мұндай өлшеу толық емес нәтижеге әкеледі.

Алынған квалиметриялық нәтиже, эталон сапасына қатысты зерттелетін нысанның көрсеткіштік деңгейі – сапаның соңғы бағалауы емес, тек қана негізі. Сапаны бағалау – зерттелетін нысанның алынған сапа деңгейі тұтынушылар көзқарасына сәйкес келе ме деген сұраққа жауап.

Сапаның идеалды эталоны бәрін қанағаттандыра алмайды, өйткені әр адамның көзқарасы, тұтынуы әр түрлі. Сондықтан сапаның барлық бағалауы субьективті. Зерттелетін өнім үлгілерінің соңғы сапаны бағалау нәтижесі – сапаның жалпылай көрсеткішінің қатыстылық көлемі. Квалиметрияның басты аспектісі – сапаның априорлы бағасы – техниканың функциясы мен қиындықтарына байланысты өзінің активті дамуына ие болды. 1965 ж «Өндірістің экономикалық жағдайын күшейту және жетілдіру жобасы туралы» қаулысының қабылдануымен сапаны бағалау әдістеріне көп көңіл бөліне бастады. Сыннан өткізу кезінде бағаланатын өнім отандық және шет елдік аналогтармен салыстырылуы қажет, ол үшін лайықты әдіс болуы керек.

Айтылған жағдайлардың ғылымның бір саласына жинақталу керектігі туып, ол квалиметрия деп аталды. Бұл бірлестікті ресейлік мамандар бастады, ол 60 ж аяғында бастау алды.

Кейінгі жылдары квалиметрияның әр түрлі есептерін шешетін кепілдемесі бар бірыңғай терминология орнататын нормативті және әдістемелік құжаттардың үлкен жиынтығы жасалды.Олардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:

ГОСТ 15467-70 «Өнім сапасы.Терминдер»

ГОСТ 17341-71 «Өнім сапасы.Басқарудың негізгі түсініктері.Терминдер мен анықтамалар».

«Өндірістік өнімнің сапа деңгейін бағалау әдістемесі»- 1971ж.Кейін бұл әдістеме 1979ж «Өндірістік өнім мен сапа деңгейін бағалау бойынша әдістемелік қаулылар»-РД 50-149-79 болып қайта шығарылды.

«Сапа көрсеткіштері номенклатурасына қатысты стандарттар құрылымы,мазмұны бойынша әдістемелік қаулылар» МУ 64-76.Бұл қаулылар 8 жыл өткеннен кейін «Біртекті өнімнің номенклатурасын орнататын мемлекеттік стандарттарды жасау бойынша әдістемелік қаулылар»-РД 50-64-84 болып қайта шығарылды.Осы құжат негізінде «Өнімнің сапа көрсеткіштері жүйесі» сияқты мыңдаған стандарттар жасалды.

ГОСТ 13377-67 «Техникаға сенімділік.Терминдер мен анықтамалар».«Әдістемелік қаулылар.Техникалық құралдардың сенімділік номенклатурасын таңдау әдістемесі»-МУ 3-69.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет