Бақылау сұрақтары
Жеке көрсеткіштер мәнімен жылдық экономияның өзара байланысы неде.
Ақаулы көлем деген не.
Кәсіпорын сапа денгейін бағалау әдістемесін зерттеу мәні неде .
6 – практикалық жұмыс
Тақырыбы: Өнім сапасын басқару бойынша терминдер мен анықтамалар
Сабақ мақсаты: Сапаның жеке көрсеткіштерін есептеу және талдауын үйрету.
Өнім сапасының жеке көрсеткіштерін есептеу жолдарымен танысайық. Мысалы ретінде – мойындалған шағымдар – атты жеке көрсеткішті, және – сатуға арналған өнімді пайдалану – атты бағалау көрсеткішін аламыз. Осы бағалау көрсеткіш бірнеше жеке көрсеткіштерден тұрады. Сонын біреуі – мойындалған шағымдар – мәнін есептік мерзім ішінде келесі формуламен есептейміз:
r = Vg / V0 /1/
Vg - ақаулы көлем, V0 – жалпыөнім көлемі
Vg = Σ Vgξ /2/
Vgξ - осы көрсеткіш пайда болатын әрбір жағдайдағы ақаулы көлем.
V0 =Vd+Vg /3/
Vd - жарамды өнім көлемі
Есептеу мерзім ішінде осы жеке көрсеткіш алты рет байқалды /мұндай мәліметтер алғашқы есеп журналына алынады/. Әрбір жағдайда белгілі бір ақаулы көлем шығады.
Берілгені: Бірінші жағдайда – ақаулы көлем Vd = 2000 /алғашқы есеп журналына алынады./
Есептеу амалы: Vg = Σ Vgξ = 10+20+15+25+5+35 = 110 /ақаулы көлемнін
жалпы саны./ Енді жалпы өнім көлемін есептейміз:
V= Vd + Vg = 110+2000 = 2110
r = Vg / V0 = 110/2110 = 0, 052
Қорытынды: Есептік мерзім ішінде сатуға арналған өнімді пайдалануда мойындалған шағымдар көрсеткішінің коэффициенті 0, 052 тең болады.
Арықарай талдау жасау үшін дәл осы көрсеткішінің коэффициенті өткен жылда неше болғанын мына формуламен есептеу керек.
r = V'g /V0 /4/
V'g - өткен жылдағы ақаулы көлем, V0 – жалпы өнім көлемін өзгермейтін шама ретінде қарастырамыз, яғни ол V0 = 2110
V'g =100 /алғашқы есеп журналынана алынады/.
r = V'g / V0 = 100 / 2110 = 0,047
Өткен жылдағы жеке көрсеткіш мәні – 0,047 тең болыпты
Есептеу нәтижесін кестеге жазыңыз.
1 кесте
Сатуға арналған өнімді пайдалану
Көрсеткіш атауы
|
Жалпы көлем
|
Ақаулы көлем
|
Жеке көрсеткіш
|
Есептік мерзім
|
Өткен мерзім
|
Есептік мерзім
|
Өткен мерзім
|
Мойындалған шағымдар
|
2110
|
110
|
100
|
0,052
|
0,047
|
Қанағаттандырылған шағымдар
|
|
|
|
|
|
Сатушы кәсіпорынға таратуға тиым салу
|
|
|
|
|
|
Нормадан тыс жөндеу
|
|
|
|
|
|
Сапанын төмендеуі
|
|
|
|
|
|
Өндірілген өнім сапасы
|
|
|
|
|
|
Төменгі сапалы өнім шығару
|
|
|
|
|
|
А- тапсырмасы
Есептік мерзім ішіндегі сатуға арналған өнімді пайдаланудағы қанағаттандырылған шағымдар – атты жеке көрсеткішін – келесі формуламен есептеңіз
r = Vg / V0 /1/
Vg = Σ Vgξ /2/
V0 = Vd + Vg /3/
Берілгені: Бірінші жағдайда – ақаулы көлем Vg 10-ға тең, 2 / 15, 3 / 5
Vd = 1800
Егер V'g – 35 болса төмендегі формуламамен өткен кезендегі жеке көрсеткішті есептеу:
r = V'g / V0 /4/
Есептеу нәтижелерін 1-кестеге толтырыңыз.
Б- тапсырмасы
Есептік мерзім ішіндегі сатуға арналған өнімді пайдаланудағы – сатушы кәсіпорынға таратуға тиым салу атты жеке көрсеткішін – келесі формуламен есептеңіз
r = Vg / V0 /1/
Vg = Σ Vgξ /2/
V0 = Vd + Vg /3/
Берілгені: Vg 1/ 40 2/ 20
r = V'g / V0 /4/
Есептеу нәтижелерін 1-кестеге толтыр.
В- тапсырмасы
Есептік мерзім ішіндегі сатуға арналған өнімді пайдаланудағы – нормадан тыс кепілдік жөндеу атты – жеке көрсеткішін – келесі формуламен есептеңіз
r = Vg / V0 /1/
Vg = Σ Vgξ /2/
V0 = Vd + Vg /3/
Берілгені: Vg = 0
Vd = 3000
r = V'g / V0 /4/ формуласымен өткен кезеңдегі жеке көрсеткішті есептеу.
V'g = 5 болса
Есептеу нәтижелерін 1-кестеге толтыр.
Г- тапсырмасы
Есептік мерзім ішіндегі сатуға арналған өнімді пайдаланудағы- өнім сапасының төмендеуі: атта – жеке көрсеткішін – келесі формуламен есептеңіз
r = Vg / V0 /1/
Vg = Σ Vgξ /2/
V0 = Vd + Vg /3/
Берілгені: Vg 1/ 5 2 / 23 3/ 17
Vd = 550 болса
r = V'g / V0 /4/ формуласымен өткен кезеңдегі жеке көрсеткішті есептеу.
V'g = 30 болса
Есептеу нәтижелерін 1-кестеге толтыр.
Д- тапсырмасы
Енді соңғы екі тапсырмадағы бағалау көрсеткіші есептік мерзімде шығарылған өнімнің сапасы ішіндегі – СТП бұзылуларымен шығарылған өнім атты- жеке көрсеткішін – келесі формуламен есептеңіз
r = Vg / V0 /1/
Vg = Σ Vgξ /2/
V0 = Vd + Vg /3/
Берілгені: Vg = 1/5 2/23 3/77
Vd = 230
r = V'g / V0 /4/ формуласымен өткен кезеңдегі жеке көрсеткішті есептеу.
V'g = 55 болса
Есептеу нәтижелерін 1-кестеге толтыр.
Е- тапсырмасы
Есептік мерзімде шығарылған өнімнің сапасы ішіндегі – төменгі сапалы өнім шығару атты – жеке көрсеткішін – келесі формуламен есептеңіз
r = Vg / V0 /1/
Vg = Σ Vgξ /2/
V0 = Vd + Vg /3/
Берілгені: Vg = 1/48 2/12 3/6 4/4
Vd = 5500
r = V'g / V0 /4/ формуласымен өткен кезеңдегі жеке көрсеткішті есептеу.
V'g = 73 болса
Есептеу нәтижелерін 1-кестеге толтыр.
Достарыңызбен бөлісу: |