Операциялық бақылау - бақылаудың бұл түрі өнімнің немесе процестің орындалуы кезінде немесе белгілі бір операция аяқталған соң жүзеге асырылады. Мұндай бақылау үздіксіз жүргізілуі әрі өнім сапасын анықтайтын барлық технологиялық операцияларды қамтуы тиіс. Бақылау операциялық бақылау жүргізіліп жатқан кездегі немесе ол аяқталғаннан кейінгі технологиялық операциялар көрсетіліп, алдын ала дайындалған схема бойынша жүзеге асырылады. Операциялық бақылау бұйымның ақауы болуы мүмкін – ау деген технологиялық, аса жауапты процестер барысында міндетті түрде жүргізіледі. Жаппай өндіру кезінде бұл мәселе технологиялық процесті реттеу әдістерінің статистикалық базасы негізінде шешіледі.