Пәні: Педагогика Тақырыбы: М.Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу,оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану Орындаған



бет7/8
Дата08.12.2023
өлшемі70.33 Kb.
#485883
1   2   3   4   5   6   7   8
Тулебай.Ж КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмысты қорытындылай келе, М.Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу,оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану атты тақырыпты зерттедім. Әлемнің жазушылары мен ғалымдары жоғары баға берген адамзаттың Әуезовінің шығармашылық мұрасын бүгінгі және болашақтағы ұрпаққа таныту - әдебиеттегі маңызды мәселелердің бірі. Себебі әдебиеттегі кесек тұлға Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту мәселесі өте күрделі сала болғандықтан, терең білімпаздық пен аса ізденімпаздықты қажет етеді. Әр шығармасын оқыту үшін үлкен дайындық, терең эрудиция, үлкен жүрек пен сезім қажет. М.Әуезов шығармашылығын зерттеуші жазушы-ғалым


Т.Жұртбайдың сөзімен айтсақ: Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолының өзі қазақ мәдениетінің рухани тарихындағы құбылыс. Ол сан-салалы және жинақтай зерттеуді қажет етеді, - деп ескертеді. Жазушының шығармашылығына арналған зерттеулер негізінен жекелеген ғылыми тақырып пен жанрлық, теориялық, танымдық тұрғыда дара-дара қарастырылды. Алайда М.Әуезов шығармашылығын мектепте тұтас оқыту, жасөспірімдерге таныту, рухани жан дүниесіне бойлату мәселесі әйгілі ұстаз әдіскер Қ.Бітібаеваның еңбектеріне дейін арнайы жазылмаған. Тек М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясын оқытудың жолдары мен талдаудың түрлері белгілі әдіскер-ғалым Т.Ақшолақовтың, Қ.Тасболатұлының еңбектерінде ғана кездесетін. Осы тұрғыдан алғанда, Қ.Бітібаеваның еңбектері әдіскер ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, мектеп мұғалімдері үшін ғылыми әрі әдістемелік жағынан сонылығымен, құндылықтарымен ерекшеленетін аса қажетті еңбектің қатарынан саналады.
Адамзаттың ақыл-ойының ғұлама жазушысы Әуезов шығармашылығын қалай оқыту керек, оны жастардың бойына қалай сіңіру керек, осы мәселе әрбір әдебиетші ұстазды ойландырып келгені рас. Себебі, М.Әуезов шығармашылығын оқыту дегеніміз - үлкен көрсетіп, адамдар тағдырының шындығын суреттейді. Осыған байланысты М.Әуезов шығармашылығын оқытуды алға тартқан Қ.Бітібаева өз сөзінде былай дейді: Ұстаздар қауымы Әуезов тағлымын оқу мен тәрбие беруде тиімді пайдалануы, қажетке айналдырудың көзін тауып, қонымды жолын ізденуі керек. М.Әуезов шығармашылығын оқытудың тиімді жолдарын іздеу бүгінгі оқыту үрдісінің талап деңгейінен туындайды, - дейді
Мектепте М.Әуезов шығармашылығын оқытуды тұтастай қарастырып, іргелі еңбек жазған Қ.Бітібаева Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары атты оқу құралында:
әдебиет пәні жас жеткіншектерге жай ғана білім беріп қоймайды, ол өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің әсерін себеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет