Пәні: Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсаринның дидактикаға қосқан үлесі» Мамандығы: Орындаған: тобының студенті



бет2/8
Дата04.04.2024
өлшемі112.17 Kb.
#497621
1   2   3   4   5   6   7   8
Ыбырай Алтынсаринның дидактикаға қосқан үлесі

Курстық жұмыстың өзектілігі:Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өз-өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Дидактика (гр didaktikos - тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Ж. Баласағұн, А. Игүнеки, С. Бақырғани т.б. дидактикалық дастандарда бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Курстық жұмыстың мақсаты:Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесін зерделеу, бағасын беру болып табылады
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары пен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойылған мақсаттарына жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы. Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық» т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. Ұлы ұстаз еңбектерінде мұғалім өз шәкірттерін сүйе білуі, олардың ата-аналарын құрметтеу, тәрбиелі болуы туралы құнды пікірлер айтқан. Ыбырай Алтынсариннің ағартушы-педагог ретіндегі негізгі ұстанымы – ізглілік пен адамгершілік, гуманистік көзқарас, балаға жылы жүрекпен қарау, мұғалім мен оқушының өзара түсінікті қатынаста болуы принциптері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет