Қазіргі тілдегі бірсыпыра түбірлер -ра//ре түлгалы болып отырады. Сан жағынан бүлар аса үлкен топ та емес. Кейбір фактілерге қарағанда -ра екі түрлі аффикстің қосындысы. Мысалы, ажыра етістігі соны дәледцейді. Көне түркі тілінде адыр, соның фонетикалық бір варианты ажыр//аджыр. Онда сонғы -а негіздің ескіруімен байланысты қосылған қосымша болып шығады. Сондай-ақ, Э. В. Севортян былжыра1 етістігін қазақ тілінің фактілері негізінде былжыра түріңце жіктейді. Өйткені қазақ тілінде былжыр сын есімі бар, сонда есімді етістікке айнаддыратын қосымша -ра емес, -а. Қазақ тілінде осымен мәндес (олай болса түбірлес болуы да әбден ықтимал) былшы етістігі де бар. Бүл да байырғы түбір емес, негіз. Мағыналық жағындағы мынадан көрінеді: былшы — процесс, процестің нәтижесі — былжыр. Айырмашылық бірінде ж, бірінше ш дыбысының айтылуы. Алж>ш ауысуы түркі тілдерінде әр кез кездесіп отыратын қүбылыс. Қазақ тілінде ж-ның ш-ға ауысуы говорлар қүрамында бар.
Сонымен, қазақ тіліндегі былжыр туыңды етістіктің -р арқылы есімге айналуы, былжыра сол есімнің -ра арқылы етістікке айналуы болып шығады.
Байырғы түбірлердің біразы -ы//-і аффиксімен күрделенген. Фактілерге қарағанда, бүл аффикс арқылы күрделенгең түбірлер есімдер тобынан да, етістік тобынан да табылады. -ы аффиксі арқылы күрделенген кейбір байырғы сөздерді талдап көрейік: жоры, көне түркі тілінде: "йор — объяснить, толковать", "жор-ы. Қазақ тіліндегі негіз байырғы түбірдің мағынасын сақтап қалған. Оқы, Радлов "Сөздігінде" — "оқу — звать, приглашать, кричать, петь, читать, учиться", ал мүның өзі: "оқ — крик, голос, слово" (т. II. ч. 2). Сөйтіп бүл жердегі түлғалық өзгерістерді былай көрсетуге болады: оқ-ы: оқы+у (г)>оқу. Әрине, бүйрық рай түлғасы туынды етістіктүлғасынан барып жасалған. Жасы етістігін қырғыз тіліндегі жоошу, жоошы сөздерімен (алдыңғысы — етістік, соңғысы — сын есім) салыстыруға болар еді. Осы салыстыруды занды деп қарасақ, онда қазақ тіліндегі жасы етістігі жуас сын есімімен тарихи түбірлес болып шығады. Бүлай салыстыруға дәлел — қырғыз тіліндегі варианттың созылыңқы дауыстымен, ал қазақ тіліндегі варианттың дифтонгімен айтылуы, ақыр соңьшда үшеуінің арасындағы семантикалық байланыс. Ірі Радлов "Сөздігінде"ф — гной... — ірі~ гаить, киснуть, испортиться" (т.І. ч.2). Алғашқы түбір қазақ тілінде дербес қолданылмайды, тек туынды етістік және сонан жасалған есім түлғалары ғана айтылады. -ы түлғалы етістіктердің ішінде таты (астың түзы татыды) етістігі назар аударады. Өйткені осы туьшды түбірмен қатар тат (астан тату) етістігі де айтылады. Түбірлердің әр түрлі түлғалануы деп қарау керек. Қазақ тілінде тат (тат басты), тат (астан тат), есім, етістік омоним түбірлері бар. Сонымен, түбірлердің дамуын оның тарихи өзгерісінен бөліп қарауға болмайды. Түбір сөз қүрамындағы фонетикалық өзгерістерді ескермей түрып, оның даму ерекшеліктерін білу мүмкін емес. Фонетикалық озгерістің нәтижесінде: а) кене түбір тарихи негіздің қүрамында ғана сақталады, ә) кене түбір дербес те, тарихи негіз қүрамында да қолданылуы мүмкін. Соңғы жағдайда бүкіл сез қүрамының кенеруіне байланысты оның дербес қолданылатын тарихи сыңарымен бірдейлігін салыстыра талдау арқылы ғана байқауға болады: б) кене түбірдің тарихи езгерісін анықтау үшін дыбыс өзгерістерінің түрлерін айқындау керек.
Түбірлердің фонетикалық сипатының өзгеруі тілдің даму барысында олардың кенеруіне себеп болады. Фонетикалық езгеріске үшырап, семантикалық жағынан кенерген түбірлер, кебіне, қосымшалармен біріккен түрде орнығып қалады. Мүндай негіздер екі түрлі. Кейде байырғы түбірі де, қосымша да ез дербстігін жоғалтқан, кейде түбір дербестігін жоғалтқанмен, қосымша қазір де актив немесе керісінше түбір дербестігін сақтаған, бірақ қосымша "өліге" айналып кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |