ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



бет5/7
Дата08.07.2016
өлшемі0.99 Mb.
#185564
1   2   3   4   5   6   7


5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде.



Дәріс мазмұны:

1) Информатика пәнінің жалпы білім беру жүйесінде алатын орны



2) Информатиканың даму болашағы, даму бағыттары

3) Информатиканы оқыту кезеңдері

Орта білім беру жүйесіндегі инфорамтиканың ролі- ақпараттық білімнің ақпараттық орта мен адамның өзара қарым- қатынасын үйлестірудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын, ақпараттық технологияны қалыптастырудағы, сондай-ақ оны әлемнің жүйелік- ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.



Информатиканың даму болашағы мыналарға байланысты:

  1. пәннің жалпыбілімдік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру

  2. информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы.

Информатиканың даму бағыттары:

    • Теориялық информатика

    • Ақпараттандыру құралдары

    • Әлеуметтік информатика

Информатиканың оқыту кезеңдері: 1- кезең. 7-9 класс. Базалық курс.

2- кезең. 10-11 класс. Бағдарлы курс.



Әдебиеттер: [1] 8-13бет.[2] 32-33 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Информатика пәнін орта мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттері. Информатикадан мемлекеттік білім стандартының мазмұны мен құрылымы.



Дәріс мазмұны:

1) Информатика пәнін орта мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

2) Информатикадан мемлекеттік білім стандартының мазмұны мен құрылымы.

Информатика пәнін орта мектепте оқытудың мақсаттары:



  1. оқушылардың ақпаратты өңдеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту;

  2. оқушылардың оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде сонымен қатар, кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Информатика пәнін орта мектепте оқытудың міндеттері:

  1. оқушы санасында әлемнің ақпараттық келбетін қалыптастыру

  2. математика курсындағы алгоритмдік бағытты жүйелеу

  3. ақпарат түрлерінің қызметін ұғыну дағдысын қалыптастыру

  4. оперативті ойлау мәнерін қалыптастыру

  5. компьютерді пайдалана білу арқылы программа құрастыру, редакциялау және нәтижесін талдау дағдысын қалыптастыру.

Информатикадан мемлекеттік білім стандартының мазмұны төмендегі бөліктерден тұрады:

    • қолданылу саласы

    • нормативтік сілтемелер

    • анықтамалар мен қысқартулар

    • жалпы ережелер.

Әдебиеттер: [1] 15-19 бет, [2] 38-40 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Орта мектептегі информатика курсын оқулықпен, оқу-әдістемелік және программалық қамтамасыз ету.



Дәріс мазмұны:

1) Орта мектептегі информатика курсын оқулықпен, оқу-әдістемелік және программалық қамтамасыз ету.

2) Информатика оқулықтарына салыстырмалы талдау.
Орта мектеп дидактикасында оқыту құралдары жүйесінде пән оқулығы маңызды орын алады.

Оқулықтан кейін оқу процесін оқу- әдістемелік қамтамасыз ету оқулықпен тығыз байланысты болады. Ол оқулықтың идеясын түсіндіріп, ұғымды кеңейтіп, дамытып, оқушыларда берік білімнің, икемділіктің және дағдылардың қалыптасуындағы жалпы мақсатқа қызмет етеді. Информатика пәнін оқытудағы алғашқы оқулықтарға Ресейлік авторлар А.П. Ершов, В.М Монахов, А.Г. Кушниренко, А.Г. Гейннің оқулықтарын айтуға болады.

1998 ж. алғаш рет Қазақстанда информатиканы 7-11 кластарда оқытудың мемлекеттік білім стандарты жарыққа шықты. Бұл құжат негізінде осы кластарда информатиканы оқытудың оқу бағдарламалары шығып, сәйкес оқу- әдістемелік кешендері жасақталды. Информатика-7,8,9,10-11 оқулықтары екі тілде шығарылды. Оқулықтардың мазмұны оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға,ақпараттық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.

Әдебиеттер: [1] 16-43бет, [2] 15-18 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Информатика пәні бойынша оқытуды ұйымдастыру.



Пән бойынша оқу сабақтарын топтау.

Дәріс мазмұны:

1) Информатика пәні бойынша оқытуды ұйымдастыру.

2) Информатика пәні бойынша оқу сабақтарын топтау.

Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады.

Дидактикалық функциясы бойынша информатика пәнінен сабақ төмендегі түрлерге бөлінеді:


  • Дәріс- қандай да бір проблема бойынша ұғымды беру

  • Семинар- өтілген тақырып, бөлім бойынша білімді жалпылап, жүйелеу

  • Конференция- өтілген материал бойынша білімді тереңдетіп, кеңейту, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істей білу іскерлігін дамыу

  • Әңгімелесу- негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау

  • Кеңес- оқушы білімі мен іскерліктеріндегі олқылықтарды анықтау, оны жоюға көмек көрсету

  • Зертханалық жұмыс- оқушылардың программалық жабдықпен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру

  • Практикум- күрделі программалармен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, өз бетімен зерттеу жүргізе білу іскерлігін қалыптастыру.

Әдебиеттер: [1] 72-74бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Информатика сабағын оқыту әдістері.



Дәріс мазмұны:

1) Информатика сабағын оқыту әдістері.

2) Проблемалық оқыту.

Информатика пәнін оқытудың 5 әдісі бар:



  • түсіндірмелі-иллюстрациялы

  • программаланған

  • модельдік

  • эвристикалық

  • проблемалық

Проблемалық оқыту- дамытушылық сипаттағы оқыту, себебі оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсінуге мұқтаж болғанда ғана ойлана бастайды. Мұндай мұқтаждық проблемалап оқыту барысында жиірек туады. Демек, проблемалап оқыту барысында мұғалімге қойылатын талап- оны қашан және қалай пайдалануды анықтау.

Проблемалық оқытудың мақсаттары:

  • оқушылардың білім- білік дағдыларын қалыптастыру

  • оқушының өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

  • оқушыларға ғылым негіздерін меңгертіп қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту.

Проблемалық оқыту әдісі оқушының өзінше болжам жасауына, алгоритм құруына, танымдық қиындықтарды жеңе білуіне көмектеседі.

Әдебиеттер: [1] 75-77бет, [2] 93-100 бет.

Тақырыбы: Информатикадан оқу бағдарламасы. Күнтізбелік және сабақ жоспары.



Дәріс мазмұны:

1)Информатикадан оқу бағдарламасы.

2) Күнтізбелік және сабақ жоспарын жасау.

3) Қазіргі сабақ құрылымы.

Кез- келген мектеп пәні бойынша оқу- әдістемелік кешенінің негізгі құрамды бөліктерінің бірі- бағдарлама.



Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат болып табылады. Бұл мұғалімдер мен оқушылардың іс- әрекетін анықтайтын нормативтік құжат болып табылады.

Бағдарлама құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

  • түсініктеме

  • оқыту мазмұны

  • оқушының біліміне, біліктілігіне және дағдысына қойылатын талаптар

  • пайдаланылған әдебиеттер мен программалық құралдар тізімі.

Сабақты ұйымдастыру және өткізу түрін төмендегідей құрылымда беруге болады:

  • ұйымдастыру

  • қайталау

  • жаңа материалды өту

  • бекіту

  • бақылау

  • оқушылардың алған біліміндегі олқылықтарды толтыру.

Әдебиеттер: [1] 76-77-43бет, [2] 33-35, 144-146 бет.

Тақырыбы: Мектептегі информатика кабинеті, оған қойылатын талаптар. Оның жабдықталуы мен қызметі.



Дәріс мазмұны:

1) Мектептегі информатика кабинеті, оған қойылатын талаптар.

2) Оның жабдықталуы мен қызметі.

Есептегіш техника кабинеті (ЕТК) дегеніміз- оқу есептегіш техника комплектісімен, оқу көрнекілік құралдарымен жабдықталған «Информатика» курсы бойынша теориялық және практикалық класта, кластан тыс және факультативтік сабақтар өткізуге арналған жалпы орта мектептегі оқу- тәрбие жүргізетін орын.

Кабинеттегі оқушылардың жұмыс орны 9-12- ге дейін болады. Компьютермен практикалық сабақтар өткізу үшін класс екі ішкі топқа бөлінеді.

ЕТК-дегі дербес компьютердің орналасуына және жабдықталуына мынадай талаптар қойылады:

1.ЕТК-і табиғи жарықпен жарықталынуы керек.

2. ЕТК-і подвалда орналаспауы керек.

3. ЕТК-і шуды көп шығаратын орындардан алыс орналасуы керек. т.с.с.

Сонымен қатар ЕТК-н ұйымдастыруға гигиеналық талаптар және оқушылардың ДЭЕМ- мен жұмыс кезінде отыруына талаптар қойылады.



Әдебиеттер: [1] 47-51бет.

Тақырыбы: Информатика сабағын педагогикалық талдау. Сабақты талдау схемалары.



Дәріс мазмұны:

1) Информатика сабағын талдау

2) Талдау схемасы. (Богданов әдісі.)

2) Сабақты өзіндік талдау.

Информатика пәнінің мұғаліміне практикалық жұмыс барысында педагогикалық іс- әрекеттің барлық түрін орындауға тура келеді. Мұғалімнің педагогикалық іс- әрекеті деп, әдетте, әртүрлі әдебиеттерді (оқу бағдарламасы, оқулықтар және басқа да оқыту құралдары)- талдай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қажетті материалды жинақтап, сабақтың пәндік мазмұнын құру; сондай-ақ, өзінің жұмысын жоспарлау және оқушыларды өзінің жұмысын жоспарлай білуге үйрету, оқушылардың әртүрлі іс- әрекетін ұйымдастыра білу, оларға көмектесу және белгілі бір деңгейде оны басқару; өзінің іс- әрекетін бағалай білу және оқушыларды өз іс әрекетін бағалай білуге үйрету болып табылады.

Осыған байланысты болашақ информатика пәнінің мұғалімі практикалық іс- әрекеттің негізгі түрлерін білуі тиіс.

Сабаққа жалпыланған педагогикалық талдау жүргізудің екі әдісі: В.П. Симонов әдісі және И. М. Богданов әдісі қарастырылады.

Информатика пәні мұғалімінің сабақты өзіндік талдау схемасы беріледі. (ол 14 пункттен тұрады)

Әдебиеттер: [1] 80 бет, [2] 141-143 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Информатиканы қосымша оқытудың мақсатттары мен түрлері.



Дәріс мазмұны:

Информатиканы қосымша оқытудың мақсатттары мен түрлері.

а) Үйірме

б) Факультатив

в) Олимпиада, экскурсия

Компьютермен жабдықталған кабинеттердің болуы оқушылардың сабақтан және мектептен тыс жұмыс істеуіне көп мүмкіндіктер береді. Информатикадан жүргізілетін қосымша сабақтар оқушылардың жеке қабілетін дамытуға мүмкіндіктер береді.



Информатиканы қосымша оқытудың міндеттері:

  • информатиканы және оның қолдануларын тереңдетіп оқытуға деген оқушылардың қызығушылығын туғызып, дамыту

  • ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру

  • информатика мен ЭЕМ-ді қолдану саласында мектеп оқушыларының еңбекке, мамандық алуға дайындығын қамтамасыз ету

  • оқушылардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру

Мектеп оқушыларымен информатика пәні бойынша жүргізілетін кластан тыс жұмыстар дәстүрлі үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиадалар түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жұмыстардың өзіне тән ерекше түрлері де болады. Оларға компьютерлік клубтар, жас программалаушылар мектебі, мектептен тыс (ақылы курс) жұмыстармен ұштасатын арнаулы дайындық түрлерін де жатқызуға болады. Оған математика мен физиканы тереңдетіп оқытатын кластар мен мектептерді де айтуға болады.

Әдебиеттер: [1] 43-47 бет.

Тақырыбы: Информатиканы оқытуда ППҚ-ны қолдану әдістемесі (демонстрациялық, үйретуші, бақылаушы программалауды қолдану).



Дәріс мазмұны:

Информатиканы оқытуда ППҚ-ны қолдану әдістемесі

а) демонстрациялық,

б) үйретуші,

в) бақылаушы программалар

Педагогикалық программалық құралдар (ППҚ)- курстың белгілі- бір тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу программасында көрсетілген практикалық дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. ППҚ информатиканы оқытудың тиімділігі мен сапасын арттыруда үлкен роль атқарады.

Олар мынадай түрге бөлінеді: демонстрациялау, үйрету (оқыту), жаттықтырушы, ойын және бақылау программалары.

Демонстрациялау программалары оқу құралының кейбір бөліктерін көрнекі етіп көрсету үшін қолданылады.

Үйрету (оқыту) программалары оқушыға нақты білім беру процесін жүзеге асырады.

Жаттықтырушы программалар жаңа түсініктер мен іс- әрекет жасау қабілетін бекітеді және оны шыңдай түседі.

Бақылау программалары сынақ программаларының арнаулы түрі болып табылады және оқушылардың алған білім деңгейін бақылауды жүзеге асырады.

Ойын программалары оқудың ынталылығын арттыруды жүзеге асырады.

Әдебиеттер: [1] 81-88бет.

Тақырыбы: Мультимедиалық технологиялар. Электрондық оқулықтар.



Дәріс мазмұны:

1)Мультимедиалық технологиялар.

2) Электрондық оқулықтар. Оларға қойылатын негізгі талаптар.

Жаңа ақпараттық технологиялар пайда болмастан бұрын эксперттер көптеген тәжірибелерді жүргізіп, материалды игеру мен қандай да бір уақыт өткеннен кейін алған білімді еске түсіру қабілеті арасында байланысты анықтады. Егер материал дыбыстық болса, онда адам оның ¼ - ін еске сақтайды. Егер материал визуальді болса, онда

1/3 – ін игереді.Әсерді біріктірген кезде (көру және тыңдау) материалдың жартысын игереді, ал егер де адам оқу процесі кезінде белсенді әрекет етсе, онда материалды игеру 75% - ға дейін артады.

Сонымен, мультимедиа дегеніміз мәтін, қозғалмайтын бейнелер (суреттер, фотолар), қозғалатын бейнелер (мультипликация және видео) және дыбыс (сандық және MIDI) сияқты ақпаратты берудің бірнеше әдістерін біріктіруді және интерактивті өнімге айналдыруды білдіреді.

Электрондық оқулық – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұны көрсетілген, магниттік тасымалдаушыларда орналасқан, оқытып үйрететін, тексеретін, модульдейтін және т.б. бағдарламалар жиынтығы.

Білім берудің кез келген саласында «электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Қазір мектепте информатика,физика, математика, адам және қоғам, биология, қазақ тілі, музыка пәндерінен электрондық оқулықтарды барлық пән мұғалімдері өз сабақтарына қолдана бастады. Соның нәтижесінде оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.

Әдебиеттер: [1]-[7]

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Оқыту нәтижесін бағалау мен тексеруді ұйымдастыру.



Дәріс мазмұны:

1) Оқыту нәтижесін бағалау мен тексеруді ұйымдастыру.



2) Оқушыны бағалау критерийлері.

3) Тексеру түрлері. (ағымдық, тақырыптық, қорытынды).

4) Компьютер білімді тексеру құралы ретінде.

Оқушылардың білімін бақылау, тексеру олардың алған білімді игеруі оқу сапасы туралы ақпарат алу үшін өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады, яғни тақырыптық бақылау, тараулар бойынша жиі-жиі бақылау, қорытынды бақылау.



Тақырыпты бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Оқытушы жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырып отырады.

Тараулар бойынша жиі-жиі бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау барысында өткізіледі.

Қорытынды бақылау жыл аяғында өткізіледі. Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және практикалық білімдері тексеріледі.

Бақылау әдстеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады.



Тест дегеніміз өте күрделі педагогикалық құбылыс болып табылатын білімді игеру және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мәселелерін бағалауға математикалық әдістерді қолдана білудің ең қолайлы формасы болып табылады.

Тесттер оқушының білім дәрежесін анықтау ісінде субъективтік элементтің болмауын қамтамасыз ете алады. Тесттерді қолдану оқушылардың нақтылы мәселелер бойынша білім деңгейін, сол сияқты оларда іскерлік пен дағдының жекелеген түрлері қалыптасуы дәрежесін сипаттайтын мейлінше ауқымды материалды тез арада есептеу және саралау шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

В.П.Беспалько тест тапсырмаларын білімге қойылатын талаптарға сәйкес тест деңгейлерін жасаған:

1 - деңгейдегі тестілер оқушылардың жалпы түсінігін тексеруге арналған тапсырмалар. Бұл деңгейде оқу процесінде берілген жалпы ақпараттар, яғни теорияның негізгі мәселелерін білуін тексеру.

2 - деңгейдегі тестілер оқушылардың бұрынғы алған білімдерін есте сақтап, оны жауап беруде қолдана білуін тексеру.

3 - деңгейдегі тестілер, яғни оқушылардың бұрын алған білімдерін практикада қолдана білуін тексеру.

4 - деңгейдегі тестілер оқушылардың бұрынғы алған білімдері мен біліктілігінің арқасында, жаңа, тың идеялар қалыптасуын анықтауға арналған тапсырмалар, яғни оқушы өзіне таныс емес қиын тапсырманы орындау үшін бұрынғы алған білімдерін пайдалана білуі керек.

Әдебиеттер: [1]-[7]

Тақырыбы: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын информатиканы оқыту үрдісіне пайдаланудың әдістемелік негіздері.



Дәріс мазмұны:

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын информатиканы оқыту үрдісіне пайдаланудың әдістемелік негіздері.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының дидактикалық, педагогикалық, психологиялық негіздемесі С. Рубинштейн, Л.С. Выготский, Ю.К. Бабанский, Б.П. Беспалько т.б. ғалымдардың ғылыми- теориялық идеяларына негізделіп жасалған.

Оқытудың жаңа технологиясы бойынша, деңгейлеп саралап оқытуды жүзеге асыру үшін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы әңгімелесуші- оқулықтар және оларға берілген қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар жазылған жұмыс дәптерлері болу керек.

Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы информатика пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады:



бірінші деңгейдегі тапсырмалар:

    1. үлгі бойынша орындалатын

    2. тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және күнделікті өмірмен байланысты болуы керек.

екінші деңгейдегі тапсырмалар:

1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар.



үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар:

  1. танымдық- іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.

төртінші шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар:

1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесінен қалыптасқан ұғым-түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке тұлғасының икемділігін байқататаын дүние жасап шығуына негізделген.



Әдебиеттер: [2] 53-66 бет.

Тақырыбы: Бастауыш мектептегі информатиканың кіріктіріліп (пропедевтика) оқытылуы.



Дәріс мазмұны:

1) Бастауыш білім мазмұны

2) Бастауыш мектепте информатиканы оқыту стандарты

3) Информатиканың пропедевтикалық курсының құрылымы

Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту және компьютерді бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мәселесі - көптен бері шешімін таппай жүрген, әлі зерттеліп жатқан әлемдегі өзекті проблемалардың бірі.

Компьютер бастауыш білім беру жүйесінде 80- жылдардан бері пайдаланылып келеді. Көптеген елдерде компьютерді бастауыш мектепке енгізу басталғаннан-ақ мемлекет тарапынан қадағаланып отырды.

Бастауыш саты- кіші мектеп жасындағы балалар үшін бастауыш білім беретін оқу- тәрбие ошағы. Ол білім берудің оқушы бойында тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуы қуатты жүретін, жоғары буындармен сабақтаса дамитын және кез- келген арнайы білім алудың негізі қаланатын құнды сатысы.

Бастауыш сатыда информатика негіздерін оқытудың негізгі мақсаты- бастауыш сынып оқушыларын жан- жақты дамыту, яғни, психологиялық, биологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, педагогикалық және ақпараттық тұрғыдан төменгі сатыдан жоғарғы сатыға көшуін жетілдіру.

Информатиканы бастауыш мектепте оқытудың мемлекеттік стандартының жобасы 2004 жылы ұсынылды. Бұл стандарт бойынша бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға бағытталған:


  • ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру

  • интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық- жігерлік сапаларын, қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту

  • оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.

Сонымен қатар, бұл стандартта бастауыш кластағы негізгі білім бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы, бастауыш мектепті бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар тұжырымдалған.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

Тақырыбы: 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымы, оның базалық мазмұны.



Дәріс мазмұны:

1) 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымы, оның базалық мазмұны.

2) Информатиканы оқытудың жоспарланған нәтижесі, оқу процесін ұйымдастыру нормасы.

12-жылдық мектептегі оқу үрдісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Білім беру үрдісі базалық және вариативтік білім беру мазмұнының үйлестірілуін, білім нәтижелерінің алынуын қамтамасыз ететін оқытудың репродуктивті, өнімді және зерттеу технологияларының оңтайлы пайдаланылуын ескере отырып құрылады.

Білім беру процесі мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты мұғалім мен оқушы іс-әрекетін қамтиды

Оқыту үрдісін ұйымдастыру негізінде мынадай тәсілдер жатады:

- тұлғаға бағдарланған;

- іс-әрекеттік;

- құзыреттілік;

- денсаулық сақтау.



Жалпы орта білім берудің жалпы оқу ұзақтығы мен үш деңгейі белгіленді: 12 жыл: 5+5+2

I-деңгей–бастауыш білім беру. (1 – 5 сыныптар). Оқытуды бастау жасы – 6 жас. Оқыту ұзақтығы – 5 жыл.

Бастауыш білім берудің негізгі мәні – білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту.

Бастауыш мектептегі оқу әрекетін ұйымдастыру бастауыш білім берудің оқу, жазу, санау, негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша білім, білік және дағдылардың қажетті жүйесін игертумен қамтамасыз етеді.

II - деңгей - негізгі орта білім беру.(6 – 10 сыныптар) Оқыту ұзақтығы – 5 жыл.

Негізгі орта білім берудің негізгі мәні – игерген білім, білік, дағды мен әрекеттердің базалық тәсілдеріне негізделген базалық мәдени деңгейі мен дүниетанымын қалыптастыру.

Негізгі орта мектепте оқу әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Оқушыларды болашақ кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдық қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындық енгізіледі.

Негізгі орта мектеп міндетті базалық деңгей болып табылады және базалық білім беру бағдарламаларын аяқтауды және негізгі орта білім берудің негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қорытынды аттестациямен аяқталады.

ІІІ деңгей - жалпы орта білім беру (11 – 12 сыныптар – бейіндік мектеп) Оқыту ұзақтығы – 2 жыл.

Жалпы орта білім берудің негізгі міндеті – саналы түрде кәсіби және азаматтық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік туғызатын негізгі құзыреттіліктерді игеруін, сондай-ақ жеке білім алу қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Оқушының бейімділіктері мен қабілеттерін есепке ала отырып, білім беру траекториясын барынша даралау мақсатында бейіндік оқыту енгізіледі.

Бейіндік оқыту жаратылыстану-математика, әлеуметтік- гуманитарлық, технологиялық бағыттары бойынша жүзеге асырылады.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Информатиканың базалық курсында ақпарат ұғымын оқыту әдістемесі.

Дәріс мазмұны:

1)Ақпаратты анықтаудың әдістемелік проблемалары

2) Ақпаратты өлшеу

Ақпарат ұғымы информатика курсының басты ұғымы болып табылады. Бұл тақырыптың негізгі сұрақтары:



  • ақпаратты анықтау

  • ақпаратты өлшеу

  • ақпаратты сақтау

  • ақпаратты беру

  • ақпаратты өңдеу

Ақпарат ұғымы субъективті және кибернетикалық тұрғыдан анықталады.

Ақпаратты өлшеуді кибернетикалық(алфавиттік) тұрғыдан қарастыру төмендегі сұрақтардан тұрады:



  • алфавит және оның қуаты

  • алфавиттегі символдың ақпараттық салмағы

  • ақпарат өлшемдері: бит, байт, кбайт, мбайт, гбайт.

  • ақпарат ағынының жылдамдығы

Әдебиеттер: [1],[3],[4], [6] 124-158 б.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Ақпараттың қасиеті, өлшем бірліктері, ақпараттың берілу тәсілдері.



Дәріс мазмұны:

1) Ақпаратты өрнектеу тәсілдері.

2) Санау жүйелері.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:



  • адам қабылдайтын симводық және образдық ақпарат

  • тіл- символдық ақпаратты өрнектеу тәсілі

  • табиғи және формальды тілдер

  • формальды тіл және пәндік аймақ

Сандарды өрнектеу тілі: санау жүйелері. Тақырып сандардың математикалық теориясына тікелей қатысты. Бұл тақырып бойынша төмендегілер қарастырылады:

  • позициялық және позициялық емес санау жүйелері

  • позициялық санау жүйесінің негізгі ұғымдары: негізі, алфавит.

  • Сандарды бір жүйеден екіншіге аудару

  • екілік арифметиканың ерекшелігі

  • екілік және он алтылық жүйе арасындағы байланыс

Әдебиеттер: [6] 160-173 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Логика тілі және оның информатиканың базалық курсында алатын орны



Дәріс мазмұны:

1)математикалық логиканың негізгі ұғымдары

2) Электрондық кестедегі және программалаудағы математикалық логика

Логика бір пікірдің ақиқаттығы не жалғандығы негізінде басқа пікірдің ақиқаттығы не жалғандығын орнату әдістерін зерттейтін ғылым болып табылады. Информатика курсы шеңберінде оқушыларды математикалық логика элементтерімен таныстыру келесі аспетіде жүзеге асады:

  • процедуралық-алгоритмдік

  • логикалық программалауда

  • схемотехникалық

Тақырыпты оқыту төмендегі сұрақтарды қамтиды:

  • логикалық шамалар, операциялар, өрнектер

  • деректер қоймасындағы математикалық логика

  • электрондық кестелердегі математикалық логика

  • программалаудағы математикалық логика

Математикалық логиканың негізгі ұғымдары: пікірлер, логикалық шамалар, тұрақтылар, өрнектер, операциялар (терістеу, дизъюнкция, конъюнкция, импликация, эквиваленттілік), логикалық формулалар.

Әдебиеттер: [1] 16-43бет, [2] 15-18 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: ЭЕМ архитектурасы ұғымын ашудың әдістемелік негізі



Дәріс мазмұны:

1)ЭЕМ- нің негізгі құрылысы және программалық басқару принципі

2) ЭЕМ жадысы

3) ДК архитектурасы

Информатика курсында компьютер құрылғысы оның архитектурасы деңгейінде оқытылады.Архитектура деп техникалық сипаттамасын толық қарастырмай (электрондық схема, конструктивті детальды т.б.) ЭЕМ- нің құрылысы мен жұмыс принципін сипаттауды айтады.

Тақырыпты оқытуда төмендегі сұрақтар қарастырылады:


  • ЭЕМ- нің негізгі құрылысы

  • Программалық басқару принципі

  • ЭЕМ жадысының түрлері

  • Ішкі жадыны ұйымдастыру

  • Сыртқы жадыны ұйымдастыру

  • ДК архитектурасы

Әдебиеттер: [6] 197-214 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Оқушыларда ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз ету түсінігін қалыптастыру әдістемесі



Дәріс мазмұны:

1)ПҚ классификациясы

2) Қолданбалы ПҚ

3) Жүйелік ПҚ

4) Операциялық жүйенің негізгі функциялары

Информатиканың базалық курсы бойынша барлық оқулықтарда программалық қамтамасыз ету тақырыбы қарастырылады.

Тақырып бойынша төмендегі сұрақтар қарастырылады:


  • ЭЕМ- ді программалық қамтамасыз етудің мәні

  • ЭЕМ- ді ПҚ классификациясы

  • Қолданбалы ПЖ

  • Программалау жүйесінің қызметі

  • Операциялық жүйенің негізгі функциялары

  • файлды ұйымдастыру туралы алғашқы ұғымдар

Оқушыларға қазіргі заманға компьютердің аппараттық бөліктен (техникалық құрылғылар) және ақпараттық бөліктен (программалық қамту) құралған екі біртұтас жүйеден тұратынын түсіндіру негізгі педагогикалық міндет болып табылады. Олар hardward & software – қатты және жұмсақ компонент терминдерін білуі керек.

Қоданбалы және жүйелік ПЖ қарастырылады. Жүйелік ПЖ- ның негізгі бөлігі операциялық жүйе және оның функциялары қарастырылады.



Әдебиеттер: [6] 214-231 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Информатиканың базалық курсында алгоритмдеу негізін оқыту әдістемесі.



Дәріс мазмұны:

1) алгоритм ұғымын енгізу әдістемесі

2) Алгоитмнің қасиеттері

3) алгоритмнің негізгі құрылымдары

Алгоритм тақырыбын оқытуда келесі ұғымдар беруіледі:алгоритм, оның қасиеттері, алгоритмді орындаушы, орындаушының командалар жүйесі, алгоритмнің формальды орындалуы, негізгі алгоритмдік конструкциялар, көмекші алгоритмдер.

Мектеп курсында алгортмді оқыту екі аспектіні көздейді: оқушының алгоритмдік ойлауын дамытуды көздейтін дамытушылық аспект, екінші- программалаушылық аспект.

Алгортм ұғымын беру төмендегі сұрақтарды ашудан тұрады:



  • алгоритм анықтамасы

  • алгортитм қасиеті

  • алгоритмдік есеп типтері

Неізгі алгоритмдік констпукциялар беріледі: сызықтық, қайталану және тармақталу. Бұл конструкцияларды қолданып блок- схема және алгортим құруға есептер шығару көзделеді.

Әдебиеттер: [6] 267-296 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Информатиканың базалық курсында программалау элементтерін оқыту әдістемесі.



Дәріс мазмұны:

1)программалаудың пәндік аймағы; программалау парадигмалары

2) программалау тілін оқытудың әдістемелік сұрақтары

ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етуді көздейтін Информатиканың бөлімі программалау деп аталады.

Программалаудың негізгі парадигмаларына төмендегілер жатады:


  • процедуралық программалау (Паскаль, Бейсик, Фортран, Си, Ассемблер)

  • логикалық программалау (Пролог)

  • функционалдық программалау (Лисп)

  • объектілі- бағдарлы программалау (Дельфи, Си++)

Оқушыларға программалау жүйесіне тән келесі жұмыс режимдері түсіндіріледі:

  • программа мәтінін редакциялау режимі

  • компиляциялау режимі

  • орындау режимі

  • файлмен жұмыс режимі

  • көмек режимі

  • программаны түзету режимі

Әдебиеттер: [6] 296-312 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: “Компьютерлік модельдеу тақырыбын оқыту әдістемесі мен технологиясы.



Дәріс мазмұны:

1)Модель, элементтері, модель типтері.

2)Компьютерлік модельдеу технологиясы.

3)Модельдеу бағдарламасын қолданып, зертханалық сабақты өткізу әдістемесі.

Бұл тақырыпты оқыту келесі сұрақтарды ашудан тұрады:



  • базалық курстағы модельдеудің орны

  • модель ұғымы ; ақпараттық модель типтері

  • формализация деген не

  • ақпараттық модельдің кестелік формасы

Модель ұғымын беруді оқушыға әңгіме түрінде жүргізуге болады. Информатика ақпарттық модельді зерттейді.

Оқушыға модельдің анықтамасы беріледі. Модель түрлері қарастырылады.



Әдебиеттер: [6] 231-265 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесі мен технологиясы. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы.



Дәріс мазмұны:

1)Ақпараттық технология жүйесі

2) Мәтіндік редакторлар

2) Жұмыс жасау режимдері, командалары

Бұл тақырып базалық курстағы «Ақпараттық технология» саласындағы алғашқысы болып табылады. Мәтіндік ақпараттық технологиялар практикада жиі қолданылады. Мәтіндік ақпарат жасау процесінде пернетақта, ЭЕМ жадысы сияқты компьютердің негізгі құрылғылары қатысады. Тақырып аясында оқушылардың ЭЕМ- нің түрлі аппараттық компоненттермен практикалық жұмыс дағдысы қалыптастырылып, оның құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы білімі тереңдетіледі. Блокнот, WordPad,MS Word мәтіндік редакторлары қарастырылады. Мәтіндік редактор келесі әдістемелік схемада беріледі:



  • деректер, мәтіннің құрылымдық бірлігі

  • МР ортасы

  • МР жұмыс істеу режимі

  • Командалар жүйесі

Әдебиеттер: [6] 314-320 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Графиктік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы.



Дәріс мазмұны:

1)компьютерлік графиканың қолданылу аймағы

2) Гр. редактор режимдері , жұмыс істеу командалары

Бұл тақырып компьютерлік ақапараттық технологияның бір аймағы- графиктік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясына жатады. Компьютерлік графика ЭЕМ қолданылуның жаңа саласы екенін айтып өту керек.

Компьютерлік графика бөлінеді: ғылыми графика, іскерлік графика, конструкторлық графика, иллюстративті графика, көркем және жарнамалық графика, компьютерлік анимация.

Компьютерлік графика ақпарараттық технологияның оқушының тек есту ғана емес, нақты көргісі келетін аймағы. Сондықтан оқушыларға компьютерде әсем суреттер, схемалар, чертеждер, диаграммадар, анимациялық және үш өлшемді графика сияқты түрлі компьютерлік өнімдерді демонстрациялау қажет. Базалық курста Paint қарапайым график редакторы оқытылады. Ол төмендегі тақырыптар бойынша түсіндіріледі:



  • Графиктік редактор ортасы

  • Жұмыс режимі

  • ГР командалар жүйесі

Оқушылар қарапайым сурет салып, оны редакциялауды меңгереді.

Әдебиеттер: [6] 322-327 бет

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Желілік ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесі.



Дәріс мазмұны:

1) Жергілікті желі, ұйымдастыру және қызметі

2) Ауқымды желі

3) Интернет, электрондық почта

Компьютерлік телекоммуникация ақпараттық технологияның неғұрлым динамикалық дамып жатқан салаларының бірі.Сондықтан бұл тақырыпты оқытудың тиімділігі оқушылардың компьютерлік желімен практикалық жұмысын ұйымдастыруға тәуелді.Тақырыптың мазмұныкомпьютерлік желінің төмендегі екі типіне байланысты екіге бөлінеді:



  • жергілікті желі

  • ауқымды желі

Бұл тақырып бойынша оқушыларға төмендегі сұрақтар оқытылады:

  • жергілікті желі, оны ұйымдастыру және қызметі

  • Мектеп ДЕЭМ-нің жергілікті желісі

  • ауқымды желіні ұйымдастыру

  • АЖ-нің ақпараттық қызметі

  • желінің аппараттық құралдары

  • Интернет деген не

  • Internet және World Wide Web ақпараттық қызметі

Әдебиеттер: [6] 327-340 бет

1 кредит сағат.

Тақырыбы: «Деректер қоймасы және ақпараттық жүйелер» тақырыбын оқыту әдістемесі



Дәріс мазмұны:

1) ДҚ және ақпараттық жүйелердің қолданылу аймағы

2) Реляциялық ДҚ классиф-сы, құрылымы, элементтері

Тақырыпты оқытуда төмендегі сұрақтар қарастырылады:



  • Ақпараттық жүйе мен деректер қоймасының қолданылу аймағы

  • ДҚ классификациясы

  • Реляциялық ДҚ құрылымы (РДҚ)

  • РДҚ элементтері: негізгі кілт, өрістің аты, мәні және типі

  • ДҚБЖ (СУБД) мәні, ДҚБЖ- нің жұмыс режимі

  • Деректерді іздеу және сұраныс

  • Деректерге сұраныс және жою

  • Деректерді сорттау

Әдебиеттер: [6] 340-351 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: «Электрондық кестелермен жұмыс» тақырыбын оқыту әдістемесі



Дәріс мазмұны:

1) Электрондық кестелердің қолданылу аймағы

2) ЭК ортасы,жұмыс режимі

3) Командалар жүйесі және ұяшық мәліметтері

Бұл тақырыпты оқытуда қарастырылатын сұрақтар:



  • ЭК қолданылу аймағы

  • Кестелік процессордың ортасы

  • Кестелік процессордың жұмыс режимдері

  • Командалар жүйесі

  • ЭК ұяшығындағы деректер

  • ЭК адресациялау әдісі

Оқушыларға ЭК келесі функциялары түсіндіріледі:

1. Есептеу орындау

2. Математикалық модельдеу

3. ЭК-ні деректер қоймасы ретінде қолдану



Әдебиеттер: [6] 352-360 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Мектептің жоғарғы буынында информатиканың программалауға бағдарланған кәсіби курсы



Дәріс мазмұны:

1) Құрылымдық программалауды оқыту әдістемесі

2) Объектілі- бағдарлы программалауды оқыту әдістемесі

Кәсіби курстың міндеті мен мақсатытөмендегідей:



  • әр оқушының қызығушылығын есепке алады

  • оқушының дайындық бағытын ескеру

  • ғылыми дүниетаным негізін қалыптастыру

  • оқушының ойлауын дамытуға мүмкіндік береді

  • оқушыны білімді жалғастыруға бағытталған практикалық еңбекке дайындау

  • компьютермен мен жұмыс істеуі дағдысын дамыту

Мектеп курсында жаратылыстану- математикалық бағытта білім алатын оқушыларға программалау тілі тереңдетіліп оқытылады. Оның екі түрі бар:

1) Құрылымдық программалау тілі (Бейсик, Паскаль, Си)

2) Объектілі- бағдарлы программалау ( Visual Basic, Delphi)

Осы тілдерді оқыту әдістемелері қарастырылады.



Әдебиеттер: [6] 456-486 бет.

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Гуманитарлық бағдарланған информатиканың кәсіби курсы



Дәріс мазмұны:

Гуманитарлық бағдарланған информатиканың кәсіби курсының мазмұны, оқыту әдістемесі

Бұл курсты негізі төмендегі пункттерден тұрады:



  • Курс гуманитарлық мектепке дағдарланған информатиканың базалық курсының жалғасы болып табылады

  • Курс тар ммандандырылған болып табылмайды. Курстың негізгі мақсаты:жалпы білім берушілік және дамытушылық

  • Курстың білім берй аймағы – гуманитарлық. Ол келесі мамандықтарға бағдарланған: филология (орыс, қазақ және шет тілдері пәндері ), қоғамтану (тарих, қоғамтану, география, экономика пәндері)

Келесі тақыптарды оқытудың әдістемесі қарастырылады:

  • Информатикаға кіріспе

  • Ақпаратты жүйелеу

  • Компьютерлік желілердің ақпараттық ресурстары

  • Ақпараттық жүйелер және деректер қоймасы

  • Жоспарлау мен басқарудың ақпараттық моделі.

Әдебиеттер: [6] 532-560 бет.
6. Зертханалық жұмыстардың жоспары.




Тақырыбы

Зертханалық жұмыс мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Ақпараттың қасиеті, өлшем бірліктері, ақпараттың берілу тәсілдері.

Ақпараттың қасиеті, өлшем бірліктері, ақпараттың берілу тәсілдері.

1

[1],[3],[4]

[6] 124-158 б.



2

Сандарды бір санау жүйесінен 2- жүйеге көшіру. Әртүрлі санау жүйесіндегі сандарға арифметикалық амалдар қолдану

1)Сандарды бір санау жүйесінен 2- жүйеге көшіру.

2)Әртүрлі санау жүйесіндегі сандарға арифметикалық амалдар қолдану



2

[9] 13-27

[15] 28-32бет




3

Логика тілі және оның информатиканың базалық курсында алатын орны

Негізгі логикалық элементтер. Логикалық операциялармен жұмыс

3

[9] 31-35 бет

4

ЭЕМ архитектурасы ұғымын ашудың әдістемелік негізі

ЭЕМ архитектурасы ұғымын ашудың әдістемелік негізі

4

[13] 17-31 бет

5

Оқушыларда ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз ету түсінігін қалыптастыру әдістемесі

1)ПҚ классификациясы

2) Қолданбалы ПҚ

3) Жүйелік ПҚ

4) Операциялық жүйенің негізгі функциялары



5

[15] 113-154 бет

6

Информатиканың базалық курсында алгоритмдеу негізін оқыту әдістемесі.

Информатиканың базалық курсында программалау элементтерін оқыту әдістемесі.

6

[14] 41-116 бет

7

Информатиканың базалық курсында программалау элементтерін оқыту әдістемесі.

Программалау тілдерін оқыту әдістемесін жасау.

7

[15] 225-229;

230-235



8

“Компьютерлік модельдеу” тақырыбын оқыту әдістемесі мен технологиясы.

Модель түрлері. Модель жасаудың негіздері

8

[14] 148-181 бет


9

Оқушыларға мәтіндік ақпаратты өңдеу жүйелерін оқыту әдістемесі

1)Мәтіннің орнын ауыстыру және көшіру, бетті нөмірлеу

2) Мәтіндік құжаттарды ашу, өңдеу



9

[9] 112-148 бет

[12] 70-88 бет




10

Графиктік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы.

1)Графиктік ақпараттың мүмкіндіктері

2)Заттардың симметриялылығы



10

[15] 175-181 бет


11

Желілік ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесі.

Электрондық почтамен жұмыс істеу режимдері

11

[12] 57-60 бет

[13] 249-268 бет




12

«Деректер қоймасы және ақпараттық жүйелер» тақырыбын оқыту әдістемесі

1)Өріс типтері

2)Деректер қоры элементтерімен амалдар жасау



12

[12] 138-159 бет

13

«Электрондық кестелермен жұмыс» тақырыбын оқыту әдістемесі

1)Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдары

2) Excel программасының графиктік мүмкіндіктері



13

[12] 104-128

14

Мектептің жоғарғы буынында информатиканың программалауға бағдарланған кәсіби курсы

Программалауға электрондық оқулық құру

14

[15] 230-235 бет


15

Гуманитарлық бағдарланған информатиканың кәсіби курсы

Гуманитарлық бағдарланған информатиканың кәсіби курсы бойынша сабақ жоспарын құру

15

[6] 532-560 бет



7. Пәнді оқыту жөнінде әдістемелік нұсқаулар.

Пәнді оқыту негізінен дәріс, зертханалық, өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Сабақтың бұл түрлерінің барлығы студенттерді қазіргі талапқа сай информатика курсынан терең білімі бар жоғарғы дәрежелі маман болуға дайындауды жүзеге асыруды көздейді.

Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі, зертханалық сабақта теория практикамен ұштасып, студенттер мектеп Информатика курсы тақырыптары бойынша компьютерде түрлі зертханалық жұмыстар жасайды.

Дәрісте пәннің алатын орны, пәнді оқыту кезеңдері, оқыту мақсаттары мен міндеттері ашып көрсетіледі. Информатика сабағының түрлері , оны оқытудың тиімді әдістері жөнінде теориялық материал беріледі.

Студент Информатика пәнінен мемлекеттік стандарт құрылымын, оқу бағдарламасын қолдануды меңгереді. Күнтізбелік жоспар мен сабақ жоспарын жасау іскерлігі мен біліктілігіне үйренеді.

Оқытушы басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының теориялық қосымша сұрақтары талданады, сынып немесе тарау, тоқсан бойынша күнтізбелік жоспар жасалып, сабақ жоспары дайындалады. Оқушының өзіндік танымдық іс- әрекетін қалыптастыру негізгі міндет болып қойылады. Оқушының өзіндік танымдық іс- әрекеті деп олардың компьютерде жұмыс істеу барысында өздігінене жоспарлау, бағдарлау, тексеру және қорытынды жасау сияқты шығармашылық ойлау қабілетін талар ететін әрекеттер тізбегі түсініледі. Осы айтқан тұжырымға сай оқушының өзіндік танымдық іс- әрекетін арттыруда мұғалімнің жасайтын жұмысының мақсаты оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты болатынын жүргізілген практикалық жұмыстар нәтижесінде, яғни келесі мәселелер негізінде анықталатыны студенттерге меңгертіледі:



  • өтілген материал мен өтілетін материалдың арасындағы

байланысты әр түрлі мысалдар беру арқылы оқушы білімін толықтыру

  • оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мақсатында олардың оқыту үрдісіндегі белсенділігін арттыру

  • оқушыға берілетін теориялық білімді күнделікті өмірмен байланыстыра оқыту арқылы өз бетімен білім алып, білім деңгейлерін кеңейту дағдыларын қалыптастыру

  • оқушының шығармашылық қабілетін компьютер көмегімен дамытуға мүмкіндік беретін практикалық білім дағдыларымен қамтамасыз ету.

Информатиканы оқытудың сапасын арттыру үшін педагогикалық технологиялардың ішіндегі тиімділерін таңдап, анықтай білу- әрбір информатика мұғалімінің негізгі міндетіне айналу тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыру студенттер сабақ жоспарын құрастырып, ол бойынша сабақ беруді жүзеге асырып, сабақ берудің түрлі әдістерін үйренеді.

Информатикадан кластан тыс шаралардың жоспарын жасап, оны өткізу іскерлігі дамытылады.

Сабақты талқылау, өзіндік талқылау дағдылары мен ісерліктері қалыптастырылады. Студенттердің білімін тексеру практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, тестілеу түрінде ұйымдастырылады. Пән қорытындысы бойынша шығармашылық жұмыста мектеп курсының Информатика пәні бойынша 1 тарау не 1 тақырып бойынша компьютерлік бағдарлама жасау жүзеге асырылады.

8. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ

САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Зертханалық жұмыстартар орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар.

Информатиканы оқыту әдістемесі курсында зертханалық жұмыс нәтижесінде студенттер информатиканы оқыту әдістемесін жалпы меңгереді. Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгендіктен курсты менгеріп шыққанда оқытудың дидактикалық жүйесі қалыптасады. Зертханалық жұмыстарды орындау жалпы курс болғандықтан, семинар түрінде өткізіледі.

Пән бойынша зертханалық жұмыстар жасауда “Информатиканы оқыту әдістемесі ” оқу- әдістемелік құралы қолданылады. (№2 оқу залы)

Зертханалық жұмысты орындағанда студент жұмысын дәптерге орындап талдау және сәйкесінше балдарын алады.


Зертханалық жұмыс №1.

Тақырыбы: Ақпараттың қасиеті, өлшем бірліктері, ақпараттың берілу тәсілдері.

Тапсырма: Ақпараттың қасиеті, өлшем бірліктері, ақпараттың берілу тәсілдерін жазып, талдау жүргізу

Зертханалық жұмыс №2.

Тақырыбы: Сандарды бір санау жүйесінен 2- жүйеге көшіру. Әртүрлі санау жүйесіндегі сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Тапсырма: Әртүрлі санау жүйесіндегі сандарға арифметикалық амалдар қолданыңыз.
Зертханалық жұмыс №3.

Тақырыбы: Логика тілі және оның информатиканың базалық курсында алатын орны

Тапсырма: Логикалық есептерді шешу.
Зертханалық жұмыс №4.

Тақырыбы: ЭЕМ архитектурасы ұғымын ашудың әдістемелік негізі

Тапсырма: ЭЕМ архитектурасы ұғымын ашудың әдістемелік негізіне сабақ жоспарын құру
Зертханалық жұмыс №5.

Тақырыбы: Оқушыларда ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз ету түсінігін қалыптастыру әдістемесі

Тапсырма: Паскаль программалау тілін компьютерге орнатыңыз
Зертханалық жұмыс №6.

Тақырыбы: Информатиканың базалық курсында алгоритмдеу негізін оқыту әдістемесі.

Тапсырма: Күн тәртібінің алгоритмін құрып, блок схемасын сызыңыз
Зертханалық жұмыс №7.

Тақырыбы: Информатиканың базалық курсында программалау элементтерін оқыту әдістемесі.

Тапсырма: Программалау элементтерінінің оқыту әдістемесін жасау және қосымша оқыту түрлерін пайдалану (үйірме, факультатив, т.б)

Зертханалық жұмыс №8.

Тақырыбы: “Компьютерлік модельдеу” тақырыбын оқыту әдістемесі мен технологиясы.



Тапсырма: “Компьютерлік модельдеу” тақырыбына деңгейлеп оқыту әдісін қолданыңыз

Зертханалық жұмыс №9.

Тақырыбы: Оқушыларға мәтіндік ақпаратты өңдеу жүйелерін оқыту әдістемесі

Тапсырма: Word мәтіндік редакторына берілген мәтіннің мазмұнын қарау, талдау.
Зертханалық жұмыс №10.

Тақырыбы: Графиктік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы.

Тапсырма: Графиктік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясын оқытудың оқу мазмұнын құрыңыз.
Зертханалық жұмыс №11.

Тақырыбы: Желілік ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесі.

Тапсырма: Желілік ақпараттық технологияларды оқытудың әдістемесін жазып, талдау жасаңыз.
Зертханалық жұмыс №12.

Тақырыбы: «Деректер қоймасы және ақпараттық жүйелер» тақырыбын оқыту әдістемесі

Тапсырма: Сыныпқа мәліметтер қорын құру. Ақпараттық жүйелерге мысалдар келтіру

Зертханалық жұмыс №13.

Тақырыбы: «Электрондық кестелермен жұмыс» тақырыбын оқыту әдістемесі

Тапсырма: Мәтіндерді, формулаларды және кестелерді енгізу. Электрондық кестені құру және оны толтыру.
Зертханалық жұмыс №14.

Тақырыбы: Мектептің жоғарғы буынында информатиканың программалауға бағдарланған кәсіби курсы

Тапсырма: Программалаудың бір түріне электрондық оқулық құрыңыз
Зертханалық жұмыс №15.

Тақырыбы: Гуманитарлық бағдарланған информатиканың кәсіби курсы

Тапсырма: Гуманитарлық бағдарланған информатиканың кәсіби курсы бойынша сабақ жоспарын құру
9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (СОБӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
1- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Ақпаратты сақтау және өңдеу процестері

Тапсырма: Ақпаратты сақтау және өңдеу процестерін түсіндіріп, мысалдар келтіріңіз

Әдебиеттер: [6]124-158; [8] 1-5; [9] 3-5; [13] 7-15;

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Мектеп оқулығында ақпараттық процесс, ақпаратты беру, ақпаратты өңдеу сияқты терминдердің түсіндірілуі

Тапсырма: 7-сынып оқулығы бойынша ақпараттық процесс, ақпаратты беру, ақпаратты өңдеу сияқты терминдерге өз түсінігіңіз

Әдебиеттер: [6]124-158; [8] 1-5; [9] 3-5; [13] 7-15;

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Ақпаратты беру процесі

Тапсырма: Ақпаратты беру процесі қалай жүзеге асады?

Әдебиеттер: [3] 17-21; [4]; [6] 124-158 б.; [8] 1-5;

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Ақпарат алынатын ақпарат көздерін атаңыз

Тапсырма: Тақырып бойынша негізгі мазмұнын атап көрсет

Әдебиеттер: [3] 17-21; [4]; [6] 124-158 б.; [8] 1-5;

2- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Екілік сандармен орындалатын әрекеттер

Тапсырма: Екілік сандармен орындалатын әрекеттер

Әдебиеттер: [6] 160-173 бет; [8] 9-13; [9];

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Бір хабарды жазып,оны АSСІІ кодымен және Морзе әрпімен кодтау

Тапсырма: Бір хабарды жазып,оны АSСІІ кодымен және Морзе әрпімен кодтаңыз

Әдебиеттер: [6] 160-173 бет; [8] 9-13; [9];

2. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Техникалық жүйелерде екілік алфавиттің пайдаланылуы

Тапсырма: Техникалық жүйелерде екілік алфавиттің пайдаланылуы

Әдебиеттер: [6] 160-173 бет; [8] 9-11; [9] 23-25;

2. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Кодтау және кері кодтауға (декодирование)

Тапсырма: Кодтау және кері кодтау түрін бір-бірімен салыстырып, мысалдар келтіріңіз

Әдебиеттер: [6] 160-173 бет; [8] 9-11; [9] 23-25;

3- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Логикалық операциялар

Тапсырма: Логикалық операциялар

Әдебиеттер: [6] 173-197 бет; [9] 26-32;

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Қарапайым және математикалық пікірлердегі жалғаушының рөлі.

Тапсырма: Қарапайым және математикалық пікірлердегі жалғаушының рөлін атап көрсетіңіз

Әдебиеттер: [6] 173-197 бет; [9] 26-32;

2. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Триггер

Тапсырма: Тақырып бойынша бағдарламалық қамтамасыз етілуін жазып орында.

Әдебиеттер: [9] 28-40 бет

2. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Логикалық есептер

Тапсырма: Логикалық есептер

Әдебиеттер: [9] 28-40 бет
4- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: ДК- дің бейнежүйесі

Тапсырма: ДК- дің бейнежүйесін сабақта талдау

Әдебиеттер: [6] 197-214 бет; [9] 22-24 бет

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: ЭЕМ-нің даму кезеңдері

Тапсырма: ЭЕМ-нің даму кезеңдерін жазып орындаңыз.

Әдебиеттер: [6] 197-214 бет; [9] 22-24 бет

2. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Оқу моделінде ЭЕМ архитектурасын оқыту

Тапсырма: Тақырып бойынша сабақ жоспарын құрыңыз.

Әдебиеттер: [9] 36 бет

2. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)

Тақырыбы: Есептерді шешу мен ДК техникалық сипаттамасының өзара байланысы

Тапсырма: Есептерді шешу мен ДК техникалық сипаттамасының өзара байланысының мазмұнын жазыңыз

Әдебиеттер: [9] 36 бет

5- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Программаны басқарудың міндеті, негізгі мүмкіндіктері мен тәсілдерінің жолдары

Тапсырма: Программаны басқарудың міндеті, негізгі мүмкіндіктері мен тәсілдерінің жолдарын көрсетіңіз

Әдебиеттер: [6] 214-231 бет.

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Қолданбалы программамен қамтамасыз ету

Тапсырма: Тақырыптың мазмұнын ашыңыз

Әдебиеттер: [6] 214-231 бет.

2. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)

Тақырыбы: Программамен қамтамасыз етудің жіктелуі

Тапсырма: Тақырып бойынша 7-сыныпта информатика курсы бағдарламасының мазмұнын жазып орында



Әдебиеттер: [13] 35-39 бет

2. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: «Қолданбалы программа» және «қосымша» ұғымы

Тапсырма: «Қолданбалы программа» және «қосымша» ұғымына түсінік беріңіз

Әдебиеттер: [13] 35-39 бет
6- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Бағдарламалауды компьютерде орындау

Тапсырма: Бағдарламалауды компьютерде орындаңыз

Әдебиеттер: [6] 267-296 бет.

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Алгоритмнің күрделілігі ұғымы

Тапсырма: Алгоритмнің күрделілігін түсіндіріңіз

Әдебиеттер: [6] 267-296 бет.

2. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Алгоритмді бейнелеу әдістері

Тапсырма: Алгоритмді бейнелеу әдістерін жазып, талдаңыз.

Әдебиеттер: [6] 267-296 бет.

2. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Нақты орындалатын алгоритмдер

Тапсырма: Нақты орындалатын алгоритмдерді атап көрсетіңіз

Әдебиеттер: [6] 267-296 бет.
7- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Программалау жүйесін оқытудың әдістемелік сұрақтары

Тапсырма: . Программалау жүйесін оқытуда туындайтын әдістемелік сұрақтарға өз ойыңыз

Әдебиеттер: [6] 296-312 бет

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Паскаль тілінің алгоритмін құру программасы

Тапсырма: Паскаль тілінің алгоритмін құру программасын жазыңыз

Әдебиеттер: [6] 296-312 бет

2. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Алгоритмдеу және программалау бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар

Тапсырма: Алгоритмдеу және программалау бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар

Әдебиеттер: [15] 225-229; 230-235

2. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Программалаудың даму тарихы

Тапсырма: Программалаудың даму тарихына сөзжұмбақ құрыңыз

Әдебиеттер: [15] 225-229; 230-235
8- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Кестелік ақпараттық модель

Тапсырма: Тақырып мазмұнын талдаңыз

Әдебиеттер: [6] 231-265 бет.

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: «Компьютерді модельдеу» тақырыбына оқыту әдістемелік жоспар құру

Тапсырма: «Компьютерді модельдеу» тақырыбына оқыту әдістемелік жоспар құрыңыз

Әдебиеттер: [6] 231-265 бет.

2. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Модельдің көптүрлілігі

Тапсырма: Тақырып бойынша қазіргі сабақ құрылымын жазып орындаңыз

Әдебиеттер: [14] 148-181 бет; [15] 689-691 бет;

2. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: «Компьютерді модельдеу» тақырыбын оқыту әдістемесіне талдау

Тапсырма: «Компьютерді модельдеу» тақырыбын оқыту әдістемесіне талдау жасаңыз

Әдебиеттер: [14] 148-181 бет; [15] 689-691 бет;



9- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Компьютерде мәтінмен практикалық жұмыс жасауды ұйымдастыруға нұсқаулар

.Тапсырма:. Компьютерде мәтінмен практикалық жұмыс жасауды ұйымдастыруға нұсқаулар



Әдебиеттер: [6] 314-320 бет.

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесін құру

Тапсырма: Ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесін құрыңыз

Әдебиеттер: [6] 314-320 бет.

2. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Мәтінді енгізудің арнайы құралдары

Тапсырма: Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар құрыңыз

Әдебиеттер: [9] 112-148 бет; [12] 70-88 бет;

2. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясын жазып, талдау

Тапсырма: Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясын жазып, талдау жасаңыз

Әдебиеттер: [9] 112-148 бет; [12] 70-88 бет
10- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Графикалық ақпараттарды ұсыну. Растрлық ұсыну.

Тапсырма: Графикалық ақпараттарды ұсыну. Растрлық ұсыну

Әдебиеттер: [6] 322-327 бет; [9] 90-103; [15] 170-181 бет;

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Түстік модель

Тапсырма: Түстік модель

Әдебиеттер: [6] 322-327 бет; [9] 90-103; [15] 170-181 бет;

2. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Компьютерлік графиканы қолдану аймақтары

Тапсырма: Компьютерлік графиканы қолдану аймақтары

Әдебиеттер: [3] 257-259

2. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Графиктік файлдың растрлық және векторлық форматы.

Тапсырма: Графиктік файлдың ерекшеліктерін жазып орындаңыз

Әдебиеттер: [3] 257-259
11- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: Электрондық почтаның жұмыс істеу принциптері

Тапсырма: Электрондық почтаның жұмыс істеу принциптері

Әдебиеттер: [3]; [6] 327-340 бет; [3] 374-391;

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет