Физика және басқа оқу пәндерінің байланысы.
Физика және математика курсының байланысы. Математиканың физикамен айқын
мысалының бірі – физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және
функциялар графигін пайдалануды көз алдымызға елестетейік. Координат жазықтығын оқып
үйренумен байланысты мектеп оқушылары әртүрлі графиктерді сызып үйренеді. Бұл өз
кезегінде оқушылардың физикадан механикалық қозғалыс жолының, жылдамдығының,
сондай-ақ, аблқудың, қатаюдың графиктерін салуына өз игілігін тигізеді. Сөйтіп,
математикадан алған білімдерін оқушылар физикалық білім игеруге пайдалана бастайды.
Олар әртүрлі математикалық шамаларды өлшеу, сан мәндерін дөңгелектеу туралы алған
ұғымдарын физикалық эксперименттер нәтижесін анықтауға (әртүрлі өлшеу жүргізу
барысында) қолдана алады. Сол сияқты, оқушылар екі айнымалысы бар теңдеу туралы алған
түсінігін және оны шешу жолындағы игерген тәсілдерін, тура және кері байланыс, т.б.
ұғымын физикада жиі пайдаланады. Олар функция ұғымын игеріп, оның берілу тәсілдерін
меңгереді. Одан кері функция түрлерін оқып үйренеді, олардың графиктерін сызып
дағдыланады. Бұл дағдылар мен математикалық білім физиканы игеру үшін қаншалықты
қажет екені түсінікті.
Физика мұғалімі оқушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын ойдағыдай
қалыптастыру мақсатында алдын-ала математика мұғалімдерімен бірігіп, әдіс қолдануы
қажет.
Физика және химия курстарының байланысы. Физика мен химия ғылым ретінде бір-
бірін өзара толықтырып отыратыны мәлім. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен
процестерді өз тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ
ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр
зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, т.б. жататыны мәлім.
Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде
бірдей: молекулалық-кинетикалық және электрондық теорияны, атом құрылысы теориясын, т.б.
оқып үйренуде айқын көрініс алады.
Достарыңызбен бөлісу: |