Сынып тақтасымен жұмыс
Әрбір оқу кабинетінде класс тақтасы бар, әрине ол физика кабинетінде де болады.
Ол алдыңғы қабырғада, демонстрациялық үстелдің есігінен сәл жоғары немес оның
деңгейінде биіктіке ілінеді, себебі ондағы жазу орныдарында отырған барлық класс
оқушыларына көрінетін болуы керек.
Тақтаның жұмыс беті линолеумнан немесе қалың әйнектен жасалады, ол қоңыр
немесе жасыл түсті болады, қара түсті де тақталар кездеседі.
Соңғы уақытта ақ әйнекті тақталар да шыға бастады, оған арнайы фломастер-
маркерлермен жазады және суреттер салады. Қазіргі заманғы оқытудың техникалық
құраларының (ОТҚ) енуіне байланысты класс тақтасына деген қажеттілік болмайды деген
көзқарас қалыптасуы мүмкін. Мұнымен келісуге болмайды. Класс тақтасы физика
кабинетінде болған және де бола да береді, себебі оның қажеттілі:
-
жаңа материалды түсіндіру суреттермен, чертеждармен, кестелармен,
формулалармен және жазбалармен жүргізілгенде мұғалімге қажет.
Жоғарыда көрсетілген кескіндер – бұл процесс, сабақ элементтері емес, өйткені бұл
процесс түсіндіру, және бейнелеу, деталдар анықтап көрсетіледі, керек еместері сүртіледі,
басқалармен алмастырылады (мұның барлығын графопроектор пленкасында немесе ЭЕМ-
да жасау үнемі жүзеге аса бермейді) үйлеседі;
-тақтада жауап беріп тұрған оқушыға суреттерді салу, формулаларды жазу үшін
қажет.
Физика мұғалімі тақтаға жақсы жаза алуы және сурет сала алуы керек. Егер мұны
бірден жасай алмаса, онда сабақтан бос уақытта осы жұмыспен айналысу керек; осы үшін
төмендегі дағдыларды қалыптастыру керек:
- жазу жақсы көрінуі үшін барды қатты басу керек;
- жазбалардың өлшемі өте үлкен, немесе өте кіші болмауын қадағалау керек;
- тақтадағы жазбаның горизонтальдығына көңіл аудару керек;
- тақтадан қажет емес жазбаларды өшіру үшін губка немес тряпкамен жұмыс
істеуді әдітке айналдыру керек.
Сынып тақтасындағы сурет дидактикалық мақсатта орындалатындықтан, ол
қарапайым болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |