Пәнінен syllabus


Физика және техника бойынша үйірмелер



Pdf көрінісі
бет50/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91
SYLLABUS ФОТ

Физика және техника бойынша үйірмелер  
Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын 
ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. 
Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын 
сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, 
табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Информатика», 
«Техникалық моделдер» тәріздес болады. 
Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан 
интенсивті, қызғылықты түрлері бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш. Викторина, 
шығармашылық кеш, т.с.с. 
 


 
№16 дәріс. Тақырыбы:  ЖББОМ Механика бөлімін оқыту әдістемесі 
 Кинематика ұғымын оқып-үйрену және талдау 
Жоспары: 
-Механика бөлімінің мазмұны мен құрылымы 
-Қозғалыс түрлері және қозғалыс теңдеуі 
-Қозғалыстың негізгі сипаттамаларын енгізу әдістемесі 
Механика бөлімінің мазмұны және құрылымы. 
Жалпы білім беретін орта мектепте механика төрт бөлімнен тұрады: кинематика 
негіздері, динамика негіздері, сақталу заңдары, механикалық тербелістер мен 
толқындар.Кинематикада бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалыс, қисық 
сызықты қозғалысты және оның сипаттамаларын оқып үйренеді. Негізгі ұғымдар: 
материялық нүкте, траектория, механикалық қозғалыс, орын ауыстыру және жол, санақ 
жүйесі, координата, жылдамдық, удеу, период, жиелік, амплитуда, бұрыштық 
жылдамдық, бұрыштық удеу, циклдік жиелік енгізіледі.Орын ауыстыру, жылдамдық
үдеу ұғымдарын қалыптасшрған кезде басты назар, олардың вскторлық шамалар екеніне 
көңіл аударылады. Дененің тузу сызықты қозғалысында жылдамдық және удеу 6ip 
түзудің бойымен бағытталып, олар алгебралық түрде алынып немесс қосылады. Ал, 
дене қисық сызықты қозғалғанда бұл шамалардың вккторлык сипаттамасы толық 
ашылып қалыптастырылады. 
Жалпы білім беретін орта мектепте қозғалысты сипаттайтын жылдамдық және 
удеу негізгі ұғым ретнде енгізіледі. Санақ жүйесін таңдап алып, егерде жылдамдық және 
удеу нолге тең болса, онда дене тыныштықта; жылдамдық тұрақты, ал удеу нолге тең 
болса, онда дене бірқалыпты түзу сызықты қозталыста; үдеу тұрақты, ал жылдамдық 
уакыт бірлігінде 6ipдей шамаға артьш отырса, онда дене 6ip калыпты үдмелі қозталыста; 
үдеу тұрақты, жылдамдық уакыт бірлігінде бірдей шамаға кемice, онда дене бірқалыпты 
баяу қозғалыста және т.с.с. қозталыста болады. Сонымен 6ipге қозғалыстың 
формулалары және графиктсрі беріледі. 
Динамика бөлімінде денелердің өзара әcepi қарастырылып, алдымен Ныотонның 
6ipінші заңынқарастырып, қозғалысты сипаттайтын негізгі дииамикалық санақ 
жүйелерінің сипаттамалар масса, күш, инерциялық санақ жүйслері қалыптастырылады. 
Нютонның екінші заңы масса, үдеу, күштің арасындағы тәуелділік беріледі. Егерде 
денегебірқалыпты күш әсер етсе, дене сол қорытқы күштің әсерінен қозғалады. 
Ньютонның үшінші заңы - әсер және қарсы әсер заңы оқытылады. Механикада 
жалпыланған, пракгикада және экспериментте дәлелденген Ньютон заңдары негізгі
заңдар болып табылады. Сондықтан да оларды алдымен тұжырымдап, содан кейін 
экспериментте жасап көрсетіледі. 
Механикада күштерді (Гравитациялық, серпімділік , үйкеліс) оқып үйренгенде 
дене қозғалысындағы олардың өзара әcepiн анықтайды. 
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын оқып үйренгеннен кейін, дененің ауырлық 
күшнің әcepiнeн қозғалысын қарастырады. Аспан денелерінің қозғалысы түсіндіріп, 
бірінші ғарыштық жылдамдық есептелінеді. Аспан денелерінің массасы анықталады. 
Жаратылыстану-математика бағдарлы мсктепте физика пәні тереңдетіліп 
оқытылса, онда механиканың тура және кepi ecетеpi қарастырылады. Механиканың 
тура eceбi кез келген уақыт мезетіндегі механикалық күйін (координаталарының 
уақытқа тәуелділігін) анықтау. Механиканың кepi eceбін денеге әсер ететін күштерді 


(яғни берілген дене координаталарының уақытқа тәуелділігіне қарап, оларға әсер 
ететін күштерді) анықту. 
Серпімділік күшті және Гук заңы түсіндіріп, салмақ ұғымы серпімділік күштің мысалы 
ретінде енгізіледі. Күштерді оқып-үйрену үйкеліс күшімен, үйкеліс коэффициенті және 
үйкеліс күшінің әсерінен дене қозғалысының жылдамдығының өзгеруімен аякталады. 
Мысалы тақтаға жазық координаталар жүйесін салып, онда кез келген нуктеден 
бастап қисық сызық жүргізейік (3-сурст). Қисык сызыкты бастапкы коодинаталары - х, 
ух соңғы - х2, у2 болады. Қисык сызықтағы нүкте траекториясының ұзындығы нүктенің 
жүріп өткен жолы болады. Ал оның бастапқы және соңғы орындарын қосатын 
бағытталған түзу сызық орын ауыстыру векторы болып табылады. Орын ауыстыру 
векторының координат ocтеріне проекция ұғымы енгізгенде және орын ауыстыру 
векторы S осы проекциялар арқылы анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет