№22 дәрістің тақырыбы: Термодинамика негіздерін оқыту әдістемесі
Жоспар:
-Термодинамика негіздерінің құрылымы
-«Ішкі энергия», «Жылу мөлшері» ұғымына ғылыми-әдістемелік талау жасау.
-Идеал газдың ішкі энергия ұғымын қалыптастыру әдістемесі
-Термодинамиканың І заңын
Термодинамиканың негіздерін оқып-үйрену негізгі мектепте оқылған «ішкі
энергия» және оны өзгерту тәсілдері,
жылу мөлшері, жұмыс ұғымдарн қайталап, оларды
одан әрі тереңдетіп нақтылай түседі. Термодинамикада жұмыс ішкі
энергияның өзгеру
өлшемі ретінде қарастырылады. Ішкі энгергияның жүйе күйінің өзгеру параметрлеріне
тәуелділігін талқыламайды. Термодинамиканың бірінші заңын оқып үйренеді және
термодинамиканың ІІ заңына түсінік береді. Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу
принцепін талдап, термодинамика заңдарының практикада қолданылуын танысады.
Энергияның әр түрлі формаларына байланысты механикада механикалық энергия,
электромагшниттік, яғни, электр өрісі мен магнит өрісінің энергиясы,
ішкі энергия деп
бөлінеді.
Ал, жылу ұғымына қатысты көп уақыт бойы 3 ұғым қабаттаса жүреді:
1) Дененің алған немесе берілген жылу мөлшері; 2) ішкі энергия; 3) жылулық
қозғалыс.
Бұл үш ұғымның қабаттаса жүруі
әдістемелік жағынан дұрыс емес, себебі бұл жағдайда
термодинамиканың І заңының мағынасы болмайды. Ішкі энергия ұғымы енгізілгеннен
кейін энергияның сақталу заңы жылу процесіне қолдануға жол ашылады.
Ішкі энергия
ұғымы тек дененің ішкі күйіне байланысты, ал дененің өзінің қозғалысына тәуелді емес
шама. Дененің немесе жүйенің әрбір күйіне ішкі энергияның белгілі бір мәні сәйкес
келеді. Оған мынадай талдаулар жасау арқылы көз жеткізуге болады. Дененің бір күйіне
ішкі энергияныі екі мәні сәйкес келеді., оның айырмасын алып, дененің күйі
өзгеріссіз
қалар еді. Мұндай жүйе ешқандай өзгеріссіз-ақ энергия көзі болар еді. Бұл
термодинамиканың І заңына сәйкес келмейді. Олай болса, жүйенің ішкі энергиясының
өзгерісі бір күйден екінші күйге қалай ауысқан байланыссыз, яғни жүйінің ішкі
энергиясы процестің функциясы емес, күйінің функциясы болып тоабылады.
Достарыңызбен бөлісу: