Пәнінен syllabus



Pdf көрінісі
бет82/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   91
SYLLABUS ФОТ

 
 
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №13 
Тақырып: Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолдану  
Мақсаты: Физиканы оқыту барысына тарихи материалдардың мәнін көрсету, тарихи 
материалдардың мазмұнымен танысу.
Жоспары: 
1. Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолданудың мәні және орыны, ролі.
2. Орта мектепте физика бойынша тарихи материалдарды қолданудың негізгі бағыттары: 
ғалымдардың өмірбаянын, ашылулардың тарихын, ұғымдардың қалыптасу тарихын 
меңгеру.
3. Мектеп физика курсында тарихи материалдарды пайдаланудың формалары мен 
әдістері.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 
1. Кудрявцев П.С. Курс истории физики, М.: Просвещение,1975.
2. Спасский Б.И. История физики.Ч.1,2. М.: Высшая школа,1977.
3. Дуков В.М. Исторические обзоры в курсе физики средней школы. М.: 
Просвещение,1983.
4. Голин Г.И., Филонович С.Ф. Классики физической науки. М.: Высшая школа, 1989.
5. Храмов Ю.А. Физики: Биограф. справочник. М.: Наука,1983. 
 
СОӨЖ тақырыбы: 1-2-3 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару, ғылыми-әдістемелік 
талдаулар жасау. 
2.Үлестірмелі карточка жасау. 
Есеп беру түрі: жазбаша
СӨЖ тапсырмалары:1-2-3. ПС тақырыптары бойынша есептер шығару 
2.Тақырыпты түсіндіруге арналған көрнекілік дайындау. 
Есеп беру түрі: жазбаша
Әдебиет: Практикалық сабақта көрсетілген. 
 
ОН ТӨРТІНШІ АПТА 
 
№27 дәрістің тақырыбы:  Кванттық физиканы және жарық кванттарын оқыту 
әдістемесі 
Жоспар: 
-Кванттық физика бөлімінің маңызы 
-Кванттық физика бөлімін оқытудың маңызы 
-Сыртқы фотоэффекті заңдарын оқыту әдістемесі 


Кванттық механика микробөлшектердің қозғалысын және күшін сипаттайтын
микроэлементтің өзіне тән қасиеттерін және заңдылықтарын қарастыратын физикалық 
теория. Кванттық механиканың әдістері кванттық электроникада, қатты денелер 
физикасында және қазіргі кездегі химияда кең қолданыс тапқан. Сонымен, қатар оны атом 
ң құрылысын және элементар бөлшектердің қасиеттерін қарастыратын жоғарғы энергия 
физикасында кеңінен оқып үйренеді. Қатты дeнeлepдiң кванттық теориясынын 
жетістіктері негізінде алдын ала қасиеттері белгілі материалдардың (магнитик, шала 
өткізгіштік, асқын өткізгіштік, лазерлер, ядролық реакторлардың ) жасалуын еске 
түсірудің өзі жеткілікті.
Кванттық физика классикалық физикаға қарағанда танып білудің жоғарғы денгейі 
болып табылады. Ол көптеген классикалық көзқарастарға шектеу қойды, сондықтан да 
XXI ғасырда Meктептегi физика бөлімінде кванттық физиканың элементтepi оқытылуы 
керек. Әйтпесе мектеп оқушыларыньң физикадан аған білмдері XIX-XX ғасырдағы 
денгейде қалып кояды. Оқушылардың айналамыздағы әлемдегі заттардың құрылысы мен 
қасиеттеpi жайлы бiлiмi толық емес және қазіргi кезден түсінікке сәйкес келмейді.
Жалпы орта білім беретін мектептің жаңа бағдарламасында кванттық физика 
материалдарына назар аударылды. Онда екi такырыптың мазмұны жаңартылып 
“Кванттық физика” жеке бөлім болды. Атомның құрылысы және квант туралы түсінік 
сапалық деңгейде болса да, негізгі мектептің физика бөліміне енгізілді. 
Фотоэффект кванттық теорияның, соның ішінде жарықтың кванттық теориясын 
жасауға негіз болған құбылыс. Сондықтан да кванттық физиканы оқытудың басында 
фотоэффект құбылысына көп көңіл бөлгенде негізгi мектепте “жылулық сәулеленеу” және 
фотоэффект заңдылықтарын қарастыра отырып жарық кванттары туралы ұғым енгізіледі. 
Фотоэффект құбылысы және оның заңдары кванттық теорияның пайда болуынан 
бұрын эксперимент жүзгігенде тағайындалған. 
Фотоэффект, оның заңдылықтары физиканың даму тарихында алатын орны 
ерекше. Фотоэффект құбылысын алғаш рет 1887 жылы неміс физигі Г.Герц (1857-1894 
ж.ж.) кернеу көзіне қосылған электродтарға ультракүлгін сәулесін түсірсе, ол төменгі 
кернеуде де разрядталатынын байқлады, бірақ оны түсіндіре алмады. 
Москва университетінің профессоры А.Г. Столетов (1839-1896 жж.) осы 
құбылысты тереңірек зерттеп, 1888 жылы заттың бетіне түсірген жарық көздерінен теpic 
зарядталған бөлшектердің ұшып шығуымен түсіндірді. 
Фотоэффект құбылысын зерттеу жарықтың кванттық қасиеттерін ашып қойған 
жоқ, жалпы кванттық теорияны жасауға жол ашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет