3 кезең – жұмыстың механикадағы барлық күштер арқылы өрнектелетін теңдеуін
қарастыру:
–
ауырлық
күшінің жұмысы;
серпімділік күшінің жұмысы;
А=Ғ
үйк
l үйкеліс күшінің жүмысы.
4 кезең – жұмысты график түрінде
бейнелеу және есептеу, күш тұрақты болғанда
немесе сызықтық түрде өзгерген жағдайда.
5 кезең – қуат ұғымын нақтылау.
Негізгі мектепте, оқушылар қуат үғымының
анықтамасымен танысады
. Ал жоғарғы сыныпта қуаттың
өрнегін алып,
оны талдайды. Қортындысында әртүрлі қозғалтқыштардың кесте түрінде берілген
қуатымен танысады.
6 кезең – жұмыстың салыстырымдылық сипатын ашу. Жұмыстың санақ жүйесіне
байланысты анықталатанын нақты мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Мысалы:
қолында
сумкасы бар оқушы, қозғалыстағы лифте түр. Лифтпен байланысқан санақ жүйесінде
және «Жермен» байланысқан санақ жүйесіндегі күштің
жұмысы туралы не айтуға
болады? Қол сумкаға белгілі бір тұрақты күшпен әсер етеді. Лифтпен айланысқан санақ
жүйесінде жұмыс нольге тең (орын ауыстыру жоқ). Ал «Жермен»
байланысқан санақ
жүйесінде лифт қозғалыста, яғни жүмыс істеледі.
Достарыңызбен бөлісу: