толықтырылады. Бұл бөлімде қарастырылтан негізгі ұғымдар мен шамалар молекуланың
өлшемін, жылдамдығын, массасын өлшеудегі әдістер, заттың мөлшері және мольдік
масса,
оның өлшем бірлігі, бөлшектің концентрациясы, бөлшектің орташа квадратгық
жылдамдығы, бөлшектің орташа кинетикалық энергиясы, термодинамикалық жүйе,
жылулық
тепе-теңдік, күй параметрлері, қысым, көлем, температура, жұмыс, жылу
мөлшері, ішкі энергия. Негізінен жоғарғы сыныптағы молекулалық физика бөлімінде
газдардың молекула-кинетикалық
теориясының негізгі теңдеуімен, термодинамикамен
(жылулық құбылыстарды макроскопиялық деңгейде түсіндіретін) және төменгі
сыныптарға қарағанда тереңірек газдардың, сүйықтардың
және қатты денелердің
қасиеттерімен танысады. Молекулалық физика бөліміндегі қүбылыстар: диффузия, жылу
сыйымдылық, тұтқырлық, броундық қозғалыс, жылулық тепе-теңдік,
заттың агрегаттық
күйлерінің өзгеруі. Механика бөлімінен кейін молекулалық физика бөлімін оқудың өзінде
үлкен бір мән жатыр. Өйткені бұл бөлімде оқушылар механикадағы қозғалыстан ерекше
қозғалыспен танысады.
Молекулалық физика бөлімін оқытуда мұғалімнің негізгі мақсаты жылулық
қозғалыстың механикалық қозғалыстан айырмашылығын түсіндіру кезінде динамика
заңдарының қолдану шегін айқындау және де оқушыларды жылулық құбылыстар мен
процестерді қарастаратын статистикалық және термодинамикалық әдістермен таныстыру.
Бұл екі әдіс бір дененің күйін әр түрлі жолмен түсіндіргендіктен бірін-бірі толықтырады.
Осыған
байланысты мұғалім температура, ішкі энергия, идеал газ т.б. ұғымдарды
термодинамикалық және статистикалық тұрғыдан олардың мазмұнын аша білуі керек.
Физиканың қазіргі бағдарламасына сәйкес "Молекулалық физика" тарауын бағдарлы
мектепте оқытуға берілген сағат мөлшері 5-кестеде көрсетілген. Кестеде міндетті түрде
өткізілетін зертханалық жұмыстар мен көрсетілімдер берілген.
Достарыңызбен бөлісу: