Пәнінің контенті 5В050111 – Информатика



бет17/21
Дата11.10.2023
өлшемі1.1 Mb.
#480348
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Олимпиада есептер3н шешу 2д3стер3

Type <объектілі типті идентификатор>= Object
<өріс>;

<өріс>;
<әдіс>;

<әдіс>;
End.
Өріс деректер атынан және типінен тұрады. Әдістер- объектілік тип ішінде хабарланған процедура және функция. Объектілік тип ішінде сипатталған әдісті хабарлау тек қана тақырыптан тұрады. (Модульдің Interface бөліміндегі сияқты)
Объектілі- бағдарлы программалаудың (ОБП) 3 принципі бар:
Инкапсуляция- ОБП-ның деректерді және оларды өңдейтін алгоритмдерді біртұтас біріктіру принципі болып табылады.
Мұрагерлік- ОБП-ның объектінің өз ұрпағын тудыру қасиеті болып табылады.
Полиморфизм -ОБП-ның “туыс” объектілердің мағнасы бойынша жақын проблемаларды әртүрлі тәсілмен шешу қасиеті болып табылады.
Мысал:
«Бөлшектің алымы мен бөлімінің ЕҮОБ», «қысқарту»,«натурал көрсеткіш» әдістері бар «қарапайым бөлшек» объектісін сипаттаймыз:
Type Natur=1..32767;
Frac= Record P:integer;Q:Natur End;
Drob=Object A:Frac;
Procedure NOD(Var C:Natur);
Procedure Sokr;
Procedure Stepen(N:Natur;Var C:Natur);
End;
Дәріс 11.
Тақырыбы: Динамикалық жады. Динамикалық жадыны қолдану функциялары мен процедуралары.
Мазмұны:
1. Динамикалық жады.
2. Динамикалық жадыны қолдану функциялары мен процедуралары
Біз осыған дейін статикалық деректерді өңдеумен байланысты ғана программалауды қарастырдық.
Статикалық деп компиляциялау кезінде жады бөлінетін және программаның барлық жұмысы кезінде сақталатын шамаларды айтады.
Паскальда деректерге жады бөлудің басқа да тәсілі болады, оны динамикалық деп атайды. Бұл жағдайда шамаларға жады программаның орындалу барысында бөлінеді. Мұндай шамаларды динамикалық деп атайды. Оперативті жадының статикалық бөлінген жады бөлігі статикалық жады деп, динамикалық бөлінген жады бөлігі динамикалық жады деп аталады.
Динамикалық шамаларды қолдану программалаушыға бірнеше қосымша мүмкіндік береді.
Біріншіден, динамикалық жадыны қосу өңделетін деректер көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Екіншіден, егер қандай да бір деректердің қажеттігі программаның соңына дейін жойылған болса, онда оған бөлінген жадыны басқа ақпарат үшін босатуға болады.
Үшіншіден, динамикалық жадыны қолдану айнымалы өлшемді деректер құрылымын жасауға мүмкіндік береді.
2. Динамикалық жадыны қолдану функциялары мен процедуралары:
ADDR функциясы- аргумент адресі сақталған Pointer типті нәтижені қайтарады.
CSEG функциясы- микропроцессордың CS регистрінде сақталған мәнді қайтарады.
DISPOSE процедурасы типтелген көрсеткішке бөлінген динамикалық жады фрагментін қайтарады.
FREEMEM процедурасы типтелмеген көрсеткішке бөлінген динамикалық жады фрагментін қайтарады. т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет