Пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 18. 09. 2013ж «Мемлекет және құқық тарихы»



бет1/9
Дата24.02.2016
өлшемі1.5 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ПОӘК 042-18-20.1.72/03-2013

№ 1 баспа

беттің -беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-20.1.72/03-2013

«Мемлекет және құқық тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

18.09.2013ж


«Мемлекет және құқық тарихы»

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«5В030100»- құқықтану мамандықтарына арналған



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Курстық жұмыс

  5. Студенттердің өздік жұмысы



  1. Глоссарий

- камерарий – король мүлкі мен қаржысына есеп берді;



  • маршал – король атты әскерін басқарды;

  • капеллан – король канцнляриясын меңгерді.

-Корольдік орындық соты- қылмыстық істерді және қауіпсіздікті сақтау істерін қарастырды.

-Жалпы дау соты – корона құқықтары мен мүдделеріне байланысты емес азаматтық істерді қарады.

-Қазыналық сот – қаржымен байланысты істерді қарады.

-Лорд-канцлер соты – алдындағы үшеуіне қарағанда «әділеттікпен» істерді шешті.

-Ассиздер соты – разъездік судья басшылығындағы істерді қарады.

-Суд присяжных – үлкен және кіші жюрийлерден тұрды, үлкен – айыптаушы, кіші – істі қарап, вердикт шығарды.



2.Дәрістер

Тақырып 1. Кіріспе, Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық

А) курс пәні және әдісі

Б) Ежелгі Вавилон

В) Ежелгі Индия

Г) Ежелгі Қытай

А) Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы қоғам өмірінің бір жағын зерттейтін қоғам туралы ғылымдардың бір бөлігі болып табылады. Мемлекет пен құқытың жалпы тарихы мемлекет және құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың шығуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым бір уақытта тарихи және заңдық болып келеді. Егер ғылым ретінде тарих қоғамның біртұтас пайда болуы, дамуы мен қызмет атқару процесін зерттесе, ал мемлекет пен құқық тарихы мемлекет пен құқыты олардың тек пайда болған кезінен бастап қарастырады.

Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихының пәні болып жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары табылады.

Бұл пәнді оқып-үйрену үшін келесі әдістер қолданылады :



  • тарихи әдіс, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттелінуін қарастырады ;

  • салыстырмалы –тарихи әдіс, тарихи көрініс тапқан фактілерді өзге ұқсас біркелкі фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді :

  • жүйелі-құрылымдық әдіс, ішкі байланыстылық тән элементтер және жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтер құрылымын зерттеуді болжайды ;

  • статистикалық әдіс, зерттеу объектісіне көптеген сандық көрсеткіштер тән болғанда тарихи процестің сандық жағын зерттеуде қолданылады.

Мемлекет және құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену жоғары дәрежелі маманданған заңгерді дайындауға маңызы зор. Ең алдымен мемлекет пен құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену студенттердің мемлекеттік –құқықтық құбылыстарға тарихи ықпал сезімін тәрбиелейді, студенттерді жалпы қоғамдық өмірді және мемлекет пен құқықты танудың ғылыми әдістері білімімен қаруландырады.

Мемлекет пен құқықтың кез келген құбылысы тек оның даму тенденциясы мен келешегін ұғыну кілті табылғанда, бұл құбылыс қалай пайда болды, қалыптасудың қандай сатыларынан өтті және қандай бағытта қозғалуда, дамуда екендігі айқындалғанда ғана дұрыс ұғынықты болады.

Оқулық негізінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған. Мұнда жеке елдердің мемлекеттік-құқықтық құбылыстарын хронологиялық сипатта, 4 негізгі кезеңдер шеңберінде : ежелгі әлем, орта ғасыр, жаңа заман және қазіргі замандағы тарихы мазмұндалған.

Оқулық шеңберінде зерттелініп отырған елдердің барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстары мен оқиғаларын қамту мүмкін емес. Сондықтан мемлекет пен құқықтың «қоғамдық құрылыс», «мемлекеттік құрылыс» (басқару және мемлекеттік құрылыс формасы, билік пен басқарудың орталық және жергілікті органдарының құрылысы мен өкілеттіктері, олардың арақатынасы) және «құқық» (құқықтық қайнар көздері, құқықтың негізгі институттары: меншік құқығы, міндеттемелік құқық, неке-отбасының және мұрагерлік құқық, қылмыстар мен жазалар, сот процесі) сияқты ұғымдарымен ашылатын негізгі аспектілері ғана қарастырылады.


Ежелгі Египет


Ежелгі Египет мемлекеті тарихының кезеңдері. Біртұтас орталық мемлекеттің пайда болуы (б.з.д. IҮ м.ж.д. – III м.ж. аяғы). Мемлекеттік биліктің деспотиялық-теократиялық сипаты. Қоғамдық құрылыстың ерекшелігі. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі (фараон, джати, шенеуніктік, патша және т.б.). Абыздардың саяси рөлі. Эхнатон фараонның діни реформа. Жергілікті басқару. Әскер. Сот.

Ежелгі Вавилон


Қосөзен аңғарында мемлеукеттің пайда болуы мен даму еркшелігі. Мемлекеттік ұйымның ерте формасы – қала-мемлекеттер. Мемлекеттік-гегемонияның қалыптасуы. Ура әулетінің патшалық етуі (б.з.д XII-XX ғғ). Вавилон орталықтанған мемлекетінің дамуы (б.з.д. XVIIIғ.). Хаммурапи тұсындағы Вавилонның қоғамдық-саяси құрылысы.Басқаруда қауым мен храмның ролі. Әскер. Сот.

Ежелгі Месопотамияның құқықтық қайнар көздері және құқықтық институттардың ерекшелігі. Б.з.д. ХҮІІІғ. Хаммурапи патшаның заңы. Нормалар жүйесі. Мүліктік қатынастар регламентациясы. Қылмыстық құқық ерекшелігі: композициялық жазалар жүйесі және талион.Отбасы-неке құқығы. Соттық іс жүргізу.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет