Тәжірибелік сабақ № 3
Бидайдың біртектілігін анықтау
Жұмыстың мақсаты. Бидайдың сапалық көрсеткіштерінің бірі дәннің біртектілігін анықтау әдісін меңгеру.
Жабдықтар: Тесік ені 2,8; 2,5; 2,2; 2,0; 1,7мм болатын илегіш, ВЛТ-200 немесе ВЛТК-500 техникалық таразы, ЛР-3 зертханалық рассев чашкалар.
Анализ. Бидай сынағының салмағы 100 г болатын бидай сынамасын 0,5г дәлдікке дейін өлшейді де, елеуіштерде елейді. Елеу үшін бір елеуіштен екіншісіне кезекпен ауысып отыратын поддондар құрылған (1,7*20; 2,0*20; 2,2*20; 2,5*20; 2,8*20 мм). Илеуіштер жинағын беті тегіс үстелдерге орналастырады. Сілкілеусіз илеуіштердің тесіктерінің ұзындығының бағыты бойынша қайтымды қозғалыс арқылы илеуді жүргізеді.
Илеуіштің ауытқуы – 100 мм. Илеу ұзақтығы 3 мин (110...120 қозғалыс кезінде 1 минут).
Илеу аяқталғаннан кейін әр илеуіште қалған қалдықтардан стандарттарға сәйкес бидай және арпа қоспалары, соғылған бидайлар және де басқа да дақылдардың қоспаларын (бидайдың біртектігін анықтау кезінде астық түйірді аяз шалған болса, оны есептемейд») алады. Сосын әр илеуіштен таза бидайлардың қалдықтарын және төменгі илеуішке өткен ұсақ бидайларды өлшейді. Пайызбен көрсетіліп алынған деңгейдегі тұтас бидайлар сынамасына қоспаларды есептеу үшін салады. Бұл оның, яғни бидайдың біртектілігін көрсетеді.
Есептеу мысалы, 100 г бидайды себу кезінде елеуіште қалғаны
2,8*20 мм тең
2,5*20мм
2,2*20мм
1,7*20мм
1,7*20м
|
10,0г немесе 10,5%
18,8 г немесе 19,8%
40,2 г немесе 42,3%
20,7 г немесе 21,8%
5,3 г немесе 5,6%
|
Барлығы 95,0г 100%
Қоспалары 5,0 г
Қорытынды 100,0г
Астық түйір қосынды массасы бойынша екі аралас илеуіште шығу сынағының біртектілігін пайызбен үш топқа бөледі;
Жоғары - 80%-тен артық
Орташа – 75-80% дейін
Төмен - 70%-тен төмен
Осымен қоса, бидайлардың қалдығын елеуіштің тесіктерінің өлшемін көрсетеді. Бидайдың біртектілігі өлшем бойынша бірдей болуымен сипатталады. Ол ұн зауыттарында өңдеу және отырғызу кезінде үлкен мәнге ие болады.
Тәжірибелік сабақ № 4
1000 дән массасын анықтау әдістері
Жұмыстың мақсаты: Осы әдістің негізі бидай өлшендісін өлшеуге негіздеуге, толық дәнді бөліп алуға, қалдықты өлшеуге, толық дәнді санауға негіздеуге, сосын оның саны бойынша толық дән массасына бөлуге, сосын 1000 дән бойынша әдіс қорытындысын шығаруға үйрету.
Құрылғылары. Бөлгіш. Зертханалық таразы жалпы қолданылу шегі ±10,00 мг жіберіледі. Дәнді санауға арналған құрылғы ("Нумиграл" фотоэлектрлі есептегіш және басқа есептегіштер). Бөлшектің тақташасы, штамб және пинцет.
Орташа үлгіден дән өлшемдісін бөліп алады. Оның массасы зерттелетін мәдениеттің 500 дәнінің массасына жақын, және жіберілетін өлшеу шегі ±10,00 мг өлшемдіден толық, дәндерді теріп алады, ал қалдығын жіберілген шегі ±10,00 мг өлшейді. Өлшемді массасынан қалдық массасын алу әдісімен бітеу дән массасын анықтайды.
Өлшемдіден таңдап алынған бітеу дәндерді құрылғыға тесілі есептегіш көмегімен немесе қолмен есептейді. Әрбір анықталғанды екі параллель өлшемдімен жүргізеді.
Қорытындыларды өңдеу.
1000 дәннің массасын грамдалған дәннің фактілі ылғалдылығы бойынша мына формуламен анықтайды:
мор=m*1000/N
мұндағы: m-бітеу дән массасы, г;
N-массадағы бітеу дән, шт.
Соңғы қорытынды үшін орташа арифметикалы екі 1000 дәннің массасы үшін қорытынды анықталады, егер айырмашылық пайыз бойынша жоғарыламаса:
10 – 1000 дәннің 25,0 г массасы болса,
6 – 1000 дәннің 26,0 г және одан көп массасы болғанда.
Граммдағы 1000 дәннің массасын (Mc) құрғақ зат үшін мыны формуламен анықтайды:
Mc=m(1000-ω)/100
Мұндағы : ω- дән ылғалдылығы.
Егер айырмашылық жіберілетін нормадан жоғары болса, онда анықтауды қайталайды және соңғы қорытынды ретінде орташа арифметиканы қорытындының екіншісін алады. Егер олардың арасындағы айырмашылық жіберілетін нормадан аспаған жағдайда.
Алынған қорытындыны домалақтау келесідей болады: егер бірінші лақтырылатын санымыз 5-ке тең немесе үлкен болса, соңғы сақталатын санды бірге үлкейтеді. Егер 5-тен төмен болса, онда оны өзгеріссіз қалтырады.
1000 дән массасының соңғы қорытындысын былай көрсетеді:
- екіншісін ондық белгіге дейін – егер 1000 дән массасы 10 г-нан төмен болса;
- біріншісін ондық белгіге дейін – егер 1000 дән массасы 10 г-нан жоғары болса, бірақ та 100 г –нан жоғары емес;
- бітеу санға дейін - егер 1000 дән массасы 100 г-нан асса.
Тәжірибелік сабақ № 5
Бидайдың шынылығын анықтау әдістері
Жұмыстың мақсаты: Бидайдың шынылығын анықтау арқылы оның сапасына баға беруді және әдістеменің қалай жүргізу қажеттілігін меңгеру.
Жабдықтар: Диафоноскоп ДСЗ-2 кассетасымен және ДСЗ-2с маркалы счетчигімен, зертханалық таразылар, шпатель, құрастырылатын тақта, бритва.
Зерттеуге дайындау: бидайдың орташа үлгісінен 50 грамм мөлшерінде бидай немесе күрішті алып оны бөгде қоспалар мен бидай қоспаларынан тазартады.
17,0% ылғалдықтағы бидайды 500С артық емес температура кезінде ЛСА зертханалық шкафында немесе термостатта, кептіру шкафтарында кептіреді.
Тазартылған бидайдан 10 г өлшеп алады.
Зерттеуді жүргізу: Диафаноскоп кассетасына жүз бидайды салады да, кассетаны диафоноскоптағы өз орнына қояды. Диафоноскопты қосқанда кассетаның астынан жоғары вольтты жарық түсіру арқылы анықтайды. Жарық түскен кезде шынылықтың үш түрі бойынша ажыратуға болады.
1. Шынылықты
2. Жартылай шынылықты
3. Ұндық
Қолмен анықтаған кезде 100 бидайды бөліп алып, бритва көмегімен екіге жарады. Бір бөлігіне қарағанда мөлдір болып тұрса, шынылы, жартысы ұнды болған кезде жартылай шынылы, ал толығымен ақ болғанда ұнды деп ажыратады.
Бидайдың жалпы шынылығын пайыздық қатынаста формула бойынша табуға болады:
Мұндағы, Пс – толығымен шынылықтағы бидай саны, дана
Чс – жекеленген шынылықтағы бидай саны, дана
Тәжірибелік сабақ № 6
Клейковина сапасы бойынша бидай ұнының сапасына баға беру.
Жұмыс мақсаты. Клейковина сипаттамасының санымен сапасы бойынша ұн сапасын бақылау әдістемесін игеру.
Қондырғылар және құрылғылар. 1-ші класты дәлдіктегі техникалық таразы; ИДК-1 қондырғысыз 25 мл өлшейтін цилиндр; 00С-500С-қа дейін температураны өлшейтін термометр. Фарфорлы келі-келсап қақпақты; қалақшаға немесе пестик; орамал.
Жалпы жағдайы. Клейковина – бұл гидротирленген гель, бидай ұнынан жасалған қамырды жуған кезде қолда қалып қояды. Клейковина негізінен ақуыздардан, аздаған крахмалдан, жасушалардан, майлардан және минералды заттардан тұрады. Қара бидай ұны нан клейковинаны ерекше әдісті қолдану арқылы алуға болады.
Ұндағы клейковинаның құрамы созылмалылығы бидай ұнының нан пісіру қасиеттеріне тәуелді. Сондықтан ұндағы клейковинаның саны мен сапасына баға беру қажет.
Мекеменің ережелеріне сәйкес, диірмендегі технологиялық үрдісті жүргізу шарттарына байланысты, клейковина мөлшері төмендегідей: жоғарғы сұрып ұнында – 28%ден төмен емес, 1-ші сұрып - 30% аз емес, 2-ші сұрып – 25 аз емес, обойлы - 20% аз емес болуы керек.
Сапасы бойынша клейковина ІІ-ші топтан төмен болмауы керек.
Әдістемелік нұсқаулар. Жұмысты әрбір студент өз бетінше орындайды. Ұзақтығы 2 сағат.
Ішкі клейковинаның саны мен сапасын анықтауда МЕСТ 9404-60 келтірілген әдістемені қолданады. Осы стандартқа сәйкес клейковина сапасы түсі бойынша сипатталады (ашық, сұрт, қою), созылмалығы (қысқа 10 см-ға дейін, орташа 10-20 см; ұзын – 20дан жоғары) және созылмалы (жақсы, қанағаттанарлықтай және қанағаттанарлықсыздай). Клейковина түсі жуғаннан кейін бірден анықтайды.
Клейковинаны созылмалыққа анықтау үшін жалпы массадан 4 г өлшенді алады, саусақтармен жыжиды, шарик жасайды да ыдысқа температурасы 18+-200С су құйып 15 мин салады. Бұдан кейін ол шарик созылады.
Созылмалығын бастапқы клейковина қалпына келу уақытына байланысты анықтайды.
Жақсы созылмалы клйековина өзінің бастапқы қалпына толығымен келеді. Қанағаттанарлықсыз мүлдем бастапқы қалпына келмейді, ал қанағаттанарлық осы екеуінің ортасында.
Созылмалығына байланысты 3 топқа бөлінеді: І – созылмалығы жақсы клейковина, созылуы бойынша – ұзын немесе орташа, ІІ – жақсы созылатын клейковина, созлуы бойынша – қысқа; ІІІ – аз созылмалы клейковина - созылуы аз, қысқа, созған кезде үзіліп кетуі мүмкін.
Сонымен қатар, сапалы клейковина сипаттамасына зертханада ИДК-1 құрылғысын қолданады, бұл қондырғы нақтылы көрсеткіштер береді. Оны қолданған кезде жуылған клейковинадан 4 г өлшенді алып 18+-200С температурада 15 мин жатқызып қояды.
Осы уақыт біткенге дейін клейковина шаршы қондырғы үстеменің ортасына орналасады, сол кезде «Пуск» кнопкасын басып 2-3 секунд ұстап тұрады. Осы кезде жүк клейковинаға жайлап түседі. 300С өткеннен кейін автоматты түрде ауысуы тоқтайды, «Отчет» жанады. Құрылғыдағы нұсқама шаманы көрсетеді, кей кездері клейковина қасиетін жақсартады. Клейковинаның градация топ бойынша сапасы кестедегі көрсеткіштер бойынша жазылуы тиіс.
Сынақтан кейін клейковина шаригін үстелден алынып, үстелді құрғатып сүртеді. Сынақ алдында қондырғыны ток көзіне қосу керек, жұмыс бастамасытан 20 мин бұрын қосамыз, жұмыс барысында ол желіге қосылып тұру керек.
12-кесте. ИДК-1 қондырғысын пайдаланған кезде клейковина сапасы:
Құрылғы көрсеткіші
|
Клейковина сапасының тобы
|
Клейковина сипаттамасы
|
45-н төмен
45-65
68-85
85-105
105-120
|
ІІІ
ІІ
І
ІІ
ІІІ
|
Өте мықты
Мықты
Орташа
Қанағаттанарлықтай, әлсіз
Қанағаттанарлықсыздай, әлсіз
|
Жұмысты орындау тәртібі. Әрбір студент ұнның сұрпы бойынша сынама алу керек. Осы сынамадан 25 г өлшенді алып фарфорлы ыдысқа салып 13 мл су қосады.
Біркелкі қамыр массасы алынғанша араластырады. Дайын болған қамырды домалақтап ыдыста 20 минутқа қояды да үстінен әйнекпен жауып қояды. Осыдан кейін ақырын ағып тұрған суда клейковинаны жуады.
Клейковинаны жуу оның қабықшалары толығымен жуылып болғанша жүргізіледі. Қосымша тексеру – «көп сынама» бойынша тамшылары арқылы сынау, клейковинадан сығу кезіндегі судың құрамында крахмалдың бар болуына бұл үшін клейковинадан қалған тамшыға KJ қосамыз. Көк түстің жоғалуы крахмалдың толығымен жоғалуының нәтидесі. Жуылған клейковинаны өлшеу арқылы анықтайды.
Клейковина құрамының күштілігін анықтау үшін массасы 4 г өлшенді алады, оны домалақтап біреуін ИДК-1 құрылғысынды сынайды, берілген әдістемеге сәйкесінше МЕСТ 9404-60 бойынша екіншісін сынайды. Нәтижелерді кестеге енгізуге болады.
13-кесте. Ұнның клейковинаның саны мен сапасының нәтижелік бағасы
Ұн сұрыпы
|
Клейко-вина мөлшері
|
Түсі %
|
Сапалы баға
|
Созылма-лығы, см
|
Созылма-лығы
|
Стандарт бойынша топ
|
ИДК-1 құрылғысының бірлігі
|
|
|
|
|
|
|
|
Клейковин сапасын анықтағаннан кейін берілген сұрып бойынша сапалық – сандық клейковина көрсеткіштері арқылы, ИДК-1 құрылғысы көмегімен стандарттық әдіспен алынған бағалармен салыстырады.
Тәжірибелік сабақ № 7
Күлділігін анықтау әдістері.
Жұмыстың мақсаты: Бидайды қабылдау барысындағы сапа көрсеткіштерін, оның ішіндеу күлділікті анықтау әдістерін меңгеру.
Сату мақсатындағы бидай және өңдегендегі өніміндегі күлділігін анықтау әдісін нағыз стандарт орнатады. Ол әдіс крахмал, өндірістік крахмалға қолданылмайды, сонымен қоса бидай және оның өніміне, жемдік мақсатқа қолданылатын және егуге арналған бидайық және бұршақтық мәдениетке де.
Реактивтер: 95% этил спирті; тұз қышқылы; дистильденген су; техникалық хлорлы кальций 450; техникалық силикагель.
Құрылғылар. Диірмен, торлы сымтемір. Тесуге арналған тигель. Муфильдік пен желдеткішімен. Эксикатор. Зертханалық таразы. Жылу тұрақты пластина.
Анализді өткізу тәртібі.
Тигельді дайындау. Тигельді қайнаған тұз қышқылында өңдеп, оны сумен жуады. Қолданбай тұрып тигельді муфильді пеште 9000С теседі. Сосын тигельді бөлме температурасында суытады. (1 сағатқа)
Ылғалдығын анықтау. Ылғалдығын ұсақтаған соң МЕСТ 29413 бойынша анықтайды.
Өлшенді дайындау. Үлгіден келесі өлшендіні алады: А) 5-6 өнім, 1 % құрғақ заттағы күл; Б) 2-3 өнім, 1% күлден көп құрғақ затқа. Өлшенген өлшендіні тигельге салады.
Күлденуі. Өлшенді біркелкі күлденуі үшін алдын ала 1-2 см2 этил спиртімен ылғалдандырады. Есігі ашық муфельді пешке тигельді орналастырады, өлшенді күйген соң, тигельді муфельді пег ішіне 9000С температураға орналастырады. Күлдену барлық өлшенді өртенгенде болады. Күлдену деп өлшенді ақ болғанын айтады, ол 2 сағ созылады.
Қорытындыны өңдеу.
Күл мөлшері Х, % құрғақ затқа берілген
х = m1 * 100 / m0 * 100 / 100 - H
m0 - өлшенді массасы, Г
m1 - қалдық массасы, г
H – үлгі ылғалдығы, %
Лабораториялық зерттеу қорытындысын жасау.
Анализ әдісінің дәлдігін стандартқа сай тексеру керек.
Тәжірибелік сабақ № 8
Құлау санын анықтау
Жұмыс мақсаты. Дәнді дақылдар үшін құлау санын анықтау тәсілін, олардың альфа амилазаның белсендігін сипаттау үшін қолданады.
Жұмысты орындау тәртібі
Құлау саны жалпы уақыты секундта болады, вискозиметриялық пробирканы қайнап жатқан суға батырған мезгілден басталады, суспензияны вискозиметра араластырғышымен араластыру үшін қажет және бұл суспензияның судан және ұнның тұтастай тартылған дән құлауы үшін керек.
Тәсілдің маңызы.
Ұнның сулы суспензиясының тез клейстеризация немесе тұтастай тартылған дәннің сулы моншада және келесі крахмалдың альфа амилазасының жану деңгейін сынама құрамында анықтайды.
Реактив. Дистелденген су немесе эквивалентті таза су.
Жабдықтар. Сулы монша биіктігі 20 см және диаметрі 15 см, вискозиметр пробиркасы үшін тығын мен ұстағыш, қысқышпен, кондисатормен бу беруді төмендетеді. Электрикалық қуаттылығы 600 Вт ысытқыш диаметрі сулы монша диаметрінен аспауы керек. Вискозиметр араластырғышы металды өзімен ол екі шектегішпен шектелген стержень және төменгі бөлігінде дөңгелектері бар. Араластырғыш эбонитті төлкеде жатық қозғалады және оның массасы төлкесіз (25,00±0,05)г құруы керек. Вискозиметриялық прецизионды, цилиндриялық пробиркалар әдейі жасалған шынылар келесі өлшемдері ішкі диаметрі 21,00±0,02 мм сыртқы диаметр 23,80±0,25 мм, ішкі бөліктің биіктігі 220,0±0,3 мм. Вискозиметриялық пробиркалар үшін резиналық пробиркалар. Сыйымдылығы 250±0,2 см³ пипетка. Автоматикалық сигналмен есепші және дұрыс араластыру ырғағын қамтамасыз ететін секундомер. Таразы. Ылғалдылығы 30% аспайтын тартылған өнім үшін балғалы диірмен. Тесіктері 800 мкм өлшемдегі сита.
Жұмыс барысы
Сулы моншада деңгейге дейін дистелденген су құяды, ыдыстың жоғары жағынан 2-3 см орналасады. Суды қайнауға дейін жеткізеді және оны барлық талдау уақыты бойы қатты қайнау қалпында сақтайды.
Құлау санына судың қайнау температурасы әсер етеді, кезегіне атмосфералық қысымға тәуелді. Қайнау нүктесі 97 °С жетеді, бұл теңіз деңгейінен жоғары биіктегі ерекшелігі 10 % дейін негізгі құлау санының маңызының жоғарлауына әкеледі. Сондықтан судың қайнау температурасын 100°С дейін жеткізу маңызды, оған этиленгликоль немесе глицерин қосады.
Сынаманы талдау үшін вискозиметрдің пробиркасына орналастырады және температурасы 20±5°С пипетка көлемі арқылы 25 м³ су қосады. Пробирканы резиналы тығынмен жабады және 20 рет немесе одан да көп біртекті суспензия алғанға дейін араластырады.
Тығынды алып вискозиметр араластырғышының дөңгелектерімен пробирка қабырғасына жабысқан ұн бөлшектерінің немесе тартылған өнімді жалпы масса суспензияда алып тастайды.
Вискозиметриялық пробирканы оған орнатылған араластырғышпен бірге қайнап жатқан сулы моншаға пробирка ұстағышының тесіктері арқылы орналастырады.
Пробирка сулы моншаның жалған түбіне тигенде автоматты түрде есептегіш қосылады. Пробирканы және эбонитті төлкені айналып тұрған қысқышпен қадайды. Вискозиметриялық пробирканың төмен түсіруінен 5с кейін қолмен суспензияны секундта екі араластыру қозғалысының бір қозғалысы төмен және бір қозғалысы жоғары құралады.
Әрбір араластыру қозғалысында төменгі және жоғары араластырғыш шектегіштері А эбониттті төлке және В төмендеу түбінің төлкенің жоғары бөлігін тиюі қажет, яғни араластыру қозғалысының амплитудасын шектейді.
59 с кейін араластырғышты жоғары тұрғыда тоқтады, яғни төменгі шектегіш эбонитті төлкемен жаналады, ол айналмалы қыстырғышпен қатайтқан. Автоматты есептегішті қосқан кеін тура 60с кейін араластырғышты жібереді
Есептегіш дәл сол мезетте автоматты түрде тоқтайды, төменгі жақтың жоғары шектегіш араластырғышы өзінің салмағы әсерінен төмен түсіп эбонитті төлкенің С деңгейіне жетеді.
Жалпы уақыт секундта автоматты есептегіш көрсеткішіне тура анықтау саны. Сол бір сынама үшін 2 анықтаулар жүргізіледі.
Қорытындыны өңдеу
Есептеу әдістемесі.
Жалпы уақыт секундта, вискозиметриялық пробирканың сулы моншаға төмен түсірілген мезеттен және дейін бастап араластырғыш шектегіші эбонитті төлкенің жоғары бөлігінің С деңгейіне жеткенде «құлау саны» етіп алынады.
Араластыру уақыты құлау санын қосады.
Талдаудың соңғы қорытындысы орта арифметикалық қорытындысының 2 анықтамасын егер жинақтылық талаптары орындалғанда қабылданды. Алайда 2 жаңа анықтау орындайды.
Жану саны. Ұнды қоспалар құлау санының талаптарынына сай жасау болады, егер құлау санын жану санына ЧР формула бойынша ауыстырса
ЧР=6000
Мұнда, 6000-тұрақты саны, ал 50 саны уақыт тең, яғни ұндағы крахмал қажетті желатинденіп энзим әсері үшін жеткілікті.
Маңыздылар арасна ерекшелігі 2 анықтаулар алынған кейін орта маңызы 10 % аспауы керек.
Тәжірибелік сабақ № 9
Бүлдіргіштермен зақымданғандығын және бүлінгендігін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Бүлдіргіштермен зақымданғандығын және бүлінгендігін анықтау әдістемесін меңгеру.
Зақымдану бидайда ашық формада тірі жәндіктендің бидай аралық кеңістікте болуы мен түсіндіріледі.
Зақымдануы бидайдың жабық формада – тірі зақымдағыш шикі бөлек дәндерде болады.
Жәндіктермен зақымдалған деп, егер бидайдың іші немесе сыртындағы тұқымды толық немесе жарты бөлігін кемірсе, қабатын, эндоспермнің бүлінуі болса, өлі немесе тірі зақымдағыш бидайда бар деп саналады.
Үлгі алу әдісі. Үлгі алу қоймада немесе алаңдарда нүктелі үлгілер алынады, сосын оның ішінен орташа үлгіні әрбір себінді қабаты бойынша бөлек сұрыптайды. Себінді бөліктерге 1,5 м төмен болса, екі қабаттан үстіңгі және астыңғы. Элеваторларда силос толығымен тиелгенде, үлгілер әрбір силостан қойманы қысқыш көмегімен үстінгі және ортаңғы қол жететін тереңдікте шешіле алады. Сонымен қатар, үлгілерді зақымдағыштар жиналатын орындарда алады. Бидай себіндісін ең биік нүктесінде, өте ылғал және шаң орында, тез зақымданады.
Реактивтер және құрылғыштар. Зертханалық таразы, дәндік лупа, торлы матадан жасалған зертханалық сита, бидайды егеуші мехеникаландырылған құрылғы; анализ үшін тақташа; құмды сағат; термометр; штапель; сыпыртқы. Жабық түрдегі бидайдың зақымдануын анықтау: бөлгіш; - фильтрлеуші қағаз; секундомер; сыйымдылығы 500 см³ өлшеуіш колба; сыйымдылығы 200-500 см² стакан, чашка; йодталған калий 1% еріткіш; кристалды йод; калий марганецті қышқылы.
Анализді өткізу.
Ашық түрде бидайдың жәндіктермен, биттермен ластануы. Қабатты анализ алуда орташа үлгі бойынша әр қабаттан бөлек алынған және ластануын үлгі бойынша анықтайды, онда ең көп мөлшерде зақымдағыштар болады. Сосын орташа үлгіні өлшемді, диаметрі 1,5 және 2,5 мм тесікті ситадан өткізеді. 2 мин. Аралығында 120 айнымалы қозғалыс минутына немесе механикалық әдіспен мазмұны бойынша құрылғыға беріледі. Егер бидай температурасы 5ºC төмен болса, алынған қалдық және кірісті 25-30ºC 10-20 мин. Қыздырады, онда өліп қалған жәндіктер тірілуі үшін. Диаметрі 2.5 мм сита тесігінің өткен шығын анализ тақтасына, өтінді сита тесік диаметірі 1,5 мм қара әйнекке, жұқа қабатпен себеді, 1,5 мм тесікті ситаны лупа арқылы қарайды. Осы себептен ұсақ зақымдағыштарды: күрішті ұсақшұрындыларды анықтайды. Өлі зақымдағыштарды, сонымен қоса тірі егіндік зақымдағыштарды сақтау барысында зиян келтіргіштерді лас араласпа деп алып, зақымдануын анықтағанда есепке алмайды.
Қорытындыларды өңдеу.
Алынған тірі зақымдағыш санын есептеуді 1 кг бидайға. Битпен, ұзақшұрындылармен зақымданса, зақымдану дәрежесін орнатып, 1 кг бидайға есептейді.
14-кесте. Зақымдану дәрежесі
Зақымдану дәрежесі
|
1 кг бидайдағы зақымдағыш саны
|
Ұсақшұрындылар
|
биттер
|
І
|
1-5-ке дейін
|
1-20-ға дейін
|
ІІ
|
6-10-ға дейін
|
20 жинаушы мүмкін
|
ІІІ
|
10-нан жоғары
|
биттер көптен жиналады
|
Жүгерінің қораптағы зақымдануын анықтау.
Қораптағы жүгерінің зақымдануын анықтауда әрбір оныншы початокты қысылған үлгіні мұқият лупамен қарайды. Початкадағы жүгеріні битпен ластанғанын анықтау үшін он початканы алады да, бір-біріне соғып, әйнекке тигізе отырып, әйнектегі битті лупа көмегімен қарайды. Жәндіктер мен биттер болса, олардың санын анықтайды.
Жабық түрдегі бидайдың зақымдануын анықтау. Жабық түрдегі бидайдың зақымдануын анықтау тесіктерді бояу әдісімен іске асады. Бидайды ұсақтау әдісімен зақымдануын анықтау өлшемді, 50 г массалы, орташа үлгіден алынады. өлшемдіден 50 бүтін бидай алынады, оны скальпи көмегімен соғып ұсақтайды. Ұсақталған бидайды лупамен қарап, ондағы тірі жәндіктерді санайды. 50 гр массалы өлшемдердің тесіктерін бояу әдісі арқылы ластануын анықтау орташа үлгіден алынған. өлемдіден 250 бүтін бидайды алып торға салып 1 мин. Суға салады, оның температурасы 30 ºC. Бидай ісиді, сонымен бірге оның тесіктері де үлкейеді. Сосын тордағы бидайды 20-30 ºC 1% марганец қышқыл калийға ауыстырады. Осыдан ол қара түске боялады. Артық краскадан айыру үшін бидайды суық суға салады. Оны фильтрлегіш қағазға салып, ондағы зақымданған бидай санын есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |