Пәнінің оқу-әдістемелік кешені "Ақпараттық жүйелерді жобалау"



бет1/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#175049
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-12.1.60/01-2014



ПОӘК

«Ақпараттық жүйелерді жобалау» пәнінің оқу әдістемелік материалдар арналған бағдарламасы



Баспа №2 11.09.2014ж



Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
"Ақпараттық жүйелерді жобалау"
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014
Алғы сөз

1. Құрастырылған

Құрастырушы ___________ «______» ______________ 2014 ж., Д.Д. Жақсығұлова, аға оқытушы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы.

2. Талқыланды

2.1. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының мәжілісінде

Хаттама № ______ , «_____» __________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі __________ С.К. Смагулов

2.2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама № ______ , «_____» __________ 2014 ж.

Төрайымы__________ Р.С. Бекбаева

3. бекітілГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама № ______ , «_____» __________ 2014 ж.

ОӘК төрайымы _______________ Г.К. Искакова


4 18.09.2013 ж. №1 баспа орнына енгізілді
Мазмұны



Глоссарий



Дәрістер



Тәжірибелік және зертханалық сабақтар



Студенттің өздік жұмысы



1. глоссарий

Осы ОӘМ келесі терминдер қолданылған:




CASE-средства -

АЖ жобалаудың инструментальды құрылғылары.

Верификация -

берілген кезеңде қол жеткізілген программаның ағымдағы жағдайы осы кезеңнің талаптарына сай келетіндігін, келмейтіндігін анықтайтын үрдіс.

Жизненный цикл ПО ИС -

непрерывный процесс, начинающийся с момента принятия решения о необходимости создания ИС и заканчивающийся в момент полного ее изъятия из эксплуатации.

Ақпараттық жүйе (АЖ) -

Берілген мақсатқа жету барысында ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланатын құралдар, әдістер және персоналдар жиынының өзарабайланысы және әрекеті.

Итерациялық модель -

АЖ құрастыру (дайындау) кезеңдер арасында кері байланыс циклдары бар итерациялармен жүргізілетіндігін қарастыратын АЖ ӨЦ моделі.

Канондық жобалау -

элементарлы амалдардың орындалуын интегралдауға мүмкіндік беретін қандай да бір инструментальды құрылғылардың көмегінсіз орындаушылар деңгейінде жүзеге асатын оригиналды жобалаудың қолдық технологиясының ерекшеліктерін бейнелейтін АЖ жобалауы

Каскадты модель -

Жобаның барлық кезеңдерінің қатаң фиксирленген ретте тізбектеле орындалуын қарастыратын АЖ ӨЦ моделі. Келесі кезеңге өту алдыңғы кезеңдегі барлық жұмыстардың аяталуын білдіреді.

RAD әдістемесі -

графикалық объектілердің анықталған жиынтығымен амалдар жүргізуге мүмкіндік беретін, қосымшаның жеке ақпараттық компоненттерін функционалды бейнелейтін арнайы инструментальды құрылғылардың кешені.

SADT әдістемесі -

Мекеменің қызметінің моделін тұрғызу әдістемесінің негізгі идеясы – мекеменің бұтақтәріздес функционалды моделін құру.

АЖ жобалау әдістемесі -

жүйенің өзіне, сол сияқты программа тұрғызу үрдісінің характеристикаларына да қойылатын талаптардың орындалуына кепілдік беру үшін ақпараттық жүйені тұрғызу үрдісін ұйымдастыру және осы үрдісті басқару.

Модельді – бағытталған жобалау -

типтік АЖ құрамын және характеристикаларын автоматтандыру объектісінің моделіне сәйкес адаптациялау.

АЖ қамтамасыздаушы ішкіжүйесі -

қамсыздаудың сол немесе басқа түрі қолданылатын нақты функционалдық ішкіжүйелерден тәуелсіз барлық АЖ ортақ болып табылатын АЖ ішкіжүйелері.

Параметрикалық – бағытталған жобалау -

Келесі кезеңдерді қамтиды: қойылған есептерді шешуге арналған қолданбалы программалар пакеттерінің (ҚПП) жарамдылық бағасы критерийлерін анықтау, формаланған критерийлер бойынша қолжетімділік ҚПП анализі және бағасы, неғұрлым сәйкес келетін пакетті таңдау және сатып алу, сатып алынған ҚПП параметрлерін баптау (толықтырып өңдеу).

Жоба -

нақты программалық – техникалық ортада АЖ құру және эксплуатациялау жөнінде (туралы) жобалық шешімдердің сипаттамалары көрсетілген жобалық – конструкторлық және технологиялық құжаттар.

АЖ жобалау -

ГОСТқа сәйкес аналогиялық міндетті (назначения) объектілерді жобалау әдістері және тәжірибесі, объект туралы кіретін ақпараттың түрлену үрдісі.

Жүйе -

бір уақытта бүтін бөлік ретінде және де қойылған мақсатқа жету мақсатында біріктірілген әртекті элементтер жиыны ретінде де қарастырылатын кез келген объект.

Спиральді модель -

Спиральдің әрбір айналымында (витке) өнімнің келесі версиясының құрылуы орындалатындығын, жобаның талаптары бекітілетіндігін, оның сапасы анықталатындығын және келесі айналманың жұмысы жоспарланатындығын қарастыратын АЖ ӨЦ моделі.

Жүйенің техникалық жобасы -

бұл жалпыжүйелік жобалық шешімдерді қамтитын, тапсырмаларды шешу алгоритмін, сондай ақ басқарудың автоматтандырылған жүйесінің экономикалық тиімділігінің бағасын және объектіні енгізу барысында орындалатын шаралар тізімін қамтитын техникалық құжаттама

Техникалық тапсырмаТ) -

Бұл басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру үшін қажет мақсатты, талаптарды және негізгі алғашқы деректерді анықтайтын құжат.

АЖ жобалау технологиясы -

үш құраушылар жиыны түрінде берілуі мүмкін:

  • жобалаудың технологиялық амалдарының орындалуының берілген тізбектері;

  • технологиялық амалдардың орындалу нәтижесін бағалау үшін пайдаланылатын критерийлер мен ережелер;

  • жобаланушы жүйені сипаттау үшін пайдаланылатын графикалық және мәтіндік құралдар (нотациялар).

Типті жобалау -

Жүйені дайын типтік элементтерден құрастыруды болжайтын АЖ жобалау .

Типтік жобалық шешім (ТЖШ) -

бұл тираждалатын (көп ретті пайдалануға жарамды) жобалық шешім.

АЖ функционалдық ішкіжүйелері -

экономикалық жүйенің (мекеменің) қызметінің қандай да бір түрін экономикалық жүйенің құрылымдық бөлімшелеріне және (немесе) басқару функцияларына сәйкес (сәйкес мінезді) ақпараттық қамтамасыз ететін АЖ ішкі жүйесі.




  1. Дәрістер


Дәрістік сабақтардың тезисі
1,2,3 апталар
Тақырып 1. Кіріспе. Ақпараттық жүйелер
Дәріс жоспары

  1. «АЖ жоспарлау» пәнінің мақсаты және міндеті.

  2. Жүйе, АЖ: анықтамасы.

  3. Сақталатын берілгендерді типіне байланысты АЖ классификациясы.

  4. Автоматтандыру жағынан АЖ классификациясы.

  5. Қолдану сферасындағы АЖ классификациясы.

  6. Берілгендерді өңдеудегі АЖ классификациясы.

  7. АЖ басқару деңгейінің классификациясы.

  8. Масштабы бойынша АЖ классификациясы.

9. Ұйымдастыру тәсілі бойынша АЖ классификациясы.
Дәрістің қысқаша конспектісі
«АЖ жобалау» пәнінің мақсаты және міндеті.

«АЖ жобалау» пәнінің мақсаты- күрделі жүйелердің синтезі және негізгі концепциялары мен анализ методологиясы, ақпараттық жүйелерді жобалаудың принцптері, қазіргі заманғы экономико-математикалық тәсілдерге және есептеу техникасына негіз болады.

«АЖ жобалау» пәнінің мағынасымен ролі әртүрлі кәсіподақтар мен экономикада, жаңа ғасырдың технологиялық дамуындағы компьютерлік жүйелерге қажеттілікпен анықталады. Ақпараттық жүйелер тек кана күрделене бермей, және де ақпараттандыруы дамыған, мобильді, қауысыз, қол жетімді және пайдаланушыға жолдас болуы қажет және т.с.с.

Курсты оқу кезінде студенттер келесіні білу қажет:

Білу:


  • ақпаратты жүйелерді жоспарлаудың методологиясын макро және микро деңгейде;

  • жүйелердің иерархиялық принцптері;

  • жүйелік анализ;

Іскерлік


  • жобалаудың барлық кезеңдерінде ақпаратты жүйелерді тиімді жобалау үшін есеп жүйелерін декомпозициялау әдістерін пайдалану;

  • ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылған және функцияналды құрылымдарын жобалаудың формальданған тәсілін әдісін пайдалану;

  • күрделі жүйенің эскиздік жобасын жасау және жобаланған жүйенің сапасы мен сенімділігінің бағасы анықтау;

Дағды


  • ақпаратты жүйенің қамтамасыздандырудың барлық түрлерінжобалаудың инструментальды құралдарын және жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып жобалау;


Ұғымдарды анықтау: Жүйе, Ақпараттық жүйелер
Жүйе деп бір уақытта бүтін бөлік ретінде және де қойылған мақсатқа жету мақсатында біріктірілген әртекті элементтер жиыны ретінде де қарастырылатын кез келген объект.

Жүйелер өзара біршама құрамы жағынанда, негізгі мақсаты бойынша да ерекшеленеді.



Ақпараттық жүйе(АЖ)-.. Берілген мақсатқа жету барысында ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланатын құралдар, әдістер және персоналдар жиынының өзарабайланысы және әрекеті.

АЖ классификациясы
Ақпарат қазіргі заманда ең басты ресурстың бірі, ал АЖ қажетті құрал болып барлық сферада қалыптасты. Есептердің АЖ көмегімен шығарылатын әртүрлілігі, жүйелердің әр түрлі типтерінің пайда болуына әкеп соқты, олардың ерекшелігі құру принциптерінде және ақпаратты өңдеу ережелерінде.

АЖ әртүрлі белгілері бойынша классификациялауға болады. Қарастырылып отырған классификацияға неғұрлым керекті белгілерді негізге алынған, олар қазіргі заманғы жүйелердің құрылуын және функциялық мүмкіндерін анықтайды.


1. Сақталатын деректердің типіне байланысты АЖ фактографиялық және документтік болып классификацияланады.
Фактографиялық жүйелер құрылымдалған деректерді мәтін және сан түрінде сақтауға немесе өңдеуге болады. Мұндай деректермен әртүрлі операциялар жасауға болады. Құжаттық жүйелерде ақпарат құжат түрінде берілген, олар нұсқаулар мен реферат және тексттерден тұрады. Таңдап алынған құжат тер пайдаланушыға беріледі, ал берілгендерді өңдеу бұл жүйеде іс жүзінде жасалмайды.

2. Автоматтандыру деңгейі бойынша классификациясы. Ақпараттық жүйелер бірнеше түрге бөлінеді: қарапайым қол күшімен, автоматтық және автоматизацияланған.

Қолдық АЖ: Мұнда ақпаратты өңдейтін жаңа технологиялар жоқ, барлық операциялар адаммен орындалады. Мысалы: менеджері бар офисте компьютерлердің жоқтығы, оны қолдық АЖ деп айтуға болады.

Автоматтандырылған АЖ ақпаратты өңдеуде адамды және технологиялық құрылғылардың қатысуы, дегенмен компьютерге негізгі рол бағытталады. Дәл осы класс қазіргі заманғы АЖ-ге нақ келеді.

Автоматты АЖ өндірудің барлық операциялары орындалады, бірақ адам көмегінсіз.

3. Қолдану аясы бойынша классификациясы.

Ұйымдастырылған басқару АЖ - басқару персоналының функциясын автоматтандыруға арналған. Бұл класқа ақпараттық жүйелерді басқару кәсіптік фирмада және кәсіптік емес фирмаларда қолданылады: қонақ үйлерде, банктерде, сауда фирмаларымен және тағы басқалар. Осындай жүйелердің негізгі функциялары мыналар болып табылады: оперативті контроль және реттеу, оперативті учет және анализ, оперативті жоспарлау, бугалтерлік учет, қамтамасыздандыру мен басқа экономикалық және ұйымдастыру есептері.

Технологиялық процестерді (ТП) басқарудың АЖ өндірістегі персонал функциясын автоматтандырады. Мұндай жүйелерде негізінен технологиялық процестер, графикалық документтер жасау, проекттік документация құру, жобаланушы объекттерді модельдеу.

Автоматтандырылған жобалаудың АЖ (САПР) предназначены для автоматизации функций инженеров-проектировщиков, конструкторов, архитекторов, дизайнеров при создании новой техники или технологии. Основными функциями подобных систем являются: инженерные расчеты, создание графической документации (чертежей, схем, планов), создание проектной документации, моделирование проектируемых объектов.

Интегрирланған (корпоративті) АЖ фирманың барлық функцияларын автоматтандыру үшін пайдаланылады, жобалаудан өнім өндіруге дейін. Олардың құрамына бірнеше модульдер енген, олар бір ортақ ақпараттық кеңістікте жұмыс істейді.

4. Деректерді өңдеудеу характері бойынша классификациясы.

Ақпаратты - іздеушілер жүйелері пайдаланушының сұранысы бойынша деректерді күрделі түрлендірусіз ақпаратты енгізуді, жүйелеуді, сақтауді, беруді орындайды. Мысалы, ақпаратты іздеу жүйесі кітапханада, теміржол кассаларында билет сату.

Ақпаратты - шешуші жүйелер белгілі бір алгоритіммен ақпаратты өңдеудегі барлық функцияларды, операцияларды орындайды. Мұндай жүйелер басқаратын және бағыт беретін болып бөлінеді.

Басқарушы АЖ адам есептеу кезінде пайдаланылатын ақпарат жинайды. Мұндай жүйелерге үлкен көлемді жүйелерді өңдеуге және есептік шығаруларға арналған.

Кеңес беретін АЖ бұл жүйелер жоғары интелектті, сондықтан бұлар берілгенді емес, білімді өңдейді.

5. Басқару деңгейі бойынша классификациясы. АЖ оперативті деңгейі

АЖ оперативті ()операциялы) деңгейі - фирма мен сыртқы орта мен байлаушы звено болып табылады.

Мамандардың АЖ берілгендер мен біліммен тығыз қатынаста болады, бұл инжинер мен жаба құрушылардың өнімін өсіреді.

Стратегиялық деңгейдің АЖ құрылымдалмаған есептерді шешуге көмектеседі және жобалаудың ұзақ болуына әсер етеді.

Негізгі мақсаты – ішкі ортадағы болып жатқан өзгерістерді салыстыру. Кейбір стратегиялық жүйелердің аналитикалық мүмкіндіктері шектелген болады. АЖ классификациясын бір қатар белгілері бойынша жүргізуге болады: масштабы бойынша, апараттық құралдардың структурасы бойынша, ұйымдастыру тәсілі, ПҚ пайдалану типі, пйдаланушымен ара қатынас, шығарылатын шешімнің типі бойынша, ақпаратты өңдеудің тәсілі бойынша.


Өзін тексеру сұрақтары

  1. Түсініктердің анықтамасын бер: жүйе, ақпараттық жүйе.

  2. АЖ сақталатын деректердің типіне байланысты классификациялағанда қандай АЖ қарастырылады?

  3. АЖ автоматтандыру деңгейі бойынша классификациялағанда қандай АЖ қарастырылады?

  4. АЖ автоматтандыру дәрежесі бойынша классификациялағанда қандай АЖ қарастырылады?

  5. АЖ қолданылу аясы бойынша классификациялағанда қандай АЖ қарастырылады?

  6. АЖ деректерді өңдеу мінездемесі бойынша классификациялағанда қандай АЖ қарастырылады?

  7. АЖ басқару деңгейі бойынша классификациялағанда қандай АЖ қарастырылады?

  8. АЖ масштабы бойынша классификациялағанда қандай АЖ қарастырылады?

  9. АЖ ұйымдастыру тәсілі бойынша классификациялағанда қандай АЖ қарастырылады?


Әдебиет:

  1. Петров В.Н. Информационные системы. СПб.: Питер, 2002.

  2. Диго С.М. Проектирование и использование баз данных. - М.: Финансы и статистика, 1996.

  3. Проектирование экономических информационных систем // под ред. Смирновой Г.Н. - М.: Финансы и статистика, 2001.


4 апта
Тақырып 2. Түсініктерді анықтау: АЖ жобалау, АЖ жобалау методологиясы, АЖ жобалау технологиясы.

Дәріс жоспары

  1. АЖ жобалау .

  2. АЖ жобалау технологиясы.

  3. АЖ жобалау әдістемесі.



Дәрістің қысқаша конспектісі

Қазіргі уақыттағы ақпараттық технологиялар таңдаулары өңдеу процесінде өзгеріп отыратын көбінесе таңдау қолданушылар талабы негізінде іске асатын АЖ реализациясының кең әдістерін көрсетеді.



АЖ жобасымен АЖ нақты программалық-техникалық ортадағы эксплуатацтясын құру бойынша біз технологиялық және жобалы-конструкторлық құжаттаманы түсінеміз.

АЖ жобалаумен АЖ жобасындағы ГОСТ-қа сәйкес аналогты берудің объектілерін жобалау мамандануы, әдістері және объекті туралы кіріс ақпаратының түрлену процесі түсіндіріледі. Осы көзқарас бойынша АЖ жобалау АЖ өмірлік циклының түрлі стадияларындағы жобалы шешімдердің кезекті формализациясына сәйкестендіріледі: жоспарлаудың және талаптың анализінің, техникалық және жұмысшы жобалаудың, АЖ эксплуатациялау және енгізудің.

Өңделетін жүйелердің масштабтары жобалау процесінің қатысушыларының санын және құрамын анықтайды. Жобалы жұмысты орындаудың қатаң мерзімдері және үлкен өлемі кезінде жүйенің өңделуінде бірнеше жобалы ұжым (өңдеушілер-ұйымдар) қатыса алады. Бұл жағдайда барлық ұйымдар-орындаушылар қызметтерін координациялайтын басты ұйым ерекшеленеді.

АЖ жобалаудың іске асуы өңделетін жобаның ерекшелігіне және масштабына сәйкес келетін жобалаудың нақты технологиясын жобалаушылармен қолдануды айқындайды.

АЖ жобалаудың технологиясы — бұл АЖ жобалаудың құралдары және әдістемесі, сондай-ақ оның ұйымының құралдары мен әдістері (АЖ жобасының модернизациясының және құрылу процесін басқару).

Жобалау технологиясының негізінде іс-әрекетін, оның кезектілігін, талап етілетін орындаушылардың құрамын, құралдарын және ресурстарын анықтайтын технологиялық процесс жатыр.

АЖ жобалаудың технологиялық процесі толығымен әрбіреуінде өзінің заты бар байланысқан және кезекті-параллельді әрекеттерге бөлінеді. Осылайша, жобалау технологиясы нәтижесінде, тек жобаны құруға жасалу керектігі үшін емес, және де қалай және кіммен қандай кезектілікте анық болатын сол немесе басқа әдіс негізінде орындалатын технологиялық операциялардың регламентацияланған кезектілігімен беріледі.

Жобалаудың кез келген таңдалған технологиясының заты боп АЖ барлық өмірлік стадияларындағы жобалау процесстерінің қатынастарының бейнесі қызмет етуі керек. Жобалаудың таңдалған технологиясына қойылатын негізгі талаптарға келесілер жатады:



  • құрылған жоба тапсырыс берушінің талабына жауап беруі керек;

  • жобаның барлық өмірлік циклының максималды бейнесі;

  • жобалауға және жобаны алып жүруге бағалы және минималды шығындардың қамтамасы;

  • технология жобаның жобалауы және алып жүруі арасындағы байланыс негізі болуы керек;

  • жобалаушының еңбек шығармашылығының бойы;

  • жобалау процесінің және жоба эксплуатациясының тиімділігі;

  • жобалы құжаттаманың қарапайым жүргізілуі.

АЖ жобалау технологиясының негізін болмысы анықтайтын әдістеме, негізгі ерекшеленетін технологиялық ерекшеліктер құрайды.

Жобалау әдістемесі өз кезегінде кейбір құралдармен ұстанатын әдістер жиынымен реализацияланатын кейбір жобалау принциптерін, концепцияларының болуын айқындайды.

Ақпараттық жүйелерді құру әдістемесі ақпараттық жүйені құру процесінің ұйымына және бұл процесті басқаруда жүйенің өзіне қойылған талапқа жауаптылық сияқты, сондай-ақ өңдеу процесінің мінездемесінде қорытындыланады.

Шешімі корпоративті ақпараттық жүйелердің құрылу әдістемесін қамтамасыз етуі керек болатын негізгі әдістер боп:


  • құрылған ақпараттық жүйенің ұйымның мақсаттарына және есептеріне, сондай-ақ бизнес-процесстердің автоматтандырылуы бойынша оған қойылатын талаптарға сәйкестігі;

  • алдын ала келіскен бюджет рамкасындағы берілген уақыт ағымындағы берілген параметрлері бар жүйенің құрылуына жауаптылық;

  • ұйым жұмысының өзгеріп отыратын шарттарына сәйкес қамтамасыз ету мақсатымен жүйенің кеңейтілуінің және модификациясының, алып жүруінің қарапайымдылығы;

  • құрылған корпоративті ақпараттық жүйенің ашықтылық, ауыстырымдылық және масштабтылық талаптарына сәйкестілігі;

  • алдында өңделген құрылған жүйедегі және ұйымдарда қолданылатын ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану мүмкіндігі (программалық қамтаманың, мәліметтер базасының, есептегіш техника, телекоммуникация құралдарының).

Жобалаудың әдістемелері, технологиялары және инструментальды құралдар (CASE-құралдар) кез келген ақпараттық жүйенің жоба негізін құрайды. Әдістеме нақты технологиялар және ақпараттық жүйелердің өмірлік цикл процесстерінің орындалуын қамтамасыз ететін инструменталды құралдар, әдістемелер және оларды ұстайтын стандарттар арқылы іске асады.

Жобалау технологиясының негізгі мазмұнын кезекті технологиялық операцияларының сипатталуынан тұратын технологиялық инструкциялар, сол немесе басқа операциялар осыған тәуелді орындалатын шарттар, және операциялардың өзінің сипаттамалары құрайды.



Жобалау ұйымдастыру жобалаушылар мен тапсырыс берушілер арасындағы қатынастар әдістерін, сондай-ақ спецификалық құралдар жиынымен ұстана алатын АЖ жобасын құру процесіндегі әдістемелер анықтамасын болжайды.
Өзін тексеру сұрақтары

Әдебиет:

  1. Петров В.Н. Информационные системы. СПб.: Питер, 2002.

  2. Диго С.М. Проектирование и использование баз данных. - М.: Финансы и статистика, 1996.

  3. Проектирование экономических информационных систем // под ред. Смирновой Г.Н. - М.: Финансы и статистика, 2001.

5 апта
Тақырып 3. АЖ құрылымы

Дәріс жоспары

  1. АЖ құрылымы: АЖ қамсыздандырушы және функционалды ішкіжүйелері.

  2. АЖ қамсыздаушы ішкіжүйелері.

  3. АЖ функционалды ішкіжүйелері.


Дәрістің қысқаша конспектісі
АЖ-ң негізгі түсініктері
АЖ қойылған мақсатқа жету шүін ақпаратты сақтау, өңдеу ж әне беруге пайдаланатын әдістермен, тәсілдердің өзара байланысқан жиынтығы. АЖ қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпаратты қайта өңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді.

АЖ-ның даму сатылары.

1. АЖ- лер 50 - жылдары пайда болды. Бұл жылдары олар есептерді өңдеуге және еңбекақыны есептеуге арналган.

2. 60 жылдары алыңған ақпарат көптеген параметрлер бойынша периодтық есеп беру үшін қолданыла бастады.

3. 70 және 80 жылдардың басында АЖ - лер шешім қабылдау процесін жеделдететін басқарушы бақлауаның әдісі ретінде кеңінен пайдалына бастады.

4. 80 жылдардың аяғында АЖ - ны пайдалану концепциясы өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнен АЖ - лері дер кезінде ақпаратты беру арқылы өнді рістерге табыс әкелуге өтімділіктің жаңа нарығын табуға төмен бағамен өнімді шығаруды қамтамасыз етуге көмектесті.

АТ ЭЕМ - нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, өңдеу, реттеу, және өңдеу жұмыстарының тізбегі.

Қазірг кездегі АТ ұғымен мәіліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жүктеуге болады. Олар:

-Есепке алу

-Талдау

-Шешім қабылдау.


АЖ келесідей қасиеттермен анықталады.

  • Кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру ж әне ж үйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін.

  • АЖ динамикалық және дамыған болып табылады.

  • АЖ - ні құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет.

  • АЖ – ң өнімі ақпарат болып табылады.

Қазігі уақытта АЖ ні компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.

АЖ жұмысын түіну үшін оларды шешетін мәелелердің мән мағынасын сонымен катар өндірістік процестерді түсіну кажет.
АЖ ні ендіру келесідей мүмкіндіктер береді.


  • Математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу кезінде есептерді шешудің рационалды варианттарын алу.




  • Оны автоматтандыру негізнде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату.

  • Ақараттың дұрыстығын қамтамасыз ету.




  • Мәліметтерді кағазбен алудан магнитті дисклер немесе ленталарға ауыстыру, бұл компьютерде ақпараттың қайта өңдеуін рационалды өңдіруге және қағаздағы құжаттар көлемін төмендетуге әкеледі.




  • Ақпараттар тобының кұрылысын және фирмада құжат айналым жүйелерін жетілдіру.




  • Өнімдер мен қызметтерді өңдіруге кететін шығындарды азайту.




  • Бірегей кызметтерді тұтынушыларға беру.




  • Оларға берілген әр түрлі жеңілдіктер мен қызметтер есебінен сатып алушылар мен жабдықтаушыларды фирмаға әкелу.



Ақпараттық жүйелердің классификациясы.
АЖ-ді құру немесе классификациялау кезінде шешілетін есептердің математикалық және алгоритмдік сипаттауымен байланысқан мәселелер туындайды.

АЖ құруға арналған үш түрлі есепті бөліп қарауға болады.



  1. Құрылымдылық

  2. Құрылымдылық емес

  3. Жартылай құрылымдылық

-Құрылымдық есеп - оның барлық элементтері мен олардың арасындағы байланысы белгілі есеп.

-Құрылымдылық емес - онда элементтерді болуге және олардың арасында байланыс кұруға болатын есеп.

Құрылымдық есептер шешімнің нақты алгоритмі бар математикалық модель формасында оның мазмұнын көрсетуге болады.

-Жартылай құрылымдық есептерді шешу үшін АЖ - ді екі турге бөлеміз.

Басқармалы есептерді құратын және мәліметтерді өңдеуге негізделген. Осы есептерде бар мәліметтерді пайдалана отырып басқарушы шешім қабылдайды.

Шешімінің мүмкін альтернативаларын кұрайтын АЖ - лер. Осы кезде шешім қабылдау мүмкін альтернативалардың ішінен біреуін таңдауға әкеледі .


1 сурет. Шешілетін есептердің құрылымдық белгісі бойынша АЖ - дің клссификациясы.

Модельдік АЖ-лер тұтынушыға математикалық статистикалық қаржылық және басқа да модельдерді береді. Оларды пайдалану альте- рнативаларды құруға және бағалауға мүмкіндік береді. Тұтынушы шешім қабылдау үшін оған жетіспейтін ақпаратты алу үшін зерттеу процесінде модель мен диолог құру жолымен алуға болады.

Эксперттік АЖ лер экспертті жүйелерді құру есебіне тұтынушылардың мүмкін альтернативаларын бағалауды қамтамасыз етеді.



АЖ- дің басқа да классификациялары.

1. Автоматтандырылу дәрежесі бойынша классификациялау.

2. Ақпаратты пайдалану бойынша классификациялау.

3. Қолдану сферасына байланысты классификациялау.


1. Фирмаларды басқару жүйесінде ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне қатысты АЖ - лер қолмен жасалған автоматтық автоматтандырылған деп анықталады.

Қолмен жасалған АЖ -лер ақпаратты қайтадан өңдеудің қазіргі техникалық құралдарының және адаммен орындалатын барлық операциялардың жоқтылығымен ойпатталады.

Мысалы, компьютерді жоқ фирмада менеджерлердің қызметін айтуға болады. Олар қолмен жасалған АЖ - мен жұмыс істейді.
Автоматтық АЖ - лер адамның қатысуынсыз ақпараттарды қайта өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды.

Автоматтандырылған АЖ-лер ақпаратпен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды. Мұнда басты рөл компьютерге негізделген.

Басқару процесін ұйымдастыруда олардың кең пайдалануын ескере отырып, автаматтандырылған АЖ-дің әр түрлі модификациялары бар және классификациялануы мүмкін.

Мысалы, ақпаратты пайдалану сипаты мен қолдану сферасы бойынша

Классификациялауға болады.
Автоматтандыру деңгейі бойынша

2. Ақпараттық іздеушілік жүйелер енгізуді, жүйелендіруді, сақтауды, мәліметтердің қайта өңделуін тұтынушы сұранысы бойынша ақпаратты беруді қамтамасыз етеді.

Мысалы, Кітапхана, билет сататын темір жолдар мен авиа кассаларда ақпараттық іздеушілік жүйелер бар.

Ақпараттық шешуші жүйелер қандай да бір алгоритм бойынша ақпаратты қайта өңдеудің барлық операцияларын жүзеге асырады. Оларды шешім қабылдау процесінде нәтижелі ақпараттың іс-әрекет дәрежесі бойынша классификация жүргізуге және екі класты бөліп қарастыруға болады.

-Басқармалы

-Кеңесші
Басқармалы АЖ-лер адамның шешім қабылдануына негізделген ақпаратты өндіреді.

Кеңесші АЖ-лер адамның мағлұматына алынады және нақты іс-әрекет сериясына айналмайды.

Бұл жүйелер интеллектің жоғарғы дәрежесіне ие болады.


3. Өндірістік басқарудың АЖ-лері басқарушы қызметшілердің функцияларын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің бұл класының кең қолданылуы мен әр түрлігін ескере отырын, кез келген АЖ-лер берілген талқылауда түсіндіріледі. Бұл класқа өнеркәсіптік емес объектілер: қонақ үйлер, сауда фирмалары мен т.б. ретінде басқарудын Ақпараттық жүйелері жатады.
Өзін тексеру сұрақтары:

  1. Ішкіжүйе дегеніміз не?

  2. АЖ қамтамасыздаушы ішкіжүйелер деген не?

  3. АЖ функционалды ішкіжүйелер деген не?

  4. Келесі АЖ қамтамасыздаушы ішкіжүйелердің мағынасын ашу керек: техникалық қамсыздандыру, ұйымдастырушылық қамсыздандыру, программалық қамсыздандыру, құқықтық қамсыздандыру, математикалық қамсыздандыру, ақпараттық қамсыздандыру, технологиялық қамсыздандыру, лингвистикалық қамсыздандыру.

Келесі АЖ функционалды ішкіжүйелердің мағынасын ашу керек: перспективті даму, өнімнің сапасын басқару, технико – экономикалық жоспарлау, дайын өнімді сату және таратуды басқару, бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметтің анализі, өндірістің техникалық дайындығы, негізгі өндірісті басқару, кадрларды басқару, көмекші персоналдарды басқару, материалдық – техникалық қамтамасыздау..
Әдебиет:

  1. Петров В.Н. Информационные системы. СПб.: Питер, 2002.

  2. Диго С.М. Проектирование и использование баз данных. - М.: Финансы и статистика, 1996.

Проектирование экономических информационных систем // под ред. Смирновой Г.Н. - М.: Финансы и статистика, 2001.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет