ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет1/7
Дата12.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#195645
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.71/03-2015




ПОӘК

«Болжау және фирмаішілік жоспарлау» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар


№ 1 басылым

11.06.2015

5В050600 - «Экономика» мамандық студенттері үшін



«БОЛЖАУ ЖӘНЕ ФИРМАІШІЛІК ЖОСПАРЛАУ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей - 2015




Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1 Глоссарий
Автаркия – нақты бір елді экономикалық оқшаулау саясаты, жеке бір мемлекеттің шеңберінде томаға – тұйық, өзін - өзі қамтамасыз ететін экономика құру мақсатымен оны әлемдік нарықтан ерікті немесе мәжбүрлі түрде тұйқтау.

Автократия – экономиканы, кәсіпорынды басқарудың билікті бір адамның қолына шоғырландыруға негізделген тісілі, стилі; шексіз билікке ие ұйым басшысына көссіздікпен, сөзсіз бағынушылық.

Автономия - өзін - өзі басқару, аумақтарды, кәсіпорындарды басқарудағы тәуелсіздік, дербестік.

Авторитаризм – демократияға қарсы, құқыққа қарсы тұжырымдама және билік жүргізу практикасы.

Авторитарлық - өкіметке құлдық ұрып бағынушылыққа негізделген басшылық стилі.

Әдіс – табиғи құбылыстарын, қоғамдық өмірді танып білу тәсілі; теория, ілім, тәсілдері немесе нақты міндетке бағындырылған тұрмыс салт.

Әміршілдік экономика - экономикалық жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық ресурстар мемлекеттік меншікті құрайды, ал экономикалық қызметтің бағыты мен үйлестірілуі бір орталықтан жоспарлау арқылы жүзеге асырылады.

Бизнес – кәсіпорындардың немесе ұйымдардың, жекеше тұлғалардың өңделмеген түрде өнім шығару, тауар өндіру немесе сатып алу және сату немесе табыс табу мақсатымен басқа тауарларға немесе ақшаға айырбас ретінде қызмет көрсету.

Бизнес-жоспар – кәсіпорынды белгілі бір кезеңде дамыту жоспары;пайда алу мақсатыменмәмлені жүзеге асырудың бағдарлама-жоспары.

Бизнесмен, табыскер – бизнеспен айналысушы адам, коммерсант, кәсіпкер.

Болжау мен жоспарлаудың әдістері – кәсіпорынның оның бөлімшелерінің, басқарудың басқа деңгейлеріндегі болжамдары мен жоспарларын әзірлеу тәсілдері.

Бюджет – мемлекеттің нмесе отбасының не жеке тұлғаның белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай кірісі мен шығысының тізімі, сметасы.

Жергілікті бюджеттер – жергілікті өкілдікті органдардың қаржы базасы, олардың қажетті шараларды қаржыландыруға арналған қаражатын қалыптастырудың негізгі жоспары.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің ақшалай қаражатының белгілі бір уақыт кезеңіндегі кірісінің құралуы мен шығысының атқарылуының заңды тәртіппен бекітілген смета.

Республикалық бюджет – жалпы республикалық мәні бар шараларды қаржыландыру үшін қаражатты құраудың негізгі жоспары.

Бюджет жүесі – түрлі деңгейдегі бюджеттердің экономикалық қатынастар мен заңдылық нормаларға негізделген жиынтығы.

Бюджет кірісі – салық түсімдер мен салыққа жатпайтын түсімдердің, алымдардың көлемі.

Бюджет процесі – мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару бақылау жөніндегі заңмен және тбасқа нормативті актілермен тәртіптелген қызмет.

Бюджет статистикасы – мемлекеттік бюджет статистикасы-қаржы статистикасының аса маңызды бөлімі; отбасы бюджеттерінің статистикасы- әлеуметтік –статистиканың құрамдас бөлігі.

Бюджет тапшылығы – бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асып түсуі.

Бюджетті тәртіпке келтіру – бюджет жүесін ұйымдастыру және оның құрылымының негізгі қағидаларын тұжырымдау.

Бюджеттен тыс қорлар – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін таратылатын және ұйымдық дербестігі негізінде кешенді түрде жұмсалатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдалану нысаны.

Бюджеттік есеп – бюджеттің атқаруына және бюджеттік мекемелер шығысының сметаларына бухгалтерлік есеп жүргізу.

Бюджеттік жоспарлау – бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуы, бекітілуі және атқарылуы барысы.

Бюджеттік несие – бекітілген бюджет бойынша шығыстың белгілі бір түрлерін қаржыландыруға берілетін қаражат.

Бюджеттік қаржыландыру – кәсіпорындарға олардың қызметін жүзеге асыру және дамыту үшін тегін берілген бюджет қаражаты.

Бюджеттік реттеу – жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге олардың кірісі мен шығысын тепе- тең ұстау үшін бөлінетін қаражат.

Бюджеттік тексру – халықтың әртүрлі қоғамдық топтарының тұрмыс дәрежесін туралы алынатын мәліметтердің көзі болып табылатын отбасының бюджеттің статистикалық тұрғыдан іріктеп тексеру.

Жобалау – кәсіпорынды, ғимаратты салу немесе оларды жаңғырту үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да материалдардан тұратын техникалық құжаттама кешенің әзірлеу.

Стратегия – қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам дамуының нақты кезеңінің жағдайларынан туындайтын жалпы жоспар.

Тактика – экономикалық әлеуметтік және басқа саясатта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолднылатын құралдар мен тәсілдер.

Ретроспективті талдау — объектінің бұрыннан қалыптасқан техникалық, әлеуметтік, экономикалық даму тенденциясын оның даму стратегиясын қалыптастыру мақсатында зерттеу әдісі.

Верификация - болжау моделінің ақиқатын (адекваттығын) тексеру.

Ықтималдық – берілген жағдайдың аяқталу мүмкіндігінің деңгейі (0 ден 1 дейін өзгереді).

‘’Мақсаттар ағашы’’ – жүйеленген, иерархиялық қағида бойынша құрылған жүйе, бағдарлама, жоспар мақсаттарының жиынтығы.



Динамикалық қатар – болжау объектісі айнымалысының өткенді шолатын мәндерінің уақытша тізбектелуі.

Болжау тапсырмасы – болжау мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын, оны жасау тәртібін реттейтін құжат.

Болжау объектісінің мағыналы айнымалысы – болжау міндетіне сәйкес объектіні сипаттау үшін қолданылатын болжау объектісінің айнымалысы.

Корреляциялық дала - әрбір фактор мен функция арасындағы байланыс формасы мен тығыздығын анықтау мақсатында құрылған функцияның фактордан тәуелділігін көрсететін графикалық сызба

Стьюдент критериі – модельге кіретін факторлар мағынасын сипаттайтын математикалық критерий.

Болжау әдісі- болжау жасауға бағытталған болжау объектісін зерттеу әдісі.

Болжау әдістемесі – нақты болжам жасау барысында болжау әдсітерін қолдану тәртібінің жиынтығы. Параметрлік әдіс – бір жағынан объект параметрлері мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі арасындағы тәуелділікті көрсетуге негізделген, екінші жағынан пайдалы тиім немесе шығын элементтері арасындағы тәуелділікті көрсетуге негізделген пайдалы тиім, шығын және басқалардың элементтерін болжау әдістері.

Экономикалық-математикалық әдістер - жоспарланған немесе қалыптасқан экономикалық жағдайлардағы шаруашылық шешімдерді анықтайтын ең жақсы, оңтайлы нұсқауларды таңдауда қолданылатын талдау және оңтайландыру әдістері.

Экспертті әдістер – осы облыстағы мамандар тобының ұжымдық пікірлесуіне негізделген болжау әдістері.

Экстраполяция әдістері -1) бағдарламаның сол немесе басқа аспектісін жүзеге асыруға қажетті өнімді болжауға негізделген әдістер.

-2) объектінің оның бұрынғы даму тенденциясы бойынша болашақта дамуын болжау әдістері.



Модуль – объектінің болашақта мүмкін болатын жағдайын болжауда қолданылатын оның жеңілдетілген көрінісі.

Анықталмаған жағдайлар – потенциалды нәтижелердің ықтималдығын бағалау мүмкін болмаған жағдайда пайда болады.

Нормативті болжам – болжау объектісінің белгілі бір жағдайға жету мерзімі мен жолдарын белгілейтін болжам.

Алдын-ала саралау кезеңі – бұл болжам жасалынып жатқан кезең.

Жоспар – белгілі бір мақсаттар мен ресурстарға байланысты іс-әрекеттер тізімі мен мерзімін директивті анықтау, шешім.

Ізденіс болжамы – болжау объектісінің мүмкін болатын жағдайын көрсететін болжам.

Көрсеткіш – объект жағдайын білуге мүмкіндік беретін көлем, өлшем.

Жорамал – белгілі бір объектінің немесе процестің болашақтағы жағдайы туралы пікрдің логикалық тізбегіне негізделген қорытынды.

Болжам әдісі – белгілі бір кезеңде нақты объект алуға бағытталған бір немесе бірнеше логикалық немесе математикалық операциялар.

Болжау – объектінің болашақтағы жағдайы немесе осы жағдайға жетудің альтернативті жолдары туралы ықтималды пікір.

Болжамдық ретроспекция (өткенді шолу) – олардың жүйелі сипатын алу мақсатында болжамдық фон және болжау объектісінің тарихы зерттелетін болжау кезеңі.

Болжау шегі – болжаудың нақтылығы мен сенімділігі қамтамасыз етілетін саралаудың максималды кезеңі.

Болжамдық диагноз – мәселелерді, даму тенденциясын көрсету және болжау әдісін таңдау мақсатында болжамдық фон және болжау объектісінің тарихы зерттелетін болжау кезеңі.

Прогностика (футурология) – болжау жасау заңдылықтары туралы ғылыми пән.

Жоба – нақты шараға, құрылысқа қатысты шешім.

Проспекция – таңдалған әдістерді пайдалана отырып болжау, болжау фонының объектілері болжанатын, олардың верификациясы жүргізілетін болжау кезеңі.

Менеджментті жүйелі қарастыру – кез-келген объект, жүйе бір-бірімен байланысты элементтер жиынтығы ретінде қарастырылатын жағдай.

Құрылым – оның басты мақсатын дұрыс орындауға қажетті жүйенің құрамды бөлімдерін сәйкестендіру әдісі.

Басқарушылық шешім – менеджмент жүйесінің нақты мақсаттарына жету үшін альтернативаларды таңдау, экономикалық негіздеу, оңтайландыру, болжау, талдау нәтижесі.

Фактор – функцияға әсер ететін, жүйедегі объектінің немесе процестің жеке көрсеткіші.

Сырт көзге ғана дұрыс статистикалық мәліметтер – болжау объектісін талдау немесе ресми статистика мәліметтерін пайдалана отырып ретроспекция кезеңінде алатын мәліметтер.

Функция – регрессия деңгейі бойынша есептелген нәтижелі белгі, болжамдық көлем.

Болжау объектісінің сипаттамасы – болжау объектісінің кез-келген қасиетінің сапалық немесе сандық жағынан бейнеленуі.

Мақсатты болжам – жиынтығында жүйе эволюциясын құрайтын оқиғаның уақыт және кеңістікте жүйелі түрде өрбуінің гипотезалық суреті.

Болжау объектісінің экзогенді айнымалысы – болжау фонының (сыртқы ортаның) қасиеттерін бейнелейтін болжау объектісінің маңызды айнымалысы.

Болжау объектісінің эндогенді айнымалысы – оның өз қасиеттерін бейнелейтін болжау объектісінің маңызды айнымалысы.

Энтропия – объектінің белгісіздік деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.

Болжау кезеңі - өзінің міндеттерімен, әдістерімен, нәтижелерімен сипатталатын болжау жасау процесінің бөлімі.
2 Болжау және фирмаішілік жоспарлау пәні бойынша дәрістер жинағы:
Тақырып 1. Болжау және фирмаішілік жоспарлау: негізгі түсініктер, пәні, әдістері және болжам типтері.

Дәріс жоспары:



  1. Болжау және фирмаішілік жоспарлау мәні, оның пәні, болжау формалары және объектілері.

  2. Оқу және ғылыми пән ретіндегі болжау және фирмаішілік жоспарлау әдістері.

  3. Болжау және фирмаішілік жоспарлау типтері.

Болжау және фирмаішілік жоспарлау масштабына, саралау уақытына немесе болжаудың уақытша шегіне, объект сипатына, болжау объектісінің детермендеушілік деңгейіне, ақпаратпен қамтамасыз етілу деңгейі мен уақытқа қарай даму сипатына байланысты: макроэкономикалық болжау, құрылымдық (салааралық және аймақішілік) болжау, халық шаруашылық кешенінің дамуын болжау (энергетикалық, инвестициялық, аграрлық-өнеркәсіптік), салалық және аймақтық болжаулар, жеке кәсіпорындардың дамуын болжау, сонымен қоса жеке өндіріс пен өнімді болжау, оперативті (1 айға дейін), қысқа мерзімді (1 айдан 1 жылға дейін), орташа мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан 15-20 жылға дейін), алыс мерзімді (20 жылдан артық).

Келесідей болжам түрлері де болады: өндірістік қарымс-қатынастың дамуы, ҒТП дамуы, халық шаруашылығының динамикасын, күрделі салымдар мен негізгі қорлардың жаңаруын, табиғи ресурстарды экономикалық пайдалануды, тұрғындар мен еңбек ресурстарының ұдайы өндірісін, тұрғындардың өмір сүру деңгейін, сыртқы экономикалық қатынастарды және т.б.

Жоспарлау және болжау бұл алдымен қоғамдық өндірістің заңдылықтарына және әлеуметтік, ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына негізделген, оның дамуы мен нәтижелерін ғылыми жағынан алдын-ала көру болып табылады. Зерттелген процесс сипаты мен нақтылығына байланысты алдын-ала көрудің 3 формасын бөліп көрсетуге болады:



  1. гипотеза (жалпы ғылыми алдын-ала көру);

  2. болжам;

  3. жоспар.

Жоспарлау – бұл мақсаттарды анықтау және оларға жету тәсілдерін таңдау процесі. Бұл процестің алгоритмі:

А) ағымдағы жағдайды анықтау және оны талдау. Негізгі міндеті: кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау;

Б) мақсаттарды таңдау; міндеті. Мүмкіндіктерді және қауіптерді зерттеп, нысандарды анықтау,

В) мақсатқа жету тәсілдерін анықтау; міндеті. Жүретін жол мен қажет құралдарды табу.

Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты 2 бағытта болады:


  1. Республикалық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік-индикативтік жоспарлау. Оған ғылыми болжамдар жасау тауар өндірушілерге бағытталған басқа да жоспарлы құжаттармен бағдарламалар жасау кіреді.

  2. Шаруашылық (фирмаішілік) жоспарлау.ол шаруашылық субъектінің, оның өнімдерін тұтынатын тұтынушылардың қызығушылығына жауап беретін мақсатты бағытталған қызметті ұйымдастыру функциялары мен көрсеткіштерін көрсететін мемлекеттік бағдарламалар мен болжамдарды есепке алады.

Жоспарлаудың жіктелуі:

  1. қолдану өрісіне қарай:

  • жалпы;

  • жарым-жартылай.

  1. мазмұнына қарай:

  • стратегиялық;

  • тактикалық;

  • оперативті.

  1. жоспарлау уақытына қарай:

  • мақсатты қорларды жоспарлау;

  • бағдарламалық жоспарлау;

  • іс-әрекеттерді жоспарлау;

  1. қызмет ету өрісіне қарай:

  • өткізуді жоспарлау;

  • өндірісті жоспарлау;

  • персоналды жоспарлау;

  • жабдықтауды жоспарлау;

  • инвестициялық жоспарлау;

  • қаржыны жоспарлау;

  • кеңейтілген жалпы жоспарлау;

  1. жоспарлау тереңдігіне қарай:

- глобальді;

- контурлы;



  • бөлшекті;

  • шекті.

  1. Мерзіміне қарай:

  • қысқа;

  • орта;

  • ұзақ,

  • мерзімді.

  1. Құрылымдық ұйымдастыру тұрғысынан:

  • жалпы жоспарлау;

  • кәсіпорын орналасуын жоспарлау;

  • қызмет өрісін жоспарлау;

  • жеке бөлімдерді жоспарлау;

  • учаскелерді жоспарлау;

VIII. Уақытқа қарай жеке жоспарларды координациялау бойынша:

  • жүйелі;

  • біруақыттық.

IX. Мәліметтердің өзгеруін есепке алу бойынша:

  • қатал;

  • икемді;

X. Уақыттағы реті бойынша:

  • реттелген;

  • ағымдағы;

  • ауыспалы;

  • кезектен тыс.

Жоспарлау әдістері:

  1. төменнен жоғары қарай жоспарлау;

  2. жоғарыдан төменге қарай жоспарлау;

  3. қарама-қарсы жоспарлау;

Жоспарлау жүйесі деп бір-бірімен байланысқан, үйлестірілген және тәуелді болатын жоспарлаупроцестерінің жиынтығын айтады.

Болжау жүйесі де болжауды ұйымдастыру әдістері мен негізгі формаларын көрсетеді.

Болжау типтерінің негізгі белгілері:

А) болжау масштабы;

Б) объект сипаттамасы;

В) болжау функциясы;

Г) болжау уақыты.

Масштабына байланысты болжау түрлері:



  • макроэкономикалық (халық шаруашылық);

  • құрылымдық (салааралық және аймақаралық);

  • халық шаруашылық кезеңдерінің дамуын болжау (отын-энергетикалық, агроөнеркәсіптік, инвестициялық, өндірістік инфрақұрылым, қызмет көрсету сферасы және т. б.).

Уақытына қарай болжамдар:

  • оперативті;

  • қысқа мерзімді,

  • орташа мерзімді;

  • ұзақ мерзімді;

  • өте ұзақ мерзімді.

Объект сипаттамасына байланысты:

  • өндірістік қатынастар дамуын болжау;

ғылыми-техникалық прогресс нәтижесі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайды болжау;

- халық шаруашылық динамикасын, оның қарқынының факторлары мен құрылымын болжау;

- еңбек ресурстарының ұдайы өндірісін болжау;

- табиғи ресурстарды үнемді пайдалануды болжау;

- негізгі қорлар мен күрделі салымдардың ұдайы өндірісін болжау;

- халықтың өмір сүру деңгейін болжау;

- қаржылық қатынастар, табыс және баға деңгейін болжау;

- сыртқы экономикалық байланыстарды болжау.

Функционалдық белгісіне байланысты:


  1. іздестіруші;

  2. нормативті.

1-ші тип бойынша себепті, салдарлы байланыстар, олардың қайталанушылығы мен өзгерістері қарастырылады.

2-ші тип нормативті (мақсатты) белгі бойынша мақсаттар белгіленеді. Мұнда процестер болашақтан бүгінгікүнге қарай қарастырылады, ал 1-ші тип бойынша бүгінгі күннен болашаққа қарай қарастырылады.

Жоспарлау жүйесі


Мемлекеттік-индикативтік Шаруашылық (фирмаішілік)



жоспарлау жоспарлау (бизнес-жоспар)
Ғылыми Жоспар (жоба) ұйымдастырушылық-

болжаулар шаруашылық құрылым


Мақсатты Болашаққа жасалған

бағдарламалар жоспар




Индекативті жоспарлар Жылдық жоспар




Экономикалық Қаржылық Опертивті жоспар

және басқа да жоспарлау

бағыттар

Жоспарлау процесі

Жоспар алдындағы Болжам және жоспарларды Жоспарларды орындау

жұмыс өңдеу және альтернативаларды бойынша бақылау және

іздестіру мониторинг
Мақсаттар мен Критерийлер мен Мерзім бойынша

міндеттерді модельдерді тексеру

анықтау құру
Ақпаратты жинау Ресурстар және Нәтижелерді

және өңдеу, оны оларды бөлу салыстыру және

бағалау бағалау
Жүйелік талдау Қаржыларды құру және Талқылау және өзгеріс

кірістерді бөлу енгізу

Экономикалық әдебиеттерде ірі экономист-ғалым Д. Кондратьевтің тұжырымы көп қарастырылған. Ол болжамдар мен болжамдық бағалау жүйесіне негізделген жоспаралар кешенін көрсетеді. Кондратьев болжамның 3 түрін бөліп көрсеткен:


  1. берілген білім мен ақпараттану деңгейіне байланысты жиі қайталанып отыратын жағдайларды болжау;

  2. 1-шіге қарағанда сирек қайталанатын жағдайларды алдын-ала көру; мысалы: капиталистік экономикалық дағдарыстың болуы. Мұндай дағдарыстар онъюктураның өзгерісімен байланысты болады.

  3. бұл сол не басқа әлеуметтік-экономикалық қарқындардың жалпы жағдайларын алдын-ала көру болып табылады.

Ғалымның айтуына дұрыс жоспар құру барысында осы болжамдардың үш түрін қатар қолданған жөн.

Жоспарлау және болжау процесі баасқарудың барлық деңгейлерін қамтиды. Оған келесілер кіреді: мақсатты негіздеу, оған жету жолды таңдау, қажетті ресурстар мен оларды дұрыс бөлу жолын табу, жоспарды ұйымдастыру мен қызмет бағыттарының альтернативаларын, параметрлерін және кртерийлерін өңдеу. Жоспарды жасау барысында ақпарат жинақталады, өңделеді және жүйелік талдау жүргізіледі. Төменгілерді бөліп көрсетуге болады:

А) қоршаған орта жағдай туралы ақпарат және PEST дау (заңдар, халық саны және өмір сүру деңгейі, баға мен валюталық курс деңгейі, сыртқы экономикалық саясат және т. б.);

Б) бәсекелестерді зерттеу және SWOT талдау жүргізу, яғни потенциалды және нақты нарықты зерттеуге негізделген кәсіпорын бизнесінің мүмкіншіліктер мен қауіптерін, күшті және әлсіз жақтарын талдау;

В) кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау (ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, кадрлар, өндірісті дамыту деңгейі, қаржылық жағдайы және т. б.).
Тақырып 2. Болжау және фирмаішілік жоспарлау қағидалары мен жүйелері.

Дәріс сұрақтары:



  1. Болжау және фирмаішілік жоспарлау жүйесі.

  2. Болжау және фирмаішілік жоспарлаудың негізгі топтары.

  3. Болжау және фирмаішілік жоспарлаудың негізгі қағидалары мен функциялары.

Жоспар мен болжамды жасау барысында белгілі бір қағидаларға сүйену қажет. Жоспарлаудың ең маңызды қағидасы – жоспарлы есептер мен тапсырмалардың нақтылығы және ғылыми негізделуі, оған ғылым мен техниканың және технологияның жаңа жетістіктерін және өндірісті ұйымдастыру мен басқару жетістіктерін пайдалана отырып, объективті экономикалық заңдар талаптары негізінде қол жеткізуге болады.

Екінші маңызды қағида – жоспар көрсеткіштерінің тереңдігі, бір-бірімен байланыстығы және пропорционалды болуы. Бұл қағиданың негізгі әлеуметтік - экономикалық процестерді белгілі пропорция шегінде реттеу болып табылады. Яғни, сұраныс пен ұсыныс ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өнімдері бағаларының арасындағы және тағы басқа қарым-қатынасты, байланысты жетілдіру.

Жоспардың келесі қағидасы – мемлекет, қоғам және шаруашылық объектілер қызығушылығын және территориялық, әрі салалық жоспарлауды сәйкестендіру болып табылады. Бұл қағиданы іске асыру құралы ретінде бекіткен мақсаттар және ұлттық бағдарламалар болады.

Жоспардың басты қағидаларының бірі алға қойған міндеттерді орындауға қажетті жалпы жүйені, басты звеноны бөліп көрсету.

Жоспарлаудағы маңызды қағидалардың бірі болып үздіксіздік қағидасы табылады.

Келесі қағида бірлік, яғни жоспарды жасаумен оның орындалуын күнделікті тексеру, қажетті түзетулер мен өзгерістерді уақытылы өзгертуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда қарастырған жоспарлау мен болжаудың маңызды қағидалары үлкен теориялық және практикалық мәнге ие. Олар басқарудың барлық деңгейлерінде шаруашылық даму жоспарларын жасаумен, оның орындалуын қамтамасыз етудің бастамасын ұйымдастыру негізі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет