Дәріс тақырыбы. Психологиядағы тұлға туралы түсінік.
Жоспар.
-
Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері.
-
Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері.
-
Тұлға теориялары.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
Мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша: “Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу”. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері. Жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамиды және қалыптасады. Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі.
Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие – сыртқы әсерлер: табиғи икемділік пен құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың байланысынан болады.
А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, А.З. Запорожец т.б. ғалымдар Пиаженің баланың психикалық дамуын әлеуметтік қатынастар жүйесіне біртіндеп және өте жай уақытта кіретін индивид ретінде қарастыруын сынға алған. Индивидтің қоғамнан тәуелсіз болуы мүмкін емес. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша баланың қоршаған заттық әлемге қатынасы үнемі қоғамды, әлеуметтендірілген. Пиаже еңбектеріндегі «бала-зат» қатынасына қарағанда, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин т.б. көзқарастары бойынша «бала-ересек адам-зат» қатынасы әлдеқайда дұрыс.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
1. Отандық тұлға теорияларына сипатама беріңіз.
2. Шетелдік тұлға теорияларына сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер :
1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность М., 1997
2.Немов Р.С. Общая психология. Кн.1. Спб: питер1990
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
Дәріс тақырыбы. Темперамент.
Жоспар.
1. Темперамент туралы жалпы түсінік.
2. Темперамент физиологиялық негізі.
3. Темперамент туралы теориялар.
4. Темпераменттің типтері.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген И.П.Павловтың ілімі темпераментті ғылыми сара жолға түсірді. Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Бұл зерттеулерде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің төрт түрлі типі туралы ұғымы адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңызды ғылыми теория екені дәлелденді.
Темперамент жайлы ғалымдардың пікіріне тоқталсақ: темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесіндегі төрт түрлі сұйық затқа байланысты деген. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - сөл, құрғататын - баурдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис», латынша бұл терминді темпераментум деп атап кеткен. Сөйтіп, Гиппократ адамдағы темпераменттердің әртүрлілігі ағзадағы осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз- көптілігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, қанның пропорциясы көп болса - сангвинник (латынша «сангиус»), ал сөл көп болса – флегматик (грекше «флегма»), ал ағзада қара өт көп болса – меланхолик (грекше «мелай-нехоле»), сары өт көп болса – холерик (грекше «холеот») темпераменті деп аталған.
Темпераменттің типтері. И.П.Павлов жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әртүрлі темперамент өкілдерін былайша сипаттады:
Сангвинник – эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Оның көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам, ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп, әуестенуі де оңай. Ақкөңіл, көпшіл, сөзшең, қайырымды.
Холерик – эмоцияға берілуі шапшаң, сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Ол әп-сәтте күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады. Іске шапшаң кіріседі, бастаған ісін аяқтап шығады. Қимыл әрекетті сүйеді, тез қозғалады. Сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріліп, ызақор, ашуланшақ болады.
Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз, көңіл-күйі байсалды, желікпейді, ашуланбайды, орнықты қалпында ұзақ сақталады. Оның жадырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын. Аз қозғалады, сылбыр не баяу қимылдайды. Іс-әрекеті тиянақты, бастаған ісін аяқтайды. Байсалды, орнықты келеді. Өте сақ, сенімі тұрақты, бір қалыпты, салқынқанды, жай темппен сөйлейді.
Меланхолик – эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады. Сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады. Көңіл-күйі баяу, жабырқау, сыртқы жағдайдан сескеніп, үрейленіп тұрады. Кедергі кездессе уайымдайды. Өкпелегіш, сөзге сараң, жайбасар келеді. Адамдармен қарым-қатынасы жоқ, ұялшақ, тұйық.
уақыт жетпейді. Сол жағдайға байланысты мұндай балалар пассивті, әрі оқуда артта қалушылар қатарына қосылып жатады.
Зерттеуші Б.М.Теплов былай дейді: «Темперамент ерекшеліктеріне тәуелді адамдар іс - әрекеттің соңғы қорытындысымен ажыратылмайды, олардың қорытындыға жету қабілетімен ажыратылады». Осы ойды дамыту барысында психологтар зерттеу жүргізді және іс - әрекетті орындау амалымен, темперамент ерекшелігінің арасындағы байланысты анықтайды. Әрбір адамда қандай да бір қызметті орындауда қызметтің жеке даралық стилі өндіріледі. Қызметтің жеке даралық стилі адамда өздігінен пайда болмайды, ол оқу, тәрбие процесінде қалыптасады.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
-
Темперамент дегеніміз не?
-
Темперамент типтерін атаңыз.
-
Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
-
Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995
-
Немов Р.С. Психология. М., 1998
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
-
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
Дәріс тақырыбы. Мінез туралы түсінік.
Жоспар.
-
Мінез туралы түсінік.
-
Мінез бітістері.
-
Мінез туралы теориялар.
-
Мінез типтері.
-
Мінездің қалыптасуы.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай – ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Осылар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады.
Мінез ерекшеліктері адам қызығушылығымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт. Адам мінезі сан алуан. Бұл іс - әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екіншісі – асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі – іске ойланбастан асым салады, кейін барып ойланады да, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс әрекет – қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бен темперамент ұқсастығы адамың физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесінде болған тәуелділіктен. Мінездегі ұстамдылық – ұстамсыздық – ұстамдылық, қозғалғыштық – салғырттық т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке түгелдей тәуелді емес.
Мінезі тұрақталған адамды темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қылып, мінез бітістеріне сай әрекет – қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді. Ал кейбір қасиеттер: еріктік, сезімдік, ақыл – сапалық адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде таңдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықта байланысқан: батыр адам - да табанды: ашық адам – жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады.
Адамның өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшеліктер көптеп кездесіп отырады. Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей: Адамның өзіне - өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін - өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама – қарсы өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т.б. жатады. Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзіне - өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос «пысықтығын» мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.
Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі – мінез типтернін ажыратуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген: тіршілік үшін болған әрекет – қимылы тіке, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып- толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі біреу – ақ – сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені – мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта – ықыласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларға бағындыру – мұндайлардың негізгі мінездік болмысы.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
-
Мінез дегеніміз не?
-
Мінез бітістері дегеніміз не?
-
Мінездің құрылымын ашыңыз.
-
Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз
Әдебиеттер:
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
-
Немов Р.С. Психология. М., 1998
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
-
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
Дәріс тақырыбы. Қабілет туралы жалпы түсінік.
Жоспар.
-
Қабілет туралы түсінік.
-
Жалпы және арнайы қабілет.
-
Нышан және қабілет.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады. Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жеее адам қасиеттерінің синтезі. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды. Қабілеттіліктің өлшемі- белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілеттің дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.
Қабілеттердің құрылымы жеке адамның дамуына тәуелді. Қабілеттердің дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі деңгейге бөледі. Қабілет дамуының бірінші деңгейіндегі адам білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады.
Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі «талант», «дана» деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар практикада, өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижелерге жетеді. Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.
Жүйке жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан д.а.
Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атаймыз.
Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Себебі адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құшарлығы ғана емес, оны нәтижелі етіп орындауында.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
-
Қабілет дегеніміз не?
-
Нышан дегеніміз не?
-
Қабілеттің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
Әдебиеттер:
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
-
Немов Р.С. Психология. М., 1998
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
Дәріс тақырыбы. Еріктің жалпы сипаты.
Жоспар.
-
Ерік туралы түсінік.
-
Ерік туралы психологиялық теориялар.
-
Еріктің Физиологиялық негіздері.
-
Ерік сапалары.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болады, мұны психологияда мотив не түрткі д.а. Кез-келген түрткі сан-қилы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі- оның қажеттіліктері. Адам өз қажеттеріне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Осы мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Осының салдарынан қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары н/е ерік д.а. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.
Ерік-бұл адамның мақсат қоя отырып жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы немесе ішкі кедергілерді жеңумен байланысты өз әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті.
Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады. Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді. Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын екі жағына созып, бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса, адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп ойласа, жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне, осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды.
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді.
Ерік әрекеттерін орындауда адамның саналы әрі мақсатты қимыл-қозғалыстарын ретеуші екінші сигналдық жүйенің маңызы орасан. Екінші сигналдық жүйе адамның қозғалыс (моторная) қуатын арттырумен бірге, барша психикалық процестерінің: ойлау, қиял,ес,зейін, сезім-бастау көзі. Осындан, ырықты әркет бас миі қабығының барша бөліктерінің біркелкі қызметінің нәтижесі ретінде көрінеді.
Ерік құрылымы. Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылымына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты білдіреді. Мысалы, оқушы келесі жылдан бастап «бескең оқуды жоспарлайды, яғни ниет қояды. Мұндай ниет ерікті әрекет жасауға жеткіліксіз. Бұл әрекетте мақсатқа жетудің жоспарлау сатысын ғана байқаймыз. Жоспарлау-күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-жабдығын іздестіру кезеңі.
Ерік-адамның өз болмысын билей алу қабілеті, өз ұмтылыстары, сезімдері мен құмарлықтарына тоқтам беру қасиеті.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
-
Ерік дегеніміз не?
-
Еріктің физиологиялық негізін ашыңыз.
-
Ерік сапаларын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
Әдебиеттер:
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
-
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
Дәріс тақырыбы. Эмоция және сезім.
Жоспар.
-
Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік
-
Эмоция мен сезімнің ерекшеліктері
-
Эмоциялар түрлері.
-
Адамдағы жоғары сезімдер
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Сезімдер- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналадағы заттар мен құбылыстарға көңіл – күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Сезім - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, Адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет.
Эмоция - адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер. Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Оардың бір тобы – жағымды, не ұнамды эмоциялар деп аталады.
Адамның шамадан тыс зорлануын психологияда стресс – ( «стресс» - ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағына береді) деген терминімен белгілейді. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, түсі суық деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Көңіл – күй деп – біршама бәсең, бірақ әжептәуір ұзағырақ, психикалық процестер мен адамның барлық мінез – құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Аффектер дегеніміз – қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі. Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртысында күшті қозу бөлігінің болуымен байланысты.
Адамгершілік сезімдер: достық, жолдастық, адалдық, ар – намыс, борыш, жауапкершілік, т. б. Интеллектік сезімдер: тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, болжау. Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі.
1) Сүйіспеншілік сезім. Бұл достық сезімге жақынырақ. Шынайы сүйіспеншілік – адамды шаттандыратын тамаша сезім, ол парасаттылықты арттыруға септігін тигізеді, адамды тек сүйікті адамы үшін ғана емес, сондай – ақ басқа адамдар бақытты болуы үшін ерлік жасауға шақырады.
2) Эстетикалық сезім дегеніміз – адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді әсем нәрселерден ләззат алуы кезінде байқалады.
3) Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне: таңсықтау, білімге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, болжау, т. б. сезімдер жатады.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
-
Эмоция дегеніміз не?
-
Сезім дегеніміз не?
-
Адамдағы жоғары сезімдерді атаңыз
-
Аффект дегеніміз не?
-
Стресс дегеніміз не?
-
Құмарлық дегеніміз не?
Әдебиеттер:
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
-
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
Дәріс тақырыбы. Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.
Жоспар.
-
Қарым-қатынас туралы түсінік.
-
Қарым-қатынастың техникасы мен тәсілдері.
-
Қарым-қатынастың дамуы.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Адамдармен қарым-қатынас бұл – ғылым және өнер. Қарым-қатынастың ең негізгі құралы тіл болып табылады. Қарым-қатынас құралы – бір адамның екінші адамға қарым-қатынас процесінде берілетін хабарды кодпен хабарлауы. Кодпен хабарлау – бір тіршілік иесінің екіншіге хабар беру тәсілі. Сөз дене қатынастары. Тіл, тілдік жүйе, жазу, оның әртүрлі формалары (текстер, схемалар, суреттер, сызулар), техникалық жазу, хабар және хабар сақтау құралдары.
Қарым-қатынас нәтижесінде жеке адамның қалыптасуы іске асады. Адам қатынасқа әрқашан жеке тұлға ретінде түсетіндіктен, ол басқа адамға да –қатынастағы партнеріне де жеке тұлға ретінде қабылданады. Басқа адамды танып-білуде бірнеше процестер қатар жүреді: осы басқа адамды эмоционалдық бағалау, оның жасаған қылықтарын түсінуге талпыныс, осыған негізделген, оның мінез-құлқын өзгерту стратегиясы, өзінің жеке мінез-құлқын қалыптастыру стратегиялары. Осы процестерге минимум екі адам қатысады және олардың әрқайсысы белсенді субъект болып табылады. Сонымен, өзін басқамен салыстыру екі жақты жүреді: партнерлердің әрқайсысы өзін бір-біріне теңдестіреді. Яғни, өзара әрекеттесудің стратегиясын құру кезінде әркім бір-бірлерінің қажеттіліктері, мотивтері, бағдарын ғана есепке алмауы қажет, сонымен қатар бірі екіншсінің қажеттіліктері, мотивтері, бағдарларын қалай түсінетіндігін ескеруі қажет. Әрбір жеке әлеуметтік-психологиялық зерттеу деңгейінде басқа адам арқылы өзін түсіну, тануын талдауының екі жағы бар: идентификация және рефлексия.
«Идентификация» термині - өзін басқаға теңдестіру дегенді білдіреді. Басқа адамды түсінудің ең қарапайым әдісінің бірі - өзін сол адамға теңдестіру. Идентификация басқа адамды түсіну мен танып білудің механизмдерінің бірі ретінде болады. Идентификация мен оған мазмұны жағынан жақын құбылыс – эмпатия арасында тығыз байланыс бар. Эмпатия да басқа адамды түсінудің ерекше әдісі болып табылады. Эмпатия дегеніміз – аффективті «түсіну»-(сезімді түсіну), басқа адамның проблемасына эмоционалды қарау. Эмпатияның эмоционалдық табиғаты мынадан көрінеді: басқа адамның ситуациясы «ойланылмайды», «сезініледі». Эмпатияның механизмі белгілі жерлерде идентификацияның механизмімен ұқсас: екі жақта да (эмпатия мен идентифкация) өзін басқаның орнына қоя білу, нәрселерге басқаның көзқарасымен қарай білу. Алайда, нәрселерге басқаның көзқарасымен қарау міндетті түрде өзін сол адаммен теңдестіруді білдірмейді. Егер мен өзімді басқамен теңдестірген болсам, онда яғни мен өзімнің мінез-құлқымды басқа адам оны қалай құратын болса, солай құрастырамын. Ал егер де мен оған эмпатия көрсетсем, мек тек оның мінез-құлқының сызбасын назарға аламын, ал өз мінез-құлқымды тіптім басқаша құра аламын. Екі жағдайда да басқа адамның мінез-құлқын «есепке алу» көрінеді, бірақ біздің біріккен әрекетіміздің нәтижесі әр түрлі болады: қатынастағы партнерді оның позициясына тұру арқылы, сол позициядан әрекет ету арқылы түсіну бір бөлек, ал оның көзқарасын есепке алып, тіпті оған қоса көңіл білдіру арқылы оны түсіну, бірақ өзіңше әрекет ету – бұл бір бөлек нәрсе. Екі аспекті де маңызды, бұл екі аспекті де әлеуметтік психологияда өз зерттеуінің белгілі бір эксперименттік дәстүріне ие.
Қатынасты сипаттау тұрғысынан бұл екі жағдай да тағы бір мәселенің шешімін керек етеді: басқа адам, яғни қатынастағы партнер, мені қалай түсінеді. Бір-бірін түсіну процесі рефлексия құбылысымен күрделенеді. Бұл жерде рефлексия философиядағыдай субъектінің өз-өзін танып білуі мағынасында емес. Әлеуметтік психологияда рефлексия дегеніміз әрекеттесуші индивидтің өзін қатынастағы партнері қалай қабылдайтынын түсінуі. Бұл жай ғана басқа адамды білу немесе түсіну емес, басқа адам мені қалай қабылдайтыны туралы білім, бір-бірінің айнадағы көріністерінің өзгеше бір екі еселенген процесі, терең де жүйелі өзара көрініс.
Рефлексияны зерттеу дәстүрі әлеуметтік психологияда өте ертеден бар. 19-ғасырдың аяғында Дж.Холмс Джон мен Гнеридің диадикалық қатынас ситуациясын суреттеген.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
-
Адамның және қоғамның өміріндегі қатынастың ролін сипаттаңыз.
-
Адамдар қатынасының қандай түрлері мен формаларын білесіз?
-
Қарым-қатынастың функцияларын атаңыз, әр функциясының мазмұнын түсіндіретін мысал келтіріңіз.
Әдебиеттер:
1. Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1996.
2.Социальная психология. Под.ред.Е.С.Кузьмина., В.Е.Семенова. Л., 1979.
3.Робер М., Тильман Ф. Психология индивида и группы. М., 1988.
4.Битякова М.Р.Социальная психология. М., 1994.
5.Социальная психология. Под.ред.Петровский.М., 1987.
Дәріс тақырыбы. Топ және ұжым.
Жоспар.
-
Топ және ұжым туралы түсінік.
-
Топ түрлері, сипаты.
-
Ұжым және оның негізгі белгілері.
-
Топтағы лидер.
-
Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Белгілі бір мақсатпен біріккен адамдар қауымдастығы топ деп аталады. Бұл қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты. Топтар әртүрлі себеппен негізделіп жіктеледі. – Қалыптаса бастаған өзара қатынастардың ықтиярлығымен. – Құрылу принципімен жолдары. – Жеке адамның топтық нормаларына көз қарасы.
Қалыптаса бастаған өзара қатынастар ырықтылығы мен тереңдігіне байланысты шағын және бастауыш топтар айқындалады.
Шағын және бастапқы топтар. Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір – бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Құрылу приципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Анатомиялық – физиологиялық, психикалық және басқа да заңдылықтар мен ерекшеліктерін зерттеп білу үшін мектеп жасына дейінгі балалар, жеткіншектер, төменгі сынып оқушылары, жас – өспірімдер жас ерекшеліктеріне қарай осы принцип бойынша жіктеледі.
Нақты топ адамдардың бір – бірімен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттеріне орындауға жұмсалған өмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа мерзімді, не ұзақ өмір сүруі, мүшелерінің саны аз, не көп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде өмір сүріп қызмет стейді.
Формалды және формалды емес топтар. Формалды (ресми) топ штат кестесі, устав және басқа да ресми документтер негізінде құралады. Мысалы: жоғары оқу орындағы студеттер тобы, мектептегі мұғалімдер мен қызметшілер штаты – мұның бәрі ресми топтың мысалдары. Топ мүшелерінің арасында документтерде көрсетілген іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастар бір – біріне бағыну немесе өзара міндеттің орындалуына не аз, не көп жауапты болу тұрғысында тең құқықтық етеді.
Формаларды топтардағы өзара қарым – қатынас нұсқаулары бірдей болған жағдайдың өзінде бір – біріне ұқсас келуі мүмкін емес, өйткені ондағы адамдардың мінезі, темпераменті, икемділігі, қатынас жасау істилі бірдей болмайды. Іскерлік қарым – қатынас нұсқауда жоқ жеке қарым – қатынгаспен толығады. Психологиялық жақындық (ұнату, сыйлау,достасу) формалды топты нығайта түседі, алға қойған міндеттерді орындауға көмектеседі.
Жеке адамның топтың нормасына қатынасы белгілеріне сәйкес референт тобы пайда болады. Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп көз қарас топтары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Адам өзі нормасын қадір – қасиетің бағалаған өзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтің топқа кіреді. Топтардың даму деңгейі. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады. Дүниеге келеді, дамудың белгілі бір сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге жетеді, сондай – ақ өмір сүруін тоқтатуы мүмкін. Бұл формалды топқа да, формалды емес топқа да бірдей дәрежеде қатысады.
Ұжым адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы. Ұжым ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжым адамдар тобы болғандықтан оған топтың белгілері тән. Ұжымның аса маңызды белгісі мақсатпен міндеттін қоғамдық мәні бар. Ұжымның түрлері: кәсіби (өндірістік), творчестволық, әскери оқу.
Топқа әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиялық мұндай адамды «лидер» деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады, не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс – әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Шағын топтардағы лидерлікті зерттеген Н.С. Жеребованың зертеулерінде лидердің мынадай қызмет атқаратындығы айқындалған: а) ол топ қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды, б) топ мүшелері арасында атқаратын іске жауапты адамдарды белгілейді, в) егер топтың алдына маңызды іскерлік қойылған болса және бұл топ өңдірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық атмосфера орнатады, г) топ мүшелерінің қоғамдық белсенділігін дамытады.
Жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарам – қатынаста болып өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асырады. Бұл қарам – қатынас бір – бірімен тығыз байланысты топтарда болады. Ондай топтар біркелкі емес. Олар неше түрлі себепке негізделіп жіктелуі мүмкін, яғни қалыптаса бастаған өзара қатынастардың ықтиярлылығы мен тереңдігіне, құралу принципі мен жолдарына, жеке адамның топтың нормаларына көзқарасына негізделеді.
Сөйтіп белгілі бір қарым – қатынастағы топ түрліше көзқараста бағаланады екен. Топ және оның жеке адам дамуындағы рөлі. Жеке адам топтан оқшау болмайды. Ол топтың басқа мүшелерімен байланыста болады және солармен бірігіп сол қауымдастықтың бағыт – бағдарын білдіреді. Жеке адам топ арқылы басқа топтармен, тұтас қоғаммен байланыста болады. Топ – қоғамның бір бөлігі болғандықтан ол өз бойына сөз жоқ сол адамның саяси, эстетикалық, адамгершілік және басқа да идеяларын дарытады. Сондықтан да жеке мінез – құлқында оны басшылыққа алады. Жеке адам материалдық дүниемен және адамдармен қарым – қатынас жасай отырып, белгілі бір тәжірибе алып, сол тәжірибенің негізінде өз мінез – құлқын, қадір қасиетің, өзгелерден ерекшелік белгілерге қалыптасып қана қоймайды ол сонымен қатар рухани байлықтың аса маңызды құрамдас бөлігі болып саналатың қоғамдық тәжірибені де өз бойына жинақтайды. Бірімен бірі тығыз байланыстағы және одан гөрі кең көлемді әлеуметтік ортадағы келіспеушілік, бір жоспарлық жеке адамның бойында үйлесімді жақсы қасиеттерді қалыптасып, даму үшін жақсы жағдайын жасайды.
Топ мүшелерінің көпшілігі бір – бірімен өзара тату – тәттілік тұрғысынан байланыста болады. Бұл ретте әркімнің өзгелерден гөрі жиі кездесетін бір адамы болады, онымен бір мүдделес, әңгімелері жарасқан ортақ істері бар т.б. Сондықтан жолдастық, достық қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас жасаудың бірінші шеңбері. Бақылаулар мен зерттеулер көрсеткендей, көпшілік адамдарда мұндай жолдас, дос көп болмайды (3 – 5 адам). Топ ішінде мұндай бастауыш топтардың болуына қарамастан, ол өзінің бірлігін сақтап біріңғай бірлестік ретінде өмір сүре береді.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
-
Топ дегеніміз не?
-
Ұжым дегеніміз не?
-
Ұжымның негізгі белгілері қандай?
-
Лидер деп кімді айтамыз?
-
Топ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз
Әдебиеттер.
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
-
Немов Р.С. Психология. М., 1998
-
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
-
Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1985
-
А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология коллектива. М., 1978
3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ
1-тәжірибелік. Тақырып 1. Психологиялық зерттеудің әдістері.
Мақсаты: Жалпы психология пәнін және зерттеу әдістерінің ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.
Жоспар:
1.Психология жаратылыстану және гуманитарлық пән ретінде.
2.Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері.
3.Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы. Психология ғылымындағы зерттеу принципетрі.
4 Зерттеу әдістерін топтастыру негіздері. Обьективті және субьективті әдістер.
5.Зерттеу әдістерінің негізгі және қосалқы түрлері.
Тақырыпты қарастыруда психологияны жаратылыстану және гуманитарлық пән ретінде екенін ашып көрсету, психологияның зерттеу әдістеріне анықтама беріңіз.
Әдебиеттер:
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
-
Немов Р.С. Психология. М., 1998
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
2-тәжірибелік. Тақырып 2. Ми және психика.
Сабақтың мақсаты: адамның жоғары жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі. студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.
Жоспар:
-
Адамның жоғары жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі. Жүйке клеткасының құрылысы.
-
Талдағыштар, оның құрылымы. Мидың анализдік-синтездік қызметі.
3. Ми және психиканың байланысы. Адам және жануарлар психикасын салыстыру. Адам санасының пайда болуы мен дамуы. И.М.Сеченов және И.П.Павловтың психиканың шартты-рефлекторлы сипаттамасы.
Тақырыпты қарастыру барысында мидың қүрылысы, қызметіне тоқталу. Адам санасының пайда болуы мен дамуына сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
-
Рубинштейн С.Л, Основы общей психологии. Питер. 1999
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
-
Немов Р.С. Психология.1 том. 2000.
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
3-тәжірибелік.Тақырып 3. Іс-әрекет психологиясы.
Сабақтың мақсаты: іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін қаншалықты аңағарғаныдығын сараптау.
Жоспар:
1.Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.
2.Іс-әрекеттің құрылымы.
3.Іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері.
4.Іс-әрекеттің түрлері.
Тақырыпты қарастыру барысында іс-әрекеттің түрлеріне сипаттама беру.
Әдебиеттер:
1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
3.Немов Р.С. Психология. М., 1998
4.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
5.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. 2-ое изд. М., 1977
4-тәжірибелік.Тақырып 4. Түйсік туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: түйсік және түйсіктің қасиеттерін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.
Жоспар:
Түйсіктің қасиеттері. Абсолюттік сезгіштік. Сезгіштін табалдырықтары. Сенсорлық бейімделу туралы түсінік. .Сенсибилизация. Синестезия.
Тақырыпты қарастыру барысында түйсіктің түрлері мен қасиеттеріне жалпы сипаттама беру. Түйсік заңдылықтарына тоқталу.
Әдебиеттер:
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
-
Немов Р.С. Психология. М., 1998
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
5-тәжірибелік.Тақырып 5. Қабылдау.
Сабақтың мақсаты: қабылдау және қабылдаудың қасиеттерін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.
Жоспар:
Қабылдаудың негізгі қасиеттері. Кеністікті қабылдау. Уақытты қабылдау. Көлемді, қозғалысты қабылдау.
Тақырыпты қарастыру барысында қабылдауға анықтама беру және оның физиологиялық механизмін және қабылдаудың қасиеттерінің ерекшеліктеріне тоқталу.
Әдебиеттер:
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995
4.Немов Р.С. Психология. М., 1998
5.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
6-тәжірибелік.Тақырып- 6. Ес туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты: ес түрлерін және естің дара ерекшеліктерін студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.
Жоспар:
1.Ес туралы жалпы түсінік.
2.Ес процестері. Олардың сипаттамасы.
3.Ес түрлері.
4.Естің дара ерекшеліктері.
Тақырыпты қарастыру барысында еске анықтама бере отырып, естің түрлеріне сипаттама беру. Естің процестеріне тоқталу.
Әдебиеттер:
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
-
Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995
-
Немов Р.С. Психология. М., 1998
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
7-тәжірибелік.Тақырып –7. Ойлау туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты: ойлаудың түрлерін және сөйлеу мен ойлаудың байланысын студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.
Жоспар:
1.Ойлау түрлері және олардың ерекшеліктері.
2.Адамның шығармашылық ойлауын қамтамасыз ететін факторлар.
3.Сөйлеу және тіл.
4.Сөйлеу және ойлаудың байланысы.
Тақырыпты қарастыру барысында ойлау мен сөйлеуге анықтама бере отырып оның түрлетірен сипаттама беру. Сөйлеу және қарым-қатынас, сөйлеу және ойлаудың байланысын ашып көрсету.
Әдебиеттер:
1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995
4.Немов Р.С. Психология. М., 1998
8-тәжірибелік.Тақырып- 8. Қиял туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: қиялдың түрлерін және қиялдың дара айырмашылықтарын қаншалықты аңағарғаныдығын сараптау.
Жоспар:
1.Қиял түрлері.
2.Қиялдың жасалу жолдары.
3.Қиялдың дара айырмашылықтары.
Тақырыпты қарастыру барысында еске анықтама бере отырып, естің түрлеріне сипаттама беру. Естің процестеріне тоқталу. Қиялдың адам өміріндегі мәні. Қиялдың бейнелі ой екендігі, қиялдың көркем туындылар мен ғылыми творчествода алатын орны. Қиялдың түрлеріне тоқталу.
Әдебиеттер:
1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
3.Немов Р.С. Психология. М., 1998
4.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
9-тәжірибелік.Тақырып 9. Психологиядағы тұлға туралы түсінік .
Сабақтың мақсаты: психологиядағы тұлға мәсселесін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.
Жоспар:
1.Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері.
2.Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері.
3.Тұлға теориялары. Отандық психологтар зерттеулеріндегі жеке тұлға мәселелері.
4.ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы жеке тұлға мәселесінің даму психологиясы. Жеке тұлғаның шетелдік теориясы.
Тақырыпты қарастыру барысында шетелдік және отандық психологиядағы тұлға теорияларын салыстыра отырып талдау жасау қажет.
Әдебиеттер :
1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность М., 1997
2.Немов Р.С. Общая психология. Кн.1. Спб: питер1990
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
10-тәжірибелік.Тақырып 10. Темперамент.
Сабақтың мақсаты: темперамент және темперамент типтерінің аймағындағы ерекшеліктерін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру.
Жоспар:
1.Темперамент туралы түсінік.
2. Темперамент түрлері.
3.Темперамент және жеке адам.
Тақырыпты қарастыру барысында темперамент және оның механизмін ашып көрсету. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер:
1.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
2.Немов Р.С. Психология. М., 1998
3.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
4.Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
11-тәжірибелік.Тақырып 11. Мінез туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: мінездің құрылымы мен қасиеттерін студенттер қалай меңгергендігін тексеру.
Жоспар:
1.Э.Кречмер бойынша мінез типологиясы, А.Е.Личко бойынша мінез типологиясы, К.Леонгард бойынша мінез типологиясы, Э. Фромм бойынша мінез типологиясы.
2.Мінез туралы теориялар.
3.Мінез құрылымы мен қасиеттері. Мінез бітістері.
4.Мінез және темперамент. Мінездің ұлттық ерекшеліктері.
Тақырыпты қарастыру барысында мінезге анықтама беру, темперамент және мінездің байланысын көрсету.
Әдебиеттер:
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
-
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
12-тәжірибелік.Тақырып –12. Қабілет туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты: қабілеттілік, нышан және адамдардың даралық ерекшеліктері байланысын студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.
Жоспар:
Қабілет туралы түсінік. Адамдардағы қабілеттілік түрлері Қабілеттілік, нышан және адамдардың даралық ерекшеліктері. Қабілеттілікті дамыту.
Тақырыпты қарастырғанда қабілет туралы анықтама. «Нышан», «Дарындылық», «Талант» ұғымдарының өзара байланысын ашып көрсету. Қабілет теориялары.
Әдебиеттер:
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
-
Немов Р.С. Психология. М., 1998
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
13-тәжірибелік.Тақырып –13. Эмоция және сезім.
Сабақтың мақсаты: сезімнің түрлерін студенттер қалай меңгергендігін тексеру.
Жоспар:
Күрделі эмоционалды күйлер. Сезімнің түрлері. Жоғары деңгейдегі сезімдер.
Тақырыпты қарастыруда адам өміріндегі эмоцияның ролін ашып көрсету. Эмоцияның негізгі функцияларына сипаттама беру.
Әдебиеттер:
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
-
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
14-тәжірибелік.Тақырып –14. Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты: топ және ұжым арасындағы қарым-қатынасты студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.
Қарым-қатынас ұғымы. Қарым-қатынас және іс-әрект. Қарым-қатынастың мақсаты, құралдары, түрлері және олардың сипаттамасы. Қарым-қатынастың перцептивті, коммуникативті және интерактивті жағы.
Тұлға және қарым-қатынас. Қарым-қатынас ақпарат алмасу құралы ретінде. Қарым-қатынас барысында адамдардың бірін бірі қабылдау және түсіну механизмдері.
Әдебиеттер:
1. Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1996.
2.Социальная психология. Под.ред.Е.С.Кузьмина., В.Е.Семенова. Л., 1979.
3.Робер М., Тильман Ф. Психология индивида и группы. М., 1988.
4.Битякова М.Р.Социальная психология. М., 1994.
5.Социальная психология. Под.ред.Петровский.М., 1987.
15-тәжірибелік.Тақырып – 15. Топ және ұжым.
Сабақтың мақсаты: топ және ұжым арасындағы қарым-қатынасты студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.
Жоспар:
Топ тужәне ұжым туралы түсінік. Топтың жеке адамға жағымды әсері. Топтың жеке адамға жағымсыз әсері. Адамдардың бір – біріне қабылдауы және түсінуі. Жеке адамның топта өзін ұстауы. Ұжым және оның негізгі белгілері. Лидер және жетекшілік стилі.
Тақырыпты топ және ұжымға анықтама беру және оның түрлерін сипаттама беріңіз. Ұжым мен топтың айырмашылығына тоқталу қажет.
Әдебиеттер.
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
-
Немов Р.С. Психология. М., 1998
-
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
-
Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1985
-
А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология коллектива. М., 1978
4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау:
Берілген тақырыпты конспектілеу.
-
Алдымен жұмыс жоспарын құру, содан кейін жоспар бойынша сұрақтарға анықтама беріңіз.
-
Тақырыптың мазмұнын нақты ашуға талпыну.
-
Тақырыпты ықшамдап баяндау және қажетсіз дәлелдемелерге жол бермеу.
-
Жұмыс сауатты, тиянақта, қысқартылмай жазылуы керек.
-
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, қорытынды жасау.
Реферат жазуда не ескеріледі?
-
Тақырып таңдау.
-
Әдебиеттермен жұмысты, жүйелеу, саралау.
-
Жоспар құру болжам жасау, ғылыми тұғыдан қарастыру.
-
Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде кестелер, графиктер, схемалар жасалады.
-
Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар.
-
Қолданылған әдебиеттер тізімі. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін беру. Сілтеме жасау.
-
Студент рефераты аудиторияда талқыланады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын талқылап, көпшілікке жеткізеді, оның ғылымилылығы, тереңділігі талқыланады.
Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән – мазмұны жағынан. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселені нақты, тұжырымды ойды айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылап, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы рефератын қорғаған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізіледі, қажет жағдайда түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
ОСӨЖ.№1-3сағ.
Тақырып. Психологиялық зерттеудің әдістері.
Тапсырма.
1.Әңгімелесу және анкета әдістерін қолдану үшін нақты бір мәселе бойынша негізгі сұрақтардың үлгісін әзірлеу.
Тапсыру түрі: анкета және әңгімелесу әдістерінің үлгісі, топтық талқылау.
ОСӨЖ.№2-3сағ.
Тақырып. Ми және психика.
Тапсырма:
Мидың құрылысы мен қызметі. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. А., 1992ж, 14 беттегі 1-суретті; 15-беттегі 2-Ә-суретін дәптерге салу;
Осы әдебиеттен 20-беттегі сұрақтарға жазбаша жауап;
Немов Р.С. Психология. Кн 1. 2001ж. 114-115 беттегі, «Психиканың даму сатылары және жануарлардың мінез-құлқы»- №6 кестені толтыру.
Әдістемелік нұсқау: тапсырмаларды семинар дәптерге орындауға болады.
Тапсыру түрі: жазбаша,ауызша, кесте.
ОСӨЖ.№3-3сағ.
Тақырып. Ес туралы жалпы түсінік.
Тапсырма:
Реферат тақырыптары:
Естің теориялары.
Естің жеке ерекшеліктері және оның бұзылуы.
Естің дамуына әсер ететін факторлар.
Әдістемелік нұсқау: Негізгі әдебиеттер.
Тапсыру түрі: Реферат.
ОСӨЖ.№4-3сағ.
Тақырып. Психологиядағы тұлға туралы түсінік.
Рефератқа арналған тақырыптар:
-
З.Фрейдтің жеке адам теориялары.
-
Жеке адам туралы биогенетикалық бағыт.
-
Жеке адам туралы соцогенетикалық бағыт.
-
Психогенетикалық бағыт.
-
Гуманистік теория.
Әдістемелік нұсқау: бір тақырып таңдап алып, сол бойынша реферат дайындау.
Тапсыру түрі: Рефератты қорғау.
ОСӨЖ.№5-3сағ.
Тақырып. Қабілет туралы жалпы түсінік.
Тапсырма:
Реферат:
Қабілет, дарындылық, талант: өзара байланысы және айырмашылықтары.
Қабілет теориялары.
Әдістемелік нұсқау: Негізгі әдебиеттер.
Тапсыру түрі: конспект.
ОСӨЖ.№6-3,5сағ.
Тақырып. Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.
Тапсырма:
Конспект
- Қарым-қатынастағы вербальды емес құралдар.
Әдістемелік нұсқау: Әдебиеттер: 1.Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001; 2) Федосихина А.А., Кашник О.И., Звягиндцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. М., 1998; 3) Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000
Тапсыру түрі: жазбаша
ОСӨЖ.№7-4сағ.
Тақырып. Топ және ұжым.
Тапсырма:
Алдамұратов Ә. Қызықты психология. А., 1992ж Берілген сұрақтарға жауап беру ауызша 29-30 б.
Әдістемелік нұсқау: Алдамұратов Ә. Қызықты психология. А., 1992ж
Тапсыру түрі: ауызша жауап.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
№
|
Тақырыбы және сабақтың мақсаты
|
Тапсырманың мазмұны және оны орындауға әдістемелік нұсқау
|
Сағат саны
|
Өткізу мерзімі
|
Тексеру формасы
|
1
|
Тақырыбы.
Ми және психика
Сабақтың мақсаты: мидың құрылысы танысу
|
Адамның пайда болуы және психикалық дамуы.
Қоғамдық сана мен жеке адам санасының байланысы. Конспект
|
8с
|
3 апта
|
Жазба жұмыстарын тексеру, әңгімелесу
|
2
|
Тақырыбы. Зейін туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: зейін қасиеттерімен танысу
|
- Зейін. Конспект
- Алдамұратов Ә. Қызықты психология. А., 1992ж сұрақтарға жауап беру жазбаша 30-32б.
|
8с
|
4 апта
|
Жазба жұмыстарын тексеру, әңгімелесу
|
3
|
Тақырыбы.Ойлау туралы жалпы түсінік
Сабақтың мақсаты: ойлау операцияларымен танысу
|
Ойлану және сөйлеуге байланысты сұрақтарға жауап беру. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. А., 1992ж
|
8с
|
6 апта
|
Жазба жұмыстарын тексеру, әңгімелесу
|
4
|
Тақырыбы.Психологиядағы туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: тұлға психологиясының мәселелері танысу
|
Шетелдік және отандық теорияларды салыстырмалы талдау
|
8с
|
8 апта
|
Жазба жұмыстарын тексеру, әңгімелесу
|
5
|
Тақырыбы.Эмоция ж/е сезім
Сабақтың мақсаты: сезім түрлерімен танысу
|
Эмоция және сезім. Конспект
|
8с
|
9 апта
|
Жазба жұмыстарын тексеру, әңгімелесу
|
6
|
Тақырыбы.Мінез туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: ойлау операцияларымен танысу
|
Мінез. конспект
|
8с
|
10 апта
|
Жазба жұмыстарын тексеру, әңгімелесу
|
7
|
Тақырыбы.Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік
Сабақтың мақсаты: қарым-қатынастың құрылымымыен танысу
|
Қарырым-қатынас. Конспект
|
9,5с
|
11 апта
|
Жазба жұмыстарын тексеру, әңгімелесу
|
8
|
Тақырыбы.Топ және ұжым
Сабақтың мақсаты: қарым-қатынастың құрылымымыен танысу
|
Топты бақылау және топқа мінездеме жазу.
|
10с
|
15 апта
|
Бақылау күнделігін топпен талдау
|
7.1. Курс бойынша тест тапсырмалары
Тест тапсырмасы.
1- нұсқа
1.Тұңғыш психологиялық лабораторияның негізін қалаған :
а) Бехтерев.
б) Фрейд.
в) Вундт.
г) Выготский.
д) Ушинский.
2. Қазіргі психологиялық, зерттеулерде қай әдіс негізгі және маңыздырақ деп саналады:
а) генетикалық.
б) референтометрия .
в) эксперимент .
г) тест .
д) әңгіме.
3.Табиғаттың барлық объектілерін жанды дейтін қияли түсінік:
а) анимизм.
б) монизм.
в) идеализм.
г) дуализм.
д) панпсихизм.
4.Темпераментті алғаш рет сипаттаған:
а) Аристотель.
б) Платон.
в) Гиппократ.
г) Кречмер.
д) Павлов.
5.Төл тіліміздегі психология оқулығының авторы кім:
а) Мұқанов.
б) Алтынсарин.
в) Аймауытов.
г) Абай.
д) Жарықбаев.
6.Түс көру деген не:
а) шындыктың санадан тыс бейнеленуі .
б) қиялдың пассивті түрі .
в) гипнозға берілушіліктің жоғары нәтижесі .
г) галлюцинацияның ерекше түрі .
д) қиялдың активті түрі.
7.Сана айқындалады:
а) адамзат дамуының қоғамдық-тарихи сипатымен .
б) таптық бағыттылықтың өзгеруімен .
в) формациялардың ауысуымен .
г) табиғатпен.
д)мәдениетпен.
8.Зейіннің бір сәтте бірнеше объектілерді қамтып алу қасиеті:
а) концентрация .
б) көлемі .
в) тұрақтылығы.
г) ауысуы .
д) бөлінуі.
9.Мінездің көріністері көбінесе шарттыланады :
а) дамудағы акселерация .
б) госпитализм құбылысымен .
в) қоршаған ортаның әсері .
г) сензитивтілікпен .
д) сенсибилизациямен.
10.Психика дегеніміз :
а) қоршаған ортадан шындьқтың мида бейнеленуі іс-әрекеті.
б) жүйке жүйесінің физиологиялық қызметі.
в) мидың рефлекторлық, іс-әрекеті.
г) бас ми материясының субстраты.
д) бақылаудың, жанның көрінісі.
11.Бір объектіні екіншісінен гөрі ерекше бөліп алу қабылдаудың кандай қасиетімен байланысты:
а) заттылығы.
б) құрылымы.
в) тұтастығы.
г) тұрақтылығы .
д) таңдамалығы.
12.Қандайда бір әрекетті орындаудағы табиғи алғы шарттар:
а) ерікгі мінез.
б) талант.
в) дарындылық.
г) нышандар.
д) қабілеттер.
13.Тұлға аралық қарым - қатынас кезінде жетекшіге (лидерге) сөзсіз бағыну стилі:
а) либеральды .
б) авторитарлы .
в) демократиялық.
г) қол астына алу.
д) конфронтация.
14.Әрекетті игеру максатында оны саналы түрде қайталау:
а) әдет:
б) жаттығу.
в) іскерлік.
г) дағды.
д) бағдарлаушылық әрекет.
15.Жеке тұлғаның туа біткен ерекшеліктеріне не жатады:
а) темперамент.
б) қабілеттер.
в) мінез.
г) ec.
д) зейінділік.
16.Қабылдаудың кандай қасиетіне байланысты біз мәтінді оқығанда қателіктерді байқаймыз:
а) заттылық.
б) тұтастық.
в) тұрақтылық.
г) апперцепция.
д) тандамалылық.
17.Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығ не деп аталады :
а) қиял.
б) галлюцинация.
в) иллюзия.
г) апперцепция.
д) синестезия.
18.Сыртқы әрекеттің ішкіге айналуы:
а) интериоризация.
б) эстериоризация.
в) әлеуметтену.
г) тұқым қуалаушылық.
д) өнімді іс - әрекет.
19.Қызбалық және асығыстықты сипаттайтын темперамент типі:
а) меланхолик.
б) холерик.
в) сангвиник.
г) флегматик.
д) флегмахалик.
20.Болашақта саналы түрде қалауға байланысты қиялдың түрі қалай аталады:
а) елестер.
б) арман.
в) фантазия.
г) ұйқы.
д) сағым.
21.Төменде келтірілген қасиеттердің кайсысы адамды тұлға ретінде сипаттайды:
а) эмоциялы.
б) қызбалық.
в) ұқыптылық.
г) ұяңдық.
д) ұялшақтық.
22.Индивитің өмірге келгеннен өліміне дейінгі даму процесі:
а) филогенез .
б) онтогенез .
в) эволюция.
г) акселерация .
д) эмансипация деп аталады.
23.Өзара байланысты емес касиеттерді "желімдеу" аркылы пайда болған жаңа бейнелерді жасау тәсілі:
а) гипербола.
б) типтік бейнелер жасау.
в) акцент жасау.
г) агглютинация.
д) схематизация.
24.3аттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды белгілері бойынша ойша біріктіруге байланысты ой операциясы қалай аталады:
а) айналу.
б) синтез.
в) теңестіру.
г) жалпылау.
д) абстракция.
25.Психикалық процесс – бұл …
а) Индивиттің тұрақты ерекшеліктері және қабілеттері.
б) Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы бейнелері.
в) Жеке адамдардың қасиеттері.
г) Іс - әрекет барысында көрінетін жеке адамның қасиеті.
д) Қарым – қатынас барысында көрінетін қасиеттер.
26.Сценарист театр үшін пьеса жазды. Осы жағдайда сөйлеудің қандай түрі туралы айтуга болады:
а) диалогты.
б) монолог.
в) жазбаша.
г) іштей.
д) ауызша.
27.Алғашқы рет темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми түрде кім негіздеген:
а) Небылицын.
б) Гиппократ.
в) Леонтьев.
г) Выготский.
д) Павлов.
28.Психология ғылымының дамуы неше кезеңнен тұрады:
а) 3 .
б) 4.
в) 2 .
г) 5.
д) 6 .
29.Психология өз алдында дербес гылым болып қашан қалыптасты:
а) б.э.д.
б) 3 ғасырда.
в) 17 ғасырда.
г) 19 ғасырда.
д) 20 ғасырда.
30.Жан туралы алғаш трактатты кім жазды:
а) Платон.
б) Демокрит.
в) Гиппократ.
г) Сократ.
д) Аристотель.
31.Кім орта ғасырда жанның мәні және оны тәрбиелеу туралы жан-жак.ты қарастырды, "Әлемнің екінші ұстазы" аталды:
а) Аквинский.
б) Бокачко.
в) Ибн Сина.
г) Аль-Фараби.
д) Декарт.
32.Психологиялык. әдістердің ішіндегі ең көнесі:
а) социометрия
б) тест.
в) анкета.
г) бақылау.
д) эксперимент.
33.Социометрия әдісінің негізін салған кім:
а) Выготский.
б) Леонтьев.
в) Бине.
г) Морено.
д)Теплов.
34.Қазіргі таңда психология ғылымының қанша саласы бар:
а) 5.
б) 7.
в) 10.
г) 12.
д) 15 тен аса.
35.3аттардың бөлшектерінен кұбылыстар мен заттардың мәні
туралы елес алуга мүмкіндік беретін ой операциясы:
а) анализ.
б) синтез.
в) салыстыру.
г) классификация.
д) абстракция.
36.Таным іс - әрекетінің алғашқы сатысы:
а) ойлау.
б) қиял.
в) түйсіктер.
г) қабылдау.
д) ес.
37.Адам санасының пайда болуында шешуші жағдай:
а) еңбек.
б) қоршаған орта.
в) жалпы көзқарас.
г) бас ми.
д) қарым-қатынас жасау.
38.Өткен өмірінде болган оқиғаларды есіне түсіре алмау құбылысы:
а) амнезия.
б) конфабуляция.
в) реминисценция.
г) мнемоника.
д) агнозия.
39.Психологияның негізгі психологиялық принциптері. Артығын алып таста:
а) Детерминизм принципі,
б) Сана мен іс- әрекет принципі,
в) Психологияның даму принципі,
г) Ойын принципі.
д)Жеке бағыт принципі.
40.Санадағы аса қатты жарық жылылық сезімін туғызады, қараңғылық салқындықты түйсінгін тудырады. Бұл құбылыс қалай аталады:
а) синестезия.
б) сенсибилизация.
в) адалтация.
г) конфабуляция.
д) рсминисценция.
41.Төмендегі сапалардың кайсысы тұлғаны жеке адам ретінде сипаттайды:
а) эмоцияга берілгіштік.
б) ерік.
в) ұқыптылық.
г) ұялшақтық.
д) қызбалық.
42.Табиғат әсемдігіне тандану ол :
а) интелекгуалды сезімдердің .
б) эстетикалык сезімдердің .
в) адамгершілік сезімдердің .
г) практикалык, сезімдердің .
д) эмоциялардың.
43.Қоғам дамуындағы прогресті іске асыратын кандай психикалык. процестің көмегімен жасалынады:
а) қиял.
б) ойлау.
в) ес.
г) түйсіктер.
д) конформдық.
44.Адам ойының түрлі формаларын есте қалдыра алу қабілеті.....
а) Сөздік - логикалық ес.
б) Бейнелік.
в) эмоциялық.
г) Механикалық.
д) Оперативтік
45.Үжым туралы ілімнің негізін салушылардың бірі:
а) Макаренко.
б) Руссо.
в) Выготский.
г) Эльконин.
д) Рубинштейн.
46.Шынайы объектің сапасын жоғарылату киялдың қай тәсілі негізінде жүзеге асырылады:
а) гиперболизация.
б) типизация.
в) түйсіну.
г) агглютинация.
д) схематизация.
47.Инстинктілік мінез-құлық негізінен:
а) шыбын-шіркейлерде.
б) балықтарда.
в) рептилияларда.
г) сүт қоректілерде.
д) жануарларда басым.
48.Қазақстандағы бірінші психологиялық оқулықтың авторы:
а) Аль – Фараби.
б) Aбай.
в) Аймауытов.
г) Шоқан.
д) Жарықбаев.
49.Көне заман ойшылдарының қайсысы тұңғыш рет жан проблемасын кең түрде материалистік негізде қарастырды:
а) Аристотель.
б) Платон.
в) Дсмокрит.
г) Сократ.
д) Пифагор.
50.Ресейдегі алғашқы психологиялык, лабораторияның негізін салған кім:
а) Бехтерев.
б) Выготский.
в) Ушинский.
г) Ланги.
д) Ломоносов.
51.Бірінші психологиялық лаборатория қай жылы ашылды:
а) 1871.
б)1889.
в) 1879.
г) 1875.
д)1900.
52.Қандай да бір іс - әрекетті орындау мүмкіндігі немен қамтамасыз етіледі:
а) ерікті мінезбен.
б) дарындылықпен.
в) данышпандьшықпен.
г) нышандармен.
д) қабілеттермен.
53.“Ми рефлексі” кітабының авторы:
а) Сеченов И.М.
б) Павлов И.Н.
в) Вертгеймер М.
г) Гальперин П.Я.
д) Ананьев Б. Т.
54.Іс-әрекеттің негізгі түрлерін белгіле:
а) Әдет, мінез- құлық.
б) Ойын, оқу, еңбек.
в) Дағды, әрекет.
г) Білім , іскерлік, дағды.
д) Іскерлік, ойлау, әдет, еңбек.
55.Екінші сигнал жүйесіне жатады:
а) Түйсік.
б) Қабылдау.
в) Ойлау.
г) Сөйлеу.
д) Темперамент.
56.Ғалымдардың ішінде психоанализ әдістерінің негізін кім салған:
а) Морено.
б) Вундт.
в) Фрейд.
г) Выготский
д) Леонтьев.
57.Бас ми рефлекстері екі топқа бөлінеді:
а)Уақытша және тұрақты.
б) Шартты және шартсыз.
в) Психикалық және физиологиялық.
г) Иррадиациялық және концентрациялық.
д) Қозу және тежеу.
58.Баска адамдармен байланыска жеңіл енетін адам қалай аталады:
а) интроверт.
б) экстраверт.
в) гетероверт.
г) гиповерт.
д) нормостеник.
59.Айналасындағы адамдармен қарым - катынас процесіне түсуде қиналатын адам қалай аталады:
а) интроверт.
б) экстраверт.
в) гетероверт.
г) гиповерт.
д) нормостеник.
60.Қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттар туралы тұтастай елес тууын қамтамасыз ететін психикалық процесі
а) түйсікгер .
б) қабылдау .
в) ойлау.
г) қиял.
д) ес.
2- нұсқа
1.Қоршаған ортадағы құбылыстар мен затгар жайындағы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ететін психикалық процесі:
а) түйсіктер.
б) қабылдау.
в) ойлау.
г) қиял.
д) ес
2.Бұрын қабылдау негізінде жаңа бейнелер жасауды қамтамасыз ететін психикалық процесі:
а) түйсіктер.
б) қабылдау.
в) ойлау.
г) қиял.
д) ес.
3.Кейбір адамдарда музыка дыбыстарының әсері белгілі бір түйсіктерді (ақ, қызыл) елестетін процесі :
а) сенсибилизация.
б) синестезия.
в) бейімделу.
г) интериоризация.
д) экстериоризация.
4.Дыбысты ести отырыл музыканттың айыру кабілеттілігі камтамасыз етіледі (мысалы "до" жөне "до - диез"):
а) синестезия кұбылысымен..
б) сенсибилизациямен.
в) жүйкенің қозғыштығымен.
г) адаптация арқылы.
д) сезгіштіктің абсолютті табалдырығы.
5.Үміт пен идеалға көңіл қалу қалай аталады:
а) конформизм.
б) фрустрация.
в) депрессия.
г) апатия.
д) агнозия.
6.Жоғарғы нерв іс - әрекеттері теориясының негізін салушы:
а) И.П. Павлов.
б) В. Д. Теплов.
в) С.В. Небылицын.
г) И.М.Сеченов.
д) В.М.Бехтерев.
7.Б.Г.Ананьев бойынша әдістер классификациясы :
-
Эмпирикалық берілулер әдісі
2) Негізгі әдістер,
3) Ұйымдастырушылық әдістер,
4) Берілулерді сандық және сапалық талдау әдістері,
5) Интерпретациялық әдістер,
6) Интраспективті әдістер. Дұрысын белгіле.
а) 1,2,5,6.
б)1,3,4.
в)2,3,4,6.
г) 1,3,4,5.
д)1,2,4,6.
8.Зерттелген объектіге зейінін шоғырландыра алмау кабілеті шартталынады:
а) стреспен
б) алаңғасарлықен
в) ырықсыз зейінмен
г) үйреншікті зейінмен
д) қабылдаудың тандамалылығымен
9.Әсершілдік пен тез ренжігіштікпен сипатталатын темперамент типі :
а) меланхолик.
б) холерик.
в) сангвиник.
г) флегматик.
д) флегмахолик.
10.Басқалардың қолынан келмейтін деңгейде творчестволық іс - әрекетті орындауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалық сапа?
а) қабілеттілік.
б) дарындылық.
в) данышпандық
г) сензитивтілік.
д) сенсибилизация.
11.Жауап беру реакциясы баяу жүретін темперамент типі :
а) меланхолик.
б) холерик.
в) сангвиник.
г) флегматик.
д) флегмахолик.
12.Жеке тұлганы калыптастыратын процесс:
а) іс - әрекет.
б) тәрбие.
в) окыту.
г) ерік сапаларының дамуы.
д)сенсибилизация.
13.Өзгерген қоршаған орта жағдайына тез бейімделуімен сипатталатын темперамент типі:
а) меланхолик.
б) холерик.
Достарыңызбен бөлісу: |