ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас



бет2/5
Дата24.04.2016
өлшемі403.5 Kb.
#79032
1   2   3   4   5

9. Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.


Бақылау сұрақтары:

1.Қарым – қатынастың түрлеріне жалпы сипаттамасы

2.Қарым – қатынас неше түрге бөлінеді?

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
3-дәріс. Қарым-қатынас техникасы мен тәсілдері.

Мақсаты: Қарым-қатынас техникасы мен тәсілдері жайлы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

Қарым - қатынастың перцептивті жағынан сипаттамасы. Әлеуметтік перцепция түсінігі әлеуметтік перцепцияның кезендері: алғашқы қабылдау және эмоциялық бағалау; қарым - қатынастағы серіктесінің жеке ерекшелігін түсіну және оның қылықтарын бағалау; қарым - қатынастағы серіктесінің адамгершілік - мәдени мінез - құлқының дамуын болжау; өзінің мінез -құлкының адамгершілік стратегиясын құру. Әлеуметтік перцепцияның психологиялық механизмдері: идентификация, эмпатия, рефлексия және аттракция.


Қарым-қатынастың техникалары мен әдіс-тәсілдері - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түскен кездегі жүріс-тұрысы. Қарым-қатынастың негізгі құралы вербальды және вербальды емес құралдар болып табылады.

Ал қарым-қатынас техникасына келетін болсақ, адамдар ең бірінші қарым-қатынасқа түспей тұрып, өз қызығушылықтарының қарым-қатынасқа түсетін адам қызығушылықтарымен салыстыру, жеке адам ретінде бағалау болып табылады. Қарым-қатынас басталғаннан кейін оның болуын және жалғасуын, қорытындысын, одан шығатын қорытындыны бақылау керек.

Алғаш рет қарым-қатынасқа түсу кезіндегі техника-бет-әлпеттің позасы, алғашқы сөздерді таңдай алу, сөйлеген кездегі тон, ым-ишарат және қозғалыс. Қарым-қатынасқа түскен кезде серіктестен кері байланыс қажет.

Адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарым-қатынас мазмұны көрінуінің барлық жиынтығының ортасында болады. Қарым-қатынастың, негізінен, бес жағын қарастыруға болады:

1.Қарым-қатынастың тұлға аралық жағы –адам мен қоршаған орта өзара әрекетінен көрінеді. Бұған: мамандандырылған топтар және отбасы жатады. Осы топтарда адам ұлттық, этникалық, әлеуметтік, жас ерекшелік, эмоциялық-эстетикалық және басқа да қарым-қатынас өлшемдерін меңгереді.

2.Қарым-қатынастың когнитивті жағы-қарым-қатынасқа түсуші адам: Ол кім? Ол қандай адам? Одан не күтуге болады?- деген сияқты сұрақтарға жауап алуға болады. Осы жақ бойынша жанындағы адамды тану мен қатар, өзін-өзі тануға мүмкіндік алады. Қарым-қатынас процесі нәтижесінде адам өзі жайлы және қарым-қатынасқа түсетін адам туралы белгілі бір бейне қалыптасады.

3.Қарым-қатынастың коммуникативті-ақпаратты жағы- адамдар арасында бір-бірімен көзқарас, идеялар, сезім, қызығушылық, көңіл-күй және тағы басқа жағдайлар туралы пікір алмасады. Бұлардың бәрін ақпарат деп қараған жғадайда, коммуникация процесі ақпарат алмау процесі ретінде болады. Бірақ адам қарым-қатынасына бұлай қарау өте таяз көзқарас болып табылады, себебі қарым-қатынас жағдайында ақпарат тек қана берілмейді, ол сонымен бірге қалыптасып, анықталып дамиды.

4.Қарым-қатынастың эмотивті жағы эмоциялар мен сезімдерге, жеке қатынасқа түскендегі адамдардың көңіл күйіне көңіл бөлінеді. Олар қарым-қатынасқа түсуші субьектілердің қозғалыстарынан, әрекеті мен жүріс тұрыстарынан көрінеді. Осылар арқылы өзара бірлесіп жасайтын жұмыстардың нәтижесін алдын ала айтуға болады.

5. қарым-қатынастың когнитивті жағы- әріптестердің позицияларының ішкі және сыртқы қайшылықтарының келісу мақсатына қызмет етеді. Осы жақ бойынша бірлескен іс-әрекеттер кезіндегі әріптестердің өзара қарым-қатынастарын реттейді, белгілі бір құндылықтарға адамдардың ұмтылыстарын ашады, өмірлік іс-әрекеттердің барлық процестері тұлғаға басқарушылық әсер етулермен қамтамасыз етеді.

Қарым-қатынастың өзара түсіну процесі кезіндегі механизмдер

Адам қарым-қатынасқа тұлға ретінде түсетіндіктен, келесі серіктесте тұлға ретінде қабылданады. Жүріс тұрыстың сыртқы бейнесінен басқа адамды тануға тырысамыз. Сондағы туындайтын әсер қарым-қатынас кезінде маңызды рөл ойнайды. Біріншіден, басқа адамды тану арқылы танып отырған индивид өзін қалыптастырады. Екіншіден, келесі адамда бірігіп жасаған іс-әрекет жемісі белгіленеді.

Негізгі механизмдер кемінде екі адамнан тұратын қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.

Эмпатия –қарым-қатынас жасап отырған адамның эмоциялық күйіне қарай ыңғайласу, яғни табиғи көрінісі жағынан аффективті түсіну.

Эмпатия екі түрде жүзеге асады:


  1. Идентификация түрінде, бұл-қарым-қатынас кезінде серіктесті түсіну, өзіңді оның орнына қоя білу және сол арқылы әрекет ету.

  2. Ал екінші түрі, ол серіктесті қарым-қатынас кезінде түсіну, өзіңді оның орнына қоя білу, бірақ өз ойың бойынша әрекет ету, бұл-рефлексия.

Идентификацияның мәні. Идентификация –тұлғаның немесе басқа да адамдар тобының өзіндік және ортақ қарым-қатынасында көрінетін, серіктестердің ішкі күйі мен жағдайының салыстыруында жүзеге асатын және өзінің психологиялық және т.б. мінездемелерге еліктеуінде үлгі болуында көрініс табатын әлеуметтік-психологиялық механизм. Идентификация –адамның басқа адаммен, топпен өзін теңдестірунен көрінетін процесс. Бұл тұлғаның өзінің адами құндылықтарын иеленуінің әлеуметтік механизмі. Оқшауланудың идентифкациядан айырмашылығы –тұлғаның ортада және қатынаста өзін жабық ұстауы. Оұшаулануда жиі болатын жағдай біреудің жақындығынан немесе сенімінен айырылу, яғни эмоциялық салқындық. Идентификацияның тұлғаға әсері: бірі адамдармен қарым-қатынасты орнатуға, әлеуметтік-танымдық кеңістігінің дамуына ықпалы болса, ал екіншісі- индивидтің басқа адаммен араласып, соған ұқсап кетуіне әсері. Ал осындай жағдайда, оқшаулану адамға өзінің жеке тұлғалық сезімін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Оқшаулану арқылы жауаптылығы, дербестілігі дамиды. Идентификация –адамның рухани өміріне және іс-әрекетінде маңызды рөл атқарады. Оның психологиялық маңызы- күйзеліс аясының тарылуына әсер етуі және ішкі тәжірибесінің молаюы. Ол басқа адамға эмоциялық жақындық сезімнің пайда болуымен белгілі. Сонымен қатар идентификация адамның қорқыныш ұялататын, үрей мен шаршаңқы күй туғызатын басқа обьектілерден және жағдайлардан психологиялық қорғауының элементі ретінде байқалады. Осының арқасында, адам өзінің қалағанына жету қабілетіне ие болып, әлсіздігі мен кемсітушілік сезімін жеңетін жаңа күшті бойына дарытады. Идентификация – бір индивидті, адамдар жұбын немесе топты тану үшін қолданылатын феномен. Дәл осы сезім адамдардың бөлінбестігін көрсетеді. Обьективті, субьективті ұқсастықтарына, теңдігіне қарағанда, бір-біріне тәуелділік бар. Тұлға аралық қатынастың тиімділігі мен мазмұны. Өзара түсіну механизмдерін қарастыра келіп, жалпы тану процесін талдауға болады. Барлық зерттеулерде бұл сфера:

1.Тұлғалық перцепция мазмұнын оқу;

2.Тұлғалық перцепция оқу процесі сияқты үлкен екі топқа бөлінеді;

Біріншісі тұлғалық перцепция мазмұны субьект пен обьект сипаттамасына байланысты, бұлардың өзара қарым-қатынасы үлкен рөлге ие.

Тұлға перцепция мазмұнын анықтау кезінде интерпретация, бұл негізінен ғылыми психологияға сүйене отырып, адам жүріс –тұрысы және оның себептерін қарастырады. Ал, басқа жағдайда, яғни қалыпты өмірде адамдар басқа адамдардың іс-әрекетінің себептерін білмейді, білген күнде де толық , нақты емес. Осыдан тындайтын-қосып жазу, яғни қабылдап отырған субьект келесі адам жайында өз өмірлік тәжірибесінен немесе басқа біреуге ұқсатудан адамға тән емес ерекшеліктерді қосып жазады. Бұл атрибуция деп аталады.

Егер қосып жазу құрылымы жағынан күрделілек болса, тек іс-әрекет нәтижесі емес, пиғыл (ниет), сезім және тұлғалық қасиеттері есепке алынатын болса, онда бұл каузальды атрибуция деп аталады. Атрибуция сипаттамасын Г.Келли:

1.Тұлғалық атрибуция (қосып жазу нақты жасалған іс-әрекет себебіне байланысты);

2.Обьектті атрибуция (әрекет бағытталған обьектіге қосып жазу);

3.Жағдаяттық атрибуция (қосып жазу жағдаятқа бағытталған) деп үш типке ажыратты.

Бақылау сұрақтары:

1.Қарым – қатынас механизмі

2.Перцептивті қарым-қатынасты сипатта

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
4-дәріс. Қарым - қатынастағы вербальды емес құралдар

Мақсаты: Вербальды емес құралдар туралы түсінік беру. Вербальды емес қозғалыстың маңызы жайлы мәлімет беру.

Дәрістің мазмұны:

Вербальды емес құралдардың қарым - қатынастағы маңызы. Әңгімелесушілердің ішкі жағдайын, олардың қимыл - қозғалысы, мимикалары арқылы танып білу. Көз және ерінмен берілетін белгілер. Жалғандықты білдіретін мимика, қимыл - қозғалыстар. Вербальды емес қозғалыстың маңызы.


Вербальды емес құралдардың қарым-қатынаста қажет кездері:

  1. Қарым-қатынас процесін реттеу, серіктестер арасында психологиялық контакт орнату үшін;

  2. Айтылып жатқан сөзге түсінікті, нақты мағына беру үшін;

  3. Эмоцияны көрсету және мәселеніқорыту үшін өте қажет;

Вербальды емес қарым-қатынастың кейбіреулері өз алдында түсінікті мән бере алмайды. Олар, әдетте сөз, яғни ауызша мәтінде қосарланып жүреді. Олардың жиынтығын симфониялық оркестрмен салыстыруға болады. Жеке вербальды емес қатынастың жеке жүруі тұлға аралық қарым-қатынасты қиындатады. Ешкімде өз әрекетін, яғни вербальды емес құралдарын бақылап отыра алмайды. Вербальды емес қарым-қатынас құралдары: визуалды, акустикалық, тактильді-кинестикалық, ольфакторлық болып бөлінеді.

1.Қарым-қатынастың визуалды құралдары:



  • Көз әлпеті;

  • Бет әлпеті;

  • Тері өзгерісі (қызару, терлеу);

  • Қашықтықтық (әңгімелесуге дейінгі жеке кеңістік);

  • Қарым-қатынастың қосымша құралдары, соның ішінде, дене мүшесі және олардағы өзгеріс.

2.Қарым-қатынастың акустикалық (дыбыстық) құралдары:

  • Паралингвистикалық яғни сөйлеумен байланысты (интонация, дыбыстың жоғары төмендігі, тембр, тон, ритм, сөз тоқтамдары және олардың мәтінде үйлесуі ):

  • Экстралингвистикалық, яғни сөйлеумен байланысты емес (күлкі, жылау, жөтел, дем алу, тіс шытырлату, мұрын тарту және т.б.).

3.Қарым-қатынастың тактильді кинестикалық құралдары:

  • Физикалық әсер (соқырды қолынан алып жүру, билеу);

  • Такесика (қол қысу, иық қағу);

4.Қарым-қатынастың ольфакторлы құралдары:

  • Қоршаған ортадағы жағымды және жағымсыз иістер;

  • Адамның табиғи және жасанды исі:

Вербальды емес қарым-қатынас құрадарына кез кезлген мәдениет өз ізін қалдырады. Сондықтан оның адамдар үшін арнайы нормасы болмайды. Өзге елдің вербальды емес тілін сөздік тілі сияқты үйрену және оқу қажет.

4.Кеңістікті және уақытты ұйымдастыру процестері

Коммуникация-ситуацияға байланысты қосымша компонент. Қарым-қатынас қай уақытта және қай жерде болатынына байланысты.

Кеңістік пен уақытты ұйымдастыруда проксемика саласы жеке аймақ ретінде, осы қатынастың кеңістігі мен уақытына байланысты көптеген эксперименттік материалдарға ие. Проксемиканың негізін салушы-Э.Холл, проксемиканы «кеңістік психологиясы» деп атаған. Э.Холлдың зерттеуінде адамадрдың қарым-қатынасқа түсуінің арақашықтығына байланысты:



  1. Интимді арақашықтық (0-45см);

  2. Персоналды арақашықтық (45-120см);

  3. Әлеуметтік арақашықтық ( 120-400см);

  4. Публикалық арақашықтық (400-750см);

5.Визуалды контакт- немесе көз байланысы сияқты бөліктерге бөліп қарастырған. Бұл әлеуметтік психологияда көздің рөлі, яғни қарау ұзақтығы, көздің статистикалық және динамикалық ауысуы және көзді алып қашу. Негізінен бұл жүйе сыртқы бейнесі жағынан қарапайым болып көрінуі мүмкін. Бастапқы уақытта көз контактісі М.Агайлдың зерттеуі бойынша ең алғашқы қарым-қатынас кезінде пайдалынады.

Сонымен, қарым-қатынастың коммуникативті жағы- вербалды және вербальды емес процестер арқылы адамдардың ақпарат алмасып, бірігіп әрекет етуге міндетті керек жағдай. Басқа вербальды емес қарым-қатынас сияқты көз контакты да вербалды қатынасты толықтырып отырады.

Коммуникатордан келген ақпарат 2 түрлі болады:

Тудырушы –ақпарат, өсиет, нұсқау, өтініш түрінде жүзеге асады. Яғни бұл белгілі бір стимул туғызу мақсатында жүреді. Өз кезегінде стимулдар: активизация-белгілі бағытта әрекет тудырушы; интердикация-кері әрекеттерді жасауға тиым салу; дестабилизация-кейбір жүріс-тұрыс, іс-әрекет формаларына келісу немесе келіспеу сияқты түрлерге бөлінеді.

Хабар жеткізу – ақпарат хабарлау түрінде жүреді.

Ал коммуникативті үш түрін бөліп көрсетуге болады:

-ашық –коммуникатор өз ойын ашық түрде жеткізеді;

-шеттетілген-коммуникатор нейтралды түрде болады;

-жабық-коммуникатор өз ойын ашық айтпайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қарым-қатынастың тактильді кинестикалық құралдары

2. Қарым-қатынастың визуалды құралдары

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
5-дәріс. Қарым-қатынас және жеке бастық қатынастар.

Мақсаты: Қарым-қатынас және жеке бастық қатынастар, шағын топ және ұжым туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны:

Басқарудағы қарым - қатынастың мәні мен орны. Шағын топ және ұжым туралы түсінік. Топтағы қарым - қатынас және оның құрылымы. Шағын топтағы әлеуметтік биліктің құрылымы. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар.


Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
•Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әңгімелесу т.б. әдістерді пайдаланады. Мұны таңдау әдісі деп атайды. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған америка психологы Дж.Морено болды. Бұл обьективтік әдіс, бұны адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде қолдануға болады. Әлеуметтік психологияда социометрия яғни таңдау (шағын топтағы әлеуметтік қатынасты ӛлшеу) әдісін қолданылады. Бұл әдіс арқылы адамдардың іскерлік жағын, қарым-қатынасын білуге болады. Таңдау әдісін топ, ұжым мүшелері бірін-бірі жете білген жағдайда ғана қолдануға болады. Бұны жүргізгенде сұрақтарға жауап беру ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп аталады. Критерий күшті және осал болып екіге бӛлінеді. Күшті критерий терең де тұрақты қатынасты, ал осалы - тұрақсыз және ат үсті қатынасты көрсетіп береді. Мысалы, «Бірге қызмет істейтін адамдардың қайсысымен бір еңбек бригадасында болуды қалар едіңіз?» деген критерийді күшті критерийге жатқызуға болады, Ал, «Қалаға саяхатқа кімді шақырар едіңіз?» деген осал критерий болады, өйткені ол ұзаққа созылмайтын, уақытша қатынасты қамтиды.

Сыналушыға негативті жауап (теріс таңдау) беруді қажет ететін сұрақ та қойылуы мүмкін. Мысалы, «Сен емтиханға кіммен бірге дайындалғың келмейді?», «Сен туған күніңе кімді шақырмас едің?» т.б. Топтағы, ұжымдағы адамдардың бұл қатынаста алатын орны бірдей емес. Зерттеулерде бір адамдар басқаларға қарағанда көбірек белгілі, беделді болатынын көрсетеді. Біреулер қарым-қатынас жасауға шын ниетімен көбірек тартылады, ал екіншілері топтың өзге мүшелерімен сирек араласады. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, сынып ұжымында төрт-бес оқушы ғана басқалардан айрықша белгілі болады екен. «Басқаның жүрегіне жол таба білетін адам» адам қашан да көпшілікке жақын, белгілі болатыны аян. Адам өз орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, өзінің табиғи болмысымен, қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады.



Екінші бір адам білімділігі, іскерлігі, өз білгенін аямай, олармен риясыз бөлісуге, көмектесуге әзір тұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, сырт бейнесі факторларын да ескермеуге болмайды. Мысалы, оқушы өзінің қара күшке ие, мықты құрбысын құрметтейді. Топта, ұжымда әркімнің өзгелерден гөрі жиі кездесетін бір адамы болады, көпшілігі өзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның өзгелерден онымен мүдделес, әңгімелері жарасқан, ортақ істері бар, жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады. Топта кейбір адамдар ешкіммен жеке өзара қатынаста болмайды. Олар дұрыс қатынас орнату үшін өзіне серік таба алмайды. Алайда мұндай адам топқа, ұжымға қажетсіз деген ұғым тумайды. Ол да іске қызу араласып өзіне жүктелген міндетті жақсы атқарады. Мысалы, оқушы өзімен бір үйде тұратын, бірақ басқа сыныпта немесе басқа мектепте оқитын баламен достасады. Топта жұрт жек көретін, маңайына жуытқысы келмейтін адамдар да кездеседі. Мұндай жағдайда өзгелер оған жоламай, іргесін аулақ салуға тырысады. Психологтар топта кейбір жекелеген оқушылардың өзгелермен араласпай оқшау жүруі, 1-ден оқшау қалған оқушының сабаққа селқостығы, мұндай оқушылар сабақты нашар оқиды және сабақ үлгерімін жақсарту үшін ешбір талаптанбайды. Мұндай балалар сынып оқушыларының жетістіктері мен кемшіліктеріне ешқандай қуанбайды да ренжімейді де. Сабақ үлгерімі оларды ойландырмайды. 2-ден кейбір оқушылардың оқшау қалдырылуы олардың қатынас жасауға шорқақтығынан болады. Ол оқушылармен өзі достасуды қаламайды, бойын сулақ салып жүреді.

Кейде оған жас айырмашылықтары мен тұйықтық та себеп болады. Көпшілікке қадірлі, ұжымда жетекшілік міндетті өзіне алатын адамдарда болады. Мұндай адамдарды қарым-қатынас психологиясында «лидер» деп атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Мектеп ұжымында лидердің бірнеше типі болады. 1-ші лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушылар сыныпта музыкалық кеш өткізеді делік. Ол көптеген шығармаларды біледі, әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл арада ӛзінің дарыны мен шеберлігін көрсетеді.Ол осы шараны өткізуді ұйымдастырып, лидерлік танытады. Ал басқа жағдайда ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді. Лидердің 2-ші типі, әр түрлі іс-шараларды өткізуде ұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер бола алады. Мысалы, топ далада түнейтін болып, туристік саяхатқа шығарда, лидер оқушы маршрутты әзірлейді, топты қажетті құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Алайда оңың лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталған соң оның лидерлігі де бітеді. 3-ші типі оқушы өзінің лидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл сынып және топ бастығы т.б. Формалы және формасыз топтар мен ұжымда олардың мүшелерінің «психологиялық үйлесімділігі» болады. «Психологиялық үйлесімділік» - топ, ұжым мүшелері қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі. Мұның өзі ортақ істің табысты болуын және әр бір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз етеді. Егер екі және одан да кӛп адам арасында «психологиялық үйлесімділік» болса, онда бірінің қылығы екіншісіне немесе өзгелеріне ұнайтын болады деген сөз. Топ мүшелері бірі-бірінің мінез-құлқын, қатынас тәсілін жатырқамай дұрыс қабылдайды. «Психологиялық үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығын екінші бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде шағын топтың қоғамнан ұзақ уақыт тыс қалу нәтижесінде де пайда болады. Психологиялық үйлесімсіздікке кейде адамдардың тұйықтығы, беймазалығы, тәкаппарлығы, менмендігі себеп болады . Шағын топтың ұзақ уақыт оқшау қалуы, олардың бір-бірі туралы ақпараттың әбден сарқылуынан да «үйлесімсіздік» болады. Топ мүшелерінің бір-бірін анық білетіндігі соншалық, арасындағы ӛзара қатынаста еш қызық қалмайды. Топтағы "моральдық психологиялық ахуал" (кейде мұны "әлеуметтік- психологиялық ахуал"деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, мүшелерінің ӛзара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдін орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі көңіл күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді. Өзара жарасқан ынтымақ, сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды. Тату-тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, шығармашылық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады. Әлеуметтік кауымға біріккен адамдардың көңіл күйлерінің бірдей болып келуі ұжымдық көңіл күй болып табылады. Мұндай көңіл күйі көптеген адамдарды қамтуы мүмкін. Мысалы, ең алғаш ғарышқа адам ұшқанда барлық халқымыз қуанды. Мереке адамның кӛңіл-күйін туғызады. Сұрапыл апат, жер сілкіну, су тасқыны, соғыс адамдарды қайғыға батырады. Сөйтіп ұжымдық көңіл-күй мазмұнына қарай жағымды немесе жағымсыз болып келеді. Өте жағымсыз ұжымдық көңіл күй үрей болып саналады. Кейде бұл жағдай көптеген адамдардың шырқын кетіреді, өмірдің, жұмыстың қалыптасқан ырғағына нұқсан келтіріп, қалыптасқан қатынасты бұзады. Ұжымның бір мүшесінің қайғысы басқалардың да жүрегін ауыртады. Жолдастың қазасы бүкілұжымды қайғыға батырады. Топта және ұжымда қоғамдық пікір орнайды. Қоғамдық пікір - әлеуметтік өмір фактілері, Ұжымдық қызмет және жеке адамдардың іс-әрекеті жөніндегі бірыңғай баға. Қоғамдық пікірдің кейде ауқымы кең болады: елге, континентке, бүкіл әлемге тарайды. Халықаралық өмірдің соғыс пен бейбітшілік, экономика, дін, спорт мәселесі сиякты проблемалары туралы көптеген миллион адамдарда белгілі бір қоғамдық пікір туады. Алайда қоғамдық пікір кәсіпорын ұжымы, аудан, қала, село халқы сияқты шағын топты ғана қамтуы да мүмкін. Мұндай жағдайда қоғамдық пікір мазмұны топтың, жеке адамдардың ісі көлемінде болуы мүмкін.

Қоғамдық пікір ұжымның, топтың, адамдардың өміріне, олардың бір- бірімен өзара қатынасына әсер етеді. Мысалы, мектепте қайсібір оқушы туралы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар арасында қоғамдық пікір болады. Оны бір топ оқушы, мұғалім қалыптастырып, солар қолдап, дамытуы мүмкін. Шағын топ көлеміндегі қоғамдық пікір жағымды да жағымсыз да роль атқарады. Егер мұндай пікірде адамның ісі мен мінез-құлқы жайлы пікірлер дұрыс көрсетілген болса, ол сол адамның өзіне де, топ, ұжымға да жақсы әсер етеді. Ал егер пікір жалған сөзге, өсекке негізделген болса, жаңағы адамның жүрегіне нақақтан- нақақ жара салады, ұжымдағы, топтағы өзара қатынасты да нашарлатады. Жарыс. Бұл, адамдардың, ұжымдардың, топтардың өзара қатынасы, мұндай қатынастың барысында жарысушы жақтар бірі-бірінің көрсеткішінен асып түсуге ұмтылып, бірінен-бірі озып кетіп жатады. Жарыс өзінің сипаты жағынан әлеуметтік болады, өйткені оның мазмұны қоғамның мүддесі мен талабына орайлас келеді. Жарыстың негізі неғұрлым мазмұнды болса, соғұрлым ол құнды болады: оқудың сапасын, шығарылатын өнімнің саны мен сапасын арттырады, спорттық нәтижелерді алға бастырады т. б. Оның бәсекеден айырмашылығы, жарыстың антогонистік пиғылы болмайды. Ол қарсыласынан басым түсуі үшін қандай да болсын арам қылыққа, қулық- сұмдыққа баруды қаламайды. Жарыс дегеніміз - адамдардың өзара байланыс жасау формасы. Сондықтан да ол ұжымның, топтың өз ішінде адамдардың бір-бірімен қатынасын ұштай түседі, оған бағыт-бағдар береді. Еліктеу. Әлденені өзіне пір тұтып, саналы не санасыз түрдe соған ұқсамақ болуды еліктеу дейді. Қоғамдық өмірде ол маңызды орын алады. Мысалы, оқушы кинофильмде өзіне ұнаған бір кейіпкеріне еліктеп, соның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, мимикасын өз бойына сіңіруге тырысады. Киім, шаш қою, үйдегі мебель, қарым-қатынас мәнері - бұлардың бәрі де еліктеу объектісі бола алады.

Еліктеу көпшілікке тән әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қалай дегенмен де топтағы, ұжымдағы адамдардын өзара қатынасынан да орын алады. Ол сол бірлестікті құрайтын адамдардың ұқсас мінез-құлқының, іс- әрекетінің қалыптасуына жағдай жасайды. Бет алды еліктеу де, сондай-ақ ұшқалақтық жасап еліктеу де болады. Бұл әсіресе жас балалар тобында жиі кездеседі. Бет алды еліктеу екі адамның сөйлесуінен де көрінеді. Сөйлеу мәнерлері, сөз саптауы өзіне жат ортаға тап болған адам, біраз уақыттан кейін еріксіз түрде солардың әуенімен сөйлеп кететін болады. Сөйтіп, еліктеу, басқа да әлеуметтік-психологиялық құбылыстармен бірге топтағы, ұжымдағы адамдардын, өзара қатынасының мазмұны және формасына айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет